Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж



жүктеу 4,75 Mb.
бет2/26
Дата20.05.2018
өлшемі4,75 Mb.
#14720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ТӨҢІРЕГІНЕ НҰР ШАШҚАН

Жар, ана, әже Айткүл Кәкенқызы Атымтаева

бейнесі еске түскенде
Әр ұжымның ерекше бір арқа сүйер, жүктің ауырын көтерер, сенім артар тұлғалары болады. Олар сол ұжымның отымен кіріп, күлімен шығады, ортақ мүдде үшін жанын салады, уақытпен санаспай еңбек етеді, тер төгеді, ізденіс танытады. Және ондай жандар ешқашан еңбегін пұлдап жатпайды, қосымша ақы да дәметпейді. Өйткені ол үшін өз ұжымының мүддесі, өз ұжымының табысы – ерекше маңызды. Соның мүддесі мен соның табысы – оның өзінің де мүддесі, өзінің де табысы. Міне, дәл осындай жандар кез-келген ұжымның алтын діңгегі, сенімді тірегі болып табылады.

Облыстық «Қостанай таңы» газеті үшін сондай айтулы тұлғалардың бірі марқұм Айткүл Кәкенқызы апамыз еді. Ел үшін аса ауыр болған, қуғын-сүргіннің шарықтау шегіне жеткен 1937 жылы, Торғай төскейінде туған ол қаршадайынан қатарынан озық болды.

Ол кезде Торғай танабы табиғи таланттарға бай, халықтың өнер десе ішкен асын жерге қоятын шуақты шағы еді ғой. Айткүл де әдебиет пен өнерге жақын болды. Өлең жазды. Жас қыздың сыршыл шумақтары аудандық, облыстық газеттерде жариялана бастады. Оның туындыларын Нұрхан Ахметбеков, Сапабек Әсіпов, Назарбек Бектемісов сияқты Торғай таланттары жоғары бағалады.

Ол кезде облыста ақындар айтысы ерекше өріс алып, өрістей түскен кез еді. Аудандық газетте корректор болып қызмет істеп жүрген Айткүлді газет редакторы Сапабек Әсіпов ағасы шақырып алып, ауданда ақындар айтысы өтетінін айтып, соған қатысуын өтінді.

– Несі бар, қатысайын, тек дайындық жасауға Нұрхан ағам көмектессе болғаны, – деді Айткүл.

Міне, сол айтыс жас қыздың бүкіл өміріне өзгеріс әкелді. Құдай жазып, айтыстағы қарсыласы сол Нұрхан ақынның бел баласы Мәлікзада болды. Сахнаға жап-жас қыз бен жігіт шығып, өлеңмен өрнек салғанда Біржан мен Сараның айтысы қайта жаңғырғандай әсер қалдырды. Қазылар да тығырыққа тірелді, бірінен-бір өткен екі жұлдыздың қайсысына жеңісті берерін білмей, бір-біріне қарасты, ақырында екеуіне де жүлде беріп, облыстық ақындар айтысына қатысуға жол ашты. Сол айтыста қазылар алқасына мүше болып, облыстық газеттің қызметкері, жап-жас жігіт Аңсаған Атымтаев та отыр еді. Сахнада көзі оттай жайнап, жыр төгіп отырған қызға оның да көзі түсті...

Аңсағанның да ақындығы бар. 1958 жылы облыстық айтысқа түсіп, небір дүлдүл жүйріктермен облыс орталығын той-думанға бөлеп еді. Бұл айтысқа Омар Шипин, Сәт Есенбаев, Нұрхан Ахметбеков, Өтей Қалиев, Өтеміс Қалабаев, Қауаз Тәжімақин, Ақілгек Жұмабекова, Меңдібек Жүргінбеков қатысқандарын ескерсек, Аңсекеңнің орны да айшықталып шыға келеді. Аңсаған сол бір тарихи айтыста Семиозер ауданы атынан шығып, Қостанай қаласының ақыны Назиқа Ерғалиевамен сөз жарыстырды.

Сонда Аңсекең:

Қашаннан ел еркесі ақын сері,

Аузынан ел деп шығар әрбір демі,

Айтыстың арқауы боп ел еңбегі,

Тобылдай тасқындасын өлең селі, – деп төгілген. Сол айтыстар 1958 жылы шыққан «Қостанай ақындарының айтысы» кітабына енді.

