Реферат Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»



жүктеу 210,67 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі210,67 Kb.
#8360
түріРеферат


Реферат


Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»

Дайындаған: А.С. Карагойшина

2013 жыл
Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалар0ы үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:

- балалардың жас ерекшелігін;

- психологиялық ерекшелігін;

- денсаулығын;

- ұлттық ерекшелігін;

- аймақтық ерекшелігін;

- діл (менталитеттік) ерекшелігін;

- жыныстық ерекшелігін;

- қабілет-мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;

- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;

- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;

- туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;

- азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;

- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:

-  лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;

-  қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызыметінің негізгі бағыттары;

-  лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;

-  лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;

 Лагердің топ  жұмыстары дегеніміз, бұл:

- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;

- лагердің дәстүрлігі;

- лагердің профилдері (жас тілщілір, туристер, спортшылар т.б.);

- мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;

- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;

- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:

а) күнделікті жоспарды құру;

ә) топтың күнделігін жүргізу;

б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.

Топ аттары, ұрандары

Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады.

 Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.

Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:

 -   Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,

Өнегелі ұл-қызбыз.

 -         «Балдырғанбыз»- балдаймыз,

Бақытты өмір таңдаймыз.

Шаттық-думан көңілді,

Болашаққа жалғаймыз.                                                                                      

-         «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,

-         Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т.б.с.

 Ұрандық сөйлесімдер:

-         Қандаймыз?                                                              — Ән айтуға қалаймыз?

-         Жараймыз!                                                                — Бастаушыға қараймыз.

-         Қалаймыз?

-         Санаймыз: бір,екі, үш!                                             - Біздің топ қандай?

Жолға бастап түс.                                                       Татулығы балдай!

Шарықтатып, талмай…

-Ән айтамыз қалмай!

 Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:

-         Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;

-         Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;

-  Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;

-         Ұлттық дәстүрлер мерекесі;

-         Өнер байқаулары;

-         Әдеби викториналар;

-         Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;

-         Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;

-         Көңілді тапқырлар клубы (КВН);

-         Сөздік сайыстар, саяхаттар;

-         Поэзия кештері;

-         Ән-күй кештері;

-         Концерттік кештер;

-         Би кештері, т.б.

2. Жазғы демалыс педагогикасы: дамуы, өзекті мәселелері.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 1 маусымында білім беру мекемелері оқушылары үшін жазғы сауықтыру ауысымы ашылады.

Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға,олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға,балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.

Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?

Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі 10 мыңнан астам лагерлер жұмыс істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы үшін лагерлердің екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы. Ал республикада барлық типтегі 11 мың лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 296–қала сыртындағы, 6-жыл бойы істейтін, 85-санаторий типіндегі, 620-бейіндік,30-скауттық, 130-палаталық және 10 мыңнан астам-мектеп жанындағы лагерлер. Сауықтыру ұйымдарында 7 мыңдай педагогтер, оның ішінде 2 мың тәрбиешілер, 1,5 жетекшілер жұмыс жасайды.

Өкінішке орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық..Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады.Ал жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаңдамайды,мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.

Мектеп лагері-белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.Лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.Балалардың сауықтыру лагерлері балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі.Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі.Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды.Онда бастауыш сынып оқушылары ,оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.

Жазғы сауықтыру маусымында балалар лагерьлерінің қабылдау дайындығын, өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналақ талаптардың бақылауы мен сақталуын қамтамасыз етіледі.

Лагердің жұмыс мақсаты-жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру.

Міндеттері:

-уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;

-ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;

-оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру;

-оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;

-оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;

-балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;

-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.



Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер-бұлар:

-барлық шаралардың сөзсіз қауіпсіздігі;

-әрбір адамның ерекшеліктерін ескеру;

-лагердегі барлық адамдардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әркетте өз қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі;

-күн бойында эмоциялық және дене жүктемелерінің бөлінуі;

-тәрбиешілер мен жетекшілер және лагерде демалушы балалар арасында да міндеттер мен уақыттардың нақты бөлінуі;

-әр санаттағы балалар мен ересектер қарым-қатынасында табысқа жету жағдайын үлгілеу және жасау.

Бағыттары:көркемдік шығармашылық, эстетикалық, білімдік.

Әрекет түрлері:еңбектік, дене шынықтыру-сауықтыру, бос уақытты өткізу, үйірмелік.

Лагерь бағдарламасының мазмұны әрекет бағыттарының кең спектрін ұсынады және әрбір балаға еркін таңдау мен қызығушылық негізінде өзінің даралығын, әртүрлі істерде бірегейлігін ашып, көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың міндеттері мен әрекет түрлерінің қарқынды өзгеріп отыруы олардың шығармашылығы мен дербестігіне әсерін тигізеді. Үйірмелер мен шығармашылық шеберханалардың жұмыс істеуі де балалардың өзін-өзі таба білуіне, кәсіби негізін іздестіру қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.Шығармашылық шеберханалар қызметі жазғы мектеп лагерінде қосымша білім беру жүйесін қажет етеді.Балалардың аздығынан педагогтың олармен жеке жұмыс жасау, сабақтан сабаққа баланың ілгері жылжу барысын бақылауға мүмкіндігі болады.Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға өзін бағдарлық жағынан сынап көруге мүмкіндік береді.Нақ осы сынақ балаға ақпарат беріп қоймай, белгілі бір әрекет түрін үлгілеуге, өзінің осы әрекет түрін меңгеруге даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Сондықтан психологиялық –педагогикалық сипаттағы ең үлкен мағыналық жүктеме екінші жартысында болатын –шығармашылық жүктеме. Оның үш құрамы бар, олардың реті өзгеріп отырады, бірақ құрамының өзі өзгермейді:бірінші тестілеу, ол балалардың қабілеттіліктерін, бейімділіктерін анықтауға арналған,екіншісі-балалардың шығармашылық шеберханаларындағы жұмыс бастылығы; үшінші-әрбір сабақтың аяқталғандығы.

Бала ұйымдастыру кезеңінде бірнеше шеберханалар жұмысына қатысып,өзіне ең ұнағанын таңдап алады да ,ауысым бойынша сонымен айналысады.

Әрбір күн ертеңгілік гимнастикадан басталады, ол 10-15 минут жүргізіледі:күн ашық күндері-далада,жауынды-шашынды болғанда-желдетілген бөлмеде. Бұл режимдік сәттің негізгі міндеті (денесін шынықтыру мен дамытудан басқа)-күні бойына жақсы эмоциялық көңіл күй және мықты дене тонусын сыйлау. Қимыл-қозғалыс ойындарына дене шынықтырудың барлық элементтері: жүру,жүгіру,секіру кіреді. Олар балалардың көңіл күйін көтереді, ептілігі мен шапшаңдығын, төзімділігін дамытады, ал ұжымдық ойындар оған қоса достыққа тәрбиелейді.



Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі: табиғатта да, қоғамда да және адамдар арасындағы қарым-қатынаста да. Тек оны көре білу, сезіне білу, түсіне білу қажет. Осындай білік өскіні әрбір адамның бойында бар. Оларды дамыту –эстетикалық тәрбиелеу. Сондықтан да эстетикалық тәрбие әрқашанда балалардың сауықтыру лагерінде педагогикалық әрекеттің маңызды бөлігі болып табылады.Лагерде рухани-адамгершілік,эстетикалық тәрбие шеңберінде көп нәрсе жасауға болады. Бұл жерде бірнеше бағыттарда қарым-қатынас жасалады.

Шығармашылық әрекет- бұл адам белсенділігінің ерекше саласы, онда жеке адам өзінің рухани және дене күші көрінісінен ләззат алудан басқа мақсат көзделмейді.Лагердегі шығармашылық әрекеттің негізгі міндеті –балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту болып табылады.

Сурет салу лагерде балалардың көркемдік қабілеттерін дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді.Сурет сала отырып,балалар көркемдеу әрекетінің бірқатар дағдыларын меңгереді, көру жадын бекітеді, түстер мен қоршаған орта формаларын аңғарып,айыра білуге үйренеді.Өз суреттерінде олар өзінің әлемді қабылдауын, өз қиялын қағаз бетіне түсіреді.

Еңбек тәрбиесі балаларды әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектің педагогикалық ұйымдастырылