Сақтандырудың үлгі шарттары


БӨЛІМ. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



жүктеу 43,76 Kb.
бет4/10
Дата07.01.2022
өлшемі43,76 Kb.
#36987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сақтандыру шрты

БӨЛІМ. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


    1. Сақтанушының құқықтары:

  1. Сақтандырушыдан оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы туралы ақпаратты талап ету;

  1. сақтандыру талаптарымен танысу;

  2. Шарт жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алу;

  3. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен карсы болу;

  4. осы Шартта қарастырылған тәртіппен сақтандыру төлемін алу;

  5. Сақтандырушыдан сақтандыру жағдайымен келтірілген шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында келтірілген шығынтардың өтемін алу;

  6. Сақтандырушы жүргізген немесе оның тапсырмасы бойынша жүргізілген келтірілген залал мен сақтандыру төлемі мөлшерінің есебімен танысу;

  7. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына сотқа шағымдану;

  8. сақтандыру құпиясы;

  9. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

    1. Сақтанушы міндеттері:

  1. сақтандыру шарттарын орындау (сақтандыру шарттарын бұзу Сақтандырылушыға Сақтанушының өзі сақтандыру шарттарын бұзу ретінде бағаланады);

  2. Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалау және Сақтандырушының сақтандыру шартын жасасу туралы шешім қабылдауы үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық жағдайлар туралы хабарлау;

  3. Автомобиль көлігі иелерінің басқа сақтандыру компанияларымен азаматтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы және (немесе) жасалатын барлық шарттары туралы Сақтандырушыға жазбаша хабарлау;

  4. Сақтандырылғандарды сақтандыру шарттарымен таныстыру;

  5. сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде тез арада, бірақ 3 (Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, егер бұл өзгерістер тәуекел дәрежесінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, КҚ сақтандыру полисінде көрсетілген пайдалану жағдайларында туындаған өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау;

  6. сақтандыру полисінде көрсетілген КҚ жарамды күйде ұстау;

  7. зиян келтіру мүмкіндігін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау;

  8. сақтандыру шарттарын орындауға (Сақтандырылушылардың сақтандыру шарттарын бұзуы Сақтанушының өзі сақтандыру шарттарын бұзуы ретінде бағаланады);

  9. тиісті органдарға олардың құзыретіне қарай (Әкімшілік полиция, өртке қарсы қызмет органдары, апаттық қызметтер, ішкі істер органдары және өзге де органдар) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

  10. сақтандыру жағдайының белгілері бар және (немесе) оның салдары сақтандыру жағдайының басталуы мүмкін сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы Сақтандырушыға дереу хабарлауға және ұсынылған ақпаратты 3 (Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша растауға міндетті. Егер Сақтанушы дәлелді себептермен аталған әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжатпен растауға тиіс. Егер Сақтанушы сақтандырылған болып табылмаса, мұндай міндет сақтандырылушыға жүктеледі;

  11. Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамау, қандай да бір міндеттемелер қабылдамау, қандай да бір ұсыныстарды мойындамау және қабылдамау, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекеттерді қоспағанда, сондай-ақ зиянды азайту мақсатында Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз сақтандыру жағдайына қатысы бар қандай да бір төлемдерді жасамау және жасауға уәде бермеу;

  12. сақтандыру жағдайының басталу фактісін және оған келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеу;

  13. сақтандыру жағдайынан болатын залалды болдырмау немесе азайту жөніндегі барлық мүмкін болатын және мақсатқа сай шараларды қолдану;

  14. егер талап қою мерзімінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы шарттарға сәйкес Сақтанушыны (Сақтандырылушыны) немесе Жәбірленушіні сақтандыру төлеміне құқығынан толық немесе ішінара айыратын жағдай табылса, алынған сақтандыру төлемін Сақтандырушыға толық көлемде қайтаруға;.

    1. Сақтандырушы құқықтары:

  1. өзіне ұсынылған ақпарат пен құжаттарды тексеру;

  2. Сақтанушыдан сақтандыру тәуекелінің өзгеруі туралы ақпарат беруді талап ету;

  3. Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ зиянның себептері мен мөлшерін растайтын құжаттарды талап ету;

  4. зақымданған мүлікті тексеруге қатысу;

  5. сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен жағдайын дербес анықтауға, оның ішінде құзыретті органдарға сұрау салуға және Сақтанушы ұсынған құжаттар мен дәлелдемелерді зерттеу;

  6. Сақтанушыдан немесе Сақтандырылушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның туындау жағдайын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап ету;

  7. заңнамада белгіленген тәртіппен Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне дау айту;

  8. осы Шарттардың 3-бөлімінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Сақтанушыны және Пайда алушыны бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, сақтандыру

төлемінен толық немесе ішінара бас тарту;

  1. Сақтанушы туындаған сақтандыру жағдайы туралы уақтылы хабарламаған не зақымданған мүлікті қарауға кедергі келтірген жағдайда сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту;

  2. тәуекел дәрежесі ұлғайған жағдайда сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуді талап ету;

  3. егер сақтандыру шартын жасасқаннан кейін Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру шартын жасасу және орысндау кезінде елеулі мәні бар жағдайлар туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлағаны анықталса, сақтандыру шартын жарамсыз деп тануды талап ету;

  4. Сақтанушыдан Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап ету құқығының өтуін қамтамасыз етуді талап ету;

  5. осы талаптарда көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу;

  6. Сақтанушы (Сақтандырылушы) осы талаптарды бұзған жағдайда, бір жақты тәртіппен сақтандыру шартын орындаудан бас тарту;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

    1. Сақтандырушы міндеттері:

  1. Сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру;

  2. Сақтанушы сақтандыру шартын жоғалтқан жағдайда-оның телнұсқасын ресімдеу;

  3. сақтандыру жағдайы басталған кезде осы шарттарда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыру;

  4. Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде, сақтандыру сомасы шегінде шығындарды азайту үшін жүргізген орынды және ойға қонымды шығынтарды өтеу;

  5. сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы хабарламаны дереу тіркеуді жүзеге асыру;

  6. сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнін көрсете отырып, анықтама беру;

  7. құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) немесе Пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, анықтама беру;

  8. Сақтанушыны және Пайда алушыны оқиғаны сақтандыру жағдайы деп танымау туралы немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін азайтуға шешім қабылдау туралы жазбаша хабардар ету;

  9. сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету.

    1. Осы Бөлімде көзделген тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі толық болып табылмайды. Тараптардың осы шарттардың өзге бөлімдерінде көзделген құқықтары бар және міндеттерді орындайды.




  1. жүктеу 43,76 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау