МОНТАЖДАУ
21
миллиметрге дейін;
-
мүгедектерге арналған кабиналарда 1700-ден 1850 миллиметрге дейін;
-
балалар мектепалды мекемелерде, табандық түбінен өлшенген 1500 мм.
Осы тармақта көрсетілген көлемдерден ауытқу 20 миллиметрден аспауы тиіс.
Ескерту – кранға арналған саңылауы бар, арқалы раковиналар үшін, сондай-ақ үстел
арматурасы бар жуғыштар мен қолжуғыштар үшін кран орнату биіктігі аспап
конструкциясымен анықталады.
6.3.28 Мүгедектерге арналған душ кабиналарында және балалар мектепалды
мекемелерінде биіктігі бойынша реттелетін, майысқақ шлангысы бар душ торларын
қолданған жөн.
6.3.29 Мүгедектерге арналған үй-жайларда суық және ыстық су крандары, сондай-ақ
араластырғыштар тұтқыш немесе басқыш әрекетті болуы тиіс.
6.3.30 Қол кемістігі бар мүгедектерге арналған үй-жайларда орнатылатын жуғыштар
мен раковина араластырғыштары, сондай-ақ шайғыш бактар крандары аяқпен немесе
шынтақпен басқарылуы тиіс.
6.4
Ішкі кәріз жүйесін монтаждау
6.4.1 Ішкі тұрмыстық кәріз жүйесін монтаждауды жұмыс жүргізу жобасы болғанда
жүргізу қажет.
6.4.2 Кәріздік құбыржолын салу монтаж жобасына сәйкес орындалады.
6.4.3 Монтаждау кезінде көлем түрі, құбыр мен келте құбыр ұзындығы, фасон
бөлшектері номенклатурасы жағынан жобалау құжаттамасының талаптарына қатаң сәйкес
келетін құбыр өнімі пайданылады.
6.4.4 Құрылыс объектісіндегі материалдардың сапасына кірме бақылауды құбыр
салушылардың бригадирі жүргізеді және бақылауға құбыр өнімдері мен жиынтық
бұйымдарды визуалды байқау, құбырларды, фасон бөлшектер мен құбыр дайындамасы
тораптарын техникалық тексеру, құбыр өнімдері мен санитарлық-техникалық
аспаптардың негізгі өлшемдік сипаттамаларын бақылау жатады.
6.4.5 Монтаж жұмыстарын жүргізуді бастағанда жобада көрсетілген жерлерде
шойын кәріздік құбырларды бекітуге арналған бөлшектер орнатылған, қабырғаларда,
аражабындарда, арақабырғаларда құбыр өткізу үшін саңылаулар, сондай-ақ ғимарат
қабырғаларында атыздар (жобаға сәйкес құбыржолдарын жасырын салғанда) дайындалған
болуы тиіс.
6.4.6 Монтаж операцияларын орындаған кезде шойыннан жасалған құбырларда,
фасон бөлшектер мен құбыр дайындамасы тораптарында сызаттардың бар-жоғын
тексеруді (тексеру ағаш балғамен бұйымдарды ақырын тықылдату арқылы жүргізіледі),
сондай-ақ шойын құбырлардың кең қонышты жапсарлары мен фасон бөлшектерді бітеу
сапасын тексеруді (құрылыста монтаждалған қосылыстар және құбыр дайындайтын
зауыттан келген дайын құбыр дайындамасы тораптарының жапсарлары тексеріледі)
жүргізу қажет. Цемент ерітінді құйылған жапсарларда қатпарлар мен ойықтардың,
сондай-ақ кең қоныштың жартылай құйылуына рұқсат етілмейді.
6.4.7 Құбыржолдарын бекіту құралдарын құбырлар мен фасон бөлшектердің кең