21
талданатыны түсіндіріледі. Студенттерге мәселені (сабақ тақырыбын) келесі сұрақтар
бойынша ашу үшін тапсырма беріледі: «не?», «кім (қоздырады)?», «қашан (ауырады)?»,
«қандай (белгілері)?», «қандай (зерттеу)?», «қалай (емдеу)?», «неліктен?», «қандай
жолмен?»
2 қадам.Оқытушы «тізбек» әдісін жүргізу шарттарын атайды:
сұрақтарға жауаптар нақты және қысқа болуы керек.
егер студент сұраққа жауап беруден қиналса немесе толық емес және нақты емес жауап
беретін болса, оқытушы карточканы қатысушылардың қалауын ескере отырып, басқа
студентке «береді». Осыдан кейін студент сұраққа жауап береді.
ауызша сұрау аяқталғаннан кейін студенттер бір-бірінің сұрақтары бар карточкалар
санын санайды. Кімде карточка болмаса, ол сабаққа толық дайын емес екендігін білдіреді,
және сабақтың соңында қорытынды бағасы 1 баллға тмендетіледі. 1 карточкадан артық
карточкасы бар студентке қорытынды баллы 0,5-1 жоғарылатуға болады, ол сұрақтардың
күрделілігіне байланысты. Осы шешімді шығаруда студенттер қатыса алады.
жауаптарды бекіту үшін тақтада алдын-ала салынған 4 тік бағанадан тұратын кестеге
жүгінуге болады:
Сұрақ/
белгі
Жедел бронхит
Жедел бронхиолит
Созылмалы бронхит
Әр жауап беруші тақтаға барып, кестеге қысқаша түрдетарын жазады, оны ауызша
толықтырады. Берілген әдістеме жауабын жақсы таныстыру, топтағы барлық студенттердің
есте сақтауы үшін, дифференциялық диагностика жүргізуде, қорытынды жалпыландыруда
қолайлы.
3 қадам. Сұрақтары бар карточкалар студенттер алдына беті тӛмен қаратылып қойылады.
4 қадам. Әр студент кезегімен ӛзіне бір ұсынылған карточканы алады, қалған карточкалар
қалауы бойынша таратылады. Егер ешкім карточкаларды алғысы келмесе, оқытушы
сұрақтары бар карточкаларды ӛзі қалаған студенттерге ұсына алады.
5 қадам. Оқытушы студенттерге сұрақ қояды «Ӛтінемін, кімде бірінші сұрақ, карточкаңызды
кӛтеріңіз?».Студенттер ӛзбетінше кім бірінші жауап беретіндігін ұсынуы қажет. «Не?» деген
сұрағы бар студент жедел бронхит, жедел бронхиолит, созылмалы бронхит, созылмалы
облитерациялық бронхиолит нозологияларына анықтама бере отырып, бірінші болып жауап
беруі қажет. Оқытушы студентке ешқандай кӛмексіз сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік
береді.
6 қадам. Екінші болып салыстырмалы аспектіде ауру этиологияларын аша отырып, «кім
(қоздырады)?» деген сұрақпен карточкасы бар студент жауап беруі керек.Сұрақ ӛте
қарапайым құрастырылғандықтан, ауру этиологиясына аса назар аудара отырып, оқытушы
оны нақтылайды және анықтап береді.
7 қадам. Үшінші болып салыстырмалы сипатта аурудың жасқа байланысты, мезгілдік және
әлеуметтік ерекшеліктерін аша отырып, «қашан (ауырады)?» деген сұрағы бар студент жауап
береді.
8 қадам. Тӛртінші болып салыстырмалы сипатта аурадың клиникалық ерекшеліктерін аша
отырып, «қандай (белгілері)?» деген сұрағы бар студент жауап береді. Сұрақ нақты емес
құрастырылғандықтан, оқытушы нақтылап және анықтап беруге құқылы.
22
9 қадам. Бесінші болып салыстырмалы сипатта аурудың лабораториялық-аспаптық тексеру
ерекшеліктерін аша отырып, «қандай (зерттеу)?» деген сұрағы бар студент жауап береді.
10 қадам. Алтыншы болып «қалай (емдейді)?» деген сұрағы бар студент жауап береді,
салыстырмалы сипатта ауруды емдеу принциптерін аша отырып.
11 қадам. Жетінші болып «неліктен?» деген сұрағы бар студент жауап береді, аурудың
болуы мүмкін асқынулары мен олардың себептерін аша отырып. Сұрақ нақты емес
құрастырылғандықтан, оқытушы оны нақтылап және анықтап беруге құқылы.
12 қадам. Кейін «қандай түрде?» аурудың алдын-алу шараларын жүргізу және жедел
респираторлы патологиямен ауырып кеткен балаларды бақылау қажет деген сұраққа жауап
беріледі.
13 қадам. Оқытушы сұрақтарға жауап беру аяқталғаннан кейін барлық топ студенттеріне
тақтадағы толтырылған кестеге назар аударуын сұрайды және бір студентке
жалпыландыруға тапсырма береді.Жалпыландыру кезінде студентті оқытушы түзетіп
отырады.
Кейін оқытушы қорытынды жасайды – сұрақтар қаншалықты ашылды, олардың
нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда сӛйлемдерінің дұрыс болуы,
«тізбекте» жұмыс кезінде коммуникативті дағдыларын кӛрсетуі, студенттердің қайсысы
үздік, қайсысы жақсы дайындалған, ал кімнің білімін толықтыру қажеттігін айтады.
14 қадам. Оқытушы студенттерді карточкалар кӛмегімен сұрау туралы ойларымен бӛлісуін
сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, күрделі болды ма және т.б. Егер уақыт
жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» ұсынуға болады.
«Тізбек» әдісі бойынша ауызша сұрау аяқталғаннан кейін, оқытушы студенттерді сабақтың
келесі сатысына ӛтетіндіктерін хабарлайды.
Оқытушы тыныс мүшелерінің аурулары бар науқасты
объективті қарау әдістемесін түсіндіреді: Мажитова З.Х., Шаким Г.А.,
Орынбасарова К.К. және басқалары. Ауру және сау баланы зерттеу. -
Алматы. –2007 ж.. – 50 б. (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі)
әдістемелік нұсқауға сәйкес.
Тыныс мүшелерінің перкуссиясын кӛрсету.
Ұзақтығы – 20 мин.
1
Оқытушы «Медициналық манипуляцияларды, операциялық шараларды жүргізуге
науқастан ақпараттық келісім алу» туралы түсініктеме береді
2
Науқас немесе оның ата-анасынан берілген манипуляцияны орындау үшін рұқсат
алу қажеттілігі туралы студенттке мәлімет берді.
Осы зерттеу әдісін жүргізу себебі туралы науқас пен оның ата-анасын
ақпараттандырды.
3
Ӛзара амандасқаннан және танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырды.
Баланың жанынан перкуссия жасауға қалыпты жағдайды таңдады.
Барлық ережелерді қатаң сақтай отырып, ретімен ӛкпенің салыстырмалы
перкуссиясы әдістемесін кӛрсетті: жауырынаралық кеңістікте саусақ–плессиметр
тік қойылады, қалған барлық жағдайда – кӛлденеңінен қойылады.
4
Алдыңғы жағынан ӛкпе ұшы дыбыстары салыстырылды, кейін алдыңғы жағынан
ортаңғы-бұғана сызығы бойынша оң жақтан және сол жақтан IVқабырғаға дейін