79
-наладить социальную работу с населением, к примеру, провести разъяснительные беседы
в детских садах, учебных заведениях и предприятиях и разработать систему поощрения для, пред-
приятии и населения по утилизации отходов;
-осуществить переход на биоразлагаемые упаковки продукции и поощрять такие
предприятия.
Список литературы
1. Д.Аджемоглу, Дж.Робинсон., «Почему одни страны богатые, другие бедные»., AST Publishers
2017.
2. Ж.Бодриярд., «Общество потребления. Его мифы и структуры»., 2006.
3. А. Безбородов, Н. Елисеева, В. Шестаков., «Перестройка и крах СССР. 1985–1993»., Санкт-
Петербург 2010.
4. А.Морозов., «Казахстан За Годы Независимости»., Алматы 2005.
5. Anar Somuncuoğlu., «Kazakistan ve Özbekistan Ekonomileri. Geçiş ve Büyüme Stratejileri»., 2001.
6. Ашимбаев М, Нурмухамедов Б, Султанов Б, Кадыржанов Р, А.Г. Косиченко, А.Б. Гали, Т.Б.
Умбеталиева, Г.Т. Илеуова., «Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий»., 2001.
7. Джордж Ритцер, «Макдоналдизация общества 5»., Перевод с английского Андрея Лазарева.,
Москва 2011.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті., Қоршаған орта
статистикасы., 4 серия., «Коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және сақтауға
беру туралы»., 2016.
9. В.В. Мохнаткин, Е.В. Белякова., «Рациональное обращение с бытовыми отходами как составля-
ющая городской логистики: отечественный и зарубежный опыт»., 2013.
10. S.Bruce, S.Yearley., «The SAGE Dictionary of Sociology».,SAGE publications., 2006.
УДК 37.01
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ
Албытова Назымгүл Пышақбайқызы
Л.Н.Гумилев ат. Еуразтя ұлттық университеті, Астана қ.
Аннотация: В статье проведен обзор проблем, обозначенных в статье Президента РК
Н.Назарбаева "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной
революции". Автор выделяет, что увеличение образовательной нагрузки учащихся начальной
школы отрицательно сказывается на их физическом, психологическом и педагогическом
развитии. Предложены пути решения и необходимость экологического образования.
Ключевые слова: начальная школа, экологизация образования, содержание
образования, учебная нагрузка, учебный процесс, физическое, психологическое развитие
Abstract: The article reviews the problems mentioned in the article of the President of the
Republic of Kazakhstan N.Nazarbayev "New development opportunities in the conditions of the
fourth industrial revolution". The author of the educational and methodical approach draws atten-
tion to the fact that training loads negatively affect the child's physical, mental and pedagogical de-
velopment. Given recommendations on the development of environmental education in primary
classes.
Key words: the primary school, the ecologization of education, the content of education, the
training load, the educational process, the physical, psychological development of education
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы
дамудың
жаңа
мүмкіндіктері”
атты
Жолдауында
Жаңа
әлем
көшбасшыларының қатарына қосылу үшін нақты міндеттерді атап көрсетіп берді [1].
Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» бөлімі қоғамда болып жатқан
өзгерістердің адам игілігі үшін екендігін айғақтайды. Десек те Елбасы «Біздегі оқушылардың
жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп
80
екенін, оны төмендету керек»-деп, ескертті. Демек, оқушылардың жүктемесінің орта есеппен
үштен бір еседен көп екеніндігі, өкінішке орай, біздің орта мектептегі оқыту процесі
оқушылардың физикалық (дене дамуы, салмағы, көру, есту, және т.б.) психологиялық (зейін
тұрақтылығы, қабылдау, ойлау, қызығушылық және т.б.), педагогикалық (сабыр сақтау,
тәртіптілік, мінез-құлық, және т.б.) дамуына кері әсер етіп жатыр деп айтуға негіз бола
алады. Мемлекеттің болашағы бүгінгі күнгі мектеп оқушылары болғандықтан, мектептегі
өзгерістер олардың денсаулығына қаншалықты әсер ететіндігіне аса назар аудару керек, ол –
білім беруді экологияландыру мәселесі.
Жалпы, қазіргі кезеңде бүкіл әлемде білім беруді экологияландыру стратегиясы мен
әдістерін жетілдіру тұрақты түрде күн тәртібінде болғанымен, оның көкейкестілігі әлі де
болса зерттелуді талап етеді.
Білім
беруді
экологияландыру
мәселелері
В.М.Назаренко,
Д.П.Ерыгина,
Г.В.Мисичкина, Л.А.Коробейников, Г.М.Чернобельская, Н.Е.Кузнецова т.б. жұмыстарында
қарастырылған. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап
айтқанда: Ресейде (Голубец М.А, Захлебный А.Н, Иоганзен Б.Г, Кучер Т.В, Миронов А.В,
Соломина С.Н, Тихонова А.Е,) Өзбекстанда (Тұрдықұлов Э.А, Хакимов Э.) және
Қазақстанда (Аймағанбетова Қ, Бейсенова Ә.С, Бірмағанбетов Ә.Б, Жатқанбаев Ж.Ж,
Жүнісова К.Ж, Чилдебаев Д.Б., Тілеубергенов С.Т, Торманов Н.Т., Сыдыкова З.Е., Турабаева
Г., Қойбагарова Б.Х., Смирнова Г.М., Тажигулова Б.М.) экологиялық білім мен тәрбие
берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны
айқындалды [2].
Н.М. Мамедов білім беруді экологияландыруды экологиялық аспектті барлық оқу
пәндеріне енгізу, білім беру мекемелері ортасын экологизациялау, «мұғалім-оқушы» қарым-
қатынасын экологизациялау бағыттарында қарастырады. В.С. Тютюков бұл мәселені
адамның барлық өмірлік қызметіне ықпал ететін құндылық бағдар ретіндегі кешенді,
интегративті ғылым деп тұжырымдайды [3].
Біз шағын мақалада бастауыш мектепте білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім
беруді экологияландыру мәселесін оқушының денсаулығына зиян келтірмеу бағытының
ескерілуін қолдаймыз. Яғни, білім беру мекемелері ортасын экологизациялау, «мұғалім-
оқушы» қарым-қатынасын экологизациялау жолдарын анықтап, оқушының барлық өмірлік
қызметіне ықпал ететін құндылық бағдар ретінде кешенді, интегративті зерттеу жүргізу
қажет.
2016-2017 оқу жылынан басталған жаппай жаңартылған мазмұн бойынша оқытуға
көшу түбегейлі жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар бойынша оқыту болғандықтан
бұл мәселені кешенді түрде (ұйымдастырушылық-әкімшілік, материалдық техникалық және
моральдық-құндылық) жауапкершілік таныту арқылы шешу оқу жүктемелерін реттеу
қажеттілігі туындайды.
Біріншіден, жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушының функционалдық
сауаттылығын дамыту идеясын кеңістікте насихаттау жұмысы кеңінен жүргізіліп, педагогтар
мен ата-ана оқушының физиологиялық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері және
апталық сағат саны туралы білімдерін тұрақты түрде көтеріп, отбасының белсенділігін
арттыру қажет.
Екіншіден, жаңартылған білім мазмұнымен оқытуға кадр даярлауды министрлік,
ЖОО, жергілікті әкімшілік өзара бірлестікте қарқынды түрде шешуді жалғастыру керек.
Оқушының жүктемесін азайту сыныптағы оқытумен қатар қосымша білім беруді шебер
ұйымдастыруға байланысты. Қосымша білім беру – оқушының қызығушылығы ескеріліп,
шебер ұйымдастырылған пәндік үйірмелер, қол өнері, яғни материалдық-техникалық
қолдауды қажет ететін спорт кешендері, музыка мектептері, технопарктер және т.б.
Үшіншіден, жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту процесі моральдық-
құндылық негізге бағдарлануы абзал. Қоғам мен экономиканың қарқынды даму жағдайында
оқушылардың оқу жүктемелерін нормаға сәйкестеу бағытын анықтау зерттеуді қажет ететін
бүгінгі күннің көкейкесті нысаны болуы заманауи талап. Педагогика тарихында
В.А.Сухомлинскийдің «Жүрегімді балаға беремін (Сердце отдаю детям)», Ы.Алтынсариннің
«Мұғалім – мектептің жүрегі» деген ой-тұжырымдары белгілі. Осындай қағиданы ұстанған
Достарыңызбен бөлісу: |