210
сапасын кемітетін ұзақ уақыт біржақты тапсырмалар беруден сақтану керек. Кезекшіліктің
кестесі ыңғайлы жасалған болуы керек. Осындай еңбек тәрбиесі арқылы біз оқушыларда
экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз.
Экологиялық мәдениет табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің
мұрасы болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуына,
елдің және әр адамның экологиялық білім мен тәрбиесі деңгейіне байланысты қаланады.
Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны
құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет негіз саласына
жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық
ғылыми әлем суретін құрастыру, экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология
заңын түсүнуге көмек көрсету мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғатты пайдалану.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістікіс-әрекеттің
барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Сонымен, оқушылардың экологиялық
білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану,
экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастыру.
Олай болса, жасөспірімдердің тұлғалық дамуы мен еңбек субьектісі ретінде
қалыптасуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы
осы айнала қоршаған ортамен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақшамен
шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады. Ол, экологиялық
саяхаттар, серуендер, ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеттердің барлығы арқылы
дамиды, түйсікте сақталады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі – Алматы, 1999. - №4. – Б.
1 – 8
2. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдияров А. Педагогика. Алматы.: Дарын., 2004
3. Гирусов Э. В. Основы социальной экологии: Учебн. пособие. М. РУДН- 1998.-172 с.
4. Лихачев В.Т. Экология личности // Педагогика. – 1993.- 17 с.
ОӘЖ: 574: 371. 3
БИОЛОГЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ
БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Умирзакова Н.Т.
Алматы университеті, Алматы, Қазақстан.
umirzakova-nagi@mail.ru
Шілдебаев Ж.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан.
zhumadil_47@mail.ru
Аннотация: В этой статье рассматривается экологическое образование и воспита-
ние в колледжах и школах-гимназиях как один из актуальных направлении образовательной
системы.
Ключевые слова: Экологический кодекс, Биосфера, Экомониторинг, Окружающая
среда
Abstract: In this article ecological education and education in colleges and schools gymna-
siums as one of actual the direction of educational system is considered
Key words: Environmental Code, Biosphere, Ecomonitoring, Environmen
Бүгінгі күнге дейін колледждерде «экология» курсы 1994 жылғы шыққан
бағдарламамен оқытылып келеді. Кейбір авторлық бағдарламалар да бар. Бірақ, экологиялық
білім беру республика бойынша бір жүйеге келтірілмеген. Қазіргі талап басқаша. Әсіресе,
мектеп, лицей, гимназия, колледждерде мамандықтарына қарай экологиялық кәсіби білім
211
қалыптасытыру жүйелілікті,бірізділікті, үздіксіз экологиялық білім беруді қажет етеді. Бұл
мәселе көптеген үкімет қаулыларында «Экологиялық кодекс» заңында нақты көрсетілген.
Қазіргі маман дайындау: мектеп-бакалавр-магистратура-докторантура жүйесі бойынша
жүзеге асып келеді. Сондықтан бүгінгі заманауи талап – үздіксіз экологиялық білім беру [1].
Баршаңызға белгілі әлемдік ғаламдық экологиялық проблемалар Жер шарында күнделікті
әртүрлі оқыстан болатын табиғат апаттарын әкелуде. Нәтижесінде, күніне мыңдаған адамдар
мен жалпы тіршілік атаулар бұрын соңды болмаған зардаптар шегуде. Осының бәрі –
көпшіліктің яғни адамзат қауымдастығының экологиялық сауатсыздығынан туындап
отырғанын кейбіреулер мойындағысы да келмейді. Қазіргі жаhандану кезінде Жер шарының
біртұтастық заңдылығын бұзбай «тұрақты дамуға» қол жеткізу бүгінгі аға ұрпақтың адами
парызы деп есептейміз. Соның ең басты тетігінің негізіне: экологиялық білім мен тәрбие,
эологиялық мәдениет және этика жатады. Яғни, экологиялық білімсіз «адам-қоғамы»
табиғаттың тағдырын тұл етуі әбден мүмкін.
Экологиялық білім отбасынан немесе ана сүтімен берілуі тиіс. Бұна бабаларымыз
өмір тәжрибелері арылы шешіп келген. Ал, қазіргі жағдайда білім беру арқылы шешу
қажеттігі туып отыр.
Бұл мәселе Қазақстанда дұрыс жолға қойылды деп кесіп айтуға болмайды. Оның
бірден-бір фактісі «Экология» жеке пән ретінде білім беру жүйесінің мектеп, лицей,
гимназияға енгізілмей отыруы. Ал, бұл бағытта көптеген өркениетті елдерде «Экология»
курсы пән ретінде оқытылады. Соның басында ұлы Россия мемлекетінің президенті
В.В.Путиннің бұйрығымен 2007 жылдан бері мектептерде оқытылып келеді. Мұны қалай
түсінуге болады? Ал, енді бүгінгі мәселеге келетін болсақ кoлледждерде оқытылатын
«Экология» курсының мазмұнын бүгінгі талапқа сай қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз.
Бұл мәселе Астана қаласындағы «КБЖИ» және Алматы қаласы, облысындағы кадрлар
біліктілігін жетілдіру институттарда жыл сайын көтеріліп келеді. Кейде маман жетіспейді
дегенді жиі естиміз. Ол дұрыс емес. Мәселен 1994 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
бастауымен
ЖОО
«биология-экология»,
«география-экология»,
«химия-экология»,
«экология» мамандықтарын үздіксіз дайындап келеді. Оның үстіне барлық ЖОО-да
«Экология және тұрақты даму» курсы оқытылады. Сол сияқты ЖОО арнайы курстар
«Экомониторинг», «Экосараптама», «Қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілік»,
«Биосфера», «Ғаламдық экологиялық проблемалар», «Қазақстанның экологиялық
проблемалары» оқытылады. Осыған орай алған ЖОО-ы көпшілікке үздіксіз экологиялық
білім беруде көшбасшы болу міндеті тұр. Көптеген мектептерде 100-ден астам мектептерде
«Экология» пән ретінде оқытылып келеді. 9-сыныпқа арналған «Экология» оқулығы (5 оқу-
әдістемелік кешенімен) 2003 жылы жарыққа шыққан (авторлары Ә.С.Бейсенова,
Ж.Б.Шілдебаев) 5-9 сыныптарға арналған экология бағдарламасы бар. Бұл оқулық пен оқу
құралдары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бекітуімен қолданыста. [2]
Колледждер көбінесе пән мұғалімдерін, педагогтарды дайындайды (Қазалорда, Есік,
Қаскелең, Талдықорған, Жаркент және т.б.)
Колледждерде экологиялық білім беру 3 деңгейде қарастырылған:
1 деңгей – дәстүрлі пәндерді экологияландыру;
2 деңгей – факультативтік сабақтар;
3 деңгей – «Экология» жеке пән ретінде.
Экологиялық білім берудің бұл жүйесі қолданыста болғанымен үздіксіз білім беру
ұстанымын қамтамасыз ете алмайды.
Әсіресе, колледждерде экологиялық білім беру үрдісі биологиялық білімге терең әрі
қолданбалы – проблемалық тұрғыда қолданылуы тиіс. Мектеп тәжірибесінде (жаңа буын
оқулықтары мазмұнында) экологиялық алғашқы түсініктер дәстүрлі пәндер мазмұнында
беріліп келеді. Олар негізінен биология, география, химия, физика пәндері. Әсіресе,
биология пәнінде 9-сыныпта 18 сағат, ал 11-сыныпта 22 сағат көлемінде берілген арнайы
«Экология негіздері» тарауы бар. (Мектептерде 2003 жылдан бері оқытылып келеді). Деседе,
экологиялық білім беру колледждерде арнайы оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Бұл мәселе ҚР «Білім туралы» және «Экологиялық кодекс» заңдарында арнайы беттермен
көрсетілген. Оның үстіне колледжге оқушылар 9-сыныптан кейін түсетіндіктен әрі болашақ
Достарыңызбен бөлісу: |