112
ӘОЖ 811.512.122
ҚАНАШЕВА С.С., ЕРДЕМБЕКОВ Б.А.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ӘДЕБИ АУДАРМАТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аударма жұмысы қазiр бiздiң өмiрiмiзден үлкен орын алады. Әлемде әр алуан тiл, әр
алуан ел өмiр сүрiп отырған жағдайда аударма мәселесiнiң күнделiктi қажетке айналуы
заңды. Аударманы көне, сонымен қатар жаңа ғылым деп есептеуге болады. Аударма пайда
болған кезде әрине, сөзбе-сөз аударманың басым болғандығы рас. Кейіннен аударманың
түрлері көбейді. Сөзбе-сөз, жолма-жол, еркін, балама аудармалар пайда болды. Аударма
ғылымы біртіндеп өркендей бастады. Ал нағыз аударма дегенiмiз түпнұсқаның стилiн, тiлдiк
ерекшелiгін сақтай отырып, оның көркемдiк-идеялық қасиетiн толық жеткiзу, әрi қазақша
түсінікті етiп шығару. Осы екеуi ұштасқанда ғана аударма көркем болады. Аударма
мәселелерi, соның iшiнде көркем аударманың проблематикасы тамырын тереңге жайып
жатыр. Оның бастауы Ежелгi Римнен басталады. Сол дәуiрде аударманың түпнұсқаға
адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңiрегiнде Цицерон «аудару кезiнде сөздi санамау
керек, керiсiнше сөздi салмақтау керек» деген екен. Қазақ әдебиетінде аударматану туралы
сын пікірді біз С.Сейфуллиннің еңбектерінен кездестіре аламыз. Аударманың түрлері
туралы да біраз ғалымдар мен сыншылар жазған болатын. Қазіргі кезде аударманың барлық
түрі қолданылады. Әдеби кітаптарды, ғылыми-техникалық әдебиеттерді, жарнамаларды
аударуда аударманың кез келген түрін қолдануға болады. Қазіргі таңда синхронды
аударманың көп қолданылып жүргендігін байқауымызға болады. Қай кезеңде болмасын,
балама аударманы шынайы талантты аудармашылар ғана қолдана алады.
Қазақ тілтанымында аударманы лингвистика ғылымының аспектісінде зерделеу ісі
қазақ тілін теориялық тұрғыдан танып-білудің негізін салған белгілі ғалым Құдайберген
Жұбановтың еңбектерінен басталады. Ол өзге тілден қазақ тілін тәржімалау ісіндегі
синтаксистік
құрылымдардың
қандай
ерекшеліктері
болатындығын,
стильдік
айырмашылықтарды талдады [1, 531 б.]. Өткен ғасырдың орта тұсында атақты тұлға Мұхтар
Әуезовтің пікірлері осы саладағы басты мәселелерді айқындап берді. Жазушы тәржіма ісі
саласындағы нақты міндеттерді шешу үшін аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай
берілуі керек, синонимдер, идиома, мақал-мәтел, афоризмдер қалай аударылған, аудармашы
өз тарапынан қандай-қандай жаңа сөз туындыларын қосты, жаңадан қандай сөз
байланыстарын жасады, төл сөздердің мағыналарын қаншалықты тереңдетіп, жаңартты, -
міне, осы аталғандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға тілтанымдық тұрғыдан келудің
маңыздылығына баса назар аудартты [2, 7 б.].
Содан бергі кезеңдерде, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде аударманың нысаны да,
ауқымы да ұлғайды. Алдыңғы тұстарда орыс тілінен қазақ тіліне көркем әдебиетті
тәржімалау ісі белсенді жүргізілсе, кейінгі жылдары мәдениетаралық коммуникация өрісінің
кеңеюіне байланысты дүниежүзілік ақпараттар алмасуды барынша сапалы деңгейге көтеру
мүддесінде еуропалық тілдерден, шығыс тілдерінен қазақ тіліне тікелей тәржімалау процесі
қанат жая бастады. Ақпараттық-анықтамалық база құру үшін публицистикалық, қоғамдық-
саяси мазмұндағы материалдар, нормативтік құжаттар аударма арқылы жасалуда. Қазақстан
Республикасының
алыс
және
жақын
шетелдермен
қазіргі
әлеуметтік-мәдени
байланыстарының жаңаша, қарқынды арнада дамып отырғандығына қарай маман-
аудармашылар даярлау ісіне де баса көңіл бөлінуде. Ал болашақ мамандар, сондай-ақ
тәржіма ісінде өз шығармашылығын байқап көріп, дамытып жүргендер үшін М.Әуезов
айтқандай, «аударманың бірбеткей көлеңке жақтарын… байқастыру» жеткіліксіз;
аудармашының кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде қалыптасуында түпнұсқа тіл мен
аударылатын тілдің типологиялық-құрылымдық ерекшеліктерін, мазмұны мен құрылымы
дайын түпнұсқа мәтінді тәржімалау процесінде қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық
әлеуетінің қандайлық дәрежеде қозғалысқа түсетіндігін жетік меңгеру қажеттігі туады.
113
Сонымен қатар аудармашы аударудың негізгі ұғымдары мен түсініктерін, аударудың
жолдары мен тәсілдерін білуде де біліктілік танытуы жөн.
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация)
мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы [3, 70 б]. Лингвистикада және аударматануда аударма
бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов,
В.Н.Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т.б.). В.Н.Комиссаровтың пікірінше,
аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі
ретінде қарастыруға болады:
1) шет тілі арқылы түпнұсқаны
тудыратын сөйлеу актісі;
2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;
3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу
шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) [4, 34-35 б.]. П.И.Копаневтің
анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай
да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне
төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі – бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық
бөгеттерді бұзу [3, 144 б.]. Лингвист З.Е.Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма – бұл
барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып,
жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті
тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне
байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін [4, 5 б.]. Аударманы, ұлттық
мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің
бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің
вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен
қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады [5, 85-89 б.]. В.Г.Зусманның, З.Е.Рогановтың
пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет
заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен
айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі
лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-қатынасы әсерлі болу үшін
лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма – бұл лингвоэтникалық
ретрансляция [4, 6-10 б.]. В.С.Виноградов, Г.И.Исина, М.Т.Сабитова, А.В.Федоров екі
аспектіде қарастырылатын «аударма» терминіне өз назарларын аударады: біріншіден, бұл
аудару жұмысының әр түрлі кезеңдерімен байланысты үдеріс және екіншіден, бұл
аудармашының шығармашылық жұмысының нәтижесі – мәтін. Аударманың теоретигі және
практигі Л.К.Латышевтың, сол сияқты В.С.Виноградовтың және А.В.Федоровтың
пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін
үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда
аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық
бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа
сөзбен айтқанда, қажеттілік – аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде
қанағаттандырылады [5, 14-15 б.]. Л.К.Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай
болу керек:
1) аударылған мәтін коммуникативті-функционалды жағынан берілген мәтінге барабар
(эквивалентті)
болу керек;
2) семантикалық құрылымы жағынан берілген мәтінге максималды түрде сәйкес болу
керек (бірінші талапқа қарама-қарсы болмау керек);
3) берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және
мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.
Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл
аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне
айналуы мүмкін [5, 35-36 б.].
Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа
әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден