Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет54/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   187

110 
 
Тибетке  жорықты  өз  бетімен  жасамағаны.  Оған  оны  баласы  Әбд  ар-Рашид  мәжбүр  еткен. 
Өйткені  хан  өмірінің  соңғы  жылдары  ішкілікке  салынып,мемлекет  ісін  босаңсытып, 
беделден айрыла бастайды. Хан сарайындағылардың өкімет билігі күндердің күнінде Әбд ар-
Рашидке  тиеді  деген  болжамына  байланысты  бірте-бірте  жас  ханзада  сый-құрметке  бөлене 
бастайды.  Ақыры  ол  әкесін  Тибетті  шабуға  жібереді.  Сонан  ол  Жаркентке  қайтып  келе 
жатқан, жолда, жоғарыда айтылғандай, кенеттен қайтыс болады.  
Дастанның құрылысы мен оқиғасы, авторлық баяндауларына қарап, Хайдар мырзаның 
мұсылман  шығысы  мен  үнді  әдебиетін  де  жақсы  білгенін,  одан  үйреніп,  тіпті  кей  тұстарда 
еліктегіндігін  де  байқау  қиын  емес.  Ахмет  Зәки  Уәлиди  Хайдар  баба-мыздың  поэзиясына 
жоғары  баға  бере  келіп,  шығарманың  тілі  қарапайым,  баяндауы  анық  та  айкын,  қызық  та 
шебер  екендігіненазар  аударады.  Ақынның  әсіресе  Фирузшаһтың  аңға  шыққан  кезін 
суреттейтін тұстарының ерекше әсерлі екенін айтады.  
Хайдар мырзаның «Жиһан намесін» Берлин кітапханасынан алдырып, жарияласақ, бір 
ғанибет іс болар еді. 
Шығарманың бірінші бөлігін жазғанда Мырза Хайдар Әлиаддин Атамәлек Жовайнидің 
«Тарих-е-жаһангошай»,  Шәрәфеддин  Әли  Иәздидің  «Зафарнама»  еңбектеріне  сүйенген. 
Сондай-ақ  Саһиб  Қыран  Әмір  Темірдің  Мауароннәһрде  дербес  мемлекет  құруын,  оны 
сыртқы жаулардан қорғап, Моғолстан ханы Тоғлық Темір (1360 жылдар), тіпті кейінірек те 
тегі Дулат Әмірлерінен шығып билікті қолға алған Қамареддинге қарсы жорықтары түгелдей 
«Зафарнамадан»  алынған.  Мұндай  жағдайларда  автор  «Зафарнамадан  әңгіме»  деп 
оқырманды  хабардар  етеді.  Жовейнидің  «Тарих-е-жаһангошай»  еңбегінен  алынған  кейбір 
үзінділердің  алдында  да  осындай  ескерту  береді.  Зәһиреддин  Мұхаммед  Бабырдың 
«Бабырнама» еңбегі де Мырза Хайдар үшін дере көз қызметін атқарған. 
Бұлардан  тыс,  Мырза  Хайдар  жастары  жүзге  таяған  қариялардан,  әкесінен,  немере 
ағаларынан,  нағашыларынан  және  басқа  сенімді  замандастарынан  естіген  хикаяларды  да 
мәлімет  ретінде  пайдаланады.  Өз  дәуірінің  сопылық  ағым  өкілдерінің  Рисалелерінен 
(трактат), әдеби шығармаларынан да үзінділер келтіреді. Бірақ, «Тарих-и Рашидидің» екінші 
дәптерін жазуда автор негізінен өзінің естеліктеріне арқа сүйейді.  
«Тарих-и  Рашидиді»  оқығанда,  автордың  өмірлік,  философиялық  көзқарасын,  өз 
дәуірінің  рухани-мәдени  дүниетанымын  да  сезіну,  ұғу  қиын  емес.  Ол    оқып,  еңбектерінде 
пайдаланған алпыстан аса шығармаларды назарға алсақ, тарихшының білім деңгейі өз дәуірі 
үшін жоғары дәрежедегі ғұлама, білімді кісілер қатарында болғанын көрсетеді.  
Мырза  Хайдар  өз  еңбегінде  Моғолстан  хандары  мен  сұлтандарының  билік  үшін 
тынымсыз таласын баяндап берді.  
Мырза  Хайдар  «моғолдар»  деп  атап  кеткен  халықтар  қазіргі  кезде  басқаға  сіңісіп, 
солардың атымен аталып жойылып кеткен, не бірінің арасына бірі сіңіп кеткен. Моғолстан 
және оған тәуелді аумақтар қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың Шыңжаң ауданы 
және  Батыс  Моңғолияның  жерінде  орналасқан»  [1,7-9]  деп  жазған.  Моңғол  және  моғол 
сөздері  туралы  Шоқан  Уәлихановтың  да  «Моғол  Четені:  (Жетені)  моңғолдармен 
шатастыруға  болмайды,  олар  мұсылман  дініндегі  түркі  тілдес  тайпалар»  [2,273]  деп 
нақтылай түскен жазбаларын мойындамаудан басқа амал қалмайды.  
«Тарих-и  Рашидидің»  қолжазба  нұсқалары  Ресей,  Өзбекстан,  Тәжікстан,  Үндістан, 
Пәкістан, Иран, Қытай, Ұлыбритания, Франция елдерінің қолжазба қорларында сақтаулы тұр. 
«Тарих-и Рашиди»  –   тарихи  шығарма, ғылыми  тұрпатта  жазылған  ғұмырнамалық  
баян  екендігі даусыз  әңгіме. Дегенмен,  аталған  еңбектің  жанрлық  ерекшеліктері  туралы   
біраз  ойланып, ізденетін жақтары да жоқ емес. Өйткені, бүгінге дейін қазақ ғалымдарының 
көпшілігі   шығарманың тарихи мән-мағынасына баса назар аударып келеді. Солардың бірі 
әдебиеттанушы  Ш.Елеукенов:  «Қазақстан  тарихына  қатысты  жайларды  солтүстікте 
Қадырғали  Жалаири  баяндап  берсе,  оңтүстікте  тарихымыздың  және  бір  маңызды  беттерін 
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде төгілтіп жазып берді» [4, 
45] деп жазған-ды.  
«Тарих-и  Рашиди»  шығармасының  жанры  туралы  сөз  болғанда  ежелгі  әдебиет 


111 
 
тарихының  маманы  профессор  Н.Келімбетовтың:  “Жанрлық  тұрғыдан  келгенде,  “Тарих-и 
Рашидиді” ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ, тарихи 
тақырыпқа жазылған көркем туынды” [5, 310], – деген пікірлерінің жаны бар. 
Бұл  орайда  Ә.Дербісәлі  бастаған  шығыстанушылар  да  осындай  пікірде.  Ал  қазақ 
әдебиетіндегі шежірелік шығармалардың тарихилығы және жанрлық, стильдік ерекшеліктері 
жөнінен  диссертация  қорғаған  А.Оразбаева:  «М.Х.Дулатидың  «Тарих-и  Рашидиі»  –  қазақ 
әдебиетінің  әуезе  текті  жанрлары  (шежіре,  заманхат,  өмірбаян,  мінездеме,  тарих,  тарихи 
әңгіме)  тұтастана,  бірін-бірі  толықтыра  жазылған  шығарма»,  –  дей  келе,  оны  әлем 
халықтарының әдебиеттеріндегі күнделік, эссе, мемуар, өмірбаян, сынды көркем тарихнама 
жанрларымен поэтикалық үндестігімен танылатын туынды ретінде санайды [5, 11]. Алайда, 
зерттеушілердің  көбі  Мырза  Хайдар  еңбегінің  парсы  тілінде  жазылғанын,  сондықтан 
негізінен  оның  Иран  әдебиетіне  жақындығын  ұмытып  кетіп  жатады.  Былайша  
айтқанда, Мырза Хайдарды түрік тілді ұлт мәдениеті мен тарихы  туралы  жазған парсы тілді 
қаламгер  екені  белгілі.  Сондай-ақ,  оның  “Жаһаннама”  атты  дастаны  түркі  тілінде 
жазылғанын  ескерсек,  Мырза  Хайдар  екі  жаққа  да  ортақ  талант    иесі    болып  шығары  
анық.  
Жалпы, жазушы өткен заманның, болмаса өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын 
бейнелейтіндіктен, соған сәйкес шығарманың да жанры  мен  стиліне біраз өзгерістер енері 
даусыз.  
Шығарманың  басты  идеясы  туралы  біршама    тұжырымдар  жасауға  болады.  Жалпы 
идея  дегеннің  өзі  орыс  ғалымы  Л.Тимофеев  жазғандай,  автордың  мақсатты  ойы  мен 
шығармашылық  жұмысының  барысында  тууы  мүмкін.  Бұл  идеяны  жазушы  өз 
оқырмандарына  “жеткізуге”  тырысады.  Алайда,  автордың  идеясы  оның  шығармадағы 
материалдарын  толық  саралаған  соң  барып,  сыншының  салыстырмалы  түрдегі  бағасымен 
белгіленеді.  Яғни,  бұл  –  объективті  идея  [4,  151-152].  Осы  пікірге  сүйенсек,  «Тарих-и 
Рашиди»  авторының  идеясы  –  өзі  айтқандай,  Сұлтан  Саид  хан  мен  оның  ізбасары  
Әбдірашид  ханды  ұлықтап,  есімдерін  мәңгілікке  қалдыру,  сондай-ақ,  Исламды  тұңғыш 
қабылдаған  моғол  ханы  Тоғлық  Темірді  мадақтау  һәм  тоқтаусыз  соғыстардан  саны  
азайып  кеткен  моғол  халқына  да,  ескерткіш  ретінде  «сөзден  сарай  тұрғызу»  болған. 
Дегенмен, бұл  айтылғандар бар болғаны  –  «тақырыптық  идея». Шығарманы тұтастай оқып 
қарағанда,  Мырза  Хайдардың  бұл  кітабының  ішкі  мазмұндық,  сюжеттік,  қала  
берді  дидактикалық,  философиялық,  т.б.  көптеген  мәнді  идеялары  бар  екендігіне  көз 
жеткіземіз.  
Қорыта айтқанда, Мырза Хайдар өз еңбегінде Моғолстан хандары мен сұлтандарының 
билік  үшін  тынымсыз  таласын  баяндап  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  барлық  ұлы 
ғалымдар  сияқты  өзі  зерттеген  тақырыпта  жақсылық  пен  жамандықтың,  білім  мен 
надандықтың  өзара  мәңгі  үзілмес  егесін  де  баяндады.  Ойшыл  ғалым:  «Парасатты  ақыл  - 
нағыз ерліктің жол сілтеушісі. Ақылдылық пен парасаттылықтың пайдасы оқ пен семсерден 
артық.  Жебе  қаншалықты  айбатты  болғанымен,  нағыз  жеңіске  тек  ақыл  ғана  жетелейді»,  - 
деп  жазған.  Сондықтан  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегінің  тарихи  құндылығымен  қатар 
философиялық  тұжырымдары  да  өте  маңызды.  Шығарманың  даналық  сөздері  Мырза 
Хайдардың шығармадағы философиялық ойлар мен орайласып жатуы да оның жазу стилінің 
ерекшелігін байқатады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Дербісәлі  Ә.  Мұхаммед  Хайдар  Дулат.  Өмірбаяндық-библиографиялық  анықтамалық.  –  Алматы: 
1999. – 160 б. 
2.  Жолдасбайұлы  С.  М.Х.Дулат  және  ХV-ХVІ  ғасырлардағы  қазақ  хандығы.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті. 2000. – 112 б. 
3.  Дербісәлі Ә. Ислам және заман. – Алматы, 2003. – 560 б. 
4.  Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы. –Алматы: Санат, 1999. –192 б   
5.  Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер.– Алматы: Алатау, 2005. – 332 б. 
 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау