Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет16/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
30 
6.11.5 Ауыз судың  су  арынды және гидропневматикалық бактарды,  сондай-ақ бак-
аккумуляторларды  сыртқы  және  ішкі  коррозияға  қарсы  қорғанышы  бар  металдан  жасау 
қажет;  ішкі  коррозияға  қарсы  қорғаныш  үшін  санитарлық-эпидемиологиялық 
сараптамадан өткен және тиісті рұқсаты бар материалдарды пайдалану керек. 
Ыстық  сумен  жабдықтау  жүйесінің  бак-аккумуляторлары  үшін  жылу  оқшаулығын 
есеп бойынша қарастыру қажет. 
6.11.6 Су арынды бактар мен бак-аккумуляторларды (арынсыз) биіктігі кемінде 2,2 
м, температурасы оң, желдетілетін және жарығы бар үй-жайға орнату керек. 
6.11.7  Үй-жайдың  күш  түсетін  конструкцияларын  жанбайтын  материалдан  жасау 
керек. Су арынды бактар мен құрылыс конструкциялары арасындағы қашықтық кемінде 
0,7  м;  қалтқы  клапан  орналасқан  жағындағы  бактар  мен  құрылыс  конструкциялары 
арасындағы  қашықтық  кемінде  1  м;  бактың  жоғарғы  жағынан  аражабынға  дейінгі 
қашықтық кемінде 0,6м болуы тиіс. 
Бактардың астына тұғырық қарастыру қажет. Тұғырық пен бак түбінің арасындағы 
қашықтық кемінде 0,5 м болуы тиіс. 
6.11.8  Су  арынды  бактар  мен  бак-аккумуляторлар  (арынсыз)  үшін  мыналарды 
қарастыру қажет: 

қалтқы  клапаны  бар  бакқа  су  беру  үшін  құбырды.  Әр  қалтқы  клапанның  алдына 
тиекті құрылғы орнату қажет; 

бағыттаушы құбырды; 

бактағы судың рұқсат етілетін ең жоғары деңгейінің биіктігінде жалғанатын қотару 
құбырын; 

құбыржолының  жалғанатын  учаскесінде  тиекті  құрылғымен  бактың  түбіне  және 
қотару құбырына  жалғанатын  ағызғыш құбырды, 

тұғырықтан суды бұру үшін су бұрғыш құбырды; 

ауыз  суды  сақтауға  арналған  бактарда  суық  судың  циркуляциясын  қамтамасыз 
ететін құрылғыны; 

ыстық  суды  бөлген  кездегі  үзілісте  сыйымдылық  жылытқышта  қажетті  тұрақты 
температураны  сақтау  үшін  циркуляциялық  құбырды;  циркуляциялық  құбырда  тиекті 
құрылғысы мен клапан-реттегіші бар кері клапан орнатуды қарастыру қажет; 

бакты атмосферамен жалғайтын әуе құбыры. (диаметрі 25 мм); 

сорғы  қондырғыларын  қосу  және  ажыратуға  арналған  бактағы  су  деңгейінің 
бергіштері; 

бактағы су деңгейінің сілтеуіштері мен солардың көрсеткіштерін басқару пультіне 
беруге арналған қондырғыларды. 
Ескерту  
Бергіш  және  бұрғыш  құбырлар  бір  құбырға  біріктірілуі  мүмкін,  ондай  жағдайда 
бактың түбіне беретін құбыр тармақтарында кері клапан мен ысырманы немесе вентильді 
қарастыру керек. 
Су арынды бакта судың деңгейі туралы сигнал болмағанда, бакқа қотару құбырынан 
5  сантиметрдей  төмен  және  сорғы  қондырғысының  кезекші  үй-жайының  раковинасына 
шығара жалғанатын, диаметрі 15 мм сигнал құбырын қарастыру қажет. 
6.11.9  Гидропневматикалық  бактар  бергіш,  бұрғыш  және  қотару  құбыларымен, 


МОНТАЖДАУ 
 
31 
сонымен  сақтандырғыш  клапанмен,  манометрмен,  деңгей  бергішімен  және  ауа  қорын 
толықтыруға және реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталуы керек. 
6.11.10 Гидропневматикалық бактарды бактың жоғарғы жағынан аражабынға дейінгі 
және бактардан қабырғаға дейінгі қашықтық кемінде 0,6 м болатын үй-жайларда орнату 
керек.  
6.11.11  Сарқынды  суларды,  оның  ішінде  ағызылатын,  сумен  айналым  жабдықтау  
жүйесіндегі  және  суды  қайта  пайдалану  жүйесіндегі  суларды  жинауға  арналған  су 
қоймаларын ғимараттың ішінде және сыртында жергілікті тазалау құрылғыларымен бірге 
орналастыруға болады. 
 

Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  монтаждау  кезіндегі  техника 
қауіпсіздігі 
 
7.1 Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өнеркәсіп санитариясы, өрт қауіпсіздігі мен 
экологиялық  қауіпсіздік  жөніндегі  іс-шараларды  орындау  жауапкершілігі  бұйрықпен 
тағайындалған жұмыс жетекшісіне жүктеледі. Жауапты тұлға тікелей өз немесе бригадир 
арқылы  монтаж  жұмыстарына  ұйымдастырушылық  жетекшілікті  жүзеге  асырады.  
Жауапты тұлғаның өкімдері мен нұсқаулары объектіде жұмыс істейтіндердің барлығына 
міндетті болып табылады.  
7.2  Жұмысшылардың  еңбегін  қорғау  қолданыстағы  нормаларға  және  орындалатын 
жұмыстың  сипатына  қарай  әкімшіліктің  қажетті  жеке  қорғану  құралдарының  (арнайы 
киім,  аяқкиім  және  т.б.)  беруімен,  жұмысшыларды  ұйымдық  қорғау  (қоршаулар, 
жарықтандыру,  желдеткіш,  қорғану  және  сақтану  құрылғылары  мен  құралдары)  
жөніндегі  іс-шараларды    орындауымен,  санитарлық-тұрмыстық  үй-жайлармен  және 
құрылғылармен  қамтамасыз  етіледі.  Жұмысшыларға  еңбекке,  тамақтануға  және 
демалуына қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Жұмыстарды арнайы аяқкиім мен киім киіп 
істейді. Құрылыс алаңындағы барлық тұлға міндетті түрде қорғану каскасын киюі тиіс. 
7.3  Құбыржолын  салу  жұмыстарына  18  жасқа  толған,  полиэтилен  құбырларының 
ерекшеліктері  мен  оларды  монтаждау  технологиясын  білетін,  бекітілген  типтік 
бағдарлама  бойынша  еңбектің  қауіпсіз  әдістері  мен  өрт  қауіпсіздігіне  оқыту  курсынан 
өткен  тұлғалар  (жыл  сайын  олардың  білімін  тексеру  арқылы),  сонымен  қатар  жұмыс 
орнында  инструктаждан    өткеннен  және  техникалық  қауіпсіздік  жөніндегі  өндірістік 
инструктаждың тіркеу журналындағы тиісті жазбадан кейін жіберіледі. 
7.4 Монтаж жұмыстарын орындайтын жұмысшылар мыналарды білуі тиіс: 

орындалатын жұмыстың ағзаға қауіпті және зиянды өндірістік факторларын; 

қолданылатын материалдардың зиянды заттары мен компоненттерін және олардың 
адам ағзасына тигізетін әсерінің сипатын; 

жеке гигиена ережелерін; 

монтаж  жұмыстарын  өндіру  технологиясы,  жұмыс  орнын  сақтау,  қауіпсіздік 
техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды; 

алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін. 
7.5 Объектіде жұмыс жүргізу қауіпсізідігі мақсатында бригадир: 
-  
ауысым  басталмас  бұрын  басқаратын  бригаданың  барлық  жұмыс  орындарында 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау