|
Сақтандырудың үлгі шарттарыБӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ
|
бет | 5/10 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 43,76 Kb. | | #36987 |
| сақтандыру шрты
Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайдағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Елеулі өзгерістер деп келесілер танылады:
сақтандырылған КҚ-ны шартта көрсетілмеген өзге тұлғаға жалға/лизингке/пайдалануға/иеленуге/билік етуге беру;
КҚ басқасына ауыстыру;
шанақты немесе қозғалтқышты ауыстыру, қосымша жабдықты орнату;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция органдарында КҚ есептен шығару, қайта тіркеу;
КҚ міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік, КҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, КҚ кілттерін жоғалту;
Сақтанушы – заңды тұлғаның таратылуы;
КҚ міндетті техникалық байқаудан белгіленген мерзімде өтпеуі;
КҚ пайдалану сипаты мен мақсаттарындағы елеулі өзгеріс;
сақтандыру шартында және сақтандыру тәуекелінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін Сақтанушының өтініш- сауалнамасында қамтылған өзге де жағдайлар.
Сақтандыру шартын жасасқаннан кейін тәуекелде болған және тәуекел дәрежесін ұлғайтатын өзгерістер Сақтандырушыға сақтандыру шарттарын өзгертуді немесе қосымша тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес сақтандыру сыйақысын төлеуді талап етуге құқық береді.
Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы сақтандыру шартының шарттарын өзгертуге немесе қосымша
сақтандыру сыйақысын төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы. Бұл ретте Сақтандырушы осы Шарттардың 10-бөліміне сәйкес сақтандыру сыйақысының бір бөлігіне құқылы.
Сақтанушы осы Шарттардың 5.1-тармағында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда сақтандыру шартын бұзуды және сақтандыру шартын бұзудан келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы. Егер Сақтанушының 5.1-тармақта көзделген міндеттерді орындамауы сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін Сақтандырушыға белгілі болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға, ал егер төлемдер жүргізілген болса, оны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын жағдайлар жойылса, Сақтандырушының сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|