|
Сақтандырудың үлгі шарттарыБӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
|
бет | 8/10 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 43,76 Kb. | | #36987 |
| сақтандыру шрты БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
Сақтанушыдан сақтандыру жағдайы туралы өтінішті алғаннан кейін Сақтандырушы мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталу фактісін белгілейді; Сақтанушының өтінішінде келтірілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді; соның салдарынан залал келтірілген оқиғаның туындау фактісі мен себептерін айқындайды; сарапшыларды, Сақтандырушының уәкілетті өкілдерін тарту қажеттігін айқындайды; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тану кезінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындайды, сақтандыру жағдайы туралы Акт жасайды.
Сақтандыру жағдайы туралы актіні Сақтандырушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасайды. Қажет болған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру жағдайының себептері мен жағдайларын дербес анықтауға құқылы.
Сақтандыру төлемі, бастапқыда КҚИ АҚЖ МС шарты бойынша жүзеге асырылады.
Осы талаптар шеңберінде Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру төлемі КҚИ АҚЖ МС шарты бойынша сақтандыру сомасы толық аяқталған кезде ғана жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемі Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) сақтандыру төлеміне жазбаша өтініші, сақтандыру жағдайы туралы акті және Шарттың 5-бөлімінде көзделген құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында теңгемен жүзеге асырылады.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін сақтандыру төлемі туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы төлеммен жүзеге асырады.
Зақымданған мүліктің меншік иесі болып табылмайтын Пайда алушыға сақтандыру төлемі онда мүліктің меншік иесінен сақтандыру төлемін алуға құқық беретін нотариалды куәландырған сенімхаты болған кезде жүргізіледі.
Сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) келтірілген нақты залал мөлшерінен аспауы тиіс.
Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде Зардап шегушінің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының пайызымен белгіленген және сақтандыру сомасының мөлшерін құрайды:
қайтыс болған жағдайда – 100%;
I топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – 100%;
II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – 70%;
III топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – 50%;
мүгедек бала – 50%.
Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде Зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері мүліктің амортизациялық тозуын ескере отырып, нақты залал мөлшерінде, бірақ сақтандыру полисінде белгіленген сақтандыру сомасы шегінде айқындалады.
Барлық Зардап шегушілердің өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиян үшін Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемінің жалпы мөлшері Сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру сомасының мөлшерімен (Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті лимитімен) шектеледі.
Егер Зардап шегушілердің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалдың мөлшері сақтандыру сомасының мөлшерінен асып кеткен жағдайда, егер сақтандыру төлемі бірінші кезекте Зардап шегушілердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін тең үлеспен жүзеге асырылады. Екінші кезекте Зардап шеккендердің мүлкіне келтірілген зиян Сақтандыру полисімен анықталған сақтандыру сомасы мен Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін Сақтандырушы төлеген сақтандыру төлемінің сомасы арасындағы айырмаға тең мөлшерде өтеледі.
Сақтанушының залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығынтарын, егер мұндай шығынтар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, Сақтандырушы өтеуге тиіс.
Мұндай шығынтар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығынтар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан (Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті лимитінен) аспауы үшін өтеледі. Егер шығынтар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.
Сақтандырушы Сақтанушының ықтимал шығындарды азайту үшін қасақана орынды және оған қол жетімді шаралар қабылдамауы салдарынан туындаған залалдар бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
Тараптар арасында шығындардың себептері мен мөлшері туралы даулар туындаған жағдайда Тараптардың әрқайсысы тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы. Сараптама оны жүргізуді талап еткен тараптың есебінен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|