|
Сақтандырудың үлгі шарттары
|
бет | 10/10 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 43,76 Kb. | | #36987 |
| сақтандыру шрты БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ШАРТТАР
Осы талаптарға сәйкес сақтандыру шарты Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында ақпарат алмасу, Сақтанушыны шарттарға қосу және Сақтандырушының Сақтанушыға Сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі жолымен жасалады.
Сақтандырушы ұсынған талаптарда сақтандыру шартын жасасуға Сақтанушының келісімі сақтандыру сыйақысының жалпы сомасын төлеу болып есептеледі. Бұл ұсыныс Сақтанушының сақтандыру шартын жасасуға өтінім берген күні ішінде жарамды. Шарт сақтандыру сыйақысы төленген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Сақтандыру сыйақысын төлеу күні болып Сақтандырушының есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз қолданылатын нысандар шеңберінде ақша қаражатының түскен күні есептеледі.
Сақтандыру шарты он екі ай мерзімге жасалады.
Сақтандыру шарты КҚ сақтандыру шартында көрсетілген «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ- да немесе кез-келген басқа сақтандыру компаниясында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті қолданыстағы сақтандыру шарты (бұдан әрі - КҚИ АҚЖМС) болған кезде жасалады. Бұл жағдайда Сақтандыру полисі аясында Сақтандырылушы ретінде мәлімделген барлық тұлғалар КҚИ АҚЖМС шартында да Сақтандырылушы ретінде көрсетілуі тиіс. КҚИ АҚЖМС шартын бұзу немесе қайта рәсімдеу осы Шарттарға қосылу жолымен жасалған Сақтандыру полисін бұзуға немесе қайта рәсімдеуге әкеледі.
Сақтандыруды қорғаудың қолданылу мерзімі сақтандыру шарты жасалған күннен басталады және сақтандыру сомасы мөлшерінде және осы шарттарда белгіленген жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде өзінің қолданылуын тоқтатады.
Сақтанушы Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру сыйақысын төлеумен сақтандыру шарты жасалғанға дейін «Сентрас Иншуранс «Сақтандыру Компаниясы» АҚ автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарттары мен ережелерімен танысып, алғанын растайды, сондай-ақ Сақтандырушы бір жақты тәртіппен әзірлеген талаптармен келісетінін растайды және оларға қосылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптар сақтандыру шартын жасасу нәтижесінде алынған құпия ақпаратты екінші тараптың жазбаша келісімінсіз жария етуге құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|