Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет45/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
99 
 
Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады: 
1. 
Тілдік бағыттар 
2. 
Функционалдық 
3. 
Оқиғалық 
4. 
Жаңашылдық 
5. 
Қарым-қатынастық дербестік бағыттар 
Коммуникация  сөзінің  негізгі  мазмұны  жалпы  қарым-қатынас, 
араласу,  хабарласу,  байланыс  деген  сияқты  мағына  білдіре  келіп, 
адамдардың  арасындағы  қарым-қатынасты,  өзара  түсінушілікті  көрсетеді. 
Осыдан барып «коммуникабельдік», түсінушілік деген сөздер мен ұғымдар 
пайда  бола  бастады.  Коммуникация  –  қарым-қатынас,  өзара  байланыс 
деген ұғымды білдіреді. 
Коммуникативтік  –  оқыту  процесінің  тілдік  бағытын  білдіреді  –  ол 
дегеніміз  коммуникативтік  әдістемеде  «сөйлеу»  –  тіл  дамыту 
жұмыстарының  бір  түрі  ретінде  және  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
үйретудің басты принциптерінің бірі болы табылады деген сөз. 
Коммуникативтік  байланыс  технологиясы  –  шетел  тілі  сабақтарын 
қарым-қатынас  негізінде  оқыту.  Ол  сабаққа  іскерлік  бағыт-бағдар 
береді.Сабақтың  практикалық  жағына  бағытталады.Сөйлеу  жаттығулары 
арқылы  лексика  мен  грамматикалық  ұғымдар  кең  көлемде  бір 
қалыпты,және тез мөлшерде жинақталады.Коммуникативтік оқыту қарым-
қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді: 
1.  Коммуникативтік мотивация 
2.  Дұрыс бағытта сөйлеу 
3.  Өзара қатынастың қалыптасуы 
4.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
Коммуникативтік  әдіс  –  оқушы  мен  мұғалімнің  тікелей  қарым-
қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын,  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін 
қалыптастыратын,тілдік  қатынас  пен  әдістемелік  категорияға  тән  басты 
белгілер мен қағидалар жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын 
тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын 
әдістің түрі. 
 Коммуникативтік стратегияға кіретін кезеңдер: 
1. 
Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау; 
2. 
«Бәрі  түсінікті  »  деген  сигнал  арқылы  толық  түсінуді 
қамтамасыз ету; 
3. 
«Мен  дұрыс  түсіндім»  деген  сигнал  арқылы  әңгімелесушінің 
толық түсінігін қамтамасыз ету; 
4. 
Сөз 
жетіспеушілік 
мәселесін 
сөз 
тіркестері 
мен 
түсініктемелер,аудару арқылы шешу; 
5. 
Қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу; 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
100 
 
6. 
Қарым-қатынастың  тақырыбын  өзгерту  арқылы  әңгімені 
қолдап отыру. 
Коммуникативтік  ойлау  іс-әрекетіне  дайын  болатын  когнитивтік 
құзырлық  коммуникативтік  құзырлықтың  керекті  компоненті  болып 
табылады.Шетел  тілі  сабақтарында  оқушылардың  тіл-ойлау  қабілетін 
дамытатын жағдайлар: 
1. 
мәтінмен жұмыс 
2. 
мәселемен жұмыс 
3. 
ойын ойнату жұмысы 
 
Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара 
байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері. 
Коммуникативтік 
оқыту 
тілдік 
әрекетінің 
барлық 
түрінде 
қалыптасады  –  тыңдауда  да,  сөйлеуде  де,  оқығанда  да,  жазғанда  да, 
өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. 
Лингвистикалық,  әдістемелік  әдебиеттердің  көпшілігінде  сөйлесім 
әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу 
жазу, түсіну. 
Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша 
өзара  қатынас,  жазбаша  өзара  қатынас  біркелкі,  бір  уақытта  дамиды. 
Жоғарыда  айтылғандай  коммуникативтік  оқытудың  сөйлеу  әрекетінің 
барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғандығы көрінеді. Өйткені ол 
ауызша  да,  жазбаша  да  қарым-қатынас  жасаушылардың  бір-бірін  тілдік 
қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді. 
Шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаттары  –  оқушылардың  дұрыс 
сөйлеу,  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастырып,  шетел  тілін  әр  түрлі 
жаңа технологиялар арқылы игерту. Шетел тілі мұғалімінің негізгі міндеті 
– шетел тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді етіп 
өткізу.  Шетел  тілі  сабақтарын  тиімді  өткізу  мақсатында  коммуникативтік 
оқыту технологиясын қолдану. 
Жаңа  білім  стандарттарына  сай  талаптарға  сүйеніп  жұмыс  істеуге 
болады: 
1. 
Сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу. 
2. 
Мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу. 
3. 
Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. 
4. 
Синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу. 
Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін 
өткізген  дұрыс.Сонда  ғана  нәтиже  жақсы  болады.  Сабаққа  дайындалған 
уақытта  формаларды  (ұжымдық,  топтық  т.б.  іріктеп  алу  қажет.  Бұл 
формалар  арқылы  оқушылардың  білімін,  іскерлігін,  дағдысын  тексеру 
үшін  түрлі  белсенді  тапсырмалар  енгізу  қажет..  Пәннің  мазмұны,  яғни 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
101 
 
сабақтың  дидактикалық  элементтерінің  жүйесі:  сөйлеуден,  тыңдаудан, 
сөйлем құрастырудан, аударудан , оқудан, жазудан құралуы керек. 
Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика). 
1. 
Лексикалық  бағыт  –  айтылуын  меңгеріп,  мағынасын  өмірде 
кездесетін жағдаяттар арқылы тілді тез игерту. 
2. 
Фонетикалық  бағыт  –  дыбыстың  айтылуы  мен  жазылуын 
меңгерту. 
3. 
Грамматикалық  бағыт  –  жас  ерекшелігіне  сай  сурет  бойынша 
жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. 
Әрбір  жаңа  тақырып  бойынша  мәтінді  меңгерту  кезінде  оқушылар 
топқа бөлініп, әрқайсысына бес міндет беріледі: 
1. 
Мәнерлеп оқу 
2. 
Түсіну 
3. 
Сұрақтар қою немесе диалог құрау 
4. 
Сызба арқылы өз ойларын айту 
5. 
Грамматика 
 
 
УДК 81’232 
ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ СӨЗДІК ҚОРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
А.Д.Оразғалиева
1
, А.Т.Темиртасова
2
 
Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті 
 
Аңдатпа: мақалада ағылшын тілін оқытуда ағылшын тілі оқытушылары 
қолданатын  көптеген  әдістердің  лексикасы  мен  түсіндірулерінің 
маңыздылығы туралы маңызды зерттеулерді қарастырылған. 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  актуальные  исследования  о 
важности  лексики  и  толкования  многих  методов,  используемых 
преподавателями английского языка в преподавании английского языка., 
Annotation:  The  article  discusses  current  research  on  the  impotence  of 
vocabulary  and  explaining  many  techniques  used  by  English  teachers  when 
teaching English, as well as my own personal view of these issues. 
Тірек  сөздер:  ағылшын  тілі,  лексикалық  қор,  коммуникативтік 
құзыреттілік 
Ключевые  слова:  английский  язык,  лексический  запас,  коммуникативная 
компетентность 
Key words: English, vocabulary, communication competence 
 
                                                           
1
 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 4 курс студенті 
2
 Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау