67
ӘОЖ 911.02.37
ҚОРҒАЛЖЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
1
Аяпбекова Алия Ескермесовна
1
Серікбек Нұргүл Ермекқызы
1
Кожамуратова Жаксыгуль Бегайдаркызы
1
«Тұран-Астана» университеті, Астана қаласы, Қазақстан e-mail:alya1960@list.ru
Аннотация: В статье приведены примеры правильного и полезного использования
для развития экотуризма в Коргалжынском регионе. На территории нашей республики необ-
ходимо изучить и проанализировать наиболее подходящие области для организации экоту-
ризма. В Коргалжынском районе планируется построить новую и интересную туристиче-
скую инфраструктуру и объекты. Был проведен SWOT-анализ развития индустрии экотуриз-
ма в регионе. Планирование и организация экотуризма для развития внутреннего туризма в
регионе.
Ключевые слова: пейзаж, гостеприимный, первая природная территория, заповедник,
ихтофауна
Abstract: The article gives examples of the correct and useful use for the development of
ecotourism in the Korgalzhyn region. On the territory of our republic, it is necessary to study and
analyze the most suitable areas for the organization of ecotourism. It is planned to build a new and
interesting tourist infrastructure and facilities in Korgalzhynsky district. A SWOT analysis of the
development of the ecotourism industry in the region was conducted. Planning and organization of
ecotourism for the development of domestic tourism in the region.
Key words: landscape, hospitable, first natural territory, nature reserve, ichthyofauna
Әлемдегі табиғи, тарихи-мәдени көрнекті орындарды көру саны жыл сайын өсіп
келеді. Жақсы көлік инфрақұрылымы кез келген аймаққа туристерді жеткізеді. Әлемге әйгілі
көрнекті орындардың танымалдығының ұлғаюы әлем мәдениетіне қызығушылықтың
жоғарылауының нәтижесі [1, б.28]. Көрнекті орындарды көру үшін ұсынылатын тізім
ауқымырақ болу керек. Өз елімен жақын танысқан және көптеген басқа елдерде болған
саяхатшыларды қызықтыратын объектілерді де қосу керек. Оған дәлел елбасы Н. Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі әлемнің өзгергенін, заман
дидары басқаша екенін айтқан болатын. Дүние жүзінде өріс алған мұндай өзгерістерден
біздің еліміз де тыс қала алмайды. Осыған сәйкес Отанымыз да ізгі құндылықтарды басты
негізге алып, жаңа қоғам құруға бет алғандығы мақалада баса айтылған.
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, киелі жерлері, қасиетті орындары болатыны
белігілі. Ол – ел өмірінің ұлы белестерін айғақтайтын, бейне бір салқар көштей ұзақ
тарихтың қадау-қадау оқиғалары өткен орындар мен сол халықтың ұлы перзенттерін дүниеге
келтіріп, олардың 55 ерлігі мен ғажайып талантының ашылуына куә болған мекендер.
Дархан даламызда ондай жерлер өте көп. Елбасының бағдарламалық мақалада
көрсетілгендей, Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы бойынша жүргізілетін жұмыстардың ең бастысы қоғамның рухани
жаңғыруына үлкен ықпал етеді.
Шетелде жергілікті ландшафт пен архитектура ескерткіштерін туристік мақсатта
саналы түрде пайдалануды қолдап отырады. Осылай, жаңа туристік жоба қоршаған орта
жағдайын мүмкіндігінше жақсартып сақтау мақсатына сәйкес жоспарланып отыру керек.
Ұлттық парктерге, қорықтарға, сафарилерге, шаңғы курортарына сапарлар танымал
болып барады. Туристік ағымының молаюын күтіп тұрған елдер жаңа туристік нысандарды
салуға және ескі нысандарды қайта қалпына келтіруге көптеген амал-тәсілдер табатын
болды.
68
Танымдық
туризмге
қызығушылықтың
артуымен
байланысты
мәдениет
ескерткіштерін қорғау мәні ұлғаюда. Мәдениет ескерткіштерін сақтауда және туристік
ағымды басқаруда тиімді шараларды қолдану қажет.
Тақырыптық туризм басқа туристік мотивтерден жоғары тұратын нақты құбылысқа,
мысалы, сол жердің климатына, туған ерекше қызығушылықты қарастырады. Тақырыптық
парктердің танымалдығы жыл жылға ұлғая түседі. Әлемде осындай бірнеше парктер
салынып жатыр.
Экологиялық туризм мақсаттарына жұмсалынатын қызық және сирек табиғи
учаскілер мен территорияларды жұмсауға, (мемлекеттің жеке меншігінде тұратын
ұйымдастырылған ұлттық парктер мен басқа резерваттардан басқалар) жерге жеке меншік
үлкен қиыншылықтар туғызады. Осы мәселені, басқару структуралар жеке жерлерді сатумен
және жер иелермен бірлестік келісімдер жасау мен компенсациялық төлеулер арқылы
шешеді
2, б. 64
.
Экологиялық туризмге кадрлерді дайындауға көп уақыт бөлінеді. Мысалға,
Францияның технологиялық институттары экологиялық туризм консультанты, экономика
және құқық консультанты, халықаралық экологиялық туризммен басқару консультанты және
мемлекеттік гид аударушы мамандықтары бойынша жоғарғы мамандандырылған
технологиялық диплом беріледі. Университеттер және мамандандырылған жоғарғы
мектептер экологиялық туризмнің жағрафия мен экономикасы бойынша студенттерді
дайындайды.
Францияның туристік агенттіктерінің үлкен бөлігі персоналды дайындау
бағдарламасын құрылысын айқындау сұрақтары бойынша оқу орындармен келісімде болады
және олар студенттер үшін өзінің төлем ақы қорынан 5% бөледі [1, б.93].
Туризмге бағытталған мемлекеттер үшін жарнама үлкен рөл атқарады. Бұрыннан
белгілі, нарықты жаулап алу жолында өз мемлекетінің, ауданның, мекеннің туристік
мүкіншіліктері бойынша тұтынушыларды ақпараттау бірінші мақсат болып саналады.
Туристік жарнаманы іске асыру әдістері әр түрлі. Мысалы, Испанияда жарнама
теледидар, жылдық газеттер, журналдар, радио, сыртқы жарнама (афиша), фильм көрсетулер
арқылы іске асырылады. Оның пайыздық көрсеткіштері 1 кестеге сәйкес көрсетілген
3
.
Кесте 1
Испанияда туристік жарнамға кететін ақша көлемі
Жарнама құралы
Пайыз
теледидар
56 %
жылдық газеттер
17,6 %
журналдар
12,7 %
радио
6,4 %
сыртқы жарнама
6,4 %
фильм көрсетуге
1,1 %
Францияда туризмнің барлық түрлері бойынша локальді және жалпыұлттық
ақпаратты тарататын туризм бойынша 1500 муниципальді бюро бар. Осында жыл сайын
мемлекеттік мүшелермен және ұйымдармен басылған 8 млн. документтер және саяхат
бойынша агенттіктермен 10 млн. брошюрлар таратылады. Экологиялық туризмнің массалық
дамуы бүкіл әлемге, үлкен эстетикалық рахат алу және тірі заттарға гуманды қараумен бірге,
үлкен экономикалық табысқа әкелген , табиғи және мәдени бағалықтар халықтың негізгі
байлығы екеніне әкелді. Сондықтан, көптеген мемлекеттердің үкіметтері және жергілікті
басқару мүшелері экологиялық туризм ресурстарының деградациясына және қиратылуына
қарсы радикалді және мықты шараларды іске асырайды. Әр бір режимді бұзғаны үшін
туристен штраф алынады, егер де бұзған орын ерекше қорғалатын немесе оған жақын жерде
болса штраф өте үлкен көлемде төленіледі.
Жалпы прогрессті ойлап жатқан әлем қоғамы, қазіргі уақытта келесі сөзді ұрандайды:
«Табиғат – адамзаттың жалпы байлығы. Табиғатпен және оның ресурстармен пайдалудан
Достарыңызбен бөлісу: |