МОНТАЖДАУ
18
6.1.5.2
«Тұтынушылардың
электрқондырғыларын
техникалық
пайдалану
ережелеріне», ««Тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
ережелеріне»
және
«Электрқондырғылар
құрылымы
ережелеріне»
сәйкес
электржабдықтардың жағдайын және оларды қауіпсіз пайдалануын бақылауды құрылыс-
монтаж ұйымының әкімішлігі қамтамасыз етуі тиіс.
6.1.6
Монтаж –жинақтау жұмыстарын орындау барысында пайда болатын жобалау
құжаттамасындағы ауытқулар мен өзгерістер келісімі
6.1.6.1 Жұмыстарды орындау барысында монтаж ұйымы жіберген және жабдықтың
техникалық сипаттамасына, пайдалану сенімділігіне және ұзақ мерзімділігіне әсер
етпейтін техникалық құжаттама талаптарынан ауытқулар монтаж ұйымының тапсырысшы
өкілдерімен және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымымен келісіледі.
6.1.6.2 Құжаттаманың сәйкес келмеуінен туындаған техникалық құжаттамадан
ауытқулар, оны дайындау кезінде жіберілген жабдық сапасындағы ауытқулар және
имараттың құрылыс бөліктерінің жобалау құжаттамасы талаптарына сәйкес келмеуі
техникалық шешімдермен ресімделеді. Бұл шешімдерге тапсырысшының, авторлық
қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымының, монтаж басшысы мен монтаж
ұйымының өкілдері қол қояды.
6.1.6.3 Техникалық құжаттамадан ауытқулар мен қабылданған техникалық
шешімдер монтаж ұйымыныңтиісті құжатымен ресімделеді. Бұл құжаттарда жұмыс
орындаушы, қаржыландыру көздері, орындалу мерзімі көрсетіледі. Техникалық шешімді
орындау қорытындысы актімен ресімделеді.
6.1.6.4 Объектіні пайдалануға қабылдағаннан кейін оларды жүзеге асыру туралы
техникалық шешімдері мен актілері қабылдау-тапсыру құжаттама құрамында
пайдаланатын ұйымына тапсырылады.
6.2
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің монтаж-жинақтау жұмыстары
6.2.1
Жалпы ережелер
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің монтаждаған кезде:
құбырлардың өзара, арматурамен және аспаптармен қосылыс тығыздығын;
жүйе элементтері бекіткіштерінің беріктігін;
төсемнің түзулігін және құбыржолы учаскелерінде сынықтың болмауын;
арматураның, жабдықтың, сақтандырғыш құрылғылар мен бақылау-өлшеу
аспаптарының
дұрыс жұмыс істеуін;
жүйеден ауаны шығару және суды ағызу мүмкіндігін;
құбыржолының жобалық еңісін сақтауды қамтамасыз ету қажет.
6.3
Ішкі сумен жабдықтау жүйесін монтаждау
6.3.1 Сумен жабдықтау жүйелерін монтаждауды бастағанға дейін жұмыс орнын
ұйымдастыруды, қажетті материалдармен, құралдармен, жабдықтармен жиынтауды және
еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулық өткізуді қоса алғанда 4-