9
Мәселелі оқыту әдістері
Болашақ маман-дәрігерге қажет, тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін
дамытудың жетістікті бағытының бірі мәселелі оқыту болып табылады.
Мәселелі оқыту – бұл оқу барысында студент жаңа білім, игерім және дағдыларды
меңгеретін стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрену. Берілген әдістің басты
нәтижесі студенттің кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Мәселелі оқыту маманда қалыптастырады:
мәселені ӛзбетінше анықтай білу және құрастыру мүмкіндігі;
гипотезаны анықтау мүмкіндігі, оны тексеру әдісін табу немесе ойлап шығару;
мәліметтер жинау, оларды талдау, оларды ӛңдеу әдістемесін ұсыну;
жалпы мәселені, оның аспектілері мен оны шешу сатыларын кӛре білу мүмкіндігі, ал
ұжыммен жұмыс істеуде – мәселені шешуде жеке тұлға ретінде қатысуын анықтау.
Мәселелі оқыту элементтері антикалық кезеңде, одан кейін Жаһандану кезінде де
орын алды. Бұл Сократтың эвристикалық әңгімелесулері, Галилей диалогтары мен
әңгімелесулері, Ж.-Ж.Руссо мәселелі диалогтары, К.А.Тимирязев дәрістері.
Мәселелі оқыту педагогтың дайын түрде білімін хабарламайтындығына, оларды
шешу әдістері мен жолдарын іздеуді меңзей отырып, қатысушыларғамәселелі тапсырмалар
қоюына негізделген. Мәселені шешу шығармашылық ойлауды талап етеді. Қазіргі
педагогикада мәселелі оқытудың үш түрі тәжірибеден ӛтіп жатыр:
дәрісте монологтық тәртіпте немесе семинарда диалогтық тәртіпте оқу материалын мәселелі
жолмен жеткізу;
лабораториялық жұмыстарда сынақтарды орындауда жекеленген-іздеулік жұмыстары;
ӛзбетінше зерттеу жұмыстары.
Мәселелі жолмен қарастыру тиімділігін жоғарылату СҒЗЖ арқылы жүзеге
асырылады, оны орындау кезінде студент кәсіби ойлау қабілетін қалыптастырудың барлық
сатыларынан ӛтеді, ал жеке дәрістер, семинарлар немесе тәжірибелік сабақтарда мәселелі
оқытудың бір ғана немесе шектелген мақсаттары қарастырылады.
Кім ескіні елемей, жаңаға жетсе, ол оқытушы бола алады.
Конфуций
Инновация дегеніміз не?
Инновация – жаңа кіріспе, жаңаны енгізу, жаңалықты енгізу. Бұл жаңаны меңгеру
және енгізу үрдісі. Жаңалық – маңыздылықты, әдістілікті меңзейтін құбылыс. Жаңа құрамы
мен технологиясы, әдістемесі. Осыған қарай, жаңа кіріспе деңгейіне қарай– тӛмен (ерекше
атауларда, анықтамаларда ӛзгертулер түріндегі инновациялар),орта (маңыздылықты
қозғамайтын түрлердің ӛзгерісі), жоғары (жүйені немесе оның басты компотенттерін
ӛзгертеді) болып жіктеледі.
Инновациялық үрдіс – білімнің құрамын дамыту мен қалыптастырудың және
жаңалықты ұйымдастырудың кешенді жұмысы [6]. Жаңалықты тәжірибеге енгізу үрдісі
ретінде новаторлар деп аталатын жаңалықты енгізушілердің мақсатты бағытталған,
ұйымдастырылған жұмысының үрдісі.
Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – студент» ӛзара жұмысының жаңа
әдістерімен сипатталатын, оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі тәжірибелік
жұмыстардағы жаңалық. Инновациялық оқыту оқытудың белсенді әдістері мен түрлерінен
10
тұрады, себебі соңғысы кәсіби білімді меңгеру үрдісінде студенттердің жылдамдылығымен
және белсенді ойлауы мен тәжірибелік жұмыстарын жігерлендірумен сипатталады.
Оқыту әдістері ойлағандарды жүзеге асыру механизмдері болып табылады. Ол барлық
мақсаттарды, міндеттерді, оқыту принциптерін ӛмірге айналдыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың жаңа әдістері мен әдістемелерін енгізу арқылы жалпы білім беру мен оқыту
үрдісін реформалау жүзеге асырылады, оны кез-келген оқытушы нақты бір сабақта жүргізе
алады.
Студенттерді оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру әртүрлі тақырып және жағдай
бойынша оқыту әдісін дұрыс таңдай білу және қолданумен тікелей байланысты, сонымен
қатар, оқу үрдісінің барысында субъект-субъекттік қатынасты қамтамасыз етумен
байланысты.
Студенттерді оқытудың қазіргі шарттары инновацияларды, жаңалық және
жаңакіріспені енгізу қажеттілігімен ерекшеленеді. Берілген оқыту әдістері студенттерде
клиникалық және тез ойлау қабілеттерін дамытады, шығармашылық және инновациялық
жұмыс тәжірибесін қалыптастырады, компетенцияларын жетілдіреді, озық жұмыс істеуге
үйретеді, тек қатысушы емес, сонымен бірге, оқытушыны да дамуға жігерлендіреді.
Анықталғандай, белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында ӛздерінің айтқандарының
80%ын, ал ӛздерінің істегендерінің 90%ын есте сақтайды [7].
Инновациялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері: болашаққа құштарлық, тұрақты
мазасыздану, тұлғалық және оның дамуына бағытталуы, мәселені шешуге шығармашылық
жолмен келу, қатынастың серіктестік түрі, бір-біріне кӛмектесу, топта жұмыс істей алу,
бірігіп шығармашылық ету, мақсаттарына жетуге ұмтылу, тапсырмаларды креативті жолмен
шешу, тұлғалық-бейімделген жолға аса назар аудару.
Инновация және дәстүрлі әдістердің ерекшелігі?
Оқытудың дәстүрлі әдістері негізінен бұған дейін 400
жыл бұрын пайда болған сыныптық оқу жүйесі арқылы
жүзеге асырылады. Дәстүрлі оқытудың міндетті элементі –
оқу, ол түгел сыныппен бірмезгілде сабақ жүргізу болып
табылады. Оқытушы сабақ үстінде хабарлама жасайды, білім
береді, игерімі мен дағдыларын қалыптастырады, жаңа
материалдарды меңгеруін анықтау үшін қатысушылардың
меңгеру нәтижелерін бағалайды. Дәстүрлі оқыту негізінен
репродуктивті сипат алады. Оқытушы жалғыз әрекет етуші тұлға болып табылады.
Оқытушының басты күші оқу ақпаратын жақсы жолмен таныстыруға бағытталған.
Қатысушы осылайша оқытушыға меңгерген оқу материалдарының мазмұнын жеткізуі қажет.
Дәстүрлі оқытудың негізгі әдісі түсіндірмелі-көрнекілік. Дәстүрлі оқыту әр
оқытушыға бейімделуіне мүмкіндік беретін ӛзгертулер енгізуді қажет етеді.
Модернизацияның бір жолы оны ұйымдастыруға оқытуды дамыту элементтерін енгізуден
тұрады. Яғни, оқу міндеттерінен, оқу әрекеттерінен, бақылау әрекеттерінен және білімін
меңгеру дәрежесін бағалаудан тұратын оқу жұмысын қалыптастыру. Дәстүрлі оқытуды
жетілдірудің басқа жолы ақпараттық және оқытудың дамытушы түрлері мен әдістерін
интеграциялау негізіне бағытталған. Мысалы, педагогикалық шеберлік технлогиясы.
Бұл технология Францияда жасап шығарылған. Оның негіздерін атақты психологтар
мен қоғам қызметкерлері Анри Валлон, Поль Ланжевен және Жан Пиаже қалаған. Олар мен