«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
88
тіркесетін, аңықтайтын сөздерімен қоса беріледі: мемлекетаралық қатынас,
дүниежізілік деңгей, саяси күштер, саяси байланыстар, өзара қарым-
қатынас, дипломатиялық сапар, ресми сапар, үкімет басшыларының
сапары, маңызды фактор, халықаралық міндеттеме, сыртқы саяси ақпарат
, мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі, мәмілегерлік құжат,
қорытынды акті, көп тараптық дипломатия, дипломатиялық мәжілістер
және кездесулер, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық өкілдіктер,
консулдық мекеме, халықаралық қауіпсіздік, бейбіт қатар өмір сүру,
ұлттық режим(тәртіп) дипоматиялық нота, келісім шарт т.б.
Осы тақырыптың мазмұнына сәйкес сұхбат үлгілері, логикалық
сұрақтар, тапсырмалар да жүйелі түрде берілуі қажет.Мамандыққа
қатысты сұхбаттасу сұрақ-жауап түрінде болмақ. Хабар көбіне оқытушы
арқылы жүзеге асырылады және бұл сұхбаттар тапсырманы шешу,
проблемалық тақырып, келісу, келіспеушілік түрінде құралады.
Мысалы: Сіз қалай ойлайсыз? Қазақ дипломатия тарихы кімнен
басталады?
-Мәлік Сабырұлы Фазыловтан.-Жоқ. Келіспеймін. Абылай ханнан,
немесе, жеке анықтама сұрау:-Дипломаттар не істейді?-Сыртқы саясатта
мемлекетаралық қарым-қатынасты халықаралық үйлесімдік муддесіне
сәйкес жүргізеді.
–Саясаткерлер немен айналысады?-Сыртқы саясатты саясаткерлер
тұжырымдайды.
- Жоғары деңгейдегі халықаралық қатынастарды кімдер жүзеге
асырады?
- Елшілер, мемлекет, үкімет басшылары.
- Дипломат қандай болуы керек?
- Шыншыл, нақты, түзу,ұстамды, шыдамды, қарапайым, адал,
сезімтал,сабырлы, мізбақпас, білімді, сергек, білікті.
Я болмаса, хабарлама, түсініктеме түрінде:
- Дипломаттың әлеуметтік жағдайы қалай шешілген?
- Жақында дипломатиялық қызмет қызметкерлерін әлеуметтік
жағынан қорғау жөнінде шешім (заң) қабылданды
Осы тақырыпқа арналған жаттығу үлгілері қалай беріледі деген
мәселеге келсек, оның да бірнеше түрлерін ұсынуға болады. [3, б.144]
Бірінші түрі:1.Мына сөздерді оқып, баламаларын табыңыз. Мәміле-гер,
қызмет-кер, саясат-кер, саясат-шы, бас-шы, ел-ші, кеңес-ші, хат-шы, сарап-
шы.
2.Берілгендипломатиялық
лауазымдық
лексиканы
және
сөз
тіркестерін жазып, есте сақтаңыздар: дипломатиялық қызмет, дәреже,
лаузым, атташе,Төтенше
және Өкілетті уәкіл, Төтенше
және Өкілетті Елші,
кеңесші уәкіл, Бас консул, бірінші хатшы, вице-консул, референт,
халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
3.Мына үлгі бойынша