20
әлеуметтанудың да, психологияның да, өзге де пәндердің зерттеу нысаны бола алады.
Гуманитарлық және әлеуметтік-саясаттану ғылымдарында дискурс талдау теориясын түрлі
методологиялық тұрғыдан зерттеп, белгілі дәрежеде аталған ғылым саласының
қалыптасуына атсалысқан ғылымдар бар. Олар: Тойн А. Ван Дейк, Якоб Торфинг, Марианна
В. Йоргенсен, ЛуйзаФиллипс», - деп көрсетеді [8,160].
Мәтін мен дискурстың тепе-тең ұғым емес екендігі ақиқат. «Тіл мәтінде орналасып,
дискурста жанданады, туындайды» деген пікірге сүйенсек, мәтін мен дискурс қатынасы
дискурстың динамикалық, ал мәтіннің статикалық (тұрақты, қозғалыссыз) сипаттары арқылы
танылады деп түсінеміз. Мәселен, қандай да бір автордың көркем шығармасы біз қолға алып
оқығанға дейін «тыныш күйінде» тұрып, мәтін ретінде танылса, оқырман қолына тиіп,
коммуникациядағы тілдік құрылым - мәтіннің динамикалық күйіндегі сипатын дискурс деп
тануымызға болады. Бұлжерде де тікелейболмаса да, автор мен оқырман (адресат пен
адресант) арасында «хабар алысу» жүреді. Сондай-ақ, зерттеуші Н.Уәли көркем дискурстың
құрылымы әлдеқайда күрделі болатынын көрсете отырып, оның ретін мынадай жүйеде
көрсетеді: «мәтінге дейінгі бөлігінде автордың ойлаған көркем идеясы, сол идеяны тілдік
құралдармен объективтендірудің тәсілдері мен амалдары ойластырылады. Автор өзінің
санасындағы тілдік парадигмадан (вертикал түзуден) тілдік бірліктерді таңдап атай
бастайды. Ой елегінен өткен бірліктер синтагмалық (көлбеу түзу бойынша) тізбекке түседі.
Сөйтіп, автордың «нені айтсам?», «қалай айтсам?», «кімге айтсам?» деген мәтіндік
құрылымға ойша сөзі, яғни екінші кезеңге – сөз актісінің бір бүтініне айналады, бірақ
коммуникация аяқталмайды. Коммуникация мәтінді оқырман қабылдаған соң, автордың
идеясын, нені айтқанын, қалай айтқанын, кімге айтып отырғанын, не мақсат пен айтқанын
игерген соң аяқталады» [9,9].
Ең жоғарғы дәрежедегі тілдік тұлға (мысалы, жазушы) жеке санасы негізінде өзіндік
танымын оқырман немесе тыңдаушы санасында қайта жасайды. Қазақ мәтінінің құрылымын
зерттеушілердің бірі Ж. Қойшығұлова да: “Дискурсты мәтін түзуші – мәтін – қабылдаушы -
үшеуінің тұтастығының негізінде қарастырған жөн ” деп ескертеді. Мәтін түзуші мәтінді
құрастырған кезде үнемі қабылдаушыны ойлап отырады. Ол қабылдаушыға мәтінді қалай
жеткізе алуды, барлық оқырман қауымға түсінікті етіп құрастырудың жолдарын іздестіреді.
Сонда «көркем әдебиет дискурсы дегеніміз – өмір шындығын, табиғат көркін,
жағдаятты, экстралингвистикалық жағдайды, бейвербалдық әрекеттерді, бүкіл болмысты
тілмен жеткізу – оқырманмен диалогқа түсуі, оқырманның авторды түсінуі, баяндалушы
нәрсені қатесіз қабылдау» [10,15].
Көркем шығарманың құндылығы – қаламгердің астарлы ұстанымы болып табылады.
Қаламгердің шығарма барысындағы шығармашылық ұстанымы онда көтерілген тақырыптың
айқын немес жасырын болуы оқырманның ұстанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Бұл үдеріс қаламгер мен оқырман арасында шығармашылық байланыстың жүзеге асуына
себепкер болады. Көркем мәтін мен автор арасындағы байланыс – күрделі, ажырамас үдеріс.
Бұл көркем мәтінді оқу барысында оқырманмен арада болатын көзге көрінбейтін
шығармашылық үдеріс болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Николаева Т.М. Краткий словарь терминов лингвистики текста // Новое в зарубежной лингвистики.
Вып. ҮІІІ. Лингвистика текста. М.:
Прогресс, 1978.
2. Teun Van Dijk. Ideology: A Multidisciplinary Approach. London: Sage, 1998. (http://www.sagepub.co.uk).
3. Макаров М.Л. Основы теории дискурса. М., 2003.
4. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы. Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 186 б.
5. Хазагеров Г.Г. Два свойства персоносферы. http://www.litmir.net/br/
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественной коммуникации. – Алматы: Балауса, 1996. – 192 б.
7. Савельева В.В. Психоантропология и современная художественная литература // Художественная
литература и проблемы антропологии. Караганда, 2002.
8. Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы жаңа ғылым саласы ретінде // «Жұбанов тағылымы» Х
халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе, 2009. 160 б.
9. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт. автореф.: – Алматы, 2007. – 9б.
10. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Алматы. «Раритет»; 2004.- 107 б.
21
ӘОЖ 811.111:37.01
АҚАНОВА Л.Д., МАТКАРИМОВА Д.А.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ НЕГІЗДЕРІН
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БОЙЫНА
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢІРУ
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген
сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ұлттық тәрбие
барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз.
Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып
тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық
жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми - техникалық
мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы,
техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс
еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу,
экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан
керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік,
бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс
өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы,
дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі
ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын
ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар
мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу.
Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп». Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп
жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды.
Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің
болмысына бейімдеп сіңіре алу керек.
Әрине, жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал
бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау
керек. "Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек
емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап
тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің
міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу".
Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі –
осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды
ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың
мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып
жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде
негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы
болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық
ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге
мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл
болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен
ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен
ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске
түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты
жүзеге асатынын мойындаймыз.
Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге
негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық
сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық