Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж



жүктеу 4,75 Mb.
бет18/26
Дата20.05.2018
өлшемі4,75 Mb.
#14720
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ:
СЫРЫМ МЕНІҢ – ЖЫРЫМДА
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тоқтарбай Қадамбаевтың екі бірдей өлең кітабы жарыққа шықты. Бұрын облыста басшылық қызметте болған, облыс әкіміне дейін өскен Тоқаңды сөзге тартып, шығармашылық зертханасына үңілу мақсатымен бірнеше сауал қойған едік.
Тоқтарбай Қадамбайұлы, “Өлеңге әркімнің де бар таласы” демекші, Сіздің өлең жазатыныңызды көптен білеміз. Сөз өнеріне деген қызығушылық қашан және қалай басталды?

– Ауылда тудық, ауылда өстік. Алғаш еңбек жолымды да ауылда бастадым. Қостанай облысы Таран ауданы Ақтөбе ауылындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келіп, сынып есігін ашқан күндерім әлі есте. Өмір табалдырығынан енді ғана аттаған бүлдіршін балапандардың мұғалімге таңырқай қарағаны, жапа-тармағай сұрақтың астына алып, үйренсем, білсем деген құштарлығы жадымда мәңгілік сақталып қалды.

Сол Ақтөбе ауылы – қазақтың құйқалы бір өңірі, тарихи мекен еді. Өйткені мұнда қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ қас шебері Бейімбет Майлин туған. Би-ағаңның “Он бес үй” хикаясы осы жердің адамдарын суреттеуге арналған. Жалпы Майлин шығармаларының көбінде Ақтөбенің адамдары, олардың арман-мүддесі, мінез-құлқы бейнеленеді.

Сол Би-ағаңмен біздің туысқандығымыз да бар, нағашы-жиенді болып келеміз. Жас күнімізде, Бейімбет Майлин ресми түрде ақталып, оның шығармалары қайта жарық көргенде жастанып жатып оқыған жандардың бірі де өзіміз. Оңаша бір қалғанда көңілге оралған ой-тіркестерді қағазға түртіп алу да сол кезден бастап машығымызға айналды. Жас күнімізден сөз тізген талай қойын дәптерлер де бар.

Кейін сол Таран ауданында комсомол, кәсіподақ, партия органдарында қызмет істедім. Халық депутаттары Орджоникидзе (бүгінгі Денисов) аудандық атқару комитетінің төрағасы, еліміз тәуелсіздік алып, жаңа Қазақстанды құра бастағанда мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағалығына тағайындалдым, 1993 жылдан облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқару жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы болып істедім. Қандай қызметте жүрсем де жастай машықтанған ісім, ойға келген орамды тіркестер мен жыр жолдарын қағазға тізе бердім. Оным бертін келе дәстүрге, күнделікті қажеттілікке айналды.

Астанадан шыққан екі кітаптың бірі түгелдей Елбасына арналған өлеңдер екен. Оның туу тарихына тоқталсаңыз...

– 1995 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен мені Қостанай облысының әкімі етіп тағайындады. Елбасы осы Қостанайдың төл түлегі ретінде маған ерекше жауапкершілік жүктеді. Өйткені Қазақ елінің құйқалы өңірі – жері де, елі де бай Қостанай сияқты облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласының өркендеуі бүкіл Қазақстанның алға басуына, тәуелсіздіктің нығаюына қосылар үлес еді. Оны мен де жақсы түсіндім. Бірақ бұл кезең бұрынғы экономикалық байланыстардың үзіліп, жаңа жүйе қалыптаспаған, Тәуелсіз еліміздің енді ғана жаңа Қазақстанды құрып жатқан ерекше бір қиын шағы еді. Өндіріс тоқтаған, ауыл шаруашылығынан береке кеткен, жұмысшылар да, бюджеттік мекеме қызметкерлері де еңбекақысын ала алмай, зейнеткерлер де тарыққан қысылтаяң кез еді. Соны шешімдер қабылдауға, ішкі мүмкіндіктер мен резервтерді тереңірек іздестіруге, облыс халқына рухани дем беруге тура келді.

Әсіресе Торғай аумағындағы халықтың тұрмысы ауырлап кетті. Жан-жаққа жайлы қоныс іздеп, көшушілер көбейді. Сондай бір сәтте “Қостанай-Торғай – бауыр ел” әнінің туғаны бар. Сөзін сол кезде облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып істейтін жазушы Ғұмар Ахметчин екеуіміз жаздық. Әнін белгілі сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов шығарды. Бүкіл облыстан жиналған халық алдында сол әннің тұсаукесері болды. Залға қарасам, халық толқып отыр екен. Демдерін ішке тартып, ерекше бір толқыныспен тыңдады. Ән аяқталғанда да ерекше бір сезімге бөленген сол халық сәл болса да үн-түнсіз отырып қалды, тек өз-өздеріне келген соң ғана зал ішін күңіренте қол шапалақтады. Сол кезде мен де сиқырлы сөз бен сазды әуеннің құдіретін бұрынғыдан бетер түсінгендей едім.

Елбасы жыл сайын Қостанайға келіп жүрді, халықпен жүздесті. Ең негізгі деген мәселелерге назар аударды. Ол тұста басты мәселе жекешелендіруді, мемлекет иелігінен алуды барынша тез жүргізу, орта және шағын бизнесті жедел дамыту еді. Нұрсұлтан Әбішұлы “Баян сұлу” акционерлік қоғамында болған кәсіпкерлермен кездесуде: “Кәсіпкерлік пен бизнес адамдарға да, мемлекетке де бірдей тиімді. Оны облыс әкімі қазір терең түсінеді, менің оған көзім жетті” деп ерекше атап көрсетті. Қолдау көрсетті, ақыл-кеңес берді. Нұрекең төңірегін нұрландырып, жан-жағына шуақ шашып жүретін қайталанбас тұлға ғой. Халық үшін туған ұл сол халықтың тарихындағы бетбұрыс кезеңде тізгінді ұстағаны тағдырдың қазақ халқына берген ұлы сыйы, тәңірінің қолдауы деп білемін. Айналасы он бес-он алты жыл ішінде Қазақ елін бүкіл әлем таныды, Қазақстан ғасырларға бергісіз жолдан өтті, бүгіндер әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарында болуды мақсат етіп, өркенді істерге ұйтқы болуда. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқару құрметіне ие болды. Бүкіл дүниежүзі мойындаған талай іргелі бастамалардың ұйтқысы да Қазақстан және оның нар жүгін арқалар ұлы Нұрекең.

Осы кітапқа еніп отырған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арналған жырлар да осындай толғаныстардан туған еді. Оның біразы кезінде “Егемен Қазақстан”, “Астана ақшамы”, “Торғай”, “Қостанай таңы” газеттерінде жарияланды. Ол менің жүрегімді жарып шыққан жолдар, шын ниет-ықыласым.

Елбасы 1997 жылы Қостанайға келгенде Федоров ауданында болып, осында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен жүздесті. Сол кезде облыста “Джон Дир” комбайнына ерекше ден қойған едік. Елбасы сол дала кемесін көріп, кабинасына көтеріліп, комбайншымен тілдесіп еді. Осындай 200 алып техниканы сатып алатынымызды айтқанмын. Өнімділігі үйреншікті “Енисейлерден” 3-4 есе артық, астық ысырабын 10 есе азайтатын, жанар-жағар майды 2 есе аз жұмсайтын дала кемесі Қостанай диқандарының қолын ұзартты. Жылма-жыл мол егінді қысқа мерзімде, ысырапсыз жинап алатын болсақ, соның негізі сол бір қиын шақта қаланған еді.

Сол жолы Нұрекең іссапарының нәтижесін қорытындылай келіп, Қостанай облысында экономикалық реформалардың ойдағыдай өтіп жатқанына ризашылығын білдіріп еді, облыс әкімі ретінде менің атыма да жылы сөз айтқанын мен әлі ұмытқан жоқпын. Сол іссапар туралы облыстық “Қостанай таңы” газеті өзінің 1997 жылғы 22 шілде күніндегі санында былай деп жазды: “Президент облыс әкімі Т.Қадамбаевтың атына жылы сөз айтты. Рас, әңгіме бұл жерде орыс тілінде өтті. Ал Президенттің орысша айтқан осы сөзін қазақшаласақ, ол былай болар еді: “Үш жүзден таңдап алған Тоқтарбайым, өзіңді үш әкімге бағалаймын”. Бәлкім журналистер сырттықты сәл көтеріңкіреп те жіберген шығар, бірақ Нұр-ағаңның риза болғаны рас.

