40
ӘОЖ 811.512.122
АЯНОВА Е.А., БАРБОСЫНОВА Қ.Т.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЕУРОПА ЖӘНЕ БАТЫС ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЕНТИМЕНТАЛИЗМ
ХVIII-XIX – ғасыр әлемнің дамыған әдебиеттерінде сентиментализм ағымы етек алды.
Ол француздың көрнекті жазушылары Ж.Ж.Руссо және Мерсье, ағылшынның бірқатар
талантты ақындары мен Стерн, Ричардсон еңбектерінде, немістің Жан-Поля Рихтерімен
орыстың Радищеві, Карамзиннің шығармашылығын ілгері дамытты. Бұлардың ішінде
А.Н. Радищев пен Ж.Г. Ричардсон есімдері айрықша атап өтерлік. Бұған ұқсас көріністер
Америка әдебиетінде байқалады: Эмерсон мен бірқатар трансценденталистерде «өз -өзіне
сену», табиғат, теория және Н.Готорнде адамдардағы жалпы адами бірлік идеалы мен
альтуризмнің эстетикалық пафосы көрініс берді. Сонымен бірге, сол не басқа
сментиментализм деңгейі Дидроның, Лессингтің, Шиллердің, Гетенің, Сенекураның,
Жуковскийдің, Батюшковалардың шығармашылығымен байланысты болды. Әлем
мәдениеті тарихында «сезімдік құбылыстар» дүниеге келіп, өнердің барлық саласында
сентиментализм ағымы қанат жайды.
Сезімдік құбылыстарды дәуірдің философиялық, этикалық, эстетикалық ойларында
да кезіктіруге болады. Оның іздері А. Шефтебер еңбектерінен орын алған. Ол: «осы жан,
немесе әлем жаны барлық әсемдіктің негізі болып табылоады. Әлем әсемдікке ену. Бұл
әсемдік әлеміне енуге әркімнің құқығы жоқ. Оған тек кім мейрім шуағын шаша алады
сол ғана енбек». Бұл адами әрекеттер негізінде биікке қол жеткізуге болатындығын
көрсетеді. Әсемдік мен мейірімділік тең ұғым»,- деп пайымдайды [1,650 б.].
П.А.Орлов бағамдағандай, классицизммен салыстырғанда орыс сентиментализмі - өз
заманының қоғамдық қажеттілігін өтеу үшін туған дәуір көрінісі. Классицизм Петр І
реформасын жүргізуде алғы шарт болды. Петр дәуіріндегі классицистер көрсеткендей,
адам мемлекет, патша үшін қызмет көрсетуші болды. ХVІІІ ғасырдың 60 жылдарының
басында орыс қоғамында демократияшыл бағытты қажетсінген басы байлы шаруашылық
орнады. Осы кездегі қаламгерлердің екі тобын көрсетуге болады: бірі-сезімді жасырмай,
адамдағы ең жоғарғы рухани бастама сана десе, екіншісі-сананы жасырмай, сезімге бой
алдырды. Көркем әдебиетте адамзат психикасының эмоционалдық негізін қорғай
отырып, жазушылар жаңа «сентиментализм» атты ағымды дүниеге әкелді.
Ағартушы-сентименталистер атап көрсеткендей «сезімталдық» адамзат баласына
табиғи түрде берілген құндылық, онда адамның құндылық, онда адамның қоғами бітімі
сомдалды. Ол сезімталдық «адам» атты күрделі тіршілік иесінің ынтымақтық негізін
салуға негіз болды. Ал, ол шағын отбасынан басталып мемлекетке дейінгі аралықты
қамтымақшы [2,267 б.].
Кеңес әдебитеттану ғылымында қаламгерлерді сентиментализмнің қоғамдық тарихи
мәселелері, ағартушылыққа деген оның қатынасы мен әлеуметтік тамырлары, он
сегізінші ғасыр аяғында буржуазиялық төңкерісі өзіне тартты. Бұл мәселелр біржақты
шешілді. В.И. Каминскийдің айтуынша,
сентиментализмнің теориялық мәселелрін қарастыру жеткіліксіз болды [3, 302 б.].
Зерттеуші Г.А. Гуковский сентиментализмді «ағым» немесе «әдеби қозғалыс» деп
тану керектігін айтты [2, 246 б.]. Ал әдебиеттану терминдер сөздігінде сентиментализмге
«көркемдік ағым» деп анықтама берілген [1, 344 б.]. Кейбір зерттеушілерде сентиментализм
«Батыс Еуропа мен Россиядағы он сегізінші ғасырдың екінші жартысындағы өнермен
әдебиеттегі ағым» деп таныды [2, 266 б.]. Осыған ұқсас анықтама «Қысқаша әдеби
энциклопедияда» да берілген: «ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. Батыс Еуропа мен Россиядағы әдеби
ағым» [1, 763 б.]. Тек соңғы кездері ғана сентиментализмге «терең дәуірлік көрініс»
деген баға берілді. Зерттеушілер Л.А.Орлов пен В.И.Федоров әдебиеттегі тұтас ілгерілеу
бағыты деп санайды.
41
Х. Грасхов еуропа сентиментализмнің ағартушылық идеология мен тығыз
байланысын сызып көрсетті. Сонымен қатар, зерттеуші жаңа көркемдік әдістің
философиялық тамыры туралы мәселені көтеріп, оны Декарт рационализмі, Локктің,
Шефтсбери, Кондильяка эмпризмі мен сенсуализмінен іздеу керектігін көрсетті.
Сентиментализм әдебиетінің идеялық мазмұынының дұрыс бағасына ие болмауын
көрсете отырып, Х.Грасков, Л.Стерн, Жан-Жак Руссо шығармаларындағыдай И.Гетенің
«Жас Вертердің қайғысы» романдарында адамның таптық қоғамнан тыс құндылықтары
ағартушылық ойлар көрініс тапты. Зерттеуші әлеуметтік-таптық негізін көрсете отырып.,
оның феодалдвық керітартпа бітіміне назар аударды. Жаңа әдеби әдіс Ұлы Француз
революциясымен дүниеге қатар келіп, сентиментализм әдебиеті үшінші топтың
феодалдық кре кейпін көрсетті.
Бірқатар басқа тарихи жағдай орыс еліне Россияда дда көрініс берді. Негізсіз
орыс сентиментализм әдебиеті көптеген уақыттар бойында дворяндық деп
қарастырылды [1, 2 б.]. Нәтижесінде зерттеуші Л.А.Орлов төмендегідей қорытындыға
келді: «Орыс сентиментализмі, батысеуропалық ағым тәрізді, өзіндік табиғаты бойынша
бір жағынан ағартушылық идеологиялық ұстанымды сондай-ақ, төңкерісшіл емес...
өзінің әдеби бағыты негізіне үңілсек, прогрессивті ағым болды». Дворяндық өнерге
тереңдемецй орыс сентиментализмінен бас тарта отырып, автор: «Н.С.Смирнова мен
И.И.Мартынова шығармашылығына назар аударды». Сондай-ақ, Н.Д.Кочеткова,
Л.А.Орлов көзқарасына келісудің қиындығын көрсете отырып, сентиментализмнің екі
арнасын атайды: бірі-Карамзин бастаған дворяндық арна, екіншісі-Радищев ұстанған
демократиялық арна.
Қазіргі көптеген зерттеушілер А.Н. Радищевтің бір жақты шешімінен бас тартып
отыр.Бір жазушының шығармашылығы бір әдеби ағымды қамтымайды, әсіресе «өтпелі
кезеңде», өткен дәуір бағыттарының оты сөніп, жаңа эстетикалық жүйелер туындап
жатқан шақта ондай шешімді жоқтау негізсіз,-дейді В.И. Феодров [4,93 б.].
Н.Д. Кочеткова өз еңбегінде: «Сентиментализм табиғатын танытуда классицизмге
қарсы қоюшы пікірдің ұшырасатындығын айта келіп: сезім иірімдері сана иірімдерінің
орнын басып, ең алдымен Ж.Ж.Руссо шығармашылығында ағартушылық идеяларға
қарсы ойлар қалыптасты»,-дейді.
М.Л.Тронсконың зерттеулерінде А.Стерннің немістің сентименталды-юморлық
романында ағартушылық идеяларының көрініс тапқанын айтып: сезім иірімі-сана
иірімінен бас тартушылық месе, ол тек дамып келе жатқан адамның санасын сезіммен
шыңдау» ,- дейді [4,68 б.].
Еуропаның сентиментализм әдебиеті турасында ойларды орыс әдебиетіне де
айтуға болады. Сонымен бірге тек орыс әдебиетінде бағыттардың алмасуында
классицизм мен сентиментализмге тән рационалды ойлау қалыптасты. Жаңа ағымның
эстетикалық тұжырымдары европа мәдениетінің сондай-ақ отандық әдеби үлгілердің
көрінісін талдауға юбағытталды. Жаңа бағыт қаламгерлері оларға сүйенуді тоқтатпады,
сананың құндылықтарын мойындаудан бас тартпады. Орыс сентименгтализміне
дидактиканың сақталуы тән [5,350 б.].
В.И. Каминский сентиментализмнің эстетикалық, тарихи-әдеби ролін атап
көрсетеді. Бұл бағыттың өзіндік ерекшеліктері табиғаттың адамға тартқан рухани
сиының бастамасын сентименталистер сезім деп санады. И.Ф. Волков: «Сезім-
сентиментименталистер көрсеткендегі сол қағидалы негізінде дамыды, жазушылардың
бір тобы санаға бой алдырса, екіншілері сезімге бой алдырды» [1,1087 б.].
Сезімталдық мәселесі яғни, адамның эмоциялық қабылдауының сыртқы әлемі
ағартушылық философияның негізі болып табылады. Табиғат заңы бойынша адам
жалғамалы рахатқа ұмтылып, қайғы кешуден қашады. Ағартушылардың пайымдауынша,
сезімталдылық адам ағзасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ой әрбір жеке
адамның өз бақыты үшін ұмьылған өзімшілдігін жақтады. Бхірақ, ағартушы-
ғалымдарша, адам табиғи болмыс мен қоғами болып саналады. Және оның әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: |