44
шөлдалада ғана сезімді басынан кешіреді. Бұл көріністің драмтизмі орыс сентименталистері
шығармаларында шектен тыс ашылады. Лизаның өмір тарихы Эрастқа беріліп, кейін ол
тастап кеткен соң апатқа ұшырағандай күй кешті. Карамзин оны кекесінсіз сомдады.
Жалғыздық туралы ойлар атты мақаласында Карамзин «Сиқыр сөз» туралы ой жүгіртеді.
Мейірімді шөл даланы сезіммен өзө үмітінің орындалуын қиялдайды. Дегнемен, әлемге
деген адал ағартушы көзқарасында қала отырып, ол адамның жүрегң басқаны сезініп одан
ләззат алудан пайда болғандығын көрсетеді. Өз ойларын жинақтай келе, Карамзин
бөлектенген сиқыр сөзде тек поэзиялық қиялдан басқаны көрмейтіндігін айтады.
Ең алдымен сентиментализм эстетикасында әдемілік ұғымы маңызды. Оның мәні
Гердер көрсеткендей табиғи тәртіп, келісім, жетілумен байланысты біз білгендей әдемілік
бөлек бір толық жетілген сезім ғой. Ал сезімтал иделаист үшін сұлулық біздің
табиғатымызға сай мақсаттық түрткілерді оятуышы,-дейді Сенанкур.
Заттардың шегін анықтауда Адам Смит әшкі сезім ойын немесе адами сезімді алғы шарт
етіп қояды. У.А.Шефтесбери де ағымды эстетика космологиялық ұғымда түсіндіреді. Оның
ойынша, жан мен әдемілік және адамгершілік әлемдік үндестіктен шығып шектік көрініске ие
болды. Оның ойының қорытындысы көрсеткендей үйлесімділік табиғатынан үйлесімді.
Қазіргі әлемдегі зорлық, теңсіздік, зұлымдық он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен
жиырмасыншы ғасырдың басындағы реалистік өнердегі сентиментализм дәстүріне негіз
болды. Г.Н.Поспелов қағидасынан шығатын қорытынды: халық болмысының ұлттық-тарихи
шартына тәуелсіз барлық әлем әдебиетінің дамуында снтиментализм пафосы негіз болды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.-Алматы: Санат, 1996.-329б.
2. История эстетики. Памяти мировой эстетической мысли. В5-ти томах / Москва,1964.-Т2.-С.650
3. Орлов.П.А. Русский сентиментализм / П.А.Орлов.- Москва, 1977.-С.302
4. Каминский В.И. К вопросу о сентименталистком художественном методе в литературе //.-Русская
литература.-1984.-№2.-С.124
5. Гуковский Г.А. Очерки по истории русской литературы и общественная мысль –XVIII в. –
Москва,1938.-С.350
ӘОЖ 811.512.122’1
БАҚЫТЖОЛ Г., ҚАЙЫРБАЕВА Ж. Қ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
АЙТЫСТАҒЫ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әуелі лингвоэкология терминіне түсінік бере кетейік. Лингвоэкология – тіл білімінің
жаңа саласы. Тіл тазалығын сақтау мақсатында қалыптасып, өз зерттеулерін жүргізіп келеді.
Бұл ұлтымыздың таза, мөлдір тілін сақтап қалу үшін қалыптасқан сала деп қарауға да
болады. Мысалы: табиғат экологиясы дегенде біз табиғаттың экологиялық жағдайын, яғни
тазалығын сақтау, көркейіп дамуын мақсат етеміз. Сол сияқты тіл экологиясы дегенде де оны
шұбарланудан қорғап, тазалығын сақтап қалу маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен «лингвоэкология» дегеніміз мәдени тілдік ортаны қалыптастыратын, тілдің ұлттық
мәдени-көркем, эстетикалық мәнін сақтап, тілдің шұбарлануының себебін зерттейтін жаңа
қалыптаса бастаған сала. Қазіргі таңда күнделікті қарым-қатынаста басқа тілдің сөздерін
араластырып қолдану әдет болып қалды. Міне, осының өзі тілдің шұбарланып бара
жатқанының көрінісі емеспе. Лингвоэкология лингвистика мен экологияны біріктірген
ғылым әрі тілдің тұлғасы ретінде адамды және қоршаған ортаның арақатынасын зерттейді.
Зерттеуші Эрнест Геккель тілдің мәдени-әлеуметтік, коммуникативті аумағын қамтиды.
Тілді адам, қоғам мен ортаның арасындағы таптырмас байланыс компоненті ретінде
қарастырады. Америкалық лингвист Айнар Хауген 1972 жылы алғаш рет эколингвистика
терминін қолданып, әлеуметтік лингвистика мен психолингвистикаға өзара ықпалдастық
аспектісін енгізді. Ары қарай осы мәселе төңірегінде ағылшын ғалымы Михаель Холлидей өз
45
зерттеулерін жүргізді. Ол алғаш рет 1990 жылы тіл мен қоршаған орта арақатынасы жөнінде
мәселе көтерді [1].
Тілдің экологиялық табиғатын бұзатын, яғни шұбарлайтын сөздер бұл жаргон, сленг
сөздер болып табылады. Мұндағы, Жаргон (ағылшын. slang; jargon;) – әлеуметтiк диалект;
айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық
тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ
меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйеге ие болмайды [2].
Жаргон қазiргi кезде, әсіресе жастардың тілінде көп қолданылып жүр. Мысалы: енді
(уже), әрдайым (постоянно), жатақхана (общак), дәріс (лекция), үзіліс (окошка), қоқыс
(мусор), ұялы телефон (сотка), қуаттағыш (зарядка), қаламсап (ручка), аялдама(астоновка),
балмұздақ ( морожно), несие (кредит), кеңес(совет), асхана(сталовая), парақша(страница),
сау бол(давайсың), сосын(потом), айыппұл(штраф), демеуші(спонсор), пайыз(процент),
құжат (документ), өтінемін (пажалуста), күнтізбе(календарь), қысқасы(короче), дүйсенбі
(понедельник), жоспар(план), ғимарат (корпус), емтихан(сессия), тағы(ищё), тақтай(доска),
перде (шторь), бәрі, бітті(всё), көзілдірік (очки), сурет (фото), бөлме (комната), тақырып
(тема), әке (пахан), ана (махан), керемет(супер) т.б.
Соған сай зерттеуші ғалымдар жаргонның мынадай түрлерін атап көрсетеді: әскери
жаргон, журналисттiк жаргон, компьютер сленгi, ойын жаргоны, торлық жаргон, падонков
жаргоны, жаргон Фидонета, жастар сленгi, радиоәуесқой жаргоны, нашақор сленгтері,
футбол бұзақылықтарының сленгi, қылмыстық жаргон, феня.
Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің тіл байлығын көрсететін үлкен бір саласы. Ол
- суырып салма ақындық өнердің жемісі. Айтыс - cинкреттік жанр, мұнда ақындардың
ақындық алғырлығымен бірге сазгерлік өнері, әншілік өнері, орындаушылық өнері бірге
өрілген.Айтыс - көне заманнан үзілмей келе жатқан өнер түрі, ежелден сөз жарысы, айтысу
ұғымында қолданып келеді. Айтыс - екі адамның өнер жарыстырып бәсекеге түсуі - қара сөз
арқылы да, белгілі бір аспапта ойнаумен де, суырып салып айтылатын өлеңмен де болуы
мүмкін. Бұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» шеберлікті, алғырлықты, тапқырлықты талап
етеді. Ежелден «өнер алды - қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған халық айшықты
сөз бедері мол ақындар айтысына ерекше мән беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып
отырған. Ақындар айтысы қалың ел бас қосқан үлкен жиындарда өтетіні белгілі. Дүбірлі ірі
айтыстарға танымал ақындармен бірге, өнері өрге жүзген дүлдүл, шешен, тапқыр жас
ақындар да қатысатын болған. Сөз барымтасы кезінде көсем сөзге кім жүйрік болса, сол
жеңіске жетпек. Шаршы топта сөз барымтасына түскен ақындардың айтысына әділ төрелік
айтушы да көпшілік, сөз құдіретін түсінетін би, шешендер болған. Айтысушы ақындар сөз
сайысы кезінде бір-бірін аяусыз сынап-мінеп, түрлі әдіс-тәсілдер қарастырып, қарсыласының
ұрымтал жерін аңдып, жеңіске жетудің жолын іздеп, бұлтартпайтын уәжді де мағыналы
ойларды айтып, сөзбен жығуды көздейді. Әрине, бұл үлкен білімділікті қажет етеді. Сондай-
ақ, қай ақынның кіммен, қай жерде айтысатынын, айтыстың қандай тақырыпқа
құрылатындығы белгісіз болған. Бірақ та ақындар ел ішіндегі елеулі өзгерістер мен
уақиғалардан хабардар болып отырған. Аты шулы ақындардың жаман, жақсы жақтарын
есепке алып, іштей айтысқа дайындалып жүрген[3]. Біз өз дәуірінде аты айтыспен әйгіленген
талай айтыскер ақындарды білеміз. Сонда айтыс ежелден ел тұрмысында ақынның бірден-
бір ақын аталатын өнер мектебі саналып келген. Байқасақ жаргон сөздерді осы өзіміздің төл
өнеріміз айтыстан да кездестіре аламыз.Мысалы, 2004 жылғы Балғынбек Имашев пен Ринат
Зайытовтың айтысында Балғынбек:
Айтысқан он алты ақын «дорогойың»
Ішінде Ринат енді «молодойың»
Басталды жекпе-жегің «один – один»
Көріңдер «без правил супер бойын»
Дәулеткерей дауылпаз,
Оразалы ортеке,
Әбілқайыр арғымақ,
Достарыңызбен бөлісу: |