«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
86
тілімен таныстыру, дипломатияға қатысты терминдермен жұмыс істеп, сол
саладағы лексиканы байыту боп саналады. Бүгінгі таңда Қазақстанның
өзге елдермен келіскен, қол қойған келісімдерінің бәрі де мемлекеттік
тілде жазылып жүргені белгілі. Яғни, халықаралық қатынаста мемлекеттік
тіл басты міндет атқарады. Дипломаттың өз мемлекетінің тілін білу-
білмеуі, сол мемлекет туралы оның болашақтағы бағыт-бағдарын,
мемлекеттік тілдің жағдайын байқатып тұрады. Нағыз патриоттар осы
біздің сыртқы саясатты жүргізушілер емес пе? Патриот өз отанының тіліне
немқұрайлы қарамауы керек. Сол мақсатта студенттер дипломатиялық
құжаттардың тілімен, дипломатияға қатысты терминдермен университет
қабырғасынан оқып жүргенде-ақ танысып, меңгере алса, қызметке
барғанда оларға жеңілірек болады. Мамандыққа бейімдеп оқытуда қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты «Әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет,» - деп ел
Президенті атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді
шығарымпаздықпен оқытушының тиімді пайдалана білуі- бүгінгі таңда
білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы болмақ.
Сондықтан, дипломатиялық лексиканы оқытуда нота жазу, келісім
жобаларын жасау, келіссөз қорытыңдылары (декларация жазу),
аудиокурстық сабақтардың маңызы зор.
Мамандық лексикасын меңгертуде төмендегідей басты міндеттер
ескерілуі керек:
қатысымдық: қазақ тілінде сөйлесу, тиісті мәтіндерді лексиканы
пайдалана отыра кәсіби сөздер терминдерге үйрету. Мамандықтары
бойынша сөйлесу дағдыларын қалыптастыру; тілге үйретудің тиімді әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып, кәсіби білім деңгейлерін арттыру, жалпы тіл
мәдениетін және ғылыми тіл негіздерін үйрету.
танымдық: мамандыққа сай термин сөздермен таныстыру, меңгерту,
сонымен қатар арнайы мәтіндермен, газет материалдарымен жұмыс істей
білу. Өз мамандығы төңірегінде еркін сөйлесе білу, термин сөздер мен
арнайы мәіндерді пайдалана білуге дағдыландыру.
тәрбиелік: студенттердің тіл байлығын арттыру, мәдени деңгейін
көтеру, білікті маман ретінде қазақтың әдеби тілін меңгеруге
қызығушылығын арттыру.
Жалпы, мамандық бойынша кәсіби лексиканы дамытуда мына
мақсаттар көзделмек:
1.Мамандығы бойынша сөйлеу тіліне үйретудың ең тиімді жолы
мамандығына, кәсібіне қарай пәрменді лексикалық (оның жиі
қолданыстағы тізбектерін)яғни, көрсетімдік сөздік қорын қалыптастыру
қажет, терминдері таңдап, сұрыптап алу керк. Ол үшін терминдер сөздігін,
тақырыптық сөздіктер құрастыру қажеттігі туады.