Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет120/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   187

244 
 
қылымстық істерге баруы, суцид, ғаламтор кері әсерілерін береді. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «балаларына  қамқорлық  жасау  және 
оларды  тәрбиелеу  –  ата-ананың  табиғи  құқығы  әрі  парызы»  деп  отбасының  міндеті  анық 
көрсетілген.  Сонымен  бірге,  «Неке  және  отбасы  туралы»  Заңда  отбасына  өзінің  ұрпағын 
тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген [1]. Сөйтіп, отбасының әуел бастан–ақ өзіне тән 
киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.  
Әлеуметтену  ұғымының  мазмұны  «индивидтің  әлеуметтік  ортаға  енуі»,  «әлеуметтік 
әсерлерді  игеруі»,  «әлеуметтік  байланыстар  жүйесіне  араласуы»,  т.с.с.  түсініктермен 
анықталады.  Әлеуметтену  үрдісінде  тұлға  қоғам  мүшесіне  айналады,  әлеумет  ортасында 
өмір  сүруіне  мүмкіндік  туады,  бүкіл  адамзат  баласының  жинақтаған  құндылықтары  мен 
нормаларын, білім мен тәжірибелер жүйелерін игереді. 
Әлеуметтену  екі  жақты  үрдіс,  біріншіден,  әлеуметтік  ортадан  адам  өзіне  керекті 
білімді, тәжірибені, эмоцияларды, құндылықтар мен дағдыларды т.б. өзіне алады, екіншіден, 
игерілген құндылықтар мен тәжірибелерге сүйене отырып, әлеуметтік байланыстар жүйесін 
құрады,  әлеуметтік  ортасынан  алғандары  нәтижесіндеөзінің  белсенді  әрекеттерін  реттейді. 
Біріншісі  –  әлеуметтік  тәжірибені  игеру,  ортаның  адамға  тигізетін  әлеуметтік  әсерін 
сипаттаса,  екіншісі  –  адамның  өзінің  белсенді  іс-әрекетінің  арқасында  ортаға  әсер  етуін 
көрсетеді.  
Баланың  әлеуметтену  үрдісін  қамтамасыз  ететінәлеуметтік  институт  –  отбасы, 
әлеуметтендіруші  агенттері  болып  –  ата-аналары  болып  есептеледі.  Отбасындағы  баланың 
әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа 
бағытталған  әлеуметтену  дегеніміз  ата-ананың  ақыл  кеңесі,  үлгі-өнегелері,  бірігіп  атқарған 
шаруалары,  стихиялы  әлеуметтену  –  отбасында  баланың  өзі  куә  болған  оң  және  теріс 
ықпалдар,  ата-ананың  теріс  әрекеттері  мен  қылықтары  нәтижесінде  жинақталған 
тәжірибелер.  
Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның 
құндылықтары  не  біліп,  өзін  қалай  ұстау  керектігі  туралы  алғашқы  мағлұматтарды  береді 
және онда тұлғалық «мен» бейнесі қалыптасады.  
Отбасында  әр  түрлі  жағдаяттар  мен  төтенше  ахуалдарда  бала  өзін  ұстаудың 
нормаларын,  мінез-құлқын  реттеудің  өлшемдерін  меңгереді.  Ата-аналардың  мінез-құлқы, 
бір-біріне және балаға, қарым-қатынасы қалыптасып келе жатқан бала тұлғасына үлкен әсер 
етеді. Бала үлкендердің әрекеттеріне сезімтал болады, отбасының тәрбие үрдісінде алынған 
тәрбиені  тез  меңгереді.  Ата-ананың  үгіт-насихаты,  түсіндіруі  олардың  үлгі-өнегесі,  үйдегі 
ахуал,  отбасының  психологиялық  тынысы  арқылы  балалардың  әдеті,  мінез-құлқы,  жақсы-
жаманды  бағалау  уәздері  (критерий)  қалыптасуымен  бірге  қандай  қылықтары  үшін  сөгіс 
алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғымын түсіндіреді.  
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны 
да  кеми  түсуде.  Осы  заманның  тағы  бір  ерекшелігі  –  ажырасқан  отбасылар,  жалғыз  басты 
аналар  көбейіп,  ата,  әже,  қайын  жұрт,  нағашы  жұрт  секілді,  т.б  туысқандық  байланыстар 
әлсіреді. Осыдан келіп, бала тәрбиесіне байланысты әкесі мен анасына жүктелуі тиіс міндет 
жалғыз ананың не әкенің иығына артылады. Отбасы құрылымдық деформацияға ұшырайды 
– яғни, отбасының құрылымының тұтастығының бұзылуы, ата-ананың біреуінің болмауымен 
байланысты  өзгерістер.  Отбасының  құрылымдық  деформациясы  бала  тұлғасының 
қалыптасуына  теріс  әсер  етеді.  Құрамы  бұзылған  отбасының  сау  ұрпақты  тәрбиелеуді 
көздейтін киелі міндеттері мен мәні өзгереді. Ажырасу санының көбеюі, некеден тыс баланы 
дүниеге  әкелу  жайтының  артуы  салдарынан  толық  емес  отбасылардың  жағдайы  қазіргі 
қоғамда ерекше назар аударуды қажет етеді.  
Ажырасқан  отбасы  –  толық  емес  отбасы,  үйден  ерлі-зайыптылардың  біреуінің  
кетуінен  пайда  болады.  Бұл  ажырасқан  отбасы  ерлі  -зайыптылардың  жағдайының 
тұрақсыздығымен сипатталады [2, б. 70]. 
Ажырасқан  отбасылардың  тәрбиелеу  мүмкіндіктері  мен  әлеуметтік  мәртебесі  ерекше 
көңіл  бөлуді  қажет  етеді.  Себебі  жалғыз  басты  анаға  отбасының  қаржылай  және 


245 
 
психологиялық мәселелерін өзі шешуіне тура келеді.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік  саясаттың  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  ана 
мен баланы қорғауды  жариялаймын...  Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы 
қорғау - ерекше мәселе» және «Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы 
жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін 
қалыптастырып,  үйде  жұмыс  жасауларына  жағдай  туғызуымыз  керек»,  -  деп  көрсеткен 
болатын [3].  
Құрылымы  бұзылған  отбасында  бала  тұлғасының  қалыптасуына  ананың  мақсатты 
ұйымдастырылған  тәрбиесі  мен  саналы  ұғынылған  қарым-қатынасымен  қатар,  оның  балаға 
бейсаналы  деңгейдегі  инстинктивті  реакцияларымен  шартталған  қарым-қатынасы  шешуші 
әсер  етеді.  Нәтижесінде  толық  емес  отбасындағы  ана  мен  бала  қарым-қатынас 
ерекшеліктеріне  байланысты  бала  бойында  әртүрлі  жағымсыз  тұлғалық  сапалар,  қасиеттер, 
әдет-дағдылар қалыптасуы мүмкін. 
Балалардың  бақылаусыздығы  мен  қараусыз  қалуы  –  мектеп  және  әлеуметтік 
педагогтың  өзекті  проблемеларын  бірі  болып  табылады.  Аталған  жағдайдың  себебінің  бірі 
ата-ана  мен  балалар  арасындағы  қарым-қатынасқа    байланысты.  Отбасы  мен  мектептің 
арасындағы  ынтымақтастық  –  бұл  ортақ  мақсатқа  негізделген    және  ұзақ  нәтижесі  болып 
табылады.  Бұл  жұмыс  ең  алдымен  отбасын  жүйелі,  әрі  жан-жақты  зерттеуден,  отбасы 
тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден басталады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие 
жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда.  
Ажырасу 
салдарынан 
болатын 
психологиялық 
педагогикалық 
мәселелер 
зерттеушілердің  еңбектерінде  ерекше  назарда.  Осындай  мәселелер  ретінде  ғалымдар 
төмендегілерді бөліп көрсетеді: 
-  баланың  әлеуметтік  ортаға  енуінің  күрделенуі  және  деформациялануы,  күнделікті 
өмірге әлеуметтік бейімделудің бұзылуы [4, б. 18−19; 5, б. 111; 6, б. 29]; 
-  оң  әріптестік  тәжірибенің,  өзара  жол  беру  және  шешім  қабылдаудың  алыптаспауы 
мінез және адамгершілік дамудағы кемшіліктерді қалыптастырады [7, б. 19; 8, б. 5]; 
-  әкесінің  немесе  анасының  жоқтығына  байланысты  әлеуметтік  дискриминация  
[9, б. 19]; 
-  ажырасу  барысындағы  қақтығыстық  отбасындағы,  ажырасу  процедурасындағы 
жағдайлар,  сонымен  қатар  өзінің  жаңа  ерекше  әлеуметтік  статусы  әлеуметтік  қарсы 
реакциялардың туындауының тәуекелдігін молайтады [7, б. 19]; 
-  балалардың қараусыздығы[10, б. 134]; 
-  поли  ата-аналық  жағдайындағы  ересектермен,  ағайындармен  өзарақатынастағы 
күрделіліктер [9, б. 33−36]. 
Ажырасу жағдайында бала мәселелерінің тиімді шешімі ата-аналарының күш салуымен 
шешіле  қоймайды.  Әлеуметтік  институттар  мен  қызметтер  тарапынан  дер  кезіндегі  және 
кешенді қолдау көрсетілуі қажет. 
Ажырасудың  негативті  әсерін  жою 

ажырасқан  отбасы  балалары  мен  әлеуметтік 
педагогтың  жұмысының  мақсаты.  Оған  қол  жеткізу  үшін  диагностика,  ағарту,  бейімдеу, 
реабилитация,  терапия,  түзету,  кеңес  беру,  делдалдық  сияқты  кешенді  әлеуметтік 
технологиялар қолданылуы керек.  
Әлеуметтік  педагог  жұмысын  іс-әрекеттің  ерекше  түрі  ретінде  қарастыра  отырып, 
әлеуметтік  технологиялар  мәнін  «тәсіл,  әдіс  және  мемлекеттік,  қоғамдық  және  жеке 
ұйымдардың,  әсіресе  ерекше  қолдауды  қажет  ететін  халықтың  қабаттары  мен  топтарына 
мамандардың  және  белсенділердің  адамдарға  бағытталған  көмегі,  қорғанысы»  деп 
қорытындылауға  болады.  [11,  б.  28].  Дәл  осы  әлеуметтік  педагог  жұмысында  іс-әрекетті 
шоғырланушылық  түрінде  әлеуметтік  технологиялар  жинақталған  және  жүйеленген 
теориялық білімдері, икемділіктері және әлеуметтік іс-әрекет субъектілерініңтәжірибесі деп 
түсінеміз.  


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау