161
3 СЕКЦИЯ
«БАЛАБАҚША – МЕКТЕП – КОЛЛЕДЖ - ЖОО» КӨП ДЕҢГЕЙЛІ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ
ТӘЖІРИБЕ
ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ КОМПОНЕНТ В МНОГОУРОВНЕВОЙ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СИСТЕМЕ «ДЕТСКИЙ САД – ШКОЛА – КОЛЛЕДЖ -
ВУЗ»: МИРОВОЙ И ОТЕЧЕСТВЕННЫЙ ОПЫТ
ӘОЖ 378.02:39.016:57
«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ
ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
п.ғ.д.,профессор Чилдебаев Жумадил Байдилдаевич
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан zhumadil_47@mail.ru
PhD докторант, Нургалиева Айман Калидуллаевна
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан arailum2010@mail.ru
Аннотация: В настоящей статье биологическое знание создает понимание жизни как
жизненно важного актива для молодого поколения. Образовательная ценность биологиче-
ского образования заключается в обеспечении всестороннего развития учащихся.
Наша главная цель - войти в ряды тех стран, которые приобрели опыт процветающих
стран в развитии образования. Ключом к будущему могут стать высококвалифицированные,
конкурентоспособные молодые люди, которые имеют разумное и качественное образование.
Ключевые слова: биологическое образования, практическое занятие, педагогическая
практика, методика.
Abstract: In this article, biological knowledge creates an understanding of life as a vital asset
for the younger generation. The educational value of biological education is to ensure the compre-
hensive development of students.
Our main goal is to join the ranks of those countries that have gained the experience of pros-
perous countries in the development of education. The key to the future can be highly skilled, com-
petitive young people who have a reasonable and quality education.
Key words: biological education, practical training, pedagogical practice, methodology.
Биологиялық білім – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор
құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы
оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жақты
қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады. Ал, биологияны оқу –
биосфераны қорғау адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің сақталуы және
дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді [1, б 39-42]. Биология пәнінің
басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми
дүниетаным қалыптастыру.
Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдары саласымен тығыз байланысты.
Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар
жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек. Табиғатта болып жатқан
құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің
теориялық білімі үлкен рөл атқарады. Негізінде мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми
162
тұрғыда беріледі. Оқушының білім біліктілігін өз бетінше ізденіс арқылы дамыту үшін
зерттеушілік әдістің мәні зор. Биология ғылымдары саласының негізгі зерттеу әдістері:
бақылау, эксперимент жүргізу;
жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан сараптау және қорытындылау болып
табылады.
Бақылау және эксперимент жолмен жинақталған материалдарды салыстыру,
қорытындылау, зерделеу оқушылардың логикалық шығармашылық ойлауын дамытады.
Мектеп биология курстарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен
айырмашылық оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау
формасында.
Биология ғылымының мақсаты – зерттеудің нәтижесінде тірі табиғат туралы
заңдылықтар мен жаңалықтар ашу. Мектеп биология пәнінен шақтап берген көлемінде,
оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерінен ақпарат
беру. Биология агрономия мен медицинананың негізі болып табылады. Мектеп
биологиясында бұл байланыс, оқушыларға политехникалық бағытта білім беру барысында,
теорияны практикамен ұштастыруда көрініс береді. Әдістеме тек биология мазмұнының
ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты.
Биология
курсының мазмұны сыныптан , сыныпқа жоғарылаған сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім
сабақ беру барысында 5-8 сыныптарда бір сабақтың өзінде әр түрлі әдістермен тәсілдерді
қолданады. Ал жоғарғы сыныптарда сабақ барысында бір-екі тәсілді қолданумен шектеледі.
Сабақтың мазмұны фактілерді қарастыру кезінде және теориялық қорытынды жасау барысында
күрделенеді.
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан,
педагогикамен де тығыз байланысты. Себебі, дидактиканың жалпы ұстанымдары мен тәрбиелеу
мәселелері бір. Мектептегі білім беру мен тәрбие беру, оқыту негізінде жүргізіледі. Материалдың
мазмұны, оқыту әдістері, мазмұнның логикалық түрде қарастырылуы, оқыту процесінің барлық
формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді және оның ғылымға деген көзқарасын
арттырады [2, б 344].
Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қорытындысымен,
пікірлеріне, педагогикалық әдептің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей
байланысты. Әдістеменің өзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде сараптау жолымен жүзеге
асады. Одан соң біртіндеп жаратылыстанудың жалпы методикасынан жекеленген пәндер
методикасы болып бөлініп шықты [3, б 85]. Қазіргі кезеңде әдістеменің ғылым ретінде
дамуындағы өзекті мәселердің бірі осы кезге дейін жинақталған тәжірибелердің қорытындысын,
материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқытудың әдістемелік жағын түбегейлі
жетілдіру болып табылады. Биология материалдарының негізінде әдістеме, оқытудың мәселелерін,
тәрбиелеудің жолдарын жетелдіру барысында әдістемелік зерттеулер жүргізіледі.
Биологияны оқыту әдісінің нысандары және ғылыми зерттеу әдістері төмендегідей:
1.Озат алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибелеріне, құнды бастамаларды анықтау
мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету.
2.Әдістеменің шешілмеген, өзекті мәселелерін анықтап жұмыс болжамдарын алға қою.
3.Болжамдарды шешу мақсатында мектептерде эксперименттер ұйымдастыру.
4.Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап-қорытып, сараптап бо-
лжамды растау, оның теориясын жасау.
5.Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелік жұмысты тексеруден
өткізіп, әдістемелік теорияны бекітіп, дәлелдеу [4, б58-62].
Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады. Әдістеменің
өзіндік мәселелері – биологиялық тәрбие бере отырып, оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Оқыту - оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде және таным әрекетінің
тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Оқыту
үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу
мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |