Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#21389
түріСборник


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың 

«Ғылым және білім - 2014» 

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының 

БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 

 

IX Международной научной конференции  

студентов и молодых ученых 

«Наука и образование - 2014» 

 

 

 

 

PROCEEDINGS 

of the IX International Scientific Conference  

for students and young scholars 

«Science and education - 2014» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл 11 сәуір 

 

Астана 


УДК 001(063) 

ББК 72 

Ғ 96 

 

 



 

 

Ғ 96 



«Ғылым  және  білім  –  2014»    атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІХ 

Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция 

студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International 

Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014». 

–  Астана: 

http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/

,  2014.  –  5830  стр. 

(қазақша, орысша, ағылшынша). 

 

ISBN  978-9965-31-610-4 



 

 

 



 

 

 



 

Жинаққа  студенттердің,  магистранттардың,  докторанттардың  және  жас 

ғалымдардың  жаратылыстану-техникалық  және  гуманитарлық  ғылымдардың 

өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген. 

 

 

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and 



young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities. 

 

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых 



ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук. 

УДК 001(063) 

ББК 72 

 

 



 

 

ISBN 978-9965-31-610-4 



©

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2014 



4176 

 

7.5. Картографическое штемпелеведение  



ПОСЛЕСЛОВИЕ 

Краткий терминологический словарь 

Список информационных источников 

 

Монография  будет  первым  опытом  научного  географического  подхода  к  одной  из 



проблем филателии – принципов, подходов и основ классификации знаков почтовой оплаты 

(почтовых  марок)  с  картографическими  сюжетами,  их  исследованию  с  теоретико-

методологических  и  практических  принципов  географии  и  картографии,  обоснования 

филателистической картографии как специфического направления в картографической науке.  

 

Список использованных источников 

1.  Шевченко В.О. Дивосвіт геозображень. – К.: Ніка-Центр, 2007. – 252 с. 

2.  Pierce T. philatelic Propaganda: Stamps in Territorial Disputes // IBRU Boundary and Security 

Bulletin Summer. – 1996. – P. 62-64. 

3.  Stams  W.  Kartographie  und  Philatelie  //  Wiss.Kollog.  25  janre  Hochschulansbild.  Fachrich. 

Kartogr., Dresden, Mai 1982. – Dresden, 1982. – P. 74. 

4.  Wolodtschenko  A.,  Wolodtschenko  C.  Africa:  cartographic  theme  on  postage  stamps  //  CD 

Proceedings of the 21 ICC, Durban. – 2003. – 7 p. 

 

 

ОӘК 372.891 (574) 



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҤШІН ГЕОГРАФИЯ КУРСЫНДАҒЫ 

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

 

        Әубәкір Арыстан Әбілдаҧлы 

l0395@mail.ru  

      ПМПИ жаратылыстану факультеті география және химия кафедрасының 1 курс студенті 

Ғылыми жетекші - Омаров М.К. ПМПИ  география және химия кафедрасының аға 

оқытушысы 



 

Топографиялық  карта  —  шартты  белгілермен,  барлық  сызықтарын  белгілі  бір 

мӛлшерде бірнеше  есе  кішірейту арқылы жергілікті  жерді  қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-

жақты  бейнелеу.  Топографиялық  картаны  командирлер  мен  барлық  дәрежедегі  штабтар 

ұрысты  дайындау,  ұйымдастыру,  әр  түрлі  міндеттерді  орындау  барысында,  сондай-ақ 

қарсыластар  мен  ӛз  әскерлері  туралы,  қабылданған  шешімдер  мен  жауынгерлік  бұйрықтар 

туралы мәліметтер бейнеленген  құжат ретінде кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті 

жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, 

кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады.  

Карта  кеңістік  ақпараттар  сақталған  танымның  маңызды  құралы  болып  табылады. 

Картографиялық  кескіндерді  кӛру  арқылы  есте  сақтап,  ой  елегінен  ӛткізіп  талдау  негізінде 

жергілікті  жердің  ерекшеліктері  туралы  біртұтас  түсінікті  қалыптастыру  үрдісін 

топографиялық картаны оқу дейміз.  

Картадағы 

ақпараттардың 

тереңдігі, 

сыйымдылығы 

мен 


дәлдігі 

мектеп 


оқушыларының  жалпы  және  картографиялық  дайындыығының  деңгейіне,  жеке 

ерекшеліктеріне  жинақталған  картамен  жұмыс  істеу  тәжібрибесіне,  ақпараттық  деректерді 




4177 

 

алу және пайдалану дағдыларына, сонымен қатар, картаның әртүрлі сапалы ерекшеліктеріне 



тығыз байланысты болады.  

Картография  жаратылыстану-математикалық  және  техникалық  ғылым  салаларымен 

тығыз байланысты. Картография ежелден географиямен қатар дамып келеді. География және 

геодезия  ғылымдары  жердің  пішіні,  мӛлшері  және  оның  беткі  бӛліктерін  дәл  ӛлшемдерін 

береді. Осы ӛлшемдер негізінде жердің геометриялық кӛрсеткіштері анықталып, геодезиялық 

тор  қалыптасады.  Кез-келген  картаның  негізі  жергілікті  жердің  топографиялық  түсіріліміне 

сүйенеді.  

Сонымен  қатар,  картография  әлеуметтік-экономикалық  ғылым  салаларымен,  соның 

ішінде экономика, әлеуметтану, демография, тарих сияқты салалармен ұштасады.  

Мектептегі  география пәнінің құрамдас бӛлігі  топографиялық  план мен карта болып 

табылады,  ӛйткені  топографиялық  карта  оқушыларға  түсінікті  етіп  жер  бетіндегі 

обьектілердің  нақты  бейнесін  кӛрсетеді.  Топографиялық  план  мен  картаны  оқығанда 

қалыптасқан дағдылар белгілі территорияның және жердің ұсақ масштабты картасын зерттеу 

және  түсінуде кӛмегін тигізеді. 

Мектеп  оқушылары  география  пәнімен  алғаш  6  сыныпта  танысады.  Географияның 

бастамасы ретінде оқушылар  «физикалық  географияны»  оқиды. Оның ішінде бірінші  тарау 

география  ұғымы,  жер  –  күн  жүйесіндегі  ғаламшар,  тарихтағы  географиялық  ашылулар 

туралы.  Ал,  екінші  тарау  План  мен  Картаға  арналған.  Бұл  бӛлімде  план,  карта,  масштаб, 

азимут  сияқты  топографиялық  терминдерге  түсінік  берілген.  Сонымен  қатар  жер  бетінде 

азимутты  қалай  анықтау  керек  екені  кӛрсетілген.  Бірақ  бұл  тақырыптар  толық  ашылмаған, 

шартты  белгілер  толық  емес.  Мысалға:  координата  анықтау,  азимут  анықтау,  жергілікті 

жердің  планын  салу,  жергілікті  жерде  топографиялық  бағдарлау  жұмыстары,  картамен 

байланысты тәжірибелік жұмыстар аз.  

7  сыныптың  3-ші  «Материктер  мен  мұхиттар  карталар»  тақырыбында  карталардың 

түрлері,  масштаб  анықтамасы,  түрлері,  картографиялық  проекциялар,  шартты  белгілер 

жүйесі  берілген.  Тақырыпта  карталарды  проекциялаудың,  бұрмаланудың  маңызы  ашылған. 

Карта  географиялық  білімді  тереңдетудің  маңызды  құралы.  Картаны  оқи  білу  білім  мен 

біліктілікті қажет етеді.  

Мектептегі  картографиялық  білімнің  тереңдете  қарастырылуы  10  сынып  география 

оқулығының «Жердің картада бейнеленуі» тарауында жалғасын табады. Оқулықта қаралатын 

негізгі  тақырыптар  жүйесі:  Географиялық  карталар  және  картография  туралы  жалпы 

мәліметтер,  картографиялық  проекциялар  туралы  мәлімет  береді.  Зертханалық  жұмыстарға 

назар аударылмайды.  

Қазіргі  кезде  картография  бойынша  қазақша  топографиялық  карталар  және 

әдістемелік  кітаптар  ӛте  аз.  Мектептерде  кӛптеген  зертханалық  жұмыстар  топографиялық 

картаның жоқтығынан ӛз деңгейінде орындалмайды. 

Сол  себепті,  мақалада  мектеп  оқулықтарымен  байланыстыра  отырып,  1979-1983  ж. 

Геодезия  және  картография  басқармасында  шығарылған  У-34-37-В-в  1:10  000  масштабтағы 

топографиялық картасының қазақша нұсқасын ұсынамыз. 

Ұсынылып  отырған  жұмыста  тәжірибелік  жұмыстарға  арналған  топографиялық 

картаны  Adobe  Photoshop  компьютерлік  бағдарламасы  арқылы  қазақ  тіліне  аударылып, 

қосымша ӛңдеу жұмыстары жүргізілді.  

Топографиялық  картада  арнаулы  шартты  белгілер  мен  оларға  түсініктеме  беретін 

мәтіндер мен сызбалар беріледі. 

Картаның аса маңызды элементтерінің бірі – оның түсіндірме бӛлігі. Түсіндірме бӛлік 

– шартты белгілер, мәтіндік түсіндірме және кестеге жіктеледі. Бұл мәліметтер географиялық 

картадағы әр түрлі объектілерді кескіндеуді және оларды оқып, түсінуді жеңілдетеді. Осыған 

орай  ұсынылған  топографиялық  картада  түсіндірме  бӛлігі  арнайы  картографиялық  және 

географиялық сӛздіктерді пайдалана отырып аударылды.  



4178 

 

Түсіндірме бӛлігіне кіретін:  



1.  оң жағында – шартты белгілер;  

2.  тӛменгі  бӛлігінде  –  магниттік  бұрылу,  дирекциялық  бұрыш  мәні,  азимутты  анықтау 

бағыты; горизонтальдардың еңісі; масштаб мәндері берілген. 

Картадағы жер бетінің, жеке тұрған объектілердің (құдық, 

электр станция, кен орындары, триангуляция пункті, диірмендер, т.б.) сипатын оңай елестету 

үшін оған арнайы шартты белгілер қолданылды. Шартты белгілердің суреті немесе түсі кӛп 

жағдайда картада бейнеленетін объектілдердің ерекшелігін кӛрсетеді.  

Ұсынылған  топографиялық  картаны  кескіндеудің  сапалық  түс,  және  қозғалыс 

сызықтары әдістері қолданылады. 

Сапалық түс әдісі кескінделетін аумақты қандай да бір сапалық белгісіне қарай жеке 

бӛліктерге бӛлгенде қолданады. Әр бір бӛлік белгілі бір түске боялады немесе штрихтармен 

таңбаланады.  

Қозғалыс  сызықтары  арқылы  картада  бағыттың  ауысуын:  ағыстың  бағыты,  тас  жол 

және  басқа  да  жолдармен  жүктің  тасылу  бағыты  және  басқа  да  қозғалыс  бағыттары 

кӛрсетіледі. Жанында қозғалыстың сандық және сапалық сипаттамалары беріледі.  

Аударылған  топографиялық  картада  сапалық  түсі  әдісі  арқылы  ормандар, 

гидрографиялық  объектілер,  елді-мекендер,  шалғындарды  бейнелегенде  қолдандық. 

Қозғалыс  сызықтары  әдісі  арқылы  ӛзендердің  бағыты,  ағыс  жылдамдығы,  тереңдігі,  ені, 

ұзындығы туралы мәлімет берілген. 

Горизонтальдар  деп  биіктіктері  бірдей  нүктелерді  қосатын  қисық  сызықтарды 

айтамыз.  Топографиялық  картада  горизонтальдар  2,5  м  биіктік  сайын  жүргізілген.  Жер 

бедерінің  сипатын  анықтауды  оңайлату  үшін  картада  кейбір  горизонтальдардың  және 

нүктелердің биіктігі жазылып қойылған. Сонымен бірге, ылдидың бағытын горизонтальдарға 

кесе  кӛлденең  қойылған  сызықша  –  бергштрихтар  қолданылады.  Жер  бередінің  кейбір 

горизонтальдармен  түсіруге  келмейтін  бедері  (жарқабақ,  жыра,  т.б.)  қосымша  шартты 

белгілер қолдану арқылы бейнеленген.  

Картада қолданылатын масштаб түрлері сандық және атаулы (1:10 000, 1 см-де 100 м). 

Мектеп  оқушыларына  берілетін  топографиялық  білімнің  тӛмендігінен  географияға 

қызығушылық  және  картаны  оқу  дағдысы  қалыптаспайды.  Оқушыларды  географияға 

қызықтыру  үшін  тәжірибелік  жұмыстарды  жиі  ӛткізіп  отыру  керек.  Ол  үшін  қазақша 

атластар, топографиялық карталар керек. 

Мектепте  география  курсындағы  картографиялық  тапсырмаларды  орындау,  орыс 

тіліндегі  карталарды, кітаптарды аудару қиындық  туғызады. Сондықтан ұсынылған картада 

шартты белгілер, масштаб, қосымша мәліметтер, т.б. қазақ тіліне аударылған.  

Мақаланың  басты  мақсаты  қазақ  тілінде  оқитын  мектеп  оқушыларына  географияны 

оқуда,  картаны  зерттеуде  ыңғайлық  жасау.  Павлодар  облысы  бойынша  аударған  картаны 

кӛптеген кӛшірмеде мектептерге оқу құралы ретінде ұсыныс жасау болып табылады. Мектеп 

оқушыларына  қолайлы  топографиялық  картаны  ұсыну  арқылы,  оқу  жүйесін  жеңілдетуді 

қалыптастыру. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.  Картография  с  основами  топографии.  Г.  Ю.  Грюнберг.  Москва  «Просвещение»  1991.  – 

Глава ІІ. топографическая карта 14-69 б. 

2.  Картография және топография негіздері. Е. А. Тоқпанов, О. Б. Мазбаев. Алматы, 2012 ж. 

329-246 б. 




4179 

 

3.  Картография және топографиялық негіздері. М. Қ. Омаров. Павлодар. 2013 ж. 23 б. 



4.  Физикалық  география,  6  сынып  георафиясы  Ә.  Бірмағамбетов,  К.  Мамырова.  Алматы 

«Атамұра» 2001 ж.  20-42 б. 

5.  Дүние  жүзіне  жалпы  шолу  ТМД  елдері,  10  сынып  георафиясы  Ә.  Бейсенова,  К. 

Каймулдинова. Алматы, «Мектеп», 2006 ж. 17 б. 

 

 

ОӘК 372.891 (574) 



ГЕОГРАФИЯ МҦҒАЛІМІНІҢ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІ – ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА 

ИНТЕРАКТИВТІ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАНЫ ҚОЛДАНУ 

 

 

        Байбусунова Наргиз Манаровна 

b.nargiz.m.93@mail.ru  

ПМПИ жаратылыстану факультеті география және химия кафедрасының 3 курс 

студенті 

Ғылыми жетекші - Омаров М.К. ПМПИ  география және химия кафедрасының аға 

оқытушысы 

 

География  кабинеті  кӛрнекілік  құралдарынсыз  мәнсіз.  Олардың  қатарында  маңызды 



орынды  карталар  алады.  Интербелсенді  тақталар  дәстүрлі  карталардың  нақты  кӛрсетілуін 

елеулі түрде жақсартады. 

Электронды карталарды қолдану барысында интербелсенді тақталар қолданылуы тиіс. 

Интербелсенді  карталарды  қолданғанда  сабақ  қызықты  және  тиімді,  нәтижелі  болады. 

«Дрофа»  баспасы  қазіргі  уақытта  60  әр  түрлі  тақырыптағы  электронды  географиялық 

карталар шығарды (мұхиттар картасы, дүниежүзінің климаттық картасы, дүниежүзінің саяси 

картасы, Антарктида, Қазақстанның жер ресурстары және т.б.). 

Интербелсенді  электронды  карталардың  демонстрациясы  маңызы  баспа  түріне 

қарағанда жоғары. Электронды карталармен жұмыс барысында: 

1.  жер қыртысынның белгілі бӛліктерін жақыннан кӛрсетуге; 

2.  белгіленген  жердің  бӛлігін  түсіру  үшін  картаны  оңайлата  отырып,  кӛбірек  кӛрнекілік 

қолдану;  

3.  әр түрлі суреттер;  

4.  кәдімгі немесе экрандық перне тақталар кӛмегімен жазбалар енгізуге болады.  

5.  Карталар қатарын біріктіруге болады.  

6.  Соның  арқасында  заңдылықтар  мен  себеп-салдарларын  айқындап  кӛрсетуге  мүмкіндік 

береді.  

7.  Кейбір  карталарда  территорияларға  қосымша  иллюстративті  және  текстік  материалдар 

қосылған.  

Электронды  карталар  қабаттардан  тұрады.  Әр  қабат  әртүрлі  картографиялық 

ақпараттар құрайды. Физикалық карта, мысалы, келесіндей қабаттар бар: құрлық пен мұхит 

түбі  жер  бедері,  ӛзендер  мен  кӛлдер,  су  нысандарының  аттары,  құрлық  нысандарының 



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау