«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
96
3.
Кез – келген тіл үйренушіге латын графикасымен жазу
жеңілдігіне ие болу;
4.
Қазақ тілінің табиғи айтылуы әуезділігі, орфоэпиялық ережесін
қалпына келтіру;
5.
Ағылшын тілін оқып – үйрену, меңгеру оңайға түсу
мүмкіндігіне
қол жеткізу;
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіліміз тәуелсіз елімізбен бірге дамып,
мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сол себептен, Қазақстан
секілді бүкіл дүниежүзіне танылған мемлекеттің - мемлекеттік тілінің
жазуы да заман талабына сай сәйкес келуін күнделікті өмірдің өзі талап
етіп отыр емес пе?!
Қазақ елінің зиялы қауым өкілі Х.Досмұхамедов айтқандай: Ана тілін
білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Өз тілін білмей
тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате. Н.Ә. Назарабаев – «Дауға салса
алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай
балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі
байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз. Абай әрлеген тіл,
Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала
бермек!» - деп айтқандай, ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу –
саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол Отаныңды
сүйе білу деген сөз.
ҚОЛДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
2. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. «Ағылшан тілінде сойлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы – 2009
жыл.
5. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа
әлемдегі жаңа
Қазақстан. Астана, 2007 жыл.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
97
УДК № 387.147:811
КОММУНИКАТИВТІ ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
А.Назарова
1
, Э.Д. Абдол
2
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа: Мақалада шетел тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту
әдістемесін қолдану – оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан
бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік
тудыратындығы қарастырылған.
Тірек сөздер: оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру, тілді
коммуникативтік бағытта оқыту, ынтымықтастықта оқу ,жұптық
оқыту, топтық құрамда жұмыс істеу, коммуникативтік оқыту
технологиясы және т.б
Аннотация:
В
статье
рассматривается,
что
применение
коммуникативной методики обучения иностранным языкам – позволяет
студентам свободно общаться с грамматическим аспектом.
Ключевые слова: совершенствование речи студентов на иностранном
языке, обучение языку в коммуникативной ориентации, обучение
солидарности ,парное обучение, работа в групповом составе, технология
коммуникативного обучения и т.д.
Annotation: In article is considered that application of a communicative
technique of training in foreign languages – allows students to communicate
with grammatical aspect freely.
Key words: improvement of the speech of students in a foreign language,
training in language in communicative orientation, solidarity training, pair
training, work in group structure, technology of communicative training, etc.
Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі – елдің байлығының
ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық
мәдениет пен дүниетаным қалыптасады. Мәдениет, дүниетаным, білім
молайған сайын халық байлығы артып, дамыған елдер қатарынан орын
алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ″Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан″
атты Қазақстан халқына жолдауында ″Тілдердің үш тұғырлығы″ мәдени
жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш
тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл дегеніміз
1
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 4
курс студенті
2
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі ,
педагогика ғылымдарының
кандидаты