СӨЖ-3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Байырғы қазақ календарындағы айлардың аттары және жүйесі
Орындаған: Ысқақ Ұлдана Ерболқызы
Тексерген: Аширбекова Жамал Базыловна
Топ:6В01601-тарих
Адамзат өркениетінің алғашқы бесігінің бірі – Орталық Азияның байырғы халықтарының аспан әлемі мен халықтарының аспан әлемі туралы ғасырлар бойы жинаған білімі мен тәжірибесі күнтізбе жасау мен жыл есебін жүргізуде өзіндік дәстүрі болғаны белгілі. Қазақ күнтізбесінің даму тарихы мен қалыптасу жолына назар аударар болсақ мндетті турде көне туркі әлеміне көңіл аударамыз. Жалпы қай халықты алып қарасақта олардың астрономиялық түсініктерімен білімдері күнтізбе жасауға негіз болған.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысып аспанастында аттың жолында атаның қамында өмір сүріп келген халықтардың бірі қазақ халқы.
Қазақ халқы ежелден –ақ күн ай жұлдыздар бойынша ауа райына тәуелсіз астрономиялық негізі бар күнтізбе жасаған. Аспан құбылыстарының қайталану заңдылықтарын бақылау нәтижесінде уақытты есептеудің әр түрлі жүйесін игерген. Ол халқымыздың өмір сүру тәсіліне мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байданысты шыққан.
Қазақстанды мекендеген ежелгі түркі тайпалары күн мен айдың қозғалысын көптеген жұлдыздардың туатын және бататын кездерін жасы білген. Соның негізінде байтақ далада жол тауып жыл мезгілдерін айырып мал алу мерзімдерін біліп уақытты есептеп отырған. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштерінде жұлдыз аттары жиі кездеседі.
Оларда жұлдыздарды бақылап жүретін абыздар “жұлдызшалар ” деп аталады. Археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзеннінің бойынан ҮІІ-Х ғғ жерленген бір жұлдызшының зираты табылды. Оның қасынан күн бейнесі көрсетілген жұлдызшының гранидтен жасалған тас мүсіні қойылған ол бізге жұлдызшының белгілі роль атқарғанын көрсетеді. Асандағы “Темір қазық”, “Жеті қарақшы”, “Үркер”, “шолпан” жұлдыздарының орналасуы мен олардың қозғалыстарын білудің өзі көп жеңілдіктер беретін.
Қазақстанның ежелгі тайпалары күн мен айдың қозғалысын көптеген жұлдыздардың туатын және бататын кездерін. Көрінетін орындарын жақсы білген. Бұл білімдер ауыз әдебетінен орын алып сол арқылы атадан балаға мирас болып қалған.
Бұрынғы қазақ календарындағы жыл неше ай бөлінген және ол жылда неше күн болған деген мәселеге келетін болсақ неміс тарихшысы А Штубендор “Орыс географиялық қогамының хабаршысы” атты еңбегіндеҮІ томында түркі халықтары 13 айға бөлінетінін айтады.
Б.А Куфтин Қазақ жылында 13 ай болады дей келе : 12 айлық жыл қазақтарда болуы мүмкін емес деген үзілді кесілді пікір айтқан. өз пікірін дәлелдегенде тоғыз санын қадір тұады. 12-ні елемейді дейтін.
айды Куфтин де дұрыс айта алмаған. Ол айлардың санын 13 ке жеткізу үшін әдеттегі 12 айға 2-ағайынды дегенді қоса салған.
Достарыңызбен бөлісу: |