Көксу ауылдық округінің әкімі Е.А Сатымбаевтың 2014 жылға арналған жылдық ЕСЕБІ
Көксу ауылдық округі әкімшілігінің экспликация бойынша жер көлемі- 23939,0 га.
Ауыл округі Кербұлақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Округ аумағында 4 елді мекен бар, олар;
Көксу, Қосағаш, Көктал, Беріктас
Жалпы халық саны – 1қаңтар 2014 жылға 2174 адам, 519 аула оның ішінде, ал
1 шілдеге 2014 жылға 2201 адам ,519 аула .
Елді
мекен
|
2014 жылдың 1 қаңтарына
|
2014 жылдың 1 шілдесіне
|
Адам саны
|
Аула саны
|
Мал ұстамайды
|
Адам саны
|
Аула саны
|
Мал ұстамайды
|
Көксу
|
963 адам
|
253
|
42 аула
|
1001 адам
|
253
|
23 аула
|
Көктал
|
282 адам
|
57
|
16 аула
|
252 адам
|
57
|
5 аула
|
Қосағаш
|
471 адам
|
100
|
24 аула
|
507 адам
|
100
|
14 аула
|
Беріктас
|
458 адам
|
109
|
7 аула
|
441 адам
|
109
|
7 аула
|
Барлығы:
|
2174 адам
|
519 аула
|
89 аула
|
2201 адам
|
519 аула
|
49аула
|
Округ аумағында ұлттық құрамы төмендегідей:
Қазақтар – 2107 адам яғни 86,4%
Орыстар – 72 адам яғни 13,5 %
Басқа ұлт өкілдері –22 адам, яғни 1%
Зейнеткерлер саны –180
16 жасқа дейінгі мүгедектер – 10 адам
1 –2 –3 – топтардағы мүгедектер –37 адам
1 –топ 1 адам Карпенко Ирина
2- топ 14 адам
3- топ 22 адам
Асыраушысынан айырылғандар –27 адам
Көп балалы отбасылар саны – 422
Әлеуметтік сала бойынша
Көп балалы 18 жасқа дейінгі балаларға көмек алатындар саны –20 жанұя, 73 бала, тұрғын үй жәрдемақысын – 16 отбасы алды, үйден оқуға берілетін жәрдемақы 2балаға
берілген.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, көктемгі кеңейтілген егіс жұмыстарын өткізу үшін 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Ол ашылған жұмыс орындарына ауыл тұрғындары тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа жұмысқа тартылғандар 5 адам. Кәсіби оқуға жол картасымен оқуға 5 адам жіберілді.
Қосағаш, Көктал ауылынан аз қамтылған отбасынын 10 адам «Зарина», «Абықан» ЖШҚ жұмысқа орналасты.Талдықорған орман шаруашылығына, 2 адам Рудник кен байыту комбинатына 8 адам жұмысқа орналасты .
Мал соятын орын салынды: Мал союға арналған алаңның жұмыстары толығымен аяқталып, су , электр жүйелері жүргізілген , пайдалануға берілу үшін құжаттары заңдастырылып жатыр.
Мал өлексесін тастайтын арнайы ұра , салу жұмыстары толығымен аяқталды,
құжаттары реттелді.
Малдәрігерлік пункт пен полиция пунктін салу үшін жер телімі анықталып, бекітілген.Көктемде құрлыс жұмыстары басталады.
Жалғысбасты қарттар мен тыл ардагерлері , округ көлемінде 24 жалғызбасты қарттар мен әлеуметтік көмек қажет ететін тыл ардагерлері бар .Оларға 1 әлеуметтік қызметкер бөлінген, қажетті заттарын, дәрі –дәрмектерін жеткізіп, үй шаруасына көмек көрсетеді.
Мүгедек балалармен жұмыс – округ бойынша мүгедек 4 бала бар. Олармен жұмыс істеуге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 1 адам бөлінген. Мүгедек балалардың уақытымен дәрігерлік тексеруден өтулеріне, құжат жинақтауларына көмек көрсетеді .Үйден сабақ 2 бала алады . Утебаева Альбина , Жолдыбай Әсет.
Батыр аналар : Барлығы Көксу ауыл округінде Батыр ана саны 52 . Алтын алқа иегерлері 28 адам , Күміс алқа иегерлері 24 адам , 2014 жылы 1 адам Саут Назигул Күміс алқаға ұсыныс берілді . Ауған Соғысында қаза болған жауынгердің Н. Сатымбаевтың жанұясы тұрады .
Жастар саясаты:
2014 жылдың қаңтар айынан бастап жастармен жұмысқа 1 қызмет орны , спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушыға 1 қызмет орны ашылған .Жастар жөніндегі әдіскер –нұсқаушы болып Бақтиярова Алия Маратқызы жұмысқа қабылданды . Ол Көксу ауыл округіне қарасты ауыл жастарын ұйымдастырып, жастар ұйымын құрып, аудан көлемінде өткізілген көптеген іс- шараларға 1 жыл бойы қатысты. Аудан рейтеингі бойынша 2 орында Көксу жастары.
Спорт саласында да көптеген игілікті істер атқарылып жатыр .Қапшағай қаласында өткен
жастар аралық болейбол сайысынан Көксу жастары жүлделі орынға ие болды.
Жастар саны 615 адам , бала тәрбиесінде отырған жастар саны-40 , мүгедек 5 адам, 149 адам қалада және ЖШҚ жұмыс істейді.Жастар ұйымында 25 мүше бар.
Білім саласы.
Ауыл округінде 3 орта, 1 жалпы негізгі мектебі жұмыс істейді.
Көксу орта мектебі - 164 оқушы бар, мүғалімдер 32 адам, техперсонал – 21 адам
Беріктас орта мектебі –86 оқушы бар, мүғалімдер 23 адам, техперсонал – 11 адам
Қосағаш орта мектебі – 104 оқушы бар, мүғалімдер 23 адам, техперсонал – 11 адам
Көктал негізгі мектебі – 40 оқушы бар, мүғалімдер 19 адам, техперсонал – 8 адам Барлығы округ бойынша – 394 оқушы бар, 97 мұғалім, 51 кіші қызметкер округ бойынша жұмыс жасайды.
Ауылдық округіне қарасты Көксу, Беріктас, Қосағаш орта мектептерінен ҰБТ-ке барлығы 16 оқушы қатысты. Көксу орта мектебінен 6 оқушы қатысып 81 пайыз,Қосағаш орта мектебінен 4 оқушы қатысып, Беріктас орта мектебінен 6 оқушы қатысып 75 % құрады. Округке қарасты 4 мектеп Интернетке қосылған. Ауыл округі бойынша көшіп келіп қоныстанған оралмандардың оқушы балаларымен қазақ әріптерін оқыту жөнінде қосымша сабақтар өтеді.
Қосағаш, Беріктас, Көксу орта мектептерінде 25 орындық шағын орталығы бар. Мектептерде 54 бала ыстық тамақпен қамтылған.Ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізілу үстінде.
2014-2015 оқу жылына Көксу мектебі: 1 сыныпқа 25 бала барды, 11 сыныпқа 10 бала.Бәсірелік көмек : ЖШҚ «Абыхан» - 3 баланы, ЖШҚ «Зарина» - 5 баланы киіндірді,ауылдық әкім аппараты, мектеп мұғалімдері жағдайы төмен отбасыларына мектеп құрал жабдықтарына 30000 теңге көлемінде көмек көрсетті.Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 миллион теңге бөлінді.
2014-2015 оқу жылына Қосағаш мектебі: 1 сыныпқа 12 бала барды, 11 сыныпқа 5 бала.Бәсірелік көмек : ЖШҚ «Ерасыл», ЖШҚ «Бекболат», ЖШҚ «Абай» жол картасы бойынша 4 баланы киіндірді, мектеп мұғалімдері жағдайы төмен отбасыларына мектеп құрал жабдықтарына 20000 теңге көлемінде көмек көрсетті.Ағымды жөндеу жұмыстарына 80000 теңге бөлініп, игерілді.Оның сыртыңда 1 миллион 500 мың теңге бөлінді.
2014-2015 оқу жылына Көктал мектебі: 1 сыныпқа 6 бала барды.Бәсірелік көмек : ЖШҚ «Ноян», ЖШҚ «Талғат» жол картасы боынша 4 баланы киіндіреді, мектеп мұғалімдері жағдайы төмен отбасыларына мектеп құрал жабдықтарына 20000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Жөндеу жұмыстарына 15000 теңге жұмсалынды.
2014 -2015 оқу жылы Беріктас мектебі: 1 сыныпқа 5 бала барды.11 сыныпқа 7 бала.
Бәсірелік көмек : ЖШҚ «Мыңбаев», ЖШҚ « Азиза», ЖШҚ « Медет» ,ЖШҚ «Мұхтар»
Мектепке жол картасы бойынша 4 баланы киіндірді.Мектеп мұғалімдері жағдайы төмен отбасыларына мектеп құрал жабдықтарына 20000 теңге көлемінде көмек көрсетті. ағымды жөндеу жұмыстарна 55368 теңге бөлінді Мектеп спорт залының еденің жөндеуге 2600 мың теңге берілді..
Мектептерде 54 бала ыстық тамақпен қамтылады, 12 бала жазғы демалысқа жіберілді. Ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізіуде.
Көксу орта мектебішағын-орталыққа аудандық білім бөлімінен 200 000 теңге бөлінді, оған әк,сыр,сырлағыш, уайтспирит алынды.Әрбір кабинет меңгерушісі және ата-аналар көмегімен ағарту, сырлау жұмыстары жасалды. Облыстық департаменттік фондтан 3,5 млн теңгеге қаражат бөлініп өрт сөндіру кезінде ескерту кетігі орнатылды.
Беріктас орта мектебінің құрылыс жұмыстарына білім бөлімінен 80 000 теңге бөлінді.
Мектептерде ағымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Өкінішке орай Қосағаш мектебі бүгінгі таңда апатты жағдайда.
Денсаулық сақтау саласы.
1 жоғары білімді дәрігер, 9арнаулы білімі бар медбикелер, 4 кіші персонал жұмыс істейді.
Ауыл емханасында күндізгі емделуге арналған 3 төсектік палатасы бар. Ауыл емханасына 2005-жылы арнаулы автокөлік берілген, бүгінгі күнге емхана қызметкерлері барлық жасалынатын вакцинацияларды елді мекендерге барып жасап қайтады. Амбулаторияда дәріхана жұмыс істейді , керекті дәрілер Сарыөзектің «Айна» дәріханасынан алынады. Амбулатория 1967 жылы салынған ,2000 жылы күрделі жөндеуден өткен.
Балалар саны 670
Жасөспірім балалар саны- 105.
Күндізгі стационарда 21 адам емделіп шықты.
Бруцелезбен 4 адам.
Туберкулезбен 0
Жүктілікпен есепте 23 әйел тұрады. Жатыр ісігінің алдын алу және сүт бездерінің катерлі
ісікке шалдықпауын жыл бойы жоспарлы тексеріліп отырады.
Мекеме мен өндіріс орындары бойынша:
Ауыл округі бойынша өндіріс орындары жоқ, ауыл округінде орналасқан мекемелер:
Әкімшілік, 3 орта, 1 жалпы негізгі мектеп және дәрігерлік емхана , 3 фельдшерлік пункті , пошта бөлімшесі , Талдықорған орман шаруашылығы мекемесінің бөлімшесі бар.
Әкімшілікте - әкімшілік қызметшілері , учаскелік полиция инспекторы- 1 адам, кіші тех . қызметкерлер- 3 адам, барлығы 13 адам .
Пошта бөлімшесі- 2 адам , ғимараты жоқ, салынуға тиіс , жер телімі бөлініп берілген .
Көксу орта мектебі директор – Жунисбаева Г.О.- ұжымда 53 адам
Қосағаш орта мектебі директоры – Сейтқожаев Қ.К.-ұжымда 34 адам
Беріктас орта мектебі директоры –Дуанаев Ж.Н. ұжымда 34 адам
Көктал негізгі мектебі директоры - Дауренбеков М.А. ұжымда 27 адам
Дәрігерлік амбулатория меңгерушісі – Вишнякова В.Н. ұжымда 10 адам
Қосағаш ФП – фельдшер Аденова Ф.И.
Көкстал ФП – фельдшер Есенбаева Б.Д.
Беріктас ФП – фельдшер Амирова Б.А.
Орман шаруашылығы – бас орманшы Утельбаев М.- Көксу ауылынан 16 адам жұмыс істейді.
Салық саласы
Мүлік салығы- 38,900 теңге жоспарлаңған- орындаулы- 100%
Жер салығы- 128,700 теңге жоспарлаңған- орындаулы- 100%
Көлік салығы- 400,000 теңге жоспарланған- орындаулы- 137% ,яғни 550,000 теңге.
Қоғамдық қолданыс жер учаскілерінен түскен салық- 600,000 теңге жоспарлаңған- орындаулы 100%
Кәсіпкерлік және жеке бизнес
10 сауда орнында 10 адам жұмыс істейді. Көксу ауылына қарасты ауылдарда, әр аулада жеке салынған 510 монша бар. Аудандық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласынан 5 адам кәсіпкіт оқуға жіберілді.
2014 жылы Көксу ауылынан шағын кірпіш құю зауыты іске қосылды , иесі Забыхан
Нафухан зауыттың керек құжаттарын реттеп, заңдастырды. Көксу ауылының тұрғыны Чуженов Болат кіші сут өнімін жинау зауытын ашу үшін құжаттарын реттеу үстінде, қазіргі кезде Көксу ауылында 2 сүт өнімін жинап, суытатын қондырғы тұр.
Ауыл шаруашылығы
2014 жылға аудандық жер комитеті жер бекіткен жер пайдалану экспликациясы бойынша жалпы жер көлемі 23939 га, оның ішінде ШҚ жері 15 469 га, елді мекендер жері 8470 га.
Жалпы егістік жер көлемі 2014 жылы 6704 га , оның ішінде парға 173 га жер жыртылды. 5536 га жерге дәнді дақылдар салынып гектарына 17, 1 ц. Га , барлығы 9467 тонна өнім алу жоспарланған.
Төмендегідей ауылшаруашылық дақылдары себілді :
2014 жыл. 2015 жыл
Күздік бидай - 113 га 121 га
Жаздық бидай - 280 га 329 га
Арпа 5174 га 5074 га
Сұлы 24 га 20 га
Картоп 289 га 291 га
Көкөніс 30 га 30 га салынды.
Көпжылдық шөптер 937 га 939 га жерге себілді
ЖШҚ барлығы : 118 жеке шаруа қожалығы бар, оның ішінде егін егетіндер 104,
Ауылшаруашылығы дәнді-дақылдарының жалпы түсімі 10657 тонна ,орташа 1 гектардан алған өнім 19,3 ц/га. Картоптың орташа өнімі 206 ц/га құрағанда ,барлық түсімі 5819 тонна болды. Көпжылдық шөп 1406 тонна дайындалды. Жалпы қысқа 8000 тонна шөп 1500 тонна сабан дайндалған.
Көксу ауылдық округ бойынша 121 гектар жерге күздік бидай себілді.
Екі ірі жеке шаруа қожалық «Зарина» және «Абыхан» тұқымды жылда келісім шарт бойынша Текелі сыра зауытынан алады. Қалған 25 шаруа қожалықтар өздерінің тұқымдарын тұқымын сараптама лабораторясына өткізген. «Абыхан» биоотын зауыты ашылып жұмысқа 10 адам алынды, олардын жала ақысы 40 000 колемінде тұрады.
Көксу ауылдық округі бойынша 2014 жыл басындағы мал басы саны:
2014 01.01. 2015 01.01.
Мүйізді ірі қара 2513 2935 бас
Сиырлар 950 бас 1130 бас
Қой –ешкі 6484 бас 6209 бас
Аналықтар 3906 бас 3571 бас
Жылқылар 863 бас 932 бас
Аналықтар 322 бас 342 бас
Шошқалар 155 бас 143 бас
Құстар 3824 бас 5000 бас
Аралар 372 ұя 272 ұя
Асылдандыру жұмыстары: 2014 жылы 450 бас ірі қараны қолдан ұрықтандыруға жоспарланған, бүгінгі күні орындалғаны 300 бас қолдан ұрықтандырылды. Екі қолдан ұрықтандырушы жұмыс істейді . Байгисенов Алик, Тельва Виктор.
Инвестициялар
2014 жылы «Ноян» шаруа қожалығы 2 трактор Беларус лизинг бойынша 7млн.929 мың теңгеге сатып алды. «Зарина» шаруа қожалығы 2 КАМАЗ автокөлігін 31млн.226 мың тенгеге сатып алды және 700 мыңға бескорпустық соқа, 7 млн.500 мыңға модульдық сепкіш комплексін келісім шарт бойынша алды.Барлық алынған техника 47 млн.355 тенгені құрады. КАМАЗ автокөлігін және трактор «Беларусь» барлығы: 14 мил 424 мың теңгеге «Бизнес жол қартасы - 2020» бағдарламасы бойынша алынды.
Көксу орта мектебі- шағын орталығында био топливомен жұмыс жасайтын су жылту котелы орналыстыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Көксу – Көктал өзенінің жағалауында ГЭС салынуға жоспарланды, құжаттарының дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2014 жыл бойынша жалпы инвестиция көлемі 61 млн 454 мын тенге болды.
Инфрақұрылым
Қоғалы – Талдықорған бағытындағы күрең жолға 2013 жылы жол жөндеу жұмыстарынан кейін 4 аялдама салынған . Көксу ауылның ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстарына және түнгі жарық беру лампаларына сұраныс жасалған . Әлі қаржы бөлінген жоқ.
Көксу ауылына және Қосағаш ауылының Қоғалы Талдықорған жолдарының бойына 2013 жылы жаңадан аялдамалар салынған . Көксу ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстарына және түнгі жарық лампаларын орнатуға сұраныс берілген. Әлі қаржы бөлінген жоқ.
Байланыс және көлік саласы
Ауыл округі аудан орталығынан 130 шақырым, облыс орталығынан 76 шақырым жерде орналасқан. Талдықорған –Қоғалы, Рудник –Алматы бағыттарында шағын автобус қатынайды. Беріктас ауылы мен Ескельді аудандық шекара аралығындағы жол жасау жұмыстары толығымен аяқталған. Ауыл тұрғындары электр жарығы, телефонмен және газбен қамтамасыз етілген. Ауыл округі бойынша Актив, Билаин байланыс жүйелері іске қосылған .Казтелерадио мекемесі Қосағаш ауылына 30 телеканал көрсететін құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келешекте ауыл округінде 30 телеканал тегін көрсетілетін болады.
Мәдениет және тілдерді дамыту саласы
Ауыл округіндегі көрнекі құралдар, мекемелер, дүкендер, жеке қожалықтарға тиеселі орындардың маңдайша жазулары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы талабына сай мемлекеттік тілде жазылған. Билбордтар саны 2.
Көш-қон, демография : Ауыл округіне Қытай Халық Республикасынан көшіп келіп қоныс тепкен оралмандар 84 отбасы, 372 адам.
2014-жылы ішінде туған балалар саны 21
Қайтыс болған адамдар саны 6.
Қоғамдық тәртіп: Ауыл округінде учаскелік полиция бөлімшесі бар, онда
1 полиция қызметкері жұмыс істейді. Полиция инспекторы А.Қ.Беисов- полиция инспекторы-аға лейтенант жұмыс жасауда. 2014 жылдын басынан 20 қылмыс тіркелген 10 – ашылды, 9 – тексеру үстінде , 1 тоқтатылды. Ашылған 10 қылмыс – үй тонау, алаяқтық. Ашылмай тұрған
9 қылмыс – мал ұрлау, мотоцикл урлау. Ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесіні мүшелерінің қатысуымен отбасының шырқын бұзып, ішімдікке салынған азаматтардың тәртібін қарауға ат салысып отырады.
Іс қағаздар жүргізу
2014 жылы өкім саны – 31, шешім – 8, арыз-шағым – 3, анықтамалар – 188, оның ішінде: отбасының құрамы және тұрғылықты жері туралы – 107, мал апару туралы – 81. Барлық іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Санитарлық тазарту жұмыстары
Ауыл округінің көктемгі санитарлық тазарту, көгалдандыру жұмыстарының іске асыратын штаб құрамы тағайындалып, бекітілген. Санитарлық тазарту жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылды. Көксу ауылына жаздық арықпен келетін жүйе ауыл тұрғындардың күшімен, ЖШҚ-ның көмегімен, дамба қойылып, арықтардың жағалаулары көтерілді. Ауыл тұрғындары 500 ге тарта жеміс және жай тал көшеттерін отырғызды. Көксу ауылында орналасқан Талдықорған орман шаруашылығының жұмысшылыры Көксу тау бөктерлеріне 55 000 шырша көшетін отырғызды. Ауыл ішінде, ауыл сыртындағы негізгі, көше бойларындағы арықтар тазартылып, аула, мекемелерден шыққан күл-қоқыстар арнайы орындарға төгілді.
Көше бойында, аулаларда өсіп тұрған ағаштар, ғимараттар, мекеме сыртттары, аркалар, бағаналар жаңартылды, маңдайша жазулар толығымен сырланып ағартылды. Көксу ауылында қоқыс төгетін жер заңдастырылып, орны анықталды. Нұсқаушы тақтайша ілінген.
Ауылдық округ әкімі Е.Сатымбаев
Достарыңызбен бөлісу: |