«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
84
Resume: This article is provided to the problem og teaching of the diplomatic
vocabulary in Kazakh classes. The experience of work with texst on speciality of
the development of skills of orall and writing speech in the sphere og the
professional aims is generalized.
Ғасырлар бойы дамып жетілген, сан ғасырлық тарихы бар, еліміз
егемендік алғалы мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған қазақ тілі соңғы
жылдары шоқтығы биіктеп, мәртебесі артып келеді.Бүгінгі таңда тіл
тағдыры, оның болашағы, мәртебесі бәрімізді толғандырады.
Қазақ тілінің ертеңі қалай болады, оның қолдану аясы мен қызметі
қандай? «Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде орындалуы қалай
жүргізілуде? т.б сұрақтар барлық жұртты ойландыратыны белгілі, өйткені
бүгінгі егеменді елдің ХХІ ғасырдағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық, мәдени
келбеті қазақ тілімен тікелей байланысты екенін ұғынып келеміз. Осындай
кінәратсыз, саналы тілдік ахуал қалыптасып отырған жағдайда туған тілдің
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қолданылуы қызметінің
артуына,өзге тілді аудиторияда тілді үйрету, оқыту ісінің бұрынғыдан да
оңтайлы түрде жүргізілуіне белсене араласу- қазақ тілі пәнінің
оқытушыларының парызы.
Өзгетілді аудиторияда қазақ тілін оқытудың қатынасымдық,
тәрбиелік, танымдық және жетілдіру мақсаттары, сондай-ақ дұрыс сөйлеу
дағдыларына қойылатын талаптар кешенді түрде қазақ тілінде жүргізілетін
барлық оқу-тәрбие процесінде, сабақ үстінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі жоғары оқу орындарында әр түрлі сала бойынша мамандар әзірлеу
барысында тек өз мамандығына байланысты білім беріп қоймай, сонымен
бірге мемлекеттік тілді де еркін меңгертіп шығару көзделіп отыр. Бұл-
бүгінгі күннің бұлжымас шарты, айнымас талабы. Сондықтан да, бөгде
тілді студенттерге мамандығы бойынша тілдік база жасау көкейтесті
мәселе.
Мысалы, жоғары оқу орындарында орыс тілді студенттерге
мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқытуда шешілмеген мәселелер көп.
Солардың ең бастысы- мамандықтарға сәйкестендірілген типтік оқу
бағдарламасының және арнайы оқулықтардың жоқтығы. Ғаламдану
үрдісінде бәсекелестікке төтеп бере алатын қоғамның мүддесі мен
мақсатына қызмет ететін білімді де білікті мамандармен қамтамасыз ету,
біліктілігін арттыру қоғам сұранысы, бүгінгі күн талабы. Сондықтан,
бүгінгі студент- ертеңгі маман жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығы
бойынша қызметке кіріскенде мемлекеттік тілді кәсіби талап деңгейінде
қолдана білуге үйрету үшін бірыңғай талапқа сай арнайы бағдарламалар
мен оқулықтар қажет-ақ. Өзгетілді аудиторияда мамандықтарға
байланысты қазақ тілін үйретудің әдістемелік кешенін әзірлеу, тіл
үйренушілердің деңгейлеріне қарап сұрыптау, қарапайымнан күрделіге