Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет8/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   219

17

сельском  хозяйстве, когда  машины, практически  без  участия  человека, управляют  полным

технологическим  циклом: от  посевной  до  поставок  продукции  на  прилавки. Достижение

такого  уровня  автоматизации  потребует  больше  2-3  лет.  Но  только  изменения в  парадигме

индустриальной  революции  4.0  позволят  Казахстану,  IX  по  размеру  стране  в  мире  с

невысокой  плотностью  населения, эффективно  противостоять  РФ  и  Китаю  и  являться

эффективным поставщиком продуктов питания для этих стран.

Реиндустриализация  промышленности  предъявляет  новые  требования  к  качеству

трудовых  ресурсов. Уже  сейчас  компании, переходящие  на  новый  этап  технологического

оснащения, испытывают  трудности  с  подбором  подходящего персонала. В  дальнейшем  эта

тенденция будет только увеличиваться. Высокотехнологичные производства требуют высоко

квалифицированных  кадров, владеющих  современными  технологиями  работы  с  большими

данными, нейронными  сетями, сложными  беспроводными  системами. Миссия

GlobalInnovationLabsLLC (innovationlabs.net) – внедрение  самых  передовых  методик

обучения работе с большими данными в образовательных и производственных организациях.

Специалисты, прошедшие  обучение  по  программамGlobalInnovationLabs, не  только

получают  практические  навыки  решения  сложных  задач, но  и  набор  математических

инструментов для решения новых проблем.



Литература:

1. «Общенациональный  телемост «Новая  индустриализация  Казахстана. Результаты 2015»,

http://news.caravan.kz/news/nazarbaev-novye-proekty-industrializacii--ehkonomicheskie-trendy-

kazakhstana-newsID429750.html

2. «Сто  конкретных  шагов  Президента  Н. Назарбаева» https://www.zakon.kz/4713070-sto-

konkretnykh-shagov-prezidnta.html

3. Precision agriculturehttp://www.research.ibm.com/articles/precision_agriculture.shtml

4.

Текст 



программы «100 роботизированных 

ферм»


http://www.admoblkaluga.ru/sub/selhoz/folder5/100_robot_ferm/

АДАМ КАПИТАЛЫ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН КАДРЛАРМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МƏСЕЛЕСІ

Байжолова Р.Ə.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Астана, Қазақстан Республикасы

E-mail: baizholova_ra@enu.kz

Адам  ресурстарына  салынатын  инвестиция – бұл  жұмыскерлердің  еңбек  өнімділігін

арттыруға, экономикалық  хал-алқуатының  жақсаруына  ықпалын  тигізетін  шығындар. Бұл

шығындар  соңынан  өскен  табыс  ағымымен  болашақта  орны  толтырылатын  шығындар

болып табылады.

Адам  дамуға  қабілетті  ресурс  болып  табылады. Адам  дамуына  қатысты  негізгі  ой-

пікірлер жаңадан қалыптасқан жоқ, олар бұрынғы қалыптасқан пікірлерге жаңа көзқараспен

қарау болып табылады.

Адам  капиталы  анықтамасына  қатысты  пікірлерді  зерттеуді  экономикалық  ой

тарихында  көптеген  ғалымдар  жүргізді. «Адам  капиталы» категориясының  ғылыми

анықтамасы  біртіндеп  қалыптасты  жəне  де  бірінші  кезеңде  адамның  белгілі  білім  деңгейі

мен еңбекке қабілеттілігін бағалаумен шектелді.

Жалпы  алғанда  адам  капиталы  теориясы  институционалдық, неоклассикалық

теориялар, сондай-ақ  неокейнсшілдіктің  жетістіктеріне  негізделеді. Оның  кеңінен  тарауы

адам  капиталы  рөлі  мен  оның  зияткерлік  қызметінің  жинақталған  нəтижелерін  терең

түсінудің қажеттілігімен түсіндіріледі [1, 15, 16 б.б.].



18

Ұзақ  уақыт  бойы  экономикалық  ой  материалдық  қорлану  саласында  жүріп  жатқан

үдерістердің  ықпалында  болып, капиталдың  қорлануы  мен  материалдық-заттық

факторларды  прогрестің  анықтаушы  факторы  ретінде  қарастырды. Адам  даму  мақсатынан

өндіріс құралына айналды. Дегенмен, материалдық байлықтың өсу көздерін осы факторлық

талдаудың  өзі  адамның  экономикадағы  рөліне  жаңа  тұрғыдан, атап  айтқанда, оған

экономикалық  өсудің  басты  факторы  ретінде  қарауға  түрткі  болды. Мұндай  түсінікке  жол

ашқан  Т. Шульцтің «адамдық  капитал  теориясы» болды. Ол  еңбек  өнімі  өсуінің  жеке

факторы  адамның  еңбекке  қабілеті  екендігін  жəне «Білім  арқылы  капиталды  қорландыру»

мен «Адам  капиталын  инвестициялау» адам  ресурсының  осы  қабілетін  дамыту  болып

табылатындығына  назар  аударды. Шульцтің  осы  идеясының  негізінде «адам  капиталы»

тұжырымдамасы  құрылды. Адам  капиталын  экономикалық  өсудің  факторы  ретінде  бөліп

көрсету  білімнің, ғылымның, денсаулық  сақтаудың  экономикалық  рөлін  жаңа  тұрғыдан

бағалай білуге, оны дұрыс анықтауға жол ашты. Америка ғалымы Г. Беккер адам капиталын

инвестициялауға жалпы жəне кəсіби білімге шығынды ғана емес, сонымен қатар денсаулық

сақтауға, ақпарат  іздеуге, жұмыс  орнын  ауыстыруға, балаларды  тəрбиелеу  жəне  адамның

өндіргіш күшінің өсуіне əсер ететін басқа салымдар шығындарын қосты [2, 30-33 б.б.].

Адам  капиталы  теориясы  негізінде  халықаралық  экономикалық  ынтымақтастық

саласында «Адам ресурстарының дамуына ықпал ету» деген атпен дербес бағыт қалыптасты.

Бұл  адам  капиталын  максимизациялау  мен  оны  экономикалық  жəне  əлеуметтік  даму

мақсаттарында  тиімді  пайдалану  дегенді  білдірді. Осыған  қатысты «адам  ресурстарын

дамытуға» кіретін  мəселелер  шеңбері  едəуір  кеңейтілді. Бұған  демографиялық  мəселелер,

жұмыспен қамтылу сұрақтары, денсаулық сақтау, тамақтану, урбанизация, тұрғын үй, білім,

кадрларды дайындау т.с.с. жатады [3, 8 б.].

Мемлекеттің  Басшысы  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында: «Іс  жүзінде  əлемдік

шаруашылық жүйесіне  бірігуде белсенділік танытқан  қазіргі барлық жетістікті мемлекеттер

«ақылды  экономикаға»  сенім  қойды.  Ал  оны  құру  үшін,  ең  алдымен,  өзіміздің    адам

капиталымызды дамыту қажет» - дегентін [4].

Шығармашылықты, іскерлік  жəне  еңбекте  белсенді  ресурс  ретіндегі  адам  капиталы

қайта  жаңаратын  актив  болып  табылады  жəне  оны  іске  асыру  мемлекеттің, отбасының,

əлеуметтік  институттардың  адамның  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үдерісін, осыған

қажетті жағдай мен орта жасай отырып, қалай қолдайтындығына байланысты.

Адам  капиталының  активтерінің  бірі  денсаулық  қоры  болып  табылады. Адамның

денсаулығы  жақсы  болған  сайын, оның  белсенді  қызметі  де  ұзағырақ  жəне  жұмыс  істеу

қабілеті мен еңбек  өнімділігі де жоғарырақ болатындығы, адам  капиталының  барлық басқа

активтерінің де тиімдірек пайдаланылатындығы анық. Олай болса, адамның өзі үшін де, ол

қызмет  атқаратын  фирма  үшін  де, сондай-ақ  тұтас  алғандағы  ұлттық  экономика  үшін  де

қайтарымдылық  жоғары  болады. Басқаша  айтқанда, денсаулық  капиталымен  өндірілетін

қызметтер ағымы «аурудан тысқары уақытпен» теңеседі, ол адамның өндірістік жəне тұтыну

қызметінде қолданатын маңызды ресурс болып табылады.

Қазіргі  уақытта  адам  капиталы  экономиканы  инновациялық  дамытудың  жетекші

факторына  айналды. Қосылған  құнды  құру  үдерісінде  еңбек  ресурстарының  ролінің

өзгеруімен  бірге  экономиканың  еңбек  ресурстарын  дамытуға  салынатын  инвестицияның

маңыздылығы  да  қайта  қаралуда. Тұрғындардың  денсаулығы  көбіне  адам  капиталының

құрылу, даму жəне жүзеге асырылуының мүмкіндіктерін анықтайды.

Адам  дамуына  қатысты  мəселелер  қатарына  денсаулық  сақтау  саласын  қажетті

кадрлармен  қамтамасыз  ету  сұрағы  жатады. Деректерге  сəйкес, 2035 жылғы  қарай  əлемде

денсаулық сақтау саласы бойынша 12,9 миллион қызметкер жетпейтін  болады. Бүгінгі күні

мұндай  жетіспеушілік 7,2 миллион  адамды  құрайды. Бұл  цифрлар  дереу  шара  қолданудың

қажеттілігін  көрсетеді. Дəл  қазіргі  күні, белгілі  іс-шара  əрекеттері  жүргізілмеген  жағдайда,

əлемдегі аймақтар бойынша миллиардтаған адамның денсаулығына қатты нұқсан келетіндігі

хақ.



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау