89
жағдайға айналғанда азаматтық қоғам, мемлекет ыдырай бастайды;
-бұл құқық бұзушылықтың өзіне тән субъектілері бар ;
-бұл субъектілердің жүктелеген қызмет мүддесіне және құқық пен моральдің
белгіленген нормаларына қарамай өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және лауазымдық
беделін теріс пайдалануы;
-жоғарыда аталған субъектілердің өзінің баюын немесе басқа адамдардың мүддесін
көздеп атқарған қызметі.
Сонымен сыбайлас жемқордық қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік
құбылыс [7].
Көптеген зерттеулер ішінде әлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ең толық әрі
дұрыс мағлұмат беретін және жемқорлық факторларын анықтайтын Трансперенси
Интернэшнл халықаралық зерттеу ұйымы болып табылады. Трансперенси Интернэшнл
(Transparency International) сөзінің аудармасы-халықаралық айқындық деген мағынаны
білдіреді.Бұл халықаралық деңгейде және жеке елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күресті
зерттейтін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. Олардың мақсаттарының бірі – билік
органдарының айқындығына, есеп берушіліктеріне қол жеткізу. Transparency International
бөлімдері көптеген елдерде құрылған, олардың барлығын ең алдымен қаржы саласындағы
айқындықты қалыптастыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы идеология біріктіреді. Бұл -
ұзақ уақыттан бері сыбайлас жемқорлықтың сан алуан салалардағы көріністерін зерттеп,
анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынатын көпшілікке танымал ұйым. 1993 жылы
Transparency International әлемдегі жемқорлық деңгейін жүргізетін статистикаға балама
ретінде пайда болды десек те болады.
Ары қарай біз Сингапур, Қытай, АҚШ,Ресей, Эстония елдерін мысалға ала отырып,
осы елдердің жемқорлықпен күресу тәжірибелеріне тоқталамыз.Сонымен, Transparency
International ұйымының 2008 жылы жариялаған мәліметтеріне сүйнесек, сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Азия өңіріндегі ең төмен ел Сингапур болып
табылады екен. Transparency International ұйымының есебі бойынша сыбайлас
жемқорлықтың ең төменгі деңгейі 10 балл деп есептелінсе, 9,2 баллдық жүйемен Сингапур
елі 4-ші орында тұр. Бұл рейтингте Қазақстан 2,2 баллмен 145-ші орынды иеленгенін айта
кеткен жөн. Дамыған Сингапур елінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі жетістікті
тәжірибесі біз үшін құнды, себебі біздің де менталитетіміз «азиаттық», сонымен қатар бұл
«цифрлық экономикасы» бар мемлекет тәжірибесі болып табылады.Қытайелінің тәжірибесін
әмірші, өктем режимдегі мемлекет тұрғысынан қарасақ, біраз бізді қызықтыратын
мәліметтер аларымыз сөзсіз. Бұл елде жемқорларға қарсы өте қатал шаралар қолданылады.
1989 жылдың өзінде ғана сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін
30 адам өлім жазасына кесіліп, 30 мың адам әр түрлі мерзімге бас бостандығынан
айырылған. 2008 жылы Қытай елі сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 3,6
баллмен 180 елдің ішінде 72 орынға иеленді.
АҚШ елі 2008 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 7,3 баллмен
18 орынға иеленіп, «жиырма көшбасшы» елдің қатарына енді. АҚШсыбайлас жемқорлыққа
қатысты заңнамалық бастамаларды тек өз елінің шегінде ғана қабылдап қоймайды, сонымен
қатар халықаралық тәжірибеге де сүйенетіні ойланарлықтай. АҚШ шетелдік шенеуніктерге
пара беруге тыйым салатын «Сыбайлас жемқорлықтың шетелдік тәжірибесі туралы» атты
Заңды (1977ж.) тұңғыш қабылдаған ел болып табылады. Әр түрлі себептерге
байланысты Ресей елінің сыбайлас жемқорлықпен күресі біздің қызығушылығымызды
тудырады. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тарихында Қазақстан да Ресей
де тең бірдей сатыда. Екіншіден, Transparency International жариялаған 2008 жылы сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі бойынша екі ел «көршілес» орналасқан: Қазақстан 2,2
баллмен 145-ші орында, ал Ресей 2,1 баллмен 147-ші орында. Үшіншіден, көп жылғы бірегей
мемлекеттілік тәжірибесі, КСРО болып бір ел «өмірін» бастан кешкеніміз – азаматтарымыз
бен шенеуніктерімізде қалыптасқан бірыңғай салттар, тәрбие, идеология. Сонымен бірге
олардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастары мен жемқорлық әрекеттеріндегі
ұқсастықтарды да ескергеніміз жөн. Екі ел де аумағы жағынан үлкен, халықтың орналасуы
90
сирек. Екі ел де табиғи ресурстарға бай, әрі білімді халқымен ерекшеленеді. Ресей қазіргі
уақытта Қазақстанның саясат жағынан да, экономикалық, мәдени жағынан да стратегиялық
серіктесі болып табылады.Эстония елі посткеңестік республикалар ішінде сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 6,6 баллмен 27 орында, яғни жоғары рейтингке ие.
Испания, Израиль, Португалия сияқты елдердің алдыңғы қатарына шықты. Бұл тәжірибенің
ерекшелігі сыбайлас жемқорлықпен күресті компюьтерлендіру арқылы жүзеге асыру
қарастырылған, бұл Қазақстан үшін де таңсық емес. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан
Республикасында «электрондық үкіметті» құру пилоттық бағдарламасын іске асырып
жатқанын естеріңізге сала кетейік.Осы елдерді қарастыра отырып, қазақтардың XVII
ғасырларда Тәуке хан тұсында жазылған Жеті жарғы заңыбойынша айта кетсек:"Жетi
Жарғыға"сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тікелей қылмысты адам тартылады, сонымен
бірге қауымның ұжымдық жауапкершілігі қағидасы кеңінен тараған. Сонымен, егер жауапқа
тартылушы сотқа келмесе немесе тиісті айыппұлды төлемесе, онда айыппұл бүкіл қауымға
салынатын. Мұндай жағдайда қауым мүшелеріне жауапқа тартылушыға өз қалаулары
бойынша жаза қолдану құқығы беріледі. Қазақтарда бас бостандығынан айыру сияқты
жазалау шарасы да, абақты да болмаған. Зерттеушілер қазақтардың қылмыстық құқығының
адамгершілігін атап өтеді. Тек жеке жағдайда ғана өлім жазасы қолданылған. Мұндай
жағдайларға зорлау және біреудің әйелін ұрлау жатады. Үкімді орындайтын ешқандай
арнайы органдар болмаған. Бұл құқыққа талапкер ие болған. Билер соты жоғары
адамгершілік соты ретінде судьяның параға сатып алынбаушылығы, сот шешімдерінің
адамгершілік бейімделуі және әділеттілік мәні ретінде, соттың ашықтығы және әйгілігі, сот
шешімін дәлелдеуде және негіздеуде судьяның шешендігі, соттың екі жақты бірін-бірімен
татуластыруға және құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толық толтыруға
бағытталуы сияқты қағидаларына негізделіп, құрылды. Билер сотының ең әйгілі
ерекшеліктерінің бірі – оның руханилығында: қарастырылған даулардың рухани мазмұны
әрдайым басым болды, билер ең алдымен қоғамда қалыптасқан адамгершілік нұсқауларды
ұстануға тырысқан[8]».
Сонымен, қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «дайын рецепт» жоқ.
Бірақ енгізілген және тәжірибеде қолданылып жатқан көптеген табысты мысалдар, әдістер,
«жаңалықтар» бар. Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және жеке тұлғаға
деген құрметін сақтай отырып, әрдайым басқа елдердің тәжірибесінен ең жақсысын таңдап
алатындығымен, басқалардан үйренуге ұялмайтындығымен ерекшеленеді. Мұның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәжірибесіне де тікелей қатысы бар.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Юридическая энциклопедия. 2-изд.-М., 2003. С-56
2. Кодекс поведения должностных лиц по поддержанию правопорядка. Бишкек, 1998.
3. Международная защита прав и свобод человека.- М., 1990.-С.45
4. Отчет Всемирного банка о мировом развитии. -М., 1997. -С.123.
5. Криминология: Учебник. –М.,1997. -С.501.
6. Основы борьбы с организованной перступностью: Монография // Под ред. Овчинский В.С.-М.,1997. -С.16.
7. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика. Есберген Алауханов 32б.
8. Шығыс Қазақстан әкімдігінің интернет ресурсы.
ӘОЖ 81’272
КАБИДОЛДАНОВА Е.Б., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» МӘСЕЛЕСІ
«Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп айтар едім. Оның біріншісі,
әрине, ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-
Достарыңызбен бөлісу: |