336
қатынас жасау мен дүниетанудың құралдары баланың зердесі мен шығармашылықты
дамытудың арнасы. Пән арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүние-
танымды
сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушының өзіндік қарасы қалыптасады [7].
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының тұжырымдамасын айқындайтын басым бағыттары: -
балаға өзінің қажеті мен мүмкіндігін, қабілетін сезіндірудің әлеуметтендіру аясында жеке
тұлғасының үйесімді дамуын қамтамасыз ету; - мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі тану
үрдісін ұйымдастру барысында этномәдени ұстамының сәйкестлігін жүзеге асыру; - заман
ағымына орай, бүгінгі таңдағы балалардың танымдық қызығушылығына сәйкес білім
мазмұнын анықтау [8].
Заман табына байланысты бұл сабақ адам бойында адамгершілік, қарым-қатынастарда
өзін дұрыс ұстай білуді, өзін өзі тәрбиелей алуға, рухани бай қасиетін қалыптастырумен қоса
ата- анасымен, қоршаған орта мен ересектер арасында дұрыс қарым-қатынас жасай алуға
дағдыланып, әрі жағымды әсер ете алу арқылы өз ойына жете білуі мен қоршаған ортаға әсер
ету жолдары қарастырылады. Сабақтың негізгі мақсаты – баланың қоршаған ортамен ізгілік
қатынастын орнату мен өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал жасау. Пән арқылы
қабылдау баланың: қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, алған білімінің тәжірибеде
қолдануға үйренеді; өзіне өзі бақылау жасап өз ісіне баға беруді үйренеді; өзінің көңіл күйін
сезініп, айналасымен жақсы қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Осының бәрі қазіргі
заманның білімге қойылған талабы. Өтетін сабақтарды мазмұнды, жан-жақты танымды
болғандықтан балалар қызығушылықпен қатысады. Біздің тәжірибелі ұстаздарымыз өзінің
шығармашылығымен, шеберлігімен, мейірімділігімен әр баланың ішкі жан-дүниесін ашып,
өзіне деген сенімділігін нығайтып, бойларына ізгілік, әдептілік жайлы психологиялық
жағдай туғызады. Сабақтың бұл кзеңінде баланың көңіл-күйіне әсер етуі қиялдауы, әуенді
сезінуі, түсінуіне әрекет жасап, ерекше мағына береді [9].
Бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» курсын оқыту тәрбие теориясының жаңа негізін құрайтын
іштен тазарып пендешілік санамызды және ойлау қабілетімізді арттыру арқылы, дүниенің
қыр-сырына көз жеткізе алатын, жалпы маңызы өте зор интегративті, қызықты, күрделі,
инвариантты ізденіс жолындағы пән. Бұл пән арқылы руханилығымызды байытып шын
көңілден, ақ жүректен, аялы алақанмен айтылға бір ауыз жылы сөздің өзі неге тұрады
десеңізші! Өзіңді бір қуанышты, көтеріңкі сезінесің. Мұнда әр адамның жан дүниесіне
сергектікпен үнілуімен қоршаған орта мен қоғамдық құбылыстардың заңдылықтардың
ұғыну үшін әр адам, алдымен өзін-өзі тануы үлкен рөл атқарады. Бұл пәнді меңгеруде әр жас
өзін сынай, бағалай білуі арқылы айналасындағыларға мейірім, шапағат шашып,
адамгершлік қасиеттерді ойына дарытудың жөні бөлек екеніне көз жеткізеді [10].
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды
қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы,
тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог,
өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект
ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту,
«Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі
таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға
көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес [11] .
«Өзін-өзі тану» пәні психология, социология, философия, педагогика, этика, эстетика
және т.б. ғылымдармен тығыздылығын айтуға болады. Осының ішінде ең қажетті ғылым -
психологиямен тығыз байланысты. Сабақ барысында мұғалім әр баланың мінез-құлқы,
өмірге деген қызығушылығын байқап оқушыларды зерттейді. «Өзін-өзі тану» сабағында
баланың мүмкіндігін ашу көзделеді. Егемендік алып, етек басын жинай бастаған
мемлекетімізге тұлғасы үйлесімді, өз ойын ашық айта алатын, ұлттық- 98 «Инновационное
развитие и востребованность науки в современном Казахстане» патриоттық сезімі бар жас
ұрпақ қажет. Қазақ және аралас мектептерінде арналған жоба бағдарламасының салмағы
қомақты, ұлттық мүдде басым болуы керек [12].
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, танымдық қызығушылығы артып, адамдар
337
арасындағы қарым-қатынас өсіп, өзекті мәселелерді шеше білуі, ұйымдастырушылық
қабілетін дамып, көру арқылы мәселелерге сыни көзбен қарауға дағдыланады.
Мемлекетіміздің ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптарын білмеген адам қалай елінің патриоты бола
алады? Міне сондықтан да, мемлекетіміздің тәрбиелі азаматтарын шығару, тікелей
мұғалімдерге байланысты. Елімізде болып жатқан саяси-әлеусеттік, мәдени-этникалық,
экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі
өзгертуде. Қазіргі кезеңде қоғамдағы ізгілікке, руханинилыққа бетбұрыс және оқу-тәрбие
жұмысын оқушы жанына түсетіндей етіп талабы туындап отыр [13].
Адам жеке тұлға болып қалыптасу жолында әрқашан өз бетінше іздену қажет. Егер
адамдар өмір бойы өз беттерінше ізденулерін тоқтатпаса, өзін де және қоршаған ортаны да
руханилыққа толықтырып отырады. Бұдан адамдардың бойында адамгершіліктік ,
жауапкершіліктік, еліне-жеріне деген патриоттық сезімімен қарайтын тұлға дамиды деген
сенімдемін. Бұл пән қазіргі заманда өте қажетті болып саналады. Әрі адамды өз бетінше
шығармашылыққа итермелейді. Оқушылар үшін де бұл сабақ үлкен қызығушылық
тудырады. Бұл сабақта ең бастысы өзін-өзі сыйлауға үйретеді. Ал өзін-өзі сыйлаған адамды
жеке тұлғаға жатқызуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. –
Алматы: 2003, №2, 11-16 б.
2. Смирнов С.А. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: учеб. пособие.-М., 1998.
−509 с.
3. Сластенин В.А., Руденко Н.Г. О современных подходах к подготовке учителя // Педагог. -1997. -№3 //
http://www:bspu.altai.su.
4. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность.
М.: Издательский центр
«Академия», 2002. - 576 с.
5. А. Майемер. Көпұлтты жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімнің кәсіби біліктілік ерекшеліктері.
//Білім. №2. 2007. 17 бет.
6. С.Д. Қалманбаева. «Өзін-өзі тану» пәнін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізу іс
тәжірибесінен. //Өзіндік таным. № 5-6, 2006 ж. 21 бет.
7. Игенбаева Б. //«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері. «Өзіндік таным». №4, 2003 ж.
21-22 бет.
8. Өтебаева Г. Балабақшадағы «өзін-өзі тану». //Өзіндік таным. №2, 2004 ж. 26-27 бет.
9. Берікболова Г. Өзін-өзі тану курсының психологияның көзқарасы. Өзіндік таным. №2, 2006 ж. 27 бет.
10. ОспановаЗ. Студенттердің өзін-өзі тану уралы ойлары. «Өзіндік таным». №1, 2006 ж. 12 бет.
11. БітібаеваҚ. Мұғалім-мектептің жүрегі. //Білім. №3. 2004. 48 бет.
12. Ерменбекова Ф. Өзіндік танымның өзекті мәселелері. //Өзін өзі тану. №5-6, 12 бет.
13. Ж.Д.Жұмабекова. Дамыта оқыту технологиясы-тілдік құзыретті жетілдірудің негізі. //Білім
.№2.2004.51-52 беттер
УДК 577:796
ТУСТУБАЕВА Ш.Т., ШМАКОВА Т.П.
ВКГУ имени С. Аманжолова, г.
Усть-Каменогорск
РАЦИОНАЛЬНОЕ ПИТАНИЕ КАК ЭЛЕМЕНТ ОПТИМАЛЬНОГО
ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ ОРГАНИЗМА
Пища является неотъемлемой частью повседневной жизни каждого человека. Как
отмечал И. П. Павлов, «пища олицетворяет жизненный процесс во всем его объеме и
представляет ту древнейшую связь, которая соединяет все живое, в том числе и человека, с
окружающей природой. Получая пищу, человек не только удовлетворяет чувство голода, но
и получает удовольствие». Именно с пищей человек получает практически все необходимые
вещества для нормальной жизнедеятельности, выполнения работы и других социальных
действий. От правильного питания зависят жизнеспособность, работоспособность и
устойчивость организма к воздействиям внешней среды. Питание должно обеспечивать