Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет36/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   156

73 
Қандай  болмасын,  әйтеуір  бір  нәрсеге,  ең  бастысы,  баланы  мұқияттылыққа,  еңбектенуге, 
жолдасымен  ынтымақта  болуға  үйретеді.  В.А.Сухомлинский:  “Ойынсыз,  музыкасыз, 
ертегісіз,  шығармашылықсыз,  фантазиясыз  толық  мәндегі  ақыл-ойы,  тәрбиесі  болмайды”,  - 
деп  санайды  [1,  89].  Бала  ойын  үстінде  дүние  танудағы  өз  мүмкіншілігін  сезінумен  қатар, 
айналасындағы  адамдар  мен  олардың  әрекетіне  көңіл  аударады,  заттың  ішкі  мазмұнын 
білгісі  келеді,  бұл  оның  қызығушылығын  оятады.  Балалардың  қиялын,  ойлауын,  сөйлеуін 
дамыту  үшін  ойынның  үлкен  мәні  бар.  Балалар  ойынына  үлкендер  жетекші  болмайынша, 
олардың әрекеттік мазмұны өзінің мақсатына жете алмайды. 
В.А.  Сухомлинский:  “Ойын  дегеніміз  –  ұшқын,  білуге  құмарлық  пен  еліктеудің 
маздап жанар оты”, - деп дидактикалық ойындардың психологиялық, педагогикалық негізін 
дәл сипаттайды [ 2 ,152]. 
 Ойын  мәселесіне  психологтар  мен  педагогтардың  өз  назарын,  ежелден-ақ, 
аударғанымен,  тек  ХIХ  ғасырдың  аяғында  ғана,  ойын  арнайы  зерттеу  пәніне  айналды. 
К.Гроосқа дейін итальян оқымыстысы Д.А. Колоцца балалар ойыны туралы материалдарды 
жүйеге  келтіріп,  ойынның  педагогикалық,  психологиялық  маңызын  ашуға  әрекет  жасады.    
А.  Громбах,  Д.А.  Колоцца  орыс  тілінде  жарық  көрген  “Балалар  ойыны,  олардың 
психологиялық  және  педагогикалық  мәні”  еңбегінің  алғы  сөзінде  (1909  жылы):  “К.Гроос 
бала  ойынының  жұмбағын  шешіп,  табиғатын  ашпағанмен,  ойынның  жұмбақ  екендігін 
мойындатты”,  -  деп  К.  Гроос  еңбектерінің  ролін  бағалайды.  Мұнымен  келіспей  болмайды. 
Өйткені  күні  бүгінге  дейін  ойын  жұмбағы  толық  шешілген  жоқ.  Ғалым-психологтар              
К.  Гроос,  Э.  Клапаред,  А.  Диваев,  У.  Бонтендайк,  Р.  Гаупп,  В.  Штерн,  Н.Д.  Виноградов,       
В.П.  Вахтерев  ойын  теориясын  құрастырып,  ойын  проблемасын  көтеріп,  іс-әрекеттің 
маңызды түрі ретінде, оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. К.Гроос “Баланың рухани 
өмірі” деген еңбегінде бала ойынының биологиялық тұжырымдамасын терең дамытқанымен, 
ойынның  өзге  процестерімен,  әсіресе,  оқу-тәрбие  процесімен  психологиялық  байланысын, 
ойын барысында бала психологиясын дамытудағы орнын ашып көрсете алмады. 
Ойын  мәселесінің  кең,  жан-жақты,  салалы  зерттелуі,  ойынды  топтастыру,  жүйеге 
келтіру,  жинақтау,  дамыту,  ойын  түрлері,  технологиясы,  әдістері  көптеген  ғылымдар 
саласында:  әлеуметтік,  этнопедагогикалық,  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық, 
дидактикалық, т.б. тұрғыдан қарастырылғандығына қарамай, әлі толық шешімін таппаған. 
Дидактикалық-танымдық  ойынның  жай қарапайым  ойындардан  ерекшелігі,  олардың 
мәнді белгілерінің болуында. Олар мыналар: 

нақты  қойылған  оқыту  мақсаты  мен  соған  сәйкес  оның  педагогикалық  нәтижесі 
дәлелденуі мүмкін; 

оқу-танымдылық бағыттылығымен сипатталатындығы; 

айқын түрде бөліп көрсетуге келетіндігі . 
Ойын  тәсілдері  мен  ойындық  жағдаяттар  тәрбие  процесін  ұйымдастырған  уақытта 
негізінен мынандай бағыттарда жүреді:  
1.Оқушылардың алдына дидактикалық мақсат ойын міндеттері түрінде қойылады;  
2.Оқу әрекеті ойын ережесі мен тәртібіне бағынады;  
3.Оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;  
4.Оқу  әрекетіне  жарыс  байқау  элементтері  енеді  де,  жақсы  мағынасындағы 
бәсекелестік  рух  береді,  әрі  жарыс  түрінде  өтетіндіктен  дидактикалық  міндет  ойындық 
міндетке айналады;  
5.Тапсырманың 
жемісті 
жетістікпен 
орындалуы 
ойын 
нәтижесімен 
байланыстырылады [3, 44].  
 Қазіргі кезеңде тәрбиенің нәтижелілігін, оқушылардың белсенділігін арттыру, оқыта 
отырып  тәрбиелеу  принципін  жүзеге  асыру  мектепте  ойын  әрекетін  төмендегідей 
жағдайларда қолдануға ықпал етеді: 

оқу  пәні  бойынша  тақырыпты,  тіптен,  тұтас  тарауды,  негізгі  ұғымдарды  меңгеру  үшін 
дербес технология ретінде; 

неғұрлым кең, ауқымды технологияның бөлшегі ретінде (кейде аса мәнді); 

оқу  жұмысы,  не  сабақ  ретінде,  болмаса  оның  бөлшегі  түрінде  (кіріспе,  жаңа  сабақты 
түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау); 


74 

сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде (“Елім-ай” ойын-экспедициясы, “Атамекен” 
операциясы, ұжымдық шығармашылық іс, іскерлік ойын)  /4, 43 б./. 
Оқушылардың  экологиялық  білімін  дамытуда,  қызығушылығын  арттыруда, 
экологиялық  танымын,  ойлауын,  сана-сезімін  қалыптастыруда  экологиялық  ойындардың 
орны ерекше. 
Экологиялық  ойын  –  бұл  экологиялық  тәрбие  беру  формасы,  қатысушылардың  іс-
әрекетінің ерекшелігін ашуға негізделген, жоғары себепкерліктің деңгейін ынталандырушы, 
қызығушылықты,  эмоционалды  сезімді  оятып,  бірлескен  қызметке  ынталандырушы, 
қосылып  іс-әрекет  жасауға,  шығармашылық  іске  негіз  болады.  Енді    жарыс  түрінде  өтетін 
экологиялық 
ойындарға 
тоқталсақ.Байқау 
(конкурс) 
  аукцион 
емес 
түрінде 
ұйымдастырылады.  Алдын-ала  оқушыларға  тақырыптық  сұрақтар  мен  тапсырмалар  жүйесі 
беріледі.  Олармен  жарысқа  қатысушылар  танысады.  Байқауға  қатысушылар  кез-келген 
проблемаға  (“Адам  және  табиғат”,  “Мен  және  әлем”,  “Су  қоймаларының  өмірі”,  т.с.с.) 
байланысты өз пікірлерін ортаға салады. Жүргізушіден біліктілік, сәйкестілік талап етіледі, 
тақырып алдын ала жарияланады. Байқау - аукционда сатылатын, ойналатын затты, берілетін 
сыйлықты (мысалы, сөреге Қазақстан табиғаты мен жәндік, жан-жануарларының бейнесі бар 
открыткаларының  жиынтығын)  қояды.  Жыртқыш  шіркейлерді  атап  шығу  ұсынылады. 
Жобалар  -  проект  байқауы.Табиғатты  қорғау  жөніндегі  жобалар  байқауы.  Алдын-ала 
проблемалық  сұрақтар  қойылады.  Жоғарғы  сыныптарға  “Қалдықсыз  технология,  орта 
сыныптарға  “Мектеп  табиғатын  қорғаудағы  бастама”  акциясының  бағдарламалары.  Келісім 
бойынша жобаға 2-3 адам немесе жеке 1 адам қатынасады. Дайындық мерзімі берілуі немесе 
экспромды  түрде  өтуі  мүмкін.  Жобаларды  қорғау  ғылыми  орталығының  қызметі 
сахналандырылады.  Сахналық  көріністе  сын,  сықақ,  пародия  элеметтерімен  бірге  жеңіл, 
зілсіз  әзіл-сықақ  айтылып,  еркіндік  жағдайында  жүргізіледі,  регламентті  сақтай  отырып: 
баяндамаға – 7 мин., жарыс сөздер: жақтаушылар мен қарсыластар, оппоненттер сөйлеуіне – 
5 мин, аудиториядан пікір айтуға – 2 мин-ке дейін уақыт беріледі. Қазылар алқасы өте жақсы 
жобаларды анықтап, жеңімпазды белгілеп, марапаттайды. 
Кроссворд,  сөзжұмбақ  -  тізбелер  байқауы.Экологиялық  тақырыптардағы 
кроссвордтар  байқауына  қатысушыларды  үлкен  көлемді  сөздік  және  энциклопедиялық 
әдебиеттерді  қарауға  апарады.  Сайыс  жеңімпаздары  мектепте  “¦Ғажайып  алаң”  немесе 
“Экологиялық  білгіштер”  және  бүкіл  мектеппен  жарысуға  “Не?”,  “Қайда?”,  “Қашан?” 
ойындарына  қатыса  алады.“Ғажайып  алаң”  ойынын  қайталау  жұмысын  өткізуде  сыныптан 
тыс жұмыстарда пайдалануға болады. Ойынға қатысушы оқушылар бір немесе әр сыныптан 
жеребе  тастау  арқылы  таңдап  алынады.  Ойынға  қажетті  құралдарды  былай  дайындауға 
болады: Пластинканың ортасындағы тесігіне шегемен ағаш бақан орнатылады екі стрелкасы 
пластинканың  үстіне  орналасқан  тұтқасымен  жалғастырылады,  оны  айналдырғанда  стрелка 
қозғалады, оның шеңберіне салынған белгінің қайсысына тоқталуына байланысты жүргізуші 
уақытылы хабарлап, ойынды жалғастырады. Ойында жасырылған сөзді қашан анықтағанша 
ойын  жалғасады.  Көгілдір  экрандағы  “Ғажайып  алаң”  ойынының  барлық  шарты 
орындалады.  Жеңімпаздар  сыйлықтар  алады.  Марафон  байқауының  өткізілу  әдістемесіне 
келсек,  
Қатысушылар  кеден,  станцияларының  –  этаптарынан  (“Тоғай”,  “Орман”, 
“Көл”,  “Зоопарк”,  “Өзен”,  т.б.)  тарауларымен  өтеді.  Әр  кеденде,  станцияда  оқушылар 
тапсырмаларды  орындайды,  сұрақтарға  жауап  береді.  Соған  байланысты  балл  жинайды  не 
жетондар  түрінде  алады.  Көп  балл  алған  қатысушылар  тобы  жеңеді.  Жеңімпаздарды  жеке 
сынақта анықтауға болады. Марафон байқауы жарысына өз тілектері бойынша бірнеше топ, 
не  командалардың  қатысуына  болады.  Жарыс  көлемді  өтетіндіктен,  бірнеше  кезеңнен 
тұратын  болғандықтан,  бәрін  бақылай  алмайтын  көрермендерге  ыңғайсыз  болмас  үшін, 
кемшілікті жою үшін, бұл байқауды көңілділер, тапқырлар, білгіштер сайысы күйінде өткізсе 
де  болады.  Ондай  жағдайда  2  команда  жарысады  -  қатысушылар  саны  шектеулі  келеді. 
Экологиялық викторина. 
Экологиялық байқаулар және мейрамдар викторинасыз өтпейді. 
Викторинаны  құрастыру  кезінде  мына  сұрақтарға  көңіл  бөлу  керек:  “Неге?”,  “Қандай 
бейнемен?”,  “Немен  түсіндіруге  болады?”  –  яғни  сұрақтар  себеп-салдар  мен  нәтижелі 
қатынастардың  ізденісі  болатындай,  экологиялық  өзара  байланыстарды  ашатындай 
оқушылардың  эрудициясына  ғана  емес,  логикалық  ойлауына  тірелетін  өзекті,  келелі 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау