МОНТАЖДАУ
24
жерлерінде қатты материалдан (шатыр болаты, құбырлар және т.т.) жасалған қорғауыш
гильзалар (футлярлар) орнатылуы тиіс. Гильзалардың ұзындығы құрылыс
конструкциясының қалыңдығынан 20 мм артық болуы тиіс.
6.6.10 Құбырлардың құрылыс конструкциялары арқылы өтетін жерінде полимер
материалдан жасалған кәріздік құбыржолының кең қонышты қосылыстарын
орналастыруға болмайды.
6.6.11 Жертөле үй-жайларда тік және көлденең құбырларды 90°-қа бұру 45° немесе
30° бұрғыштар жинағын немесе 45° үштармақты және 45° бұрғышты пайдаланып
орындалады.
6.6.12 Санитарлық-техникалық кабиналар деңгей бойынша дәлденген негізге
орнатылады.
6.6.13 Қабырғалар мен қабатаралық аражабындардағы атыздар мен саңылауларды
бітеу барлық монтаж жұмыстары мен кәріз жүйесін сынау аяқталғаннан орындалады.
6.6.14 Үй-жайларға салынатын, пайдалану шарты бойынша механикалық
зақымдануы мүмкін пластмасса кәріз құбыржолдарын қорғау қажет, ал төмен
температурада пайдаланылуы мүмкін желі учаскелерін жылыту қажет.
6.6.15 Кәріз жүйесін монтаждау үшін 20°С-тан төмен емес температурада
тасымалданған құбырлар, келте құбырлар, фасон бөлшектер, құбырдайындама тораптары
мен санитарлық-техникалық кабиналар пайданылады.
6.6.16 Пластмасса құбырлар мен фасон бөлшектерді монтаждағанда оларды
соққыдан және майыстыратын үлкен күштен сақтау қажет.
6.7 Суағар құбыржолдарын монтаждау
6.7.1 Ішкі суағарды жинақтау жұмыстарын типтік технологиялық процестерді
қамтитын және жергілікті жағдайларға икемделген таңдап алынған технологиялық
сызбаларға сәйкес жүргізуге ұсыныс жасалады.
6.7.2 Суағар құйғыштарын орналастыру орнын белгілеуді толықтай жобаға сәйкес
жүргізу қажет. Суағар құйғыштардың жобада көрсетілген түрлері мен көлемдерін сапалы
орнатылады. Суағар құбырларын салу үшін құрылыс конструкцияларында барлық
саңылаулар дайындалады.
6.7.3 Суағар құйғыштар арасындағы қашықтық 100 метрден аспауы тиіс, олардың
гидрооқшаулағыш кілеммен түйісуі суөткізгіш болуы және олар шатырда берік
орнатылуы тиіс.
6.7.8 Суағар құбыржолдарын бекіту үшін бекіткіштерді белгілеу мен орнатуды,
суағар тік құбырларын салу мен бекітуді жобалау құжаттамасы бойынша жүргізу қажет.
6.7.9 Өтпелі металл элементтер құрылыс конструкцияларына берік және қатты
бекітілуі тиіс.
6.7.10 Суағар құбыржолы салмағының өзіне әсерін болдырмау үшін суағар
құбыржолындағы металл байланыстырғыш бөлшектердің жеке бекіткіштері болуы тиіс.
6.7.11 Суағар құбырының ұзындығы қабат биіктігінен ұзындау болған жағдайда
суағар жүйесін монтаждауды келесі технологиялық ретте жүргізу қажет:
-
суағар құбыр дайындамалары бар контейнерлерді (пакеттерді, бумаларды)
МОНТАЖДАУ
25
мұнаралы кранмен төбеге немесе жоғарғы қабаттың аражабынына көтеру (құбыр
дайындамаларын суағар тік құбырларын монтаждауды бастағанға дейін оралған күйінде
сақтайды);
-
суағар тік құбырларын монтаждауды қабатаралық аражабындағы саңылау арқылы
құбырды төмен түсіруден және оларды салынып жатқан ғимарат биіктігіне келтіруден
бастайды, ол үшін құбырларды контейнерден алып, олардың сапасына кірме бақылау
жүргізіп, құбыр ұштарын кірден тазарту қажет;
-
қабат сайын ғимарат биіктігі бойына қойылған құбырларды қабатаралық
аражабындарға еңкейтіп тірейді. Полимер құбырларды резеңке тығыздауыштарды
салғанға дейін бір-біріне салуға немесе желімдеуге рұқсат етілмейді;
-
суағар құбырларды түсіргенде оларға іздер мен сызаттар түсуден сақтау үшін
қабатаралық аражабындардағы саңылаулардың жан-жағына пергамин, қара қағаз немесе
рубероид салу қажет;
-
жертөледе болат бұрғыш құбыржолын салу;
-
құрылыс конструкцияларында бекіткіштерді белгілеу және орнату;
-
жертөледе (немесе 1-қабатта) өтпелі бөлшекті болат бұрғыш құбыржолының кең
қонышына бекіту;
-
қабаттарда аражабын арқылы өтетін жерлерде әр құбырды пергаминмен (қара
қағазбен, рубероидпен) екі қабат орап, жұмсақ сыммен немесе шпагатпен бекіту.
құбырларды өзара ғимарат биіктігі бойына жинау.
6
.7.12 Қатты полимерден жасалған суағар тік құбырларының температуралық
ұзаруын компенсациялау үшін, мысалы желімделген қосылыстары бар НПВХ-дан
жасалған, онда төрт-алты қабатқа резеңке тығыздауыш сақинасы бар бір компенсациялық
қосылысты қолдануды қарастырған дұрыс. Эластик полиммерден жасалған суағар тік
құбырларының температуралық ұзаруын компенсациялау, мысалы, 32-ЖҚП ПЭ-нен
жасалған, онда штарбтар мен шахталарда құбыржолын «жылан түрінде» салу арқылы
мүмкін болады.
6.7.13 Суағар тік құбырлар жылытылаатын үй-жайларда қабырғалар, арақабырғалар
немесе баған жанына орнатылады. Ашық немесе атызға, шахтаға орнатылады.
6.7.14 Тұрғын ғимараттарда тік құбырлар, әдетте, басқыш шабағында, дәлізде,
қосалқы үй-жайларда орнатылады. Тік құбырлар мен бұрғыш құбырларды пәтерде
орнатуға болмайды.Құбырлардың механикалық зақымдануы мүмкін жерлерде оларды
жасырын түрде салу қажет. Суағар құбырларды блоктарға және қабырға тақталарына
құйып бекітуге рұқсат етілмейді.
6.7.15 Суағар құбыржолдарын өндірістік, қойма немесе қызметтік үй-жай мақсатына
жабдықталмаған ғимарат жертөлелерде, ғимарат шатырына ашық салуға болмайды.
6.7.16 Тік құбырларды тек тігінен орнатады.
6.7.17 Аражабынның тік құбыр өтетін жерін аражабын қалыңдығына цементті
ерітінді жағуға болады.
6.7.18 Құбыржолдары құрылыс конструкцияларына тым жақын орналаспауы тиіс.
Жарыққа қарағанда құбырлар мен құрылыс конструкцияларының арасы кемінде 20 мм
болуы тиіс.
6.7.19 Суағар желісінің бұру учаскелерін тура салу қажет. Су қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |