М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Педагогикалық факультет деканы
___________ Ботагариев Т.А.
«___»______________ 200__ж.
Педагогика факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
050103-Педагогика және психология
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Педагогика тарихы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 4
Семестр – 8
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Семинар -15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
CӨЖ - 45 сағат
Емтихан – 8-ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал, 2009
1. Пәннің оқу әдістемелік кешені 050103 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша_Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы жасаған және ұсынған; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген «Педагогика тарихы» (бұйрық №289 11.05.2005), Алматы, 2007 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы(лар):
П.ғ.к., доцент Молдагалиев Б.А., оқытушы, педагогика және психология магитрі Махимова А.Қ.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі А.А. Какимова
«Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қарастырылды
“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі м.а.___________ Иргалиев А.С.
(қолы) (аты-жөні)
Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
П.ғ.к., доцент Молдагалиев Б.А., оқытушы, педагогика жәнепсихология магистрі Махимова А.Қ.
Офис: Педагогика және психология кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Студенттер к, 7 корпус, 2-этаж, 212 каб.
Жұмыс телефоны: 50-32-54.
Е-mail:Pedagogika_@mail.ru
Пән туралы мәлімет
Педагогика тарихы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 1
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 7 оқу ғимараты, 507
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
4
|
8
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
Кіріспе
«Педагогика тарихы» оқу пәні болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен роль атқарады. Аталған курс студенттердің педагогика теориясын талдауды және тарихи құбылыстарға диалектикалық тұрғыдан қарауды меңгеруіне көмектеседі, тәрбие процесінің педагогика теориясының даму процесінің ішкі заңдылықтарын танып-білуге жол ашады. Білім-тәрбие институттарының дамуы – ауқымы мен нәтижесі уақыт ағымымен қоғам үшін маңызды бола түскен көпжақты қарама-қайшылықты процесс. «Педагогика тарихы» оқу пәнін жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде оқыту педагогикалық ой-пікірдің негізгі даму бағыттары туралы түсінік береді. Ол тарихи дамудың әртүрлі кезеңдеріне сәйкес қоғам мен мектептің өзара қарым-қатынасының сипатын, білім сферасының адамзат өміріндегі жинақталған мәдени және әлеуметтік құндылықтарды молайтудағы және оны мақтаудағы ролін түсінуге мүмкіндік береді.
Курс мақсаты – болашақ мамандарды терең де жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру; кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру; ьболащшақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру; болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
Курстың міндеттері: студенттерде өркениеттік-антропологиялық тұрғыдан тарихи-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау; тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру; жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи-салыстырмалы сипатта қарастыру; педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту; тарихи-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің бастапқы біліктерін қалыптастыру; педагогикалық сана мен тарихи-педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыру.
Курстың обьектісі: 050103 – «педагогика және психология» мамандығы бойынша жалпы педагогикалық даярлықтың жүйесінде құрамдас бөлігі ретінде «Педагогика тарихы» курсының мазмұны болып табылады.
Курстың пәні: РҚ жоғары білім беру стандартына сәйкес болашақ педагог-психологтардың жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби білім, білік, дағдыларын, құзыреттілігін қалыптастыру процесі.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі». «Педагогикалық шеберлік»
Постреквизиттер: «Қазақстандағы педагогикалық ғылым», «Этнопедагогика», «Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті».
Оқыту әдістемесі: Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |