Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет12/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
22 
қонышың астына орналастыру қажет. 
6.4.8  Кәріз  шығарылымы  ғимараттан  байқау  құдығына  дейін  техникалық  үйастына 
монтаж жұмыстарын жүргізгенге дейін салынуы тиіс. 
6.4.9  Ревизиялар  мен  тазартқыштар  құбыржолдарына  жобаға  сәйкес  орнатылады 
және  оларға  еркін  бару  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  қажет.  Ревизия  қақпақтарының 
бекітілуі және қақпақ астында төсемнің болуы тексеріледі. 
6.4.10 Қабаттың тік құбырлары осьтік монтаждалады және олардың берік бекітілуін 
тексеру қажет. 
6.4.11  Санитарлық-техникалық  аспаптар  жобамен  қарастырылған  жерлерге 
орнатылады  және  әр  монтаждалған  аспаптың  сыртқы  түрі  МемСТ  15167,  МемСТ  18297 
немесе МемСТ 23695 талаптарына сәйкес болуы тиіс. 
6.4.12 Унитазда еденге бұрамашегемен бекітіледі немесе желіммен жабыстырылады. 
Бұрамашегемен бекітілгенде унитаз негізіне салынған резеңке төсемнің болуы тексеріледі. 
Унитазды  желіммен  жабыстыру    үй-жай  температурасы    +5°С-тан  төмен  болмағанда 
жүргізіледі, одан кейін унитазды жүктемесіз қозғалмайтын қалыпта кем дегенде 12 сағат 
ұстау қажет. 
6.4.13  Сифонды  монтаждағанда  сифон  корпусы  мен  бұрғыш  құбырды  орнату 
дұрыстығы  тексеріледі.  Сифондар,  шығарылымдар  мен  қотарулар  қажетті  төсемдермен 
жабдықталуы тиіс. 
6.4.14  Ванна  мен  душ  табандықтары  корпустарының  суық  суқұбырының  болат 
құбырлармен жерге қосылғанын тексеру қажет. 
6.4.15 Тағам өнімдерін дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық жабдықты 
қосу үшін қызмет ететін кәріздік құбыржолдарында, қоғамдық ғимараттарда орнатылған 
ыдыс  жууға  арналған  жабдықтар  мен  санитарлық-техникалық  аспаптарда,  сондай-ақ 
бассейннің түсірім құбырларында қабылдау құйғышының жоғарғы жағынан кем дегенде 
20мм әуе үзілімі болуы тиіс. 
 
6.5 Металл және шойын құбырлардан жасалған ішкі кәріздік жүйені монтаждау 
 
6.5.1  Монтажда  шойын  кәріздік  құбырлардың  жапсарлары  майланған  кендір 
арқанмен  немесе  майланған  таспалы  талшықпен  кейін  маркасы  100-ден  төмен  емес 
цементті ерітіндімен немесе гипсглиноземді кеңейтілген цементпен тығыздалуы тиіс. 
6.5.2  Шойын  құбырлар  мен  олардың  фасон  бөлшектерінің  жапсарларын  бітеуге 
пайданылатын  таспалы  талшық  қалыңдығы  7  сантиметрден  8  сантиметрге  дейін  қаттты 
ширатылуы тиіс, ширатылған талшық екі бұрам жасауға жеткілікті болуы тиіс. 
6.5.3 Кең қонышты саңылау айналасының беркелкілігін қамтамасыз ету мақсатымен 
орталықтау  жасалып,  шойын  құбырлар  мен  олардың  фасон  бөлшектерінің  қосылысы 
сынықсыз жүргізілуі тиіс. 
6.5.4  Техникалық  үйастында  құбыржолдарын  тігінен  және  көлденеңінен  90°-қа 
бұруды  135°-ты  екі  бұрғышты  немесе  135°-ты  үштармақты  және  135°-ты  бұрышты 
пайдаланып жүргізу қажет. 
6.5.5 Құбыржолдарының техникалық үйастының қабырғаларымен немесе іргетаспен 
қиылысатын  жерлеріндегі  саңылауларды  бітеуді  су  өткізбейтін  эластикалық 


МОНТАЖДАУ 
 
23 
материалдармен  (газдалған  аудандарда  –  газ  өткізбейтін  материалдармен),  ал  ылғалды 
жерлерде тығыздаманы салып орындау қажет. 
6.5.6  Санитарлық-технкалық  аспаптарды  монтаждағанда  олардың  мықтап 
бекітілгенін бақылау қажет. 
6.5.7  Қолжуғыштар  мен  жуғыштардың  полиэтилен  сифондарын  пайдаланғанда 
сифонның полиэтилен бұрғыш құбырын шойын құбыржолына қосуды фасон бөлшегінің 
кең қонышына кейін цемент ерітіндімен бітеп орнатылған резеңке сақинаның көмегімен 
орындалады. 
 
6.6 
Пластмасса  құбырларынан  және    пластмасса  фасон  бөлшектерінен 
жасалған ішкі кәріздік жүйені монтаждау 
 
6.6.1  Монтаж  жұмыстары  көлем  түрі,  құбыр  мен  келте  құбыр  ұзындығы,  фасон 
бөлшектері номенклатурасы жағынан жобалау құжаттамасының талаптарына қатаң сәйкес 
келетін  поливинилхлорид,  полиэтилен  мен  полипропиленнен  жасалған  құбырлы  өнімді 
пайдалану арқылы жзүргізіледі. 
6.6.2 Сантехник-жұмысшылардың жұмысы қауіпсіз, өнімді және сапалы болу үшін 
төмен  вольтты  жарық  болуы,  монтаж  жұмыстарын  жүргізу  орны  құрылыс  қоқысынан 
тазартылуы және оларға еркін қол жетуді қамтамасыз етілуі, 1,5 м биіктікте жұмыстарды 
орындау үшін қажетті ағаштар, көпірлер, төсемдер болуы тиіс. 
6.6.3    Пластмасса  құбырлар  мен  фасон  бөлшектердің    кең  қоныш  қосылыстарын 
сапалы жинақтау тек жылжыту тереңдігін анықтайтын белгіге дейін екі бөлшекті қосумен 
қамтамасыз етіледі. Зауыт салатын белгілер болмаған жағдайда,  оларды майлы бояумен, 
грифельмен салуға болады. 
6.6.4  Пластмасса  құбырлар  мен  фасон  бөлшектердің    кең  қоныш  қосылыстарын 
монтаждағанда  сапалы  майлау  материалы  ретінде  глицерин  немесе  сабынды  ерітінді 
пайданылады. Маймен, солидол немесе басқа ұқсас майлау материалдарымен бөлшектерді 
майлауға рұқсат етілмейді. 
6.6.5  Қажет  болған  жағдайда  құрылыс  алаңында    пластмасса  құбырлар  мен 
пластмасса  бөлшектерді  механикалық  өңдеуге  болады.  Фасон  бөлшектерді  кесуге  және 
қысқартуға рұқсат етілмейді. 
6.6.6 Резеңке тығыздауыш сақинасы бар кең қоныш қосылыстарды жинақтау сапасы  
қосылыстағы бір бөлшекті екіншісіне қарай бұру арқылы тексеріледі (егер резеңке  сақина 
шығып кетпесе бөлшек жылдам бұралады). 
6.6.7  Пластмасса  құбырлар  мен  фасон  бөлшектерден  жасалған  кәріздік 
құбыржолдың  кең  қоныш  қосылыстарына  арналған    техникалық  шарттармен 
қарастырылған  конструкциялардың  резеңке  тығыздауыш  сақиналарын  пайдалану 
бақылауға жатады. 
6.6.8  Пластмассадан  жасалған  құбырларды  құрылыс  конструкцияларына  бекіту 
мтеалл  бекіткіш  қамыттардың  көмегімен  орындалады.  Қамыттар  мен  құбырлардың 
(немесе  фасон  арасына  орнатылғанқалыңдығы  кемінде  2  мм  таспа  полиэтилен  немесе 
резеңке төсемнің болуын бақылау қажет. 
6.6.9  Ғимараттың  іргетастары,  қабырғалары  мен  арақабырғалары  арқылы  өтетін 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау