Күшті жақтары:
Демографиялық жағдайдың жақсаруы, туудың көбеюі, өлімнің азаюы, табиғи өсімнің көбеюі;
аналар өлімі көрсеткішінің төмендеуі;
медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялы түрлерінің тұрғындар үшін қол жетімдігінің жақсаруы;
кардиологиялық қызметтің дамуы.
Әлсіз жақтары:
Адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін аймақтағы экологиялық жағдай;.
балалар өлімінің жоғары көрсеткіші;
тұрғындардың әлеуметтік маңызды ауру түрлерімен ауыруының жоғары деңгейі;
қала бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі 31 адамнан көп адамды құрайды;
көрсетілетін медициналық қызметтің сапасының жеткіліксіз деңгейде болуы;
медициналық мекемелердің типтік ғимараттармен, медициналық құрал-жабдықтармен жеткіліксіз деңгейде жарақтануы.
Мүмкіндіктер:
Қазіргі заманғы медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды ұлғайту;
жаңа құрал-жабдықтар сатып алу, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізумен байланысты қаржы шығындарының тетіктерін құрастыру;
қызметтегі медициналық мамандарды жұмыс орынына бекіту мен жас мамандарды тарту, атап айтқанда ауылдық жерлерге тартуды күшейту бойынша іс-шаралар жүйесін құрастыру.
Қатерлер:
Саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал-жабдықтардың, медициналық мекемелердің ғимараттарының елеулі түрде ескіруіне алып келеді, мұның өзі ауруларды уақытымен анықтауды қиындатады және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын да төмендетеді;
мамандар жетіспеушілігінің өсуі.
Сонымен, қаланың денсаулық сақтау саласының басты мәселелері мыналар болып отыр: әйелдер мен балалар денсаулығы индексінің төмендігі, мамандар мәселесі, тұрғындардың ауыру деңгейінің жоғарылығы, әсіресе әлеуметтік маңызды аурулармен - онкологиялық, туберкулезбен, жарақат алу мен уланудың жоғары деңгейі, аймақтың экологиялық проблемалары, тұрғындар тарапынан өздерінің денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамауы.
Емдеу-алдын алу мекемелерінің, әсіресе ауылды жерлерде материалдық - техникалық базасының әлі де болса әлсіздігі.
Мәдениет
Қаланың мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты оң өзгерістердің пайда болуымен ерекшеленеді, ол қаржыландырудың өсуінен ғана емес, мәдени қызмет көрсету сапасының артуынан да көрінеді. 2007-2009 жылдары мәдениет саласының қызмет етуі үшін бөлінетін қаржының көлемі 732,7 млн. теңге, 2007 жылы - 175,4 млн. теңге, 2008 жылы - 318 млн. теңге, 2009 жылы - 239,3 млн. теңге құрады.
Аймақта мемлекеттік мәдениет мекемелерінің желісі 46 мәдениет мекемелерін құрайды, оның ішінде: 4 мұражай, 15 кітапхана, 3 мәдениет үйі, 14 клуб, 4 театр, 2 концерттік мекеме, 1 мәдениет және демалыс паркі, 3 кинотеатр.
Кітапханаларға оқырмандардың келуі, оқуы және кітап беруге жасалған мониторинг негізгі көрсеткіштер бойынша өсудің байқалатындығын көрсетеді: оқырмандар саны 53826-дан 55079-ға өскен, кітап беру 1126380-нен 1139981-ге өскен. Бұған кітапхана қызметінің сапа жағынан өзгеруі оң ықпал етті, атап айтқанда техникалық жағынан қайта жарақтандыру, жаңа компьютерлік, желілік Интернет технологияларға бағыт алу.
Қалада 2003 жылдан бері қала кітапханаларын Интернетке шыға алатын компьютерлендіру жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Аймақ кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 91 дана, көбейтуші техникалар саны 24 дана құрайды. 8 кітапхана Интернетке шыға алады және электронды пошта ашты. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 18,1 мың адамды құрайды.
Жыл сайын клуб түріндегі мекемелердің саны артып келеді. 2007 жылмен салыстырғанда клуб типтес мекемелердің саны 30,8% өскен және 2009 жылы 17 данаға жетті, олардың едәуір бөлігі ауылды жерлерде орналасқан (сурет 29).
2004-2010 жылдарға арналған ауылды жерлерді дамытудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы 1 кітапхана мен 1 клуб, 2009 жылы 3 ауылдық клуб ашылды.
2007- 2009 жылдары мәдениет мекемелері желісінің дамуы
Сур. 29
Клубтардың белсенділігі артып келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда өткізілген іс-шаралардың саны 5,3% өскен, олардың жалпы санының үштен бір бөлігі балаларға арналған іс-шараларға келеді.
Барлық мәдени-демалыс шараларының орталығы қалалық мәдениет сарайы болып келеді. Мұнда қызығушылықтары бойынша 39 клубтық құрылымдар мен үйірмелер жұмыс істейді, оның ішінде 34 көркемөнерпаздар үйірмелері ұжымдары, олардың 18-і «Халықтық» атағына ие. Халықтық шығармашылық белсенді түрде дамып келеді, оған жыл сайын өткізілетін көркемөнерпаздар байқаулары, фестивалдары оң ықпалын тигізуде.
Сонымен қатар, мәдениет ошақтары желісін дамыту бойынша елеулі көлемдегі жұмыс жүргізіліп келе жатыр. 2008 жылы қала әкімінің № 445 қаулысымен «Семей қаласының мәдениет және демалысының орталық паркі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны құрылып, өз қызметін бастады, «Мұқыр ауылының ауылдық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және «Айнабұлақ ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қайта ашылды. Сондай-ақ 2009 жылы Озерки, Ақбұлақ, Знаменка ауылдарының ауылдық клубтары ашылды.
2009 жылы бірнеше мәдениет мекемелері жөндеуден өткізілді, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, шығармашыл жастар халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивалдарға белсене қатысты.
Аймақ жерінде 65 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген, оның ішінде: 10 республикалық және 55 жергілікті маңызға ие ескерткіштер (кесте 16).
Кесте 16
Семей қаласы бойынша ескерткіштер саны
|
Ескерткіштер саны
|
Жалпы саны
|
тарихи
|
сәулет өнері
|
монументалды өнер
|
Семей қаласы
|
27
|
26
|
12
|
65
|
Жүргізілген SWOT- талдау негізінде аймақтағы мәдениет саласының дамуын тежеп келе жатқан төмендегі негізгі проблемалар анықталды:
Күшті жақтары:
2007 жылмен салыстырғанда орындардың өзгеріссіз қалғанына қарамастан мәдениет ошақтарына келушілер деңгейінің 1,1 есеге өсуі;
тұрғындарды мәдениет ошақтары қызметімен қамту деңгейінің 2007 жылғы 5,5-тен 2009 жылғы 5,9-ға өсуі.
Әлсіз жақтары:
Қырық жылдан астам уақыт аймақта мәдениет ошақтары үшін типтік ғимараттар салынған жоқ.Қазіргі таңда көптеген жағдайда олар бейімделген ғимараттарда орналасқан, қалалық кітапханалар тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан, ал ауылдық клубтар - мектептерде, әкімшілік ғимараттарында орналасқан.
Мүмкіндіктер:
Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтар үшін қызметті тегін көрсету мәдениет қызметінің қол жетімділігін арттырады.
Қатерлер:
Білікті мамандардың жетіспеушілігі;
мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, әсіресе ауылдық жерлерде.
Жүргізілген SWOT- талдаудың нәтижесінде аймақтағы мәдениет саласының дамуын тежеп келе жатқан төмендегі негізгі проблемалар анықталды.
1. Мекемелер желісі аймақтың қажеттіктерін толық қамтамасыз ете алмайды. Аймақта жылжымалы мәдениет мекемелері жоқ (видеомобильдер, автоклубтар), мұның өзі шалғайдағы аудандар мен ауылдарды мәдени қызмет көрсетумен қамтуға мүмкіндік бермейді.
2. Материалдық-техникалық жағынан әлсіз жарақтануы (музыкалық инструменттердің жетіспеуі, қазіргі заманғы құрал-жабдықтардың, сахналық киімдердің жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің мәдени қызметінің сапасына әсер етеді және адамдардың өсіп келе жатқан мәдени сұраныстарына жауап бермейді.
3. Аудандық және ауылдық кітапханалардың кітап қорларын орталықтандырылған негізде толықтыру үшін қаржыландырудың жетіспеушілігі. Ауылдық кітапханалардың Интернетке шығу мүмкіндігінің болмауы (қалалық кітапханаларды есептемегенде) облыстық, ұлттық кітапханалар қорларына қол жеткізуді қиындатады.
4. Мәдениет қызметкерлері мамандарының қартаюы байқалады, әсіресе кітапханалық қызмет көрсету саласында. Облыста мәдениет саласы мамандарын даярлау мен қайта даярлау орталықтары жоқ, мәдениет мекемелерінде арнайы мамандандырылған мамандар жоқ (немесе жетіспейді) (каталогизаторлар, бағдарламалаушылар), маркетинг пен арт-менеджментті игерген шығармашыл көшбасшылар мен жаңа тұрпаттағы басшы мамандардың жетіспеушілігі байқалады.
2.2.2.4 Дене мәдениеті және спорт
Қалада спорттың 57 түрі дамып келеді: олимпиадалық түрлерден - 19, қысқы олимпиадалық түрлерден - 4, олимпиадалық емес түрлерден – 34.
2009 жылы Семей қаласында спорттық ғимраттардың саны 327 дананы құрады (оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің спортзалдары), оның ішінде 60-ы ауылды жерлерде.
2007 жыл мен 2009 жыл аралығында дене мәдениетімен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 0,8%-ға көбейді және 27 404 адамды құрады, немесе тұрғындардың жалпы санының 8,7% (кесте 17). 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қала бойынша барлық жас санаттағылар үшін дене тәрбиелік-денсаулық сақтаушы спорттық-көпшілік іс-шаралар 50 ден 77 іс-шараға өсті.
Кесте 17
2007- 2009 жылдардағы
спорттың дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
№ р/с
|
Көрсеткіш атауы
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
1
|
Қала тұрғындарының саны, адам
|
308 100
|
312 200
|
313 500
|
2
|
Дене тәрбиесімен, спортпен айналысатындар саны, адам
|
24 462
|
24 465
|
27 404
|
3
|
Дене тәрбиесімен, спортпен айналысатындарды қамту, %
|
7,9
|
7,8
|
8,7
|
4
|
Спорттық объектілер саны, дана
|
327
|
327
|
327
|
Қала жерінде футбол, волейбол спорт түрлері бойынша 5 кәсіптік спорттық клубтар қызмет етеді. Футболшы, бір сайысшы, шахматшы спортшылардың кәсіптік өсуі мен жетістіктерін есепке ала отырып футбол, спорттық көпсайыстар бойынша спорт мектебін ашу қажеттігі туындауда, жұмыс істеп тұрған спорт мектептерінің бірінде шахмат бойынша бөлім ашу қажеттігі туындауда, себебі спортшылардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді және неғұрлым кәсіпқойлық көзқарастарды талап етеді.
Ауыр атлетика бойынша әлем біріншілігінде Кузнецов Владимир 85 кг. дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алса, Назаренко Евгений – 2009 жылдың қаңтарында Италияда өткен конькимен сырғанаудан әлем кубогының кезеңінің жеңімпазы, Қиақбаева Меруерт пен Шамшиев Саят – 2009 жылы маусымда Ташкентте (Өзбекістан) өткен самбо күресінен Азия біріншілігінің жеңімпаздары, Лялько Алексей - 2009 жылы Жапонияда өткен велоспорт жарысынан Азия кубогының қола жүлдегері болды.
Спорт түрлерінің дамуына дәстүрлі түрде халықтық спорт ойындары мен облыс әкімі жүлдесіне балалар спорт ойындарын, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиадалар өткізу оң ықпалын тигізуде. ШҚО әкімі жүлдесіне халықтық спорт ойындары 3 кезеңде өткізіледі: 1 кезең - дене мәдениеті ұжымдарындағы көпшілік жарыстары, 2 кезең - спорттың ойындық түрлері бойынша алдын ала (аймақтық) жарыстар өткізу, 3 кезең - мәрелік жарыстар. 2009 жыл ішінде қаланың құрама командасы ШҚО әкімі жүлдесіне өткізілген 13 халық спорты ойындарына қатысып 2 орын иемденді.
2009 жылы қаланың жалпы білім беретін мектептері жанынан жасанды төсеніштері бар 8 шағын-футбол алаңдары құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын құрастыру аяқталды.
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
2009 жылы (27404 адам) 2007 жылмен (24462 адам) салыстырғанда дене мәдениетімен және спортпен айналысатындарды қамту 0,8% немесе 2942 адамға ұлғайды;
2009 жылы – 70, 2007 жылмен салыстырғанда 50 қалалық спорттық-көпшілік спорттық іс-шаралардың саны 40% көбейді.
Әлсіз жақтары:
Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің әлсіздігі;
ауылды жерлерде спорт бойынша инструкторлардың болмауы;
жергілікті ТД- да спорттық хабарлардың болмауы.
Мүмкіндіктер:
Қала инфрақұрылымында дене мәдениетімен және спортпен айналысуға мүмкіндіктер жасау (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей алаңдарын құру).
Қатерлер:
Нормативтік актілердің түрлерінің жетілдірілмеуі салдарынан халықаралық деңгейдегі ресми спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен спортшылар мен бапкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан осы саладан мамандардың кетуі байқалады, біліктілігі жоғары мамандардың осы бағыттағы жұмыстарға қызығушылығының төмен екендігі байқалады.
Жүргізілген SWOT- талдаудың негізінде Семей қаласында дене мәдениеті мен спорттың дамуын тежеп келе жатқан төмендегідей негізгі проблемалар анықталды:
Көпшілік және балалар - жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы.
Қалада 3 облыстық балалармен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, олар мектеп оқушылары мен студенттердің тек 4,8% спортпен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады.
Материалдық-техникалық базаның сұраныстарға жауап бере алмауы, сапалы спорттық құрал-жабдықтардың болмауы жоғары деңгейдегі болашақ спортшылар мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға мүмкіндік бермейді.
Балалар-жасөспірімдер клубтарының желісі жеткілікті деңгейде дамымаған, спорт түрлері бойынша қол жетімді клубтар мен спорттық секциялар аз, сондай-ақ әрбір ауылдық округте спорт инструкторына деген қажеттілік бар.
Қазіргі таңда көпшілік демалатын жерлер мен тұрғын үй мекендерінің жандарында, қарапайым спорт алаңдары мен құрылыстары жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дамымауына байланысты ауылдарда спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер санының көрсеткіші төмен болып отыр.
2.2.2.5 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау соңғы үш жылда дамудың оң бағытта өрбіп келе жатқандығын көрсетеді: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржының ұдайы өсіп отыруы, аз қамтамасыз етілген адамдар санының 14,5% азаюы, жыл сайын еңбекке орналастырылған жұмыссыздардың санының артып келе жатқандығы, тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағының 0,3 пайыздық көрсеткішке төмендеуі, өз бетінше еңбек етіп жатқандардың саны 0,53 мың адамға қысқарған.
2009 жылдың соңында экономикалық белсенді тұрғындардың саны 161,9 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 3,6 мың адамға өсу байқалады. Еңбекпен қамтылған тұрғындардың саны 3,7 мың адамға өскен. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық көрсеткішке төмендеп, 8,1% құрады.
Соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай жалпы алғанда төмендегідей қалыптасып келді, жекелеме кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыс күшінің ұсыныстары жұмыс берушілердің қажеттіктерінен 1,4 есе көп болып келді. Ауылды жерлерде бір бос жұмыс орынына 3 адам үміткерден келді. Ауылды жерлерде жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының арасында тепе-теңсіздік болуының басты себептері жұмыссыздардың мамандығының қолда бар вакансия құрылымындағы мамандыққа сәйкес келмеуі, сондай-ақ вакансияның бөлінген жерінің жұмыссыздың мекен–жайына сәйкес келмеуі болып табылады, демек тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің аймақтық қажеттіктеріне әлсіз қолдау көрсетеді деген сөз.
2007 жылы еңбекпен қамту органдарына өтініш берген еңбекке орналастырылғандардың деңгейі 76,9% болса, 2009 жылы ол 80% құрады.
Жұмыссыздар мен еңбекке араласпаған азаматтарды еңбекке орналастыруға қолдау көрсету бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары мақсатты топтарға жатқызылғандар, оның ішінде репатрианттарға қатысты мыналар болып табылады: еңбекпен қамтуға қолдау көрсету, кәсіптік білім беру, жұмыссыздарды қайта оқыту мен біліктілігін арттыру, уақытша жұмыс тауып беру, қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру.
Еңбекпен қамту орталықтарына еңбекпен қамтылуға көмек беруге өтініш жасаған репатрианттардың ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлес салмағы 2007 жылы 36,4% құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 30% құрады.
Кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2009 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 49% құрады, бұл 2007 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 39% артық болып келеді. Бұған ең алдымен ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімге қайтадан жасау және ұжымдық келісім- шарттар жасалмаған кәсіпорындармен келіссөздер жүргізу арқылы қол жеткізілді.
2009 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін республикалық бюджет трансферттерін есепке алғанда 842,1 млн. теңге бөлінді, бұл 2007 жыл көрсеткішінен 2,3 есеге көп.
Экономика мен әлеуметтік саланың барлық салаларын дамытумен байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде өмір сүру деңгейі едәуір өсті. 2007 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 1,4% қысқарды және 2009 жылдың соңына қарай 5291 адамды құрады (сурет 30).
2007- 2009 жылдардағы аз қамтамасыз
етілген азаматтардың сандық өзгерісінің динамикасы
Сур. 30
2007 жылдан 2009 жылға дейін өмір сүруге қажетті ең төменгі деңгейдің мөлшері 9320 теңгеден 12617 теңгеге өсті.
Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті алушылар саны 2007 жылмен салыстырғанда 1% азайды және 2009 жылы 3809 адамды құрады.
2009 жылы балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақыны 1796 отбасы алды, оларда 3448 бала бар, бұл 2007 жыл көрсеткішінен 6% аз (аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен беру 2006 жылы басталды).
2009 жылы тұрғын үй көмегін 2291 отбасы алды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп, бұл коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуі мен коммуналдық желілерді жөндеуді қаржыландыру көлемінің өсуіне байланысты. 2009 жылы көмектің мөлшері орта есеппен бір отбасына 2857 теңгені құрады (2007 жылы - 823 теңге).
Адрестік әлеуметтік көмек алушылардың құрамында еңбекке қабілетті тұрғындардың үлес салмағы 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,47% көбейді және 101% құрады.
2009 жылы адрестік әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 1290 теңгеден 1997 теңгеге өсті.
Адрестік әлеуметтік көмектің орташа көлемінің (1997 теңге) өмір сүрудің төменгі деңгейіндегі (12617 теңге) үлес салмағы 2009 жылы 16% құрады.
Қалада үйде көмек көрсету бойынша 2 орталық жұмыс істейді:
қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарға, ол 1110 адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде мүгедектер - 267 адам;
шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға, ол 336 балаға қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен территориялық орталықтарды ұстауға жыл сайын жиыны 99,3 млн. теңге бөлінеді.
Әлеуметтік қорғауды ерекше қажет ететін топтардың бірі мүгедектер, оларға өмір қызметінің тең дәрежедегі мүмкіндіктерін жасау болып табылады.
2009 жылы берілген өтініштерге сәйкес қимылмен тілдесу мамандары тарапынан 103 мүгедекке қызмет көрсетілді, есту қабілетінен айырылған мүгедектерге 2,0 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
Қалпына келтірудің жекелеген бағдарламасына сәйкес қозғалу қиындығына ұшыраған 65 бірінші топтағы мүгедекке 2,4 млн. теңгенің көмегін жеке көмекшілер қызметі арқылы көрсетілді.
2009 жылы қажет етуші мүгедектерге 306 мүгедекке 16,6 млн. теңге сомасында міндетті гигиеналық құралдар берілді, бұл 260% құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 12,0 млн. теңгеге көп.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға орта есеппен жылына 281 алушыға материалдық қамтамасыз ету төленеді. 2009 жылы жалпы сомасы 42,7 млн. теңге төленген, бұл 111% құрайды немесе 2007 жылмен салыстырғанда 16,9 млн. теңгеге көп.
Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
Орташа төлемдер көлемінің өсуі 1,5 есені құрады, мұның өзі жеке адрестік көмек көрсетудің күшейгенін көрсетеді.
Әлсіз жақтары:
Адрестік әлеуметтік көмек алушылар ішінен еңбекке қабілетті тұрғындардың саны 1,1 есеге көбейді.
Мүмкіндіктер:
Еңбекпен қамтудың тұрақты немесе уақытша еңбекке орналастыру, уақытша жұмыстарға орналастыру, кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға жолдама беру, қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, тұрғындардың осы бөлігін кедейшілік деңгейінен шығару бойынша аймақтық бағдарламалар құрастыру сияқты белсенді түрлерін қолдану;
тұрғындардың нақты кірістерінің өсуі.
Қатерлер:
1. ММӘК алушылардың белсенділігінің төмендігі мен осы көмекке арқа сүйеуі.
Еңбекпен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін қалада 2008- 2010 жылдарға арналған Семей қаласы тұрғындарының еңбекпен қамтылу жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша жоспарды жүзеге асыру аяқталып келеді, оның басты мақсаты еңбекпен қамтуға көмек көрсету мен еңбекпен қамтылмаған азаматтарға жұмыс іздеп жүрген кезеңі ішінде әлеуметтік қорғау көрсетуді қамтамасыз ету.
2009 жыл ішінде еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне еңбекке орналасуға көмек көрсету жөнінде 4,2 мың адам өтініш жасады, бұл көрсеткіш 2007 жылы 5,6 мың адамды құраған болатын. Еңбекке орналастырылғандар - 7,0 мың адам (2007 жылы - 4,3 мың адам) (сурет 31). 2009 жылы экономика салаларында 2231 жұмыс орындары құрылды.
2007- 2009 жылдары еңбекке орналастырылғандар саны
Сур. 31
1 қаңтар 2010 жылы еңбекпен қамту органдарында тіркеуде болған жұмыссыздардың саны 1699 адам, бұл 2007 жылдың басынан 29,2% аз. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді тұрғындар ішіндегі үлес салмағы 2007 жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздық көрсеткішке төмендеген және 2009 жылы 1,0% құрады (сурет 32).
Достарыңызбен бөлісу: |