Елбасы мені Қостанай облысының әкімі етіп тағайындағанда алға мемлекет иелігінен алуды, жекешелендіруді тездету, орта және шағын бизнес нысандарын құруды дамыту міндеттерін қойған болатын. Облыстың сол кездегі басшылары бұл міндетті қолдан келгенше ойдағыдай атқардық деп ойлаймын. Ендігі міндет нарықтық қатынастарды түбегейлі орнықтыру еді. Бұл ретте осы саланың істе сыналған іскер маманы, жас та болса білікті де білімді азамат Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің облысқа әкім болып тағайындалуын мен заңдылық және Елбасының көрегендігі деп білемін. Өмірзақ Естайұлы Қостанай өңірінде тамаша із қалдырды, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға сүбелі үлес қосты, Елбасының сенім артар бас менеджерлерінің біріне айналды.

Осы арада мынандай да жайды айта кетуге тура келеді. Жоғары лауазымды қызмет атқарып жүргенде кейбіреулер Елбасының атына шаң жұқтырмай, оны көкке көтереді. Ал қызметтен түскен бойда ер тоқымын бауырына алып, тулай жөнеледі. Оппозициялық топқа қосылып, қай-қайдағаны көлейтеді. Сөзінің, пікірінің, ойының іліп алар дәні болса бір сәрі, тырнақ астынан кір іздеп, қисыны жоқ қиқарлық танытады. Әрине, кемшіліксіз қоғам болмайды. Елбасының өзі де сол кемшіліктерді атап көрсетіп, соны жою жолында жанқиярлық жұмыс жасап жүргенін білсе де білгісі келмейді.

Мәңгілік ешкім де, ештеңе де жоқ. “Мәңгілік дегеніміз қарға жазылған жазу сияқты” деп біздің даңқты жерлесіміз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, асқан гумманист және патриот Ілияс Омаров ағамыз біліп айтқан. Тұтқа ұстаған тұлғаның сол тұтқаны уақыты келгенде келесі адамға беруі заңды жайт. Өйткені, сол кезеңде өзіне жүктелген істі тындырды, ал алдағы алынар асулар үшін бөтен адам, бөтен менеджер керек екені бесенеден белгілі. Осындай себеппен Үкімет те қызметін доғарып жатады. Бұл дүниежүзілік үрдіс, дамудың заңдылығы. Олай болса, мұндай заңдылыққа өкпе жүрмейді. Мұны кейбір ағайындарымыздың түсінбеуі өкінішті-ақ. Өз басым Президенттің шешіміне түсіністікпен қарадым, кейінгі еңбек жолымда да Елбасының сенімді көмекшілерінің бірі болып қалуға тырыстым. Азды-көпті жазған өлеңдерім де соның дәлелі болса керек.

Атам қазақ “Біреу басшы, қалғаны қосшы болу керек” деп тегін айтпаса керек. Бүкіл халықтық сайлауда халықтың бәрінің дерлік (95%) даусын алған Көшбасшымызға көлденең сөз айту бүкіл биліктің бастауы – халықтың өзіне қарсы дау айту екенін ұғынуымыз керек. Осындайда ұлы Абай атамыздың “Бас-басына би болған өңшең қиқым, мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын” деген дана сөзі еріксіз ойға оралады. Тағдырымыз талқыға түскен тарихи шақта Ел билігін Нұрсұлтан Назарбаев сынды рефарматор-қайраткердің ұстағаны сол халықтың бағы, оны бүгін бүкіл ел біледі, оны бүгін бүкіл әлем біледі, оны өмірдің өзі дәлелдеді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін бүгінгі шынайы ақиқат.

Мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерін түгел оқып, көңілге түйген жандардың бірімін. “Тарих толқынында” атты кітабында мынандай жолдар бар: “Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген.

Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді. Әрине, жадау тірліктің жайдақ сөзі емес, бұл жерде әңгіме армансыз сұхбаттан туатын асыл сөз туралы болып отыр. Салиқалы сөз “қазақылықты” құлпыртудың кілті болған”.

Ал енді осы тұжырымдардың дәлдігін Нұрекеңнің өзі де дәлелдеген адам. Оның “Елім менің”, “Үш қоңыр” өлеңдеріне ән жазылып, бүкіл ел аспанында қалықтағаны қашан. Тіпті Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранына Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімиденовтың “Менің Қазақстаным” әнін таңдап алып, ән мәтінінің тігісін білдірмей, авторға қиянат жасамай Гимнге лайықтап, әрлеп, нәрлеп, екпін беріп жібергенінің өзі неге тұрады.

Әрине, мен Елбасына арнап өлең жазғанда ақын атанайын, атымды шығарайын, көзге түсейін деген ойдан мүлдем аулақпын. Құдайға шүкір, елім үшін, отбасым үшін, өсіп-өніп келе жатқан балаларым мен немерелерім үшін бір кісідей еңбек еттім. Бүгін де Елбасы басқаратын “Нұр Отан” партиясының мүшесімін. Сол партия тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутатымын. Бір сөзбен айтқанда бір пендеге жетерлік абырой-беделім бар. Ешқашан болдым, толдым деп астамшылық жасаған жерім де жоқ шығар. Интернаттың қара нанын жеп, әр туыстың босағасын паналап оқып, өскен қазақтың бір қара баласымын. Бұл ретте Нұрекең жазған: “...Сан ғасырлар бойы рухани төлтумалықтың Темірқазығы тек зиялылар ғана емес, қара халықтың өзі болып отырған”, деген сөздерінің маған да тікелей қатысы бар деп есептеймін. (“Тарих толқынында”, Алматы. “Атамұра”. 1999 ж. 26 бет).

Сырым менің – жырымда. Бұл кітабымды Тәуелсіз Қазақ елінің қарапайым бір перзентінің елге, Елбасына, туған жерге, өсіп-өнген ұрпағына деген кіршіксіз махаббатының бұлқынған бір белгісі, жүрегінің лүпілі деп қабылдасаңыздар болғаны.

Бірінші кітабыңыз “Ел бағы – Елбасы” атанса, екінші кітабыңызды “Толқыған Торғай, Тобылым” деп атапсыз. Туған жер, өскен орта, ағайын-туған туралы толғаныс екен...

– Өмір жолымда өлеңді де серік еткенімді жоғарыда айттым ғой. Бұл кітабымды “Көңілдің кейбір сәттері” десем де болады. Реті келгенде қағазға түскен шумақтар ғой. Соларды іріктеп, екшеп, оқырманға ұсынғанды жөн көрдім.

Кітаптың екінші бөлімінде ақын-жазушы, тілектес жандардың кезінде өзіме арнаған өлеңдері бар. Өмірдің бір белесінен көрініс беретін сол жыр жолдары да өзіме тым ыстық.



ЕЛІМІЗДЕ ТУҒАН ӘРБІР СӘБИ – БІЗДІҢ ТАҒДЫРДАН СҰРАП АЛҒАН

ЕҢ АСЫЛЫМЫЗ, БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ БОЛУҒА ТИІС
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Тоқтарбай Қадамбаевпен сұхбат


Тоқтарбай Қадамбайұлы, ел аман, жұрт тынышта тастанды, тумай жатып жетім атанған сәбилер көбейіп бара жатқан жоқ па? Әке, ата, азамат, депутат ретінде бұған Сіз не айтар едіңіз?

Мені жалпы адам, азамат ретінде тумай жатып, жетім, тастанды атанған құп-құйттай құлыншақтарымыздың тағдыры үнемі алаңдатумен келеді. Бүгіндер депутат ретінде осы мәселеге тереңірек үңілгенде, оның себеп-салдарын зерделегенде, сол сәбилердің болашағын ойлағанда санада сандаған сұрақ тұрады. Неге біз осындай дәрежеге жеттік. Әйел бақытының шырқау шыңы – ана болу, сәбиін бауырына басу, оның тәй-тәй басып жүргенін, езу тартып күлгенін, ат жалын тартып мінгенін, азамат болғанын көру десек, неге біздің кейбір тасбауыр қыздарымыз өзегін жарып шыққан шаранасын шырылдатып, тағдырдың тәлкегіне салып, тастап кетеді. Ал бұл бірен-сараң, кездейсоқ жағдай болса бір сәрі, ең бастысы осынау жаныңды жаралар жағдайдың жыл сайын кеми түсудің орнына көбейіп келе жатқаны. Оны дәлелдеп жатудың да қажеті болмас. Бүгіндер қай облысқа, қай қалаға барсаңыз да балалар үйі, жетімдер үйі алдыңнан шығады. Сол мекемелерге бас сұға қалсаңыз, көздері жаудыраған, жанарында мұң мен шер, үрей мен үміт бар сәбилер бейтаныс жанға назарын тіктейді, таңдана қарайды, жақындағысы келіп, тырбанады. Ет-жүрегің езіліп, көтеріп алып, көкірегіңе басыңызшы, құп-құйттай қолдарымен құшақтап, бауырыңа тығылып, басын жүрегіңе басады. Өйткені, олар балалар үйіне келген әрбір ересек аға мен ападан өз ата-анасын көреді. Табиғи бір сезім бүлк етеді, ата мен ана құшағын аңсайды сәби. Өйткені табиғаттың, жаратылыстың заңы сол, сәби ата-анадан туады. Олардың бауыр етінен жаралады.

Қасқыр да қас қылмайды баласына. Ал біз неге өз шаранамыздан өзіміз жерінетін болдық. Қазақ қандай қиын заман болса да жетімін жылатпаған халық емес пе еді? Баласын тастап кету деген айуандық, адам деген ардақты атқа сыймайтын масқара қарекет қой, бауырлар. Біз мұндай кеселге қалай шалындық? Тіпті осындай сорақылыққа етіміз де үйреніп кеткендей. Кәдімгі қалыпты жағдайдай, ештеңе болмағандай енжар қалып таныта береміз. Ең басты қасірет те осында. Немқұрайлылық, енжарлықтың арты ертең айықпас кеселге соқтырары айдан анық.

Әкесі мен шешесі бар бола тұра, тастанды бала болуға тиіс емес. Бұл, әрине, көпшілікке белгілі қағида. Бірақ өмірде көріп, біліп жүрген жайттар өзгеше.

Бұл кеселге, бұл қылмысқа қалай қарсы тұрамыз? Ол үшін не істеу керек?

– Бұл орайда ең өзекті мәселе – тәрбие. Отбасындағы, мектептегі тәрбие, жыныстық тәрбие. Мен айтар едім, қазақ жастары арасында жыныстық тәрбие мәселесі мүлдем ақсап жатыр. Ауылдан қалаға оқу, жұмыс іздеп келген бойжеткендеріміз тіс қаққан, серілік құрған, бір қарағанда сымбатты да сырбаз, бір күндік ермек, тоят іздеген жігітсымақтардың алдау-арбауына түсіп, шоқ басып жатады. қызық-думан осы екен деп, селтеңбай жүріс, сезімсіз “желікке” беріледі.

Сонда қызық қуған мырзалардың қолтығында кетер жандардың ішінде жыныстық қатынастан хабары аз, “крутой” серінің уәдесіне мәз қаракөз қарындастарымыз да аз кездесіп жатпайды. Ойнақтап жүріп от басатын да солар.

Осыдан он-он бес жыл бұрын болған бір оқиға естен кетер емес. Қоспан ақсақалдың (атын өзгертіп алдым. Т.Қ.) қалада жұмысқа орналасқан бойжеткен қызы туралы ду-ду әңгіме тарады. Кездейсоқ екіқабат болып, алыстағы бір ауданға барып, босанып, баланы тастап кетеді. Акушер дәрігердің, палатада бірге жатқан әйелдердің ақыл-кеңесіне құлақ аспай күзгі қоңыр салқын кеште аяғына биік өкше туфлиін киіп, қайқаңдап кете барады. Әрине, қызының “қылығын” анасы да естиді, “бір шіріген жұмыртқа” деп лағнет-қарғысын жаудырады, әке де бір сұмдықтың болғанын сезеді, сезеді де қаладағы қызына тартады. Жүзі пәс тартып, денсаулығы шетінеген, уайым-қайғы әбден діңкесін кетірген қызын көріп, мәселенің мәнісін бірден сезеді. “Қайда, бала қайда?” дейді әке. Қыздың жауабын күтпей, “Киіміңді ки, балам, ол сәби сенің ғана шаранаң емес, менің де қаным. Әкеңді қарабет қылма, өзім бауырыма салам, өзім өсірем...” деп қызын машинаға отырғызып, тастап кеткен бір уыс денені көкірегіне басып, алып шығады. Үріп ауызға салғандай, шекесі торсықтай ұл екен. “Тастемір болады мұның аты” деп өзі кесіп-пішеді. Жиенін ауылға алып келіп, бір семіз қойын сойып, ағайын-туғанның басын қосып шілдехана жасайды. “Бұл да болса тіршіліктің бір сыйы шығар – Тастемірім туды” деп шын көңілден шаттанады. Жалған намысты жиып қойып, бірден-бір оң шешім қабылдайды. Енді сол Тастемірің анасының да серігі, атасының да алақанға салған асылы.

Қоспан аға сияқты шешімді жандар көп болса, адасқан қызды қиналған сәтте қолтығынан демеп, сүйеп, пана болар ағайын-туған, жек-жат, бауыр көп болса, бәлкім, тастанды бала да болмас еді. Бірақ жалған намыс, жалған ұят әлі де көптеген ата-анаға шешуші сәтте кесімді байлам жасауға тосқауыл болып жүргені де рас. Сөйтіп, жәудір көздеріміз жетімдер үйінде тіршілік кешіп жатыр. Рас, балалар үйінде сәбилердің жақсы өсіп, жетілуіне барлық жағдай жасалған. Не ішемін, не киемін демейді. Білімді де білікті тәрбиешілер, бала күтушілер, педагогтар жұмыс істейді. Бірақ олардың мейірімі еш уақытта да ата-ана, отбасы шуағына жетпейді. Сәбилер өсе келе қақмақылға түседі. Сәбилер үйінен балалар үйіне өтеді. Ондағы өмір де мәңгілік емес. Балалар үйінен ойы мен бойы өскен жеткіншек үлкен өмірде желкенінен айырылған қайықтай дәрменсіз күй кешеді. Ілеуде біреуі болмаса өмірден өз орнын табу да қиындайды. Толғауы тоқсан тіршілік талай сан соқтырады. Бүкіл өмір бойы менің әкем кім, шешем қайда деген сананы сарсытатын сауалдарға жауап іздейді.

Рас, кейде сәбилер үйіне баласы жоқ ерлі-зайыптылар, басқа да мейірман жандар келіп, өздеріне ұнаған жаутаң көздерді асырап алып жатады. Ондайда үлкендердің ықыласынан сырт қалған жетімектер үрпиісіп, үміті үзілген жанның күйін кешеді. Жаның күйзеледі.

Осы арада мен сол тастанды балалар тағдырына араласып, олардың өз отбастарын табуға, ата-ананың мейірім-шуағына бөленуге үлкен насихат жұмысын жүргізіп, қолдау көрсетіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары туралы да айтқым келеді. Бүкіл саналы ғұмырым өзім туып-өскен Қостанай өңірінде өткендіктен, осы облыста лауазымды қызметтер атқарғандықтан облыстық “Қостанай таңы” және аймақтық “Костанайские новости” газеттерінің тыныс-тіршілігімен жақсы таныспын. “Қостанай таңы” газетінде осыдан ширек ғасыр бұрын “Қазақтың баласы кімге керек?” атты журналист Оразалы Жақсановтың мақаласы жарияланды. Онда Марат есімді жәудір көздің тағдыры баяндалған еді. Газеттегі материалды оқыған жас отбасы сол сәбиді асырап алды. Бүгіндер ол айтулы азамат болды. Оқыды, білім алды, дін жолына түсіп, осы бағытта да терең білім алып, бір аудандағы мешітте имамның орынбасары болып еңбек етеді. Енді сол Марат үлкен-кішіге имандылық дәнін сеуіп, адамгершілік қағидаттарын насихаттап жүр. Өз өмірін жаңа арнаға бұрған журналист ағасына:

– Менің тағдырыма ортақтасқаныңыз үшін күнде алғыс айтамын, әйтпесе, қандай жолға түсерімді кім білсін, – дейтін көрінеді.

Ал “Костанайские новости” газеті биыл жетінші жыл “Хочу в семью” атты айдарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.Онда Қостанай қаласындағы “Дельфин” сәбилер үйіндегі бөбектердің суреті басылып, сол баланың мінез-құлқы, машығы, денсаулығы туралы мәліметтер беріледі. Және оны тәжірибелі журналист ерекше бір жанашырлықпен, сәбиге деген сүйіспеншілікпен жазады. Соның арқасында биылғы жылдың алғашқы екі айының өзінде жеті бейкүнә сәбиді қамқор жандар асырап алыпты. Ал осы журналистер акциясы басталған жеті жылда 36 кішкене қошақандар өз отбастарын тауыпты. Сол “Дельфин” сәбилер үйінің бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Брагина болса ата-ананың қамқор құшағына енген балапандарын ұмытпай, олардың тағдырын біліп отырады. Айта кетейік, бүгіндер сол сәбилер де және оларды бауырына басқан ата-аналар да бақытты.

Егер біздің Тәуелсіз Қазақстандағы барлық ақпарат құралдары осындай акцияны қолдап, насихат-үгіт жұмыстарын жүргізіп, жәудір көздерге жанашырлық танытса, бәлкім, сәбилеріміз мұхит асып кетпес еді.

Бүгіндер Парламентте “Неке және отбасы” Кодексі талқыланып жатыр. Онда сәбилерімізді шетелдіктерге асырап алуға мұрсат беретін бап та бар екен?

– Осы арада мен Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің бас инспекторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкім Ысқақ мырзаның “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланған “Америкадағы етбауыр балаларымыз” атты мақаласынан үзінді келтіргім келіп отыр. Ол былай деп жазады: “Әрбір уақытымыз есептеулі. Қона жататындай құдамызға келгеніміз жоқ. Жұмысқа бірден кірісіп кеттік. Осында тұратын Конгрестің беделді чиновнигі Чарльздің шаңырағына қарай бет түзедік. Бұл үйде шет елден әкелінген бала бар деп естігенбіз. Аудармашы Кареннен бауырға басқан баланың аты-жөні, ұлты кім екенін қайта-қайта сұраймын. Ол да жауап беруден жалығар емес.

– Ұлты – қазақ, аты – Арман.

– Иә, Арман!

Арман... Арман... Арман-ай!

Құдай-ау, бұл сөз қазақтың қан жылаған жүрегінен шымырлап аққан қанмен жазылатын қасиетті сөз емес пе еді?!

Дулығасын жастанып, көк сүңгісін сүтпен сүртетін қас батырдың қарауыл тасқа қанжармен қашап жазатын сөзі емес пе бұл!...

...Әңгіме-дүкен құрып отырғанымызда Арман тысқа шығып кетті. Ата-анасының рұқсатымен ауызғы бөлмеде жүрген Арманды суретке түсірдім. Маржандай тістерін жарқыратып жымиғанына қайта-қайта жалтақтап қарай беремін. Бір кезде арсалаңдап келіп мойныма асылды. Жүрегім езіліп кетті. Апыр-ау, бұл не? Құшақтай түсіп, ағылшыншалап бірдеңелерді айтып жатыр. Жанарым сулана бергені несі? Құрметті оқырман, дәл осы сәт өз басыңа келсе не істер едің? Мен не істерімді білмей Чарльзді шақырдым. Сөйтсем, “мына кісі кетпесінші” деп тұр екен. Мені құшақтап жіберер емес! Чарльз де таңданып “Ай, ай, ай... ген деген, қан деген осы да”, деді басын шайқап. Артынша “сонау мұхит асып келсеңіз де туыс екенін сезіп тұр ғой” дегенді қосып қойды”...

Ал енді бұл жолдарды қалайша жайбарақат оқуға болады. Өз елінен пана таба алмай жат жерде жаутаңдаған жәудір көздердің болашақ тағдыры не болар? Жоқ, ол аш, жалаңаш болмас, білім де алар, өз ортасымен біте қайнасар, бірақ қаны қазақ қара бала қайран елін аңсаумен, өксумен өмір кешпей ме? Біз соны неге ойламаймыз.

Мені жалпы азамат ретінде, халық қалаулысы – депутат ретінде осынау өзекті мәселе қатты толғандырады. Ел аман, жұрт тынышта балапандарымызды шетелге асырып, дәрменсіздік танытуымыз біздің буынға да, болашақ ұрпаққа да ұят. Бар-жоғы он алты миллионнан астам халқы бар Қазақстан үшін ұрпағымыздан безіну, оның проблемасынан қашқақтау абыройлы іс емес, әрине. Сондықтан да “Неке және отбасы” Кодексі 79 бабының шетелдерге бала асырап алуға мүмкіндік беретін 3 тармақша жүрек сыздатып, қабырғаңды қайыстырады. Қазақстанда туған сәби Қазақ елінің азаматы болып өсуі керек. Құдайға шүкір, оған біздің мүмкіндігіміз де, жағдайымыз да бар, ол талқылауға салып, таңдау іздейтін мәселе емес. Сандаған ғасырлар бойы жетімін жылатпаған халқымыз үшін Тәуелсіздік алғанда тәубеден жаңылысу күнә.

Тоқа, депутат ретінде еліміздегі демографиялық, гендерлік саясат туралы не айтар едіңіз?

– Қазақстанда отбасын құрмаған, жесір қалған немесе айырылысып кеткен әйелдер де көп. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне үңілсек, өткен жылы елімізде 316822 сәби дүниеге келген екен. Бұған тәубе деу керек. Бірақ еліміздегі он бес және одан жоғары жастағы әйелдердің тек тең жартысы ғана отбасын құрған. Республикамыздағы әйелдердің 21,6 пайызы ешқашан да некеге тұрмаған. Оған енді жесір қалған 14,7 пайыз әйелді қосыңыз, мұның үстіне әйелдердің 8,1 пайызы айырылысып кеткендер.

Бұл деректер терең ойға батырады. Зерделей қарасаңыз басы бос қыз-келіншектер саны 44,4 пайызды құрайды екен. Мұның өзі еліміздегі демографиялық жағдайға кері әсер етеді. Сондықтан да “Неке және отбасы” Кодексінде бұл жағдайдың да ерекше ескерілгені жөн. Қазақстанда туған әрбір сәби біздің тағдырдан сұрап алған ең асылымыз, басты байлығымыз болуға тиіс.

Рас, елімізде ана мен балаға ерекше қамқорлық жасалады. Елбасының биылғы Жолдауында да бұл мәселе ерекше көрініс тапқан. Сәби күтіміне, бала тууына байланысты көрсетілетін жәрдем де қомақты. Сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 2010-2011 жылдары 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артады, 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері 2007 жылға қарағанда 4 есе өседі. Яғни, мемлекетіміз демографиялық жағдайды жақсартуға, Ананы ардақтауға, сәбиді аялауға ерекше бетбұрыс жасап отыр.

Осы орайда біз ең алдымен жастарымызды отбасылық өмірге ыждаһаттықпен даярлауға тиіспіз. Көп балалы отбасылар өнегесін үлгі еткеннен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Бойжеткендеріміз үшін тұрмысқа шығып, өз шаңырағының түтінін түтетіп, отағасын сыйлап, мына жарық дүниеге сәби әкеліп, ана болудан асқан бақыт жоқ екендігін үнемі ұғындырып, осынау қасиетті ақиқатты бала жастан құлағына сіңіріп, санасына дарыту парыз. Мұны мен текке айтып отырған жоқпын, соңғы жылдар ауанында гендерлік саясат туралы әртүрлі сөз көп. Соның негізіне үңілсек, әйел мен еркектің теңдігі деген мәселе алдыңнан кес-кестейді. Әрине, оған сөз жоқ, бірақ табиғи жаратылыс ерекшеліктерін де ескермей болмайды. Ешкім де, ешқашан да заңмен немесе қаулымен еркек пен әйелді теңестіре алмайды. Ол да “табиғаттың бермесін тартып аламыз” деген баяғы далбасаны еске түсіреді. Біз кейде гендерлік саясат дегенде Үкіметте, Парламентте, мәслихатта, билік органдарында қанша әйел бар деп, оны пайызға шағып, әуре боламыз. Гендерлік саясат дегеніміздің басты мәні, менің ойымша, әйел адамның табиғат берген бүкіл қасиет-мүмкіндіктерін жарқырата көрсетуі, өзінің өмірден теңін тауып, отбасының ұйтқысы болып, сәбилерін бауырына басуы. “Отбасы – шағын мемлекет” десек, сол мемлекеттің іргетасы мықты болуы, оның гүлденуі, төңірекке шуақ шашуы – сол әйелдің бақыты. Әрбір ошақ мықты болса, бүтіндей еліміз де мықты.

Ал қоғамдық өмірдегі белсенділік, мансап қабілетті жандарды айналып өтпейді. Мысалы, бүгіндер жоғары деңгейдегі топ-менеджерлердің 10-ы әйел, республика Министрлер Кабинетінде істейтіндердің 6%, еліміздегі депутаттық корпустың 12%, вице-министрлердің 9%, министрліктегі жауапты хатшылардың 16%, облыс әкімдері орынбасарларының 6% әйелдер. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларында, қаржы-банк секторында істейтін нәзік жандар қаншама?! Яғни қыз-келіншектер қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене ат салысып жүр. Бұл үрдіс, сөз жоқ, жалғаса береді. Бірақ қай кезде болмасын әйел адамның атқаратын қызмет-жұмысы оның табиғи болмысына кереғар келіп, оның жан-жақты дамуына, аналық бақытқа ие болып, сәбиін тәрбиелеуге еш кедергі тудырмайтындай болуы шарт емес пе?

Мықты ел ұрпағымен мықты, ал ұрпағымыз мәңгілік. Сол мәңгіліктің бастауы, өмірдің жалғасы, тіршіліктің тынысы – аналар. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген ұлы сөз текке айтылмаса керек.


жүктеу 4,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау