Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим)
Алтынсарин (1841-1889) болды.
“Мақтубат”, “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы” атты төл шығармалары – бүгінде қолға алынып, жарыққа шығып жатқан ұлттық
оқулықтарды қалыптастырудың үлгісі болатын құнды туындылар.
3.2 Ы. Алтынсаринның әлеуметтанулық тұжырымдамалары
Тәрбие туралы ой-пікірлері:
19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана
естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы
жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса
жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі
тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық
ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ) екі халықтың – орыс және халықтарының –достығы мен
араласуының нәтижесінде ағартушы болып қалыптасады. Ол сұлтандар әулетінен шыққан.
«Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округы
туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы»
және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
3.3 Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық ой-тұжырымдамалары
Оқу-ағартушылық ой-пікірлері
Жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар
жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауылшаруашылық және қолөнер училищелерін ашады. Өйткені Ы.Алтынсарин қазақ
халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Ол: “Мектеп – қазақтарға білім берудің басты
құралы. Біздің барлық үмітіміз – қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана” деп жазған болатын.
Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген
мамандар қазақ халқының экономикалық өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер
училищесін іске қосты.
Реформалар туралы тұжырымдамалары
Қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар
“халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық
реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Еңбектері: «Тағыда
народный сот хақында», «Қазақтың өкпесін», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысындағы
низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Соғысушы патшалар», «Қазақ
халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан
степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнге соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және
т.б.
3.4 А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөнінде көзқарастары
Ұлтаралық қатынастар туралы
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт
құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуын, олардың
тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген мақаласында
Шоқан: “Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса
да жерге әрдайым зәру”, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі
мәселе етіп қояды.