МОНТАЖДАУ
32
қауіпсіздік техникасы жағдайын өзі тексеруге және табылған бұзушылықтарды жедел
түрде жоюға. Егер бұзушылықтарды бригада күшімен жою мүмкін болмаса немесе жұмыс
істейіндердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе, бригадир ол туралы шеберге немесе
жұмыс өндірушісіне хабарлап жұмысқа кіріспеуі тиіс;
-
үнемі жұмыс барысында бригада мүшелерін еңбек қауіпсіздігі тәсілдеріне
үйретуге, олардың дұрыс орындалуын тексеруге, бригада мүшелерінің арасында еңбек
тәртібін қамтамасыз етуге және олардың ішкі тәртіпті сақтауына және бригада
мүшелерінің қауіпсіздік техникасын бұзғанда оларды дереу жоюға;
-
жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жұмысты ұйымдастыруға;
-
бригада мүшелерін жеке қорғану құралдарынсыз, арнайы киімсіз және арнайы
аяқкиімсіз жұмысқа жібермеуге;
-
жұмыс орнының тазалығын, қауіпті жерлердің қоршалуын және қажетті габариттің
сақталуын қадағалауға;
-
қауіпті аймақта бригада мүшелерінің және бөгде адамдардың болуына жол
бермеуге.
Ауру белгісі бар немесе мас күйіндегі адамдарды жұмысқа жібермеуге, құрылыс
алаңы аумағынан шығаруға міндетті.
7.6
Қауіпсіздік техникасының ҚР 1.03-14-2011 ҚН көрсетілген жалпы талаптарын,
сонымен қатар осы тараудың талаптарын орындау қажет.
7.7
Пісіргіш аппаратты, сонымен қатар электрсымдарды оқшаулауды, құбыр
ұштарын және бүйір жағын механикалық өңдеу үшін құрылғы жұмысына байқау мен
бақылауды жүргізу қажет. Тексеріс қорытындысы жабдықтың төлқұжат мәліметтеріне
сәйкес келуі тиіс.
7.8
Техникалық байқауды жұмыс жүргізу журналына тексеріс қорытындысын тіркеу
арқылы кем дегенде айына бір рет жүргізу қажет.
7.9
Пісіру режимі параметрлерінің мәні полимердің әр түріне арналған
технологиялық норма талаптарына сай келуі тиіс.
7.10
Полимер материалдан жасалған құбыржолдар құрылысы кезінде пісіру-монтаж
жұмыстарын жүргізуге арнайы бағдарлама бойынша теориялық және практикалық
оқытудан өткен және арнайы бағдарлама бойынша бақылау жапсарын пісірген
дәнекерлеушілер жіберіледі.
7.11
Құбырмен жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Өрт
болған және құбыр жаңған жағдайда оларды кез келген өрт сөндіру құралымен сөндіру
керек. Қойма үй-жайларында құбырдың жануынан болған отты сөндіргенде «В» маркілі
фильтрі бар газтұтқышты немесе фильтрлейтін газтұтқышты пайдалану қажет.
7.12
Құбыржолының гидравликалық және пневматикалық сынағын оларды мықтап
бекіткеннен және ұштарына тіреуіштерді орнатқаннан кейін және бұрылыстарда өткізу
қажет.
7.13
Құбыржолын монтаждағанда және сынақтан өткізгенде оларға сатыны және
тасымал басқышты сүйеуге, құбыржолымен жүруге тыйым салынады.
7.14
Өндіріс қалдықтарын жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және көму тәртібін
қарастыратын саниатарлық ережелер мен нормаларға сәйкес құбырларды монтаждаған
кейін болып қалатын қалдықтарды жою қажет.
МОНТАЖДАУ
33
8
Іске қосып баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен орындау және сумен
жабдықтау мен су бұру жүйелерін сынау
8.1
Жалпы ережелер
8.1.1 Монтаж жұмыстары аяқталғанда монтаж ұйымдарымен мына жұмыстар
орындалған болуы тиіс:
-
міндетті қосымшаға сәйкес актінің жасалуымен гидростатикалық немесе
манометрикалық әдістермен ішкі суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін сынау,
сондай-ақ жүйелерді шаю;
-
Д-қосымшасына сәйкес актінің жасалуымен ішкі кәріз және суағар жүйелерін
сынау;
-
Е-қосымшасына сәйкес актінің жасалуымен монтаждалған жабдықты жеке сынау;
-
пластмасса құбырларды қолданып сынау.
8.1.2 Сынақтар әрлеу жұмыстары басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.
8.2 Жабдықты жеке сынау
8.2.1 Жеке сынақ кезінде келесі жұмыстар орындалуы тиіс:
-
орнатылған жабдықтың және орындалған жұмыстың жұмыс құжаттамасына
сәйестігін тексеру;
-
жабдықты бос жүріс және 4 сағат бойы үздіксіз жұмыс кезінде жүктемемен сынау.
Сондай-ақ сорғылар жинағында доңғалақтардың және роторлардың теңгерімі, тығыздама
тығыздауыш сапасы, іске қосқыш құрылғының дұрыстығы, дайындау-кәсіпорынның
техникалық құжаттамасында көрсетілген жабдықтарды жинақтау мен монтаждау
талаптарының орындалуы тексеріледі.
8.2.2 Өткізілген санитарлық-техникалық жүйелерді жеке сынау қорытындылары
актілермен ресімделеді.
8.
3 Ішкі сумен жабдықтау жүйесін сынау
8.3.1 Ішкі сумен жабдықтау жүйелері МемСТ 25136және ҚР ҚН 4.01-02
талаптарына сәйкес гидростатикалық немесе манометрлік әдіспен сыналуы тиіс.
8.3.2 Гидростатикалық әдіспен сынау кезінде сынама қысымның көлемін 1,5 артық
жұмыс қысымына тең етіп қабылдау қажет.
8.3.3 Сынақ бөлшектеу арматурасын орнатқанға дейін жүргізілуі тиіс.
Гидростатикалық әдісте сынама қысымның көлемін 1,5 артық жұмыс қысымына тең етіп
қабылдау қажет.
8.3.4 Жүйелер 10 минут бойы сынама қысым астында болғанда, қысымның 0,05
МПа-дан аса (0,5 кг/см2, төмендеуі, сондай-ақ пісірмен жіктерде, құбырларда, бұрандалы
қосылыстарда, арматурада тамшылар және шаю құрылғылары арқылы судың аққаны
байқалмаса, онда олар сынақтан өткен болып саналады.
8.3.5 Манометрикалық әдіспен сынағанда сумен жабдықтау жүйесін артық сынама
Достарыңызбен бөлісу: |