Сөз арасында айта кетейік, Назиқа апамыз да кезінде осы «Қостанай таңы» газетінің редакциясында Айткүл апамызбен бірге корректор болып еңбек етті.

Айтыс үстіндегі таныстық ақ махаббатқа ұласып, Аңсаған мен Айткүл отбасын құрды. Сол кездегі «Коммунизм таңы» газеті редакциясының басшылығы жастар тойын өздері ұйымдастырып, өздері жүргізіп, екі жасқа баталарын берді. Сөйтіп, Қостанайдың қос жұлдызы өз тағдырларын осы қасиетті қара шаңырақ – «Қостанай таңы» газеті редакциясымен мәңгілікке байланыстырды.

Әттең, Аңсаған аға өмірі тым қысқа болды. 37 мүшел жасында кенеттен дүние салғанда Айткүл жеңгеміз бес бірдей шиеттей бала және Аңсағанның анасы Ағайша әжемен аңырап қала берген еді.

Бірақ жаратылысынан қайсар жан бір-ақ күнде тас-түйін жұмылып, қайраттанып алды. Бар мақсаты – осы көбелектерін бағып, қағып, азамат ету. Осынау мақсат алдында бес батпан ауыртпалыққа төзді, қиыншылықтарға көнді. Бір сәт жұмысынан да қалмай төрт қызы мен жалғыз ұлына пана бола білді. Балалары да біртіндеп өсіп, бірі-біріне қамқор бола жүріп, азамат болды.

Сөйтіп жеңгеміз Аңсаған аға көрмеген қызықты көрді, немерелері мен жиендерін сүйді. Бес баласы да жоғары білім алды, ананың ақ тілеуі орындалды.

Айткүл апамыз 70 жасқа толған күні сол көбелектері ерекше пәтуалы, өнегелі той жасады. Қостанайдағы ең бір әсем мейрамхана іші ағайын-туған, жек-жат, құда-құдағиларға толды. Қара шаңырақ – «Қостанай таңындағы» іні-сіңілілері де төрге озды. Айткүл апамыздың ел таныған, халық құрметтеген інілері Жақсылық Кәкенов пен Рахымбек Жұмақұлов той тізгінін қолға алып, ана, жар, әже Айткүлдің мерейін өсірді. Сол бір сәтте өмірінің тең жартысы жесірлікпен өткен, талай қиыншылықтарды бастан өткеріп, жеңе білген, осындай шуақты күнге жеткен ананың жүзі бал-бұл жанып, бақыт құшағына оранғанын көрудің өзі ерекше ғанибет еді. Біз соны көрдік, көрдік те ананың ерлігіне, оның жанқиярлық еңбегіне риза болдық.

Айткүл апамыз өмірде ешқашан мойымаған, сарыуайымға салынбаған, халықтық салт-дәстүрден аттамаған, ерекше жаратылған жан еді. Құдай қосқан қосағы Аңсағанды үнемі еске алып, оның өзі жоқ болса да, мерейлі жастарын атап өтетін. Қабірінің басына ерекше көзге түсер белгі орнатып, ас беріп, құран бағыштағанда да Аңсекеңнің соңына ерген інілері, өзіміз де, сол ортада болдық.

Жалпы өз басым Аңсаған ағаны ерекше құрмет тұтып, оны өмірдегі де, өнердегі де ұстазым санадым. Сонау 1969 жылы университеттің журналистика факультетін Аңсекең екеуіміз бір уақытта бітірдік. Оның менен он жастай үлкендігі болатын, оқуға сырттай түскен ол емтихан тапсыруға жыл сайын бара алмай, кешеуілдей берді. Өйткені қысқа жіп күрмеуге келмеді, бес баласы бар газет қызметкерінің жылына екі рет Алматыға барып, келуіне мүмкіндік қайдан болсын.

Ақыры, мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломды «өте жақсыға» қорғап, қолына диплом алған ағамыз мені емтихан тапсырып жатқан аудитория алдында күтіп тұр екен, қолында университет бітіргенде беретін академиялық белгі – ромбик:

– Ал, бауырым, мына костюмді тес, ромбикті қада, сол үшін өзіңді әдейі күтіп тұрмын, – деп қолыма бір қисық шегені ұстата қойды.

Құтты болсын, Аңсеке! – деп мен «поплавокты» қадап бердім.

– Мықтап бұра, түсіп қалмасын. Осының жыры жетіп еді, – деп өзінің әдемі күлкісімен лекіте күлді.

– Сен, – деді маған ол, – дипломыңды алысымен елге, Қостанайға кел, Алматыда сенсіз де жазғыштар жетеді, – деді. – Туған жерге қызмет ету де – ерекше парыз, – деп шегеледі.

Сол сөз себеп болып және осы «Қостанай таңының» сол кездегі басшылары Бақытжан Жангисин, Сырлыбай Бүркітбаев, Сапабек Әсіпов ағаларымның маған деген оң көзқарасы арқасында бүкіл тағдырымды кешегі Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлиннің «Ауылымен» ажырамастай етіп байланыстырдым. Студент күнімде өндірістік тәжірибеден осы газетте өттім, Армия қатарында жүргенде де осы газетке сонау алыстағы Забайкал әскери округінен «Бүгінгі армия өмірінен» айдарымен мақала жазып тұрдым.

1971 жылы әскер қатарынан оралған мені ұжым өз баласындай құшақ жая қарсы алды. Солардың ішінде осы Аңсекең ықыласы тым ерекше еді. Оған жақын жүруге, одан үйренуге, сөзін естуге, өнегесін көруге тырыстық. Ол да, сөздің шын мағынасында, нағыз тәлімгер-ұстаз, қамқоршы аға бола білді. Бәз біреулердей құрғақ сөз, ақыл айтудан алшақ болды. Жазған бір жақсы мақаламызды көрсе, ерекше қуанды. Қаламымыз жүрмей, бас қатқан сәтте өзінің әдемі әзілімен көңілді көтерді. Бізді жас демей, тәжірибесі жоқ «сарыбалапан» демей өзімен тең санады. Лездеме, планеркаларды жастардың жақсы ізденістерін үнемі айтып, дем беріп отырды.

Шіркін-ай, десеңізші! Сол ағамыз кенеттен дүние салғанда аспан аударылып түскендей күй кештік. Бұл 1974 жыл еді. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, өмір жалғасып жатты. Бір күні газет редакторы Бақытжан Жангисин аға мені шақырып алып:

– Аңсаған ағаңның жағдайы мынандай болды. Енді ол атқарған ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметін қолға ал. Қолыңнан келеді. Бірақ бөлім жұмысын Аңсаған өте жақсы жолға қойды, планкіні өте биік көтерді, сол деңгейден құлдыратып алма, – деді.

Ал, ауыл шаруашылық бөлімі – редакциядағы ең бір беделді, жұмысы да көп бөлім болатын. Біз Бақытжан аға сенімін ақтау үшін Аңсекең «қос күрең» атаған Қанат Аужанов, Мақсұтбек Оташев үшеуіміз аянбай тер төктік. Соның арқасында сол кезде «Коммунизм таңы» атанған біздің газет кешегі Кеңес Одағы халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Советская печать» павильонына екі рет қойылды. Сол көрменің күміс медалі маған берілді, газет ІІ дәрежелі дипломмен екі мәрте марапатталды. Ал 1976 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін омырауға тақтым. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Мен мұның бәрін мақтан үшін айтып отырған жоқпын. Мақсатым Аңсекең салған жолдың кейінгі ізбасарларына да қаншалықты абыройлы болғанын айту ғана. Менен кейін сол бөлімді басқарған Қанат Аужанов та кейін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін алды, ал Мақсұтбек Оташев, Дамир Әбішев сияқты журналистер ВДНХ-ның қола медальдарына ие болды.

Қырық жылдан астам қара шаңырақта еңбек ете жүріп, мен ешқашан да өзімнің асыл ағам, тәлімгер-ұстазым Бақытжан Жангисин сияқты текті жанды ұмытқан емеспін. Ол кісі қайтыс болғанда газеттерге орысша, қазақша басылатын қазанаманы жазып отырғанда көзімнен жас парлап, ақ қағазға тамшылап жатты. Өмірде ондай кіршіксіз таза, парасатты, қарамағындағы қызметкерлерінің қамқоршы-тәрбиешісі, ала жіпті аттамаған адал адам көп кездесе бермейді. Мұны пайғамбар жасынан асқан, екі бірдей жоғары білімі бар, екі бірдей шығармашылық одақтың мүшесі, өмір бойы адам психологиясын зерттеп жүрген жанның өмірден түйген бүкпесіз пайымы деп қабылдасаңыздар болғаны. Сондай асыл перзентке редакция қабырғасына ескерткіш тақта қойылуы да Бәкеңе деген ізбасар іні-қарындастарының қайталанбас қайраткер тұлғаға деген шынайы ықыласы еді.

Аңсекең де, Айткүл апамыз да осындай көшелі адамның басшылығымен еңбек етті. Айткүл Кәкенқызы қашан зейнеткерлік жасқа жеткенше аға корректор болып тер төкті. Ол кезде газет шығару үдісі тым қиын еді. Москва, Алматы материалдарды үйіп-төгіп беріп жататын.Міндетті материалдар газеттің ертеңгі нөміріне салынуға тиіс. Соны баспаханада таң атқанша күткен күндер аз болған жоқ. Соған шыдадық, оны үйреншікті, күнделікті жұмыс санадық. Ал қазір кестеден бір сағатқа кешіксең – ол төтенше жағдай саналады. Газет шығару ісі компьютерлендіруге байланысты мың есе жеңілдеді десек те артық болмас.

...Аңсаған аға мен Айткүл жеңгейдің жалғыз ұлы Айдар үйленетін болып, тойға шақырды. Редакцияның талай ұл-қыздары сол тойға қатысып, тілек айттық. Ресейде тұратын құда-құдағилар да келген екен. Ертеңіне сол құда-құдағиларымен бірге болайық деп, марқұм жұбайым Мәрзияны ертіп, Айткүл апа үйіне келдік. Ерекше қуанды;

– Қалқаларым, төрге шығыңдар, – деп жік-жапар болды.

Сол бір сәтті Айткүл апай есте сақтап қалған екен. Мәрзия қайтыс болғанда осы редакцияда істейтін қызы Алмамен бірге үйге келіп, көңіл айтты. Сонда:

– Жалғыз ұлым Айдар үйленгенде Аңсағанның жоқтығын білдірмей, тойдан кейін де құдалармен бірге болып, шаруаға да араласып, өлең де айтып, әзіл де айтып, көңілімді жадыратқан келінім еді ғой, – деп ағынан жарылды.

Көшелі адамның сөзін айтты, тілектестік көңілін білдірді.

2006 жылы алпыс жасқа толған күні Аңсекең мен Айткүлдің азамат болған сол Айдары редакцияға әдейі келіп, құттықтап, сый-сияпат жасағанын қалайша ұмытайын. Сол інімнің бүгіндер облысқа танымал кәсіпкер, ұлтжанды азамат болғанына қуанамын. Атымтаевтардың төрт қызының да өмірден өз орындарын тауып, ата-ана атына кір келтірмей мағыналы да мәнді ғұмыр кешіп жатқанына ризамын. Немере-жиендердің де тектілігіне сүйсініп жүремін.

Аяулы Айткүл апамыздың дүниеден өткеніне де бір жыл толғалы отыр. Артында қалған ұрпағы мен ағайын-туғандары асыл жанды мәңгілік сапарға арулап жөнелтті. Аңсағаны мен Ағайша анасының жанына жерлеп, басына белгі орнатты.

Енді, міне, балалары ана туралы осы кітапты шығарып отыр. Алма қарындасымның өтініші бойынша кітапқа алғысөз ретінде осы толғамды жазып, ұсынуды өзімнің парызым санадым. Және осы кітапқа Айткүл апамыздың аяулы жары, балаларының әкесі, өзіміздің ұстазымыз Аңсаған туралы және Айткүл апамыздың қос қанатындай болған қос інісі, еліміздің айтулы азаматтары Жақсылық Кәкенұлы Кәкенов пен Рахымбек Мұқанұлы Жұмақұлов туралы олар алпыс атты арғымақ жасқа келген тұста жазып, жариялаған эсселерімді де кіргізіп отырмын. Бұл туындылардың бәрі де еліміздің аяулы қызы Айткүл апа бейнесін толығырақ аша түсуге жәрдемдеседі деп ойлаймын.

Иә, Айткүл Кәкенқызы төңірегіне нұр шашқан, өмірі кейінгі жастарға үлгі-өнеге, бейнесі асқақ аяулы ана, парасаты биік, тағылымы терең қайталанбас тұлға еді.

Жаны жаннатта болсын!


АЗАМАТЫН АРДАҚТАҒАН

Асыл жар Бикеш Әнуарбекқызы Меңтаева туралы

ақжарма сыр
Жетпісінші жылдардың аяғында политехникалық институтты инженер-гидрогеолог мамандығы бойынша аяқтап, жолдамамен Арқалық қаласына, Торғай геологиялық барлау экспедициясына келген өрімдей жас қыз Бикеш Әнуарбекқызы бірден ұжымның өз адамы болып шыға келді. Алғыр да пысық, білімді де білікті маман жұмысты да бірден дөңгелентіп алып кетті. Үлкен-кішіге сыйлы болды. Ашық та жарқын мінезімен көпшілікті баурады. Өмірлік серігін де осы Арқа төсіндегі Арқалықтан тапты.

Осы геологиялық барлау экспедициясында бас механик болып істейтін Қайролла Сұлтанғалиұлы да жүзіктің көзінен өткен, еліктің лағындай ерке қызға жақын жүруге тырысты. Ашық әңгімеге бармаса да осы бір бойына ойы сай, жұрт мақтаған жігіттің жылы шырай танытуы бойжеткеннің жүрегіне де шоқ түсіріп еді.

Қайролланың қызға сөз айта алмай тартыншақтана беруінің де өзіндік сыры болатын. Ол отбасында туған он сегіз баладан қалған жалғыз еді. Әкесі Сұлтанғали ақсақал мен анасы Ырмалды кейуана жалғыз тұяқтан қартайған шақтарында бір немере сүюді аңсап, баланы ерте үйлендірді. Әй-шайға қарамастан ілік-жұрағаттың бір бойжеткен қызына құда түсіп, шаңыраққа келін кіргізді. Обалы не керек, сол Сұлушаш жеңгемізден ата-ана үш-төрт немере сүйіп, көңілдері көкке жетті. Олар тіршілік қылының үзілмей ұрпағының өрге басып бара жатқан жақсы бір кезеңдерін көзбен көріп, жастары жетіп, бақилыққа озды.

Бертін келе тым ерте, тіпті балиғат жасқа жетпей үйленген жастар ажырасып кетті. У-шусыз, өзара түсіністікпен, бір-біріне деген тілектестік көңілмен ажырасты. Бикеш сұлу Қайроллаға осындай өміріндегі өкінішті тұста кездесті. Қалай дегенмен ер жігіт емес пе, Қайролла өзінің көңілі кеткен қызға бар сырын жайып салды...

Ақылды қыз аңқылдаған жігіттің ақжарма сырын ұқты. Қол ұстасып өмір мұхитында бірге жүзуге серт байласты.

Бұл 1980 жыл еді. Торғай төсінің қазба байлықтарын зерттеудегі ерен еңбегі үшін Бикеш Әнуарбекқызы «Құрмет Белгісі» орденін омырауға тақты. Кейін инженер-гидрогеолог қыз «Қазақстанның құрметті геологы», «Қазақстаның еңбек сіңірген геологы» сынды құрметті атақтарға ие болды.

Ең бастысы жас жұбайлар шаңырағында Жанат және Жомарт атты ұлдар туып, ер жетті. Бұл күндері екеуі де ат жалын тартып мінген, елге сыйлы, осы заманға бейімделген азаматтар болып өсті. 1981 жылы туған Жанат «Евроазиялық банктің» Алматыдағы лизлингтік компаниясының бастығы болып жұмыс істейді. 1985 жылы дүниеге келген Жомарт осы Қостанайда ата-анасымен бірге тұрады, инженер-байланысшы мамандығын алған ол жеке меншік компанияның белді бір қызметкері, оның келіншегі Индира қарындасымыз өзіміздің әріптесіміз, журналист, Ахаң атындағы университет түлегі, төрт жастағы Жантемір мен алты айлық Жәңгірін бағып, ата-енесіне қызмет жасап үйде отыр.

Арқалықтан кейін бұл отбасы сол кездегі Жезқазған облысы Жәйрәм кен байыту комбинатында еңбек етті. Қайролла болса осы аты-шулы кен орны бас директорының орынбасары, Бикеш осындағы геология-экология бөлімінде бас маман болды. Жәйрәм кезінде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХV съезінің шешімі бойынша құлашын кеңге жазған алып өнеркәсіп орны болды.

Тек Кеңес Одағы ыдырап, бұрынғы қалыптасқан экономикалық байланыстар үзілген тұста бұл комбинаттан да береке кетті. Сөйтіп 1999 жылы осы Меңтаевтар отбасы Қайролланың туып, өскен құт мекені Қостанайға көшті.

Қақаң елге келісімен-ақ талай жауапты жұмыстар атқарды. Өзінің туып-өскен ауылы – Ақсуаттың жайын ойлады. Ауылдың үлкен-кішісін жұмылдырып, елдің еңсесін көтеру үшін тер төкті. Ол бастап алғаш өткізген «Ауыл мерекесі» жыл сайын өзінің жарасымды жалғасын тауып келеді. Осы құт мекеннен кешегі қанқұйлы соғысқа аттанып, елге оралмаған 77 боздақтың есімдерін анықтап, ескерткіш қоюға мұрындық болған да осы Қақаң еді. Он екі бірдей «халық жауының» дерегін іздестіріп, олардың есімдерін көгілдір мәрмәр тасқа мәңгілікке жаздырған да біздің ағамыз болатын.

Қайролла Сұлтанғалиұлы кезінде ВЛКСМ-ның ХVІ съезіне делегат болып қатысып, Кремльдің төрінде сол съезд делегаты, бүгінгі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге отырған сәттерін ұмытқан жоқ, даңқты қолбасшы Семен Буденныйдың аты-шулы қылышын комсомолға сыйға тартқанын көзі көрді, Бас хатшы Л.И.Брежневтің сөзін тыңдады, талай марқасқалардың қолын алып, сәлемдесті.

Ал жап-жас шағында ауыл шаруашылығы жұмыстарына жегіліп, механизатор болғаны, бөлімше басқарып, жұртқа жөн сілтегені өзінше бір әңгіме. Омырауға «Құрмет Белгісі» орденін таққан күн де есте, Бүкілодақтық жастар фестиваліне қатысқаны, Чехословакая оқиғасынан кейін достық рәуішпен сол елге барғаны да ұмытылған жоқ.

Бәрі де жақсы еді. Балалары өсті, көңіл көтеріңкі. Бірақ бейнет деген аяқ астынан. Ауыру айтып келмейді. 2007 жылдың мамыражай мамыр айында үй ауласын жинастырып жүрген Қақаңның қан қысымы көтеріліп, ес-түсін білмей құлады. Жедел жәрдем де тез жетті. Миға қан кеткен. Инсульт. Қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде сан күндер сартап болып жатты. Бөлімше меңгерушісі Владимир Алексеевич Верко бас болып, азаматты аман алып қалу үшін жанын салды. Осы ауруханада дәрігер болып істейтін немере інісі Әбілхайыр Сейтқалиев те ағасының қасынан ұзамай шипа іздеді.

Сол бір жүрек сыздатқан қиын күндері Бикеш жеңгеміздің де ең бір жақсы қасиеттері аурудан қиналып жатқан жарының жанын жадыратқанын біз жақсы білеміз. Күндіз-түні кірпік ілмей аурухананың тар төсегіне таңылған азаматын алақанға салды. Аузына су тамызып, жастығын түзеп, жүзіндегі өзгерістерге үңілді. Жаратқан иеден, «жанын аман алып қал» деп тіледі.

Дәрігерлер «аман алып қалсақ та, жүріп кетуі неғайбыл» деген кесім айтты. Ақыры кеше ғана құлын-тайдай шапқылап жүрген азамат мүгедектер арбасына таңылды.

Үйге келісімен Қайролла үшін алдан сан мың жаңа сұрақтар туындады. Әйнекке қарап, ойға батып отырған жарын көріп, Бикеш оны жігерлендіруге тырысты. Мүгедек болып қалған талай азаматтар өмірінен мысал келтірді. Ең бастысы – өмір сүру керек. Сол үшін тырысу керек, сол үшін күш-жігер жұмсау керек.

– Сенің атқарар шаруаларың әлі алда, – деді Бикеш бір күні Қайроллаға.

– Қандай шаруа, жарқыным-ау, көріп отырған жоқсың ба халімді.

– Жанатың мен Жомартың ер жетті. Соларды үйлендіріп, немере сүй. Бойкүйезденіп отыра берсек, сол көңіл-күй енді ғана оң-солын танып келе жатқан балаларға да әсер етеді, – деді Бикеш. – Жомарттың дос қызы бар. Жинал, құдалыққа барамыз!

Бикеш кесіп айтты. Қайролланың оған қарсы уәж айтуға мұршасын да келтірмеді. Ақыры жастар той жасады. «Ақ шаңырақ» мейрамханасында кең жайылған дастарқан басына ағайын-туған, жолдас-дос жиналды. Талай тілек айтылды.

Индира келіні де бір мың болғыр бала екен. Бикеш енесінің қолын ұзартты, Қайролла атасының қолғанаты болды. Бүгіндер ата мен әже Жантемір мен Жәңгірін аялап, құшаққа қысып, тағдырға тәубе деседі.

Жантемір атасының көзілдірігін, газетін әкеліп, біреу телефон соқса тұтқасын атасына беріп, кәдімгі ересектердей қызмет етеді. Енді ғана езу тартып күле бастаған Жәңгірі ата алдынан түспейді.

Бикештің қызметі де тым жауапты. Қостанай жер қойнауын қорғау және геология инспекциясының бастығы болып қызмет жасайды, бұл баяғы «Севказгеология» мекемесінің құқықтық мұрагері. Жұмыс бастан асып жатады. Сондай кезде Қайроллаға көмекші ретінде күтуші адам жалдап еді, бертін келе Индира келіні атама өзім көмектесем деп үйдегі шаруа тізгінін толық өз қолына алды.

Құдайға шүкір, Қайролла ағамыз тың, бірінші топтағы мүгедек болғанымен күнделікті тіршіліктен өз сыбағасын молынан алып отырған азамат. Өмірде көрген-түйгендерін еске оралтып, қағаз бетіне түсіретіні бар. Онысын компьютерге басып, жинақтап жүрген де Индира.

Ағамыздың көңіл-күйін сұрап, келіп-кетушілер де аз емес. Ауруханаға түсті дегенді естіген сәтте ауылдан аңырап жеткен Аманкелді Біралин құрдасының айтқан сөзі көкейден кетер емес:

– Біздің Қайролла қайратына мінеді, әлі-ақ құлан таза айығып кетеді, – деп құшағына қысып еді.

Кезінде Жезқазған-Атасу экономикалық аймағының басшысы, кейін Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болған Мұхамет Көпей, Жезқазғанда бірге істеген, бүгіндер Астанада тұратын Құсайын Ысқақов, Қарағандыдан Жасқайрат Ахметов, Алматыдан Орынбасар Шынекеев және басқа дос-жолдастары азаматтың ауыр науқасқа шалдыққанын естіп, әдейі келіп, көңілін сұрап, демеп кетіп еді. Жамбыл, Қапан сияқты құрдастары, Аманкелді, Бауыржан сияқты інілері, Ғайнеш, Ерен, Бибіш сияқты апалары, Кәмшат жеңгесі мен тағы басқа үлкен-кішілер Қайролланың нағыз тілекшілері. Олар үйге қашан келсе де Бикеш ханымның дастарқаны жаюлы, көңілі көтеріңкі, құрақ ұшып жүргені. Арасында жарасымды әзілі бар. Үйдегі мұңды сейілтіп жіберетін құдірет сол Қайролла ағамыздың Құдай қосқан қосағынан әркез табылып жатады. Оның жарына, азаматына деген шынайы құрметі мен тілектес көңілі, сүйіспеншілік сипаты үнемі менмұндалап тұрады.

Азаматын ардақтаған асыл жар осындай болса керек-ті...



ЖАР. АНА. ҰСТАЗ.

Бұл үш ұлы ұғымды ұлықтап өткен бір асыл жан туралы сөз


1. Жар
Қазан айының бір жаймашуақ күні мінезімен елге жаққан, өнегелі ұрпақ өсірген, мыңдаған шәкірттеріне ізгілік дәнін еккен ұлағатты ұстаз Қазыкен Рақымжанқызы Әбдірахманова дүние салды. Күздің күні құбылмалы ғой, алдында ғана нөсерлетіп жауын жауған, аспан асты әлі де түнеріп тұр еді. Бірақ ананы арулап қояр күні күн нұры төңірегіне шуағын молынан төгіп, жан-жағымыз жадырап сала берді.

Қазыкен апа 1930 жылы 8 наурызда Сарыкөл ауданы Найзакескен ауылында дүние есігін ашқан еді. Әкесі Рақымжан 1942 жылы қан майданға шақырылып, Сталинград шайқасында мерт болды. Бүлдіршін қыз сол сұрапыл соғыс жүріп жатқан 1943 жылы Меңдіқара педагогика училищесіне түсіп, оны 1946 жылы бітіріп шығады. Содан оның ұстаздық жолы басталып, мыңдаған жеткіншектердің сүйікті ұстазына айналады.

Бұдан дәл алпыс жыл бұрын өзі сияқты ұстаз Омар Баймағамбетовпен отбасын құрып, қашан ақырғы демі таусылғанша шаңырақтың шырайын келтіріп, абыройын асқақтатады. Отағасы кейін сырттай оқып, жоғары педагогикалық білім алып, облыстағы бірнеше мектептің директоры болады. Еңбек жолын әйгілі Қараоба мектебінен бастаған Омекең мұнда Бекет Өтетілеуов, Ахметқазы Чутаев сынды жаңашыл педагогтардан үлгі алады. Кейін Обаған ауданындағы Арыстанкөл жеті жылдық, Қостанай ауданы Жамбыл жеті жылдық, осы аудандағы Силантьев орта мектебінің, Садовый орталау мектебінің директоры болып тұрғанда оған осы ағаларынан алған өнегесінің көп пайдасы тиеді. Бірде ойламаған жерден Силантьев орта мектебіне келген сол кездегі Қазақ КСР Оқу министрі Кенжалы Айманов Омар Баймағамбетовтың іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетіне ерекше риза болып, алғысын білдіреді. Министрдің тікелей өзінің араласуымен сол 1976 жылы директорға «КСРО оқу ісінің үздігі» құрметті атағы беріледі.

Омекеңнің сол кездегі шәкірттері А.В.Куц пен Н.В.Стешин кезінде жоғары лауазымды қызметтер атқарды, кеңшар директорынан аудан басшылығына дейін өсті. Ал тағы бір шәкірті Владимир Шкреба ғылым жолына түсіп, физика-математика ғылымының директоры болды.

Қазыкен апа болса еріне қамқорлық жасап, оның алаңсыз қызмет жасауына бар жағдайды туғызды, Омекеңнің бүкіл шәкірттері де аяулы жанды өз ұстаздары санады. Өйткені Омар аға қай мектепте қызмет жасаса да Қазыкен апай да сол білім ұясында еңбек етті. Өте балажан, ешқашан дауыс көтермейтін, сабырлы да салмақты апайларына оқушылар жан теңгермейтін.

Омекең де, Қазыкен апа да өздеріне ұстаз бола білген Бекет Өтетілеуовты, Ахметқазы Чутаевты ерекше сыйлап, құрметтеді. Бүгіндер Қараобадағы мектеп Өтетілеуов есімімен, Боровскойдағы бір мектеп Чутаев есімімен аталса, бұл істе осы ерлі-зайыпты педагогтардың терең ізденістері, қоғамдық пікір туғызып, ұйтқы болуы сияқты қайраткерлік еңбегі жатыр.

– Алпыс жыл отасқан, өмірлік нағыз серігім болған, қайталанбас Қазыкен еді ғой ол, – деп еске алады асыл жарын ұстаз аға. – Біз бақытты да думанды дәурен кештік, өмірге өкпеміз жоқ. Жасым сексен үшке келгенде өркен жайған ұрпағымның ортасында бейқуат күн кешіп жатырмын. Тәубе деймін...


жүктеу 4,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау