Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет18/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
34 
қысымды  0,15  МПа  (1,5  кг/см2)  ауамен  толтырады.  Жүйе  5минут  бойы  сынама  қысым 
астында  болғанда,  қысымның  төмендеуі  0,01  МПа-дан  аса  (0,1  кг/см2)    аспаса,  онда  ол 
сынақтан өткен болып саналады. 
 
8.4 Ішкі кәріз, суағар жүйелерін сынау 
 
8.4.1 Ішкі кәріз жүйелері мен сорғыту жүйелерінің сынағы байқауға қажетті уақыт 
кезінде  тексерілетін  учаскеге  қосылған  санитарлық  аспаптардың    75  %-ын  бір  уақытта  
ашу арқылы су төгу әдісімен орындалуы тиіс. 
8.4.2 
Ішкі  кәріз  жүйесінің  көлденең  учаскелерінің  сынағы  3  сағат  бойы  бірінші 
жоғарғы кең қонышқа дейін (тазартулар, тексерулер) су толтыру әдісімен орындалуы тиіс. 
8.4.3 Жүйені байқау кезінде құбыр қабырғалары мен қосылыс жерлері арқылы судың 
аққаны байқалмаса, онда ол сынақтан өткен болып саналады. 
8.4.5  Жерге  немесе  каналдар  астына  салынған  кәріз  бұру  құбырларының  сынағы 
бірінші қабат едеденінің деңгейіне дейін су толып оларды жапқанға дейін орындалуы тиіс. 
8.4.6  Келесі жұмыстар кезінде жасырылатын кәріз жүйесі учаскелерінің сынағы В-
қосымшасына  сәйкес  жасырын  жұмыстарды  куәландыру  актісінің  жасалуымен  оларды 
жапқанға деін су төгу арқылы орындалуы тиіс. 
8.4.7  Ішкі  суағарлар  сынағын  оларды  суағар  құйғышының  ең  жоғарғы  деңгейіне 
дейін су толтыру арқылы жүргізілуі тиіс. Сынақтың ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы 
тиіс. 
Суағарларды  байқау  кезінде  тік  құбырларда  су  деңгейі  өзгермесе,  онда  олар 
сынақтан өткен болып саналады. 
 
9 Сумен жабдықтау жүйелерін сумен шаю және дезинфекциялау 
 
9.1  Сумен  жабдықтау  жүйесін  дезинфекциялау  үшін  төмендегі  хлорқұрамды 
реагенттер қолданылады: 

құрғақ  реагенттер  –  МемСТ  1692-85  бойынша  хлорлы  әктас  ,  МемСТ  25263-82 
бойынша А маркалы гипохлорит кальций (нейтралды); 

сұйық  реагенттер  -  гипохлорит  натрий  (хлорватистқышқылды  натрий)  МемСТ  
11086-
76  бойынша  А  және  Б  маркалы;  электролитті  гипохлорит  натрий  және  МемСТ 
6718-
86 бойынша сұйық хлор.  
9.2 Әдетте, қалып қойған кірді және кездейсоқ заттарды алып тастау үшін ішкі сумен 
жабдықтау  жүйелерінің  ішін  тазарту  мен  шаюды  сулы  ауамен  (гидропневматикалық) 
немесе тек сумен шаю арқылы гидравликалық сынақ өткізер алдында орындау қажет. 
9.3  Гидропневматикалық  шаюды  су  шығынының  кемінде  50%  көлемінде  суды 
сығылған ауамен бірге құбыржолдарымен беру арқылы жүзеге асыру қажет. 
9.4  Ауаны  құбырға  құбырдың  ішкі  қысымынан  0,05  -  0,15  МПа  (0,5  -  1,5 
кгс/шаршы.см)  асатын  қысыммен  беру  қажет.Сулы  ауа  қоспасы  қоғалысының 
жылдамдығын 2,0.-ден 3,0 м/с шегінде қабылдау қажет. 
9.5  Құбыржолдарының  шайылатын  учаскелерінің  ұзындығы,  сондай-ақ  құбырға  су 
жіберу  және  поршень  жерлері  және  жұмыс  жүргізу  тәртібі  жұмыс  сызбасы,  трасса 


МОНТАЖДАУ 
 
35 
жоспары және т.б. енгізілген жұмыс жүргізу жобасында анықталуы тиіс. 
9.6  Құбыржолдары  тазартылып  шайылғаннан  кейін  құбырдағы  хлорлы  сумен 
байланыс  уақыты  5-6  сағат  75-100  мг/л(г/текше.м)  белсенді  хлор  концентрациясымен 
немесе  хлорлы  сумен  байланыс  уақыты  кемінде  24  сағат  40-50  мг/л(г/текше.м)  белсенді 
хлор  концентрациясымен  хлорлы  дезинфекциялауға  жатады.  Белсенлі  хлор 
концентрациясы  құбыржолының ластану деңгейіне байланысты белгіленеді. 
9.7 Хлорламас бұрын келесі дайындық жұмыстарын орындау қажет: 

хлорлы  әктас  ерітіндісі  (хлорды)  мен  суды  беруге,  ауаны  шығаруға  қажетті 
коммуникацияларды, сынамаларды іріктеу үшін тік құбырларды (оларды жер деңгейінен 
жоғары  шығарып)  монтаждауды,  хлорлы  суды  шығару  және  бұру  үшін  (қауіпсіздік 
шараларын  қамтамасыз  ете  отырып)  құбыржолдарын  монтаждауды  жүзеге  асыру; 
хлорлаудың  жұмыс  сызбасын  (трасса  жоспарын,  аталған  коммуникацияларды  салып 
құбыржолының профилі мен бөлшектерін), сондай-ақ жұмыс жүргізу кестесін дайындау; 

тауар  өніміндегі  белсенді  хлордың  пайыздық  құрамын,  белсенді  хлордың 
қабылданған  концентрациясымен  (дозасымен)  құбыржолының  хлорланатын  учаскесінің 
көлемін ескере отырып, хлорлы әктастың қажетті мөлшерін анықтау және дайындау. 
9.8 Құбыржолына хлорлы ерітінді жіберуді хлорлы әктасты жіберу жерінен ең алыс 
нүктесіне жеткенге дейін және құрамында белсенді хлоры бар жіберілген судың кемінде 
50% аққанға дейін жалғастырған жөн. Сол сәттен бастап хлорлы ерітінді беруді тоқтатып, 
хлорлы ерітінді толтырылған құбыржолын осы қосымшаның 9.6 тармағында көрсетілген 
есептік байланыс уақыты бойына қалдыру қажет.  
9.9  Байланыс  уақыты  аяқталғаннан  кейін  хлорлы  суды  жобада  көрсетілген  жерге 
төгіп, құбыржолын шайылған судағы хлордың қалдығы 0,3 - 0,5 мг/л төмендегенге дейін 
таза сумен шаю қажет. 
9.10  Су  сынамасының  екі  мәрте  зертханалық  зерттеулер  қорытындысы  ауызсу 
сапасына  қойылатын  белгіленген  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға  сәйкес 
келгенде шаю мен дезинфекциялау аяқталған болып саналады. 
9.11  Сумен  жабдықтау  объектісін  тазарту,  шаю  және  дезинфекциялау  актісі 
қосымша сәйкес форма бойынша ресімделеді. 
 
10 
Жұмыс сапасына қойылатын талаптар 
 
10.1  Тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттарды  сумен  жабдықтаудың  ішкі  жүйесін 
монтаждау жөніндегі жұмыстарды жүргізу  кезінде жұмыстың орындалу және орындалған 
жұмыстарды күту технологиясын сақтай отырып, қолданылатын материалдың, бұйым мен 
жабдықтардың  сапасын қатаң бақылауға алу қажет. 
10.2  Сумен  жабдықтаудың  ішкі  жүйесін  монтаждау  жөніндегі  жұмыс  сапасын 
тексеруді ҚР 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорын, ғимарат пен имарат құрылысын 
ұйымдастыру» ҚН сәйкес жүргізеді.  
10.3 Жұмыс сапасының өндірістік тексерісі жұмыс құжаттамасының, бұйымдардың, 
материалдар мен жабдықтардың кіріс тексерісін, жекеленген құрылыс процестерінің және 
өндірістік  операциялардың  операциялық  тексерісін  және  сумен  жабдықтаудың  ішкі 
жүйесін монтаждау жөніндегі жұмысты қабылдау тексерісін қамтиды. 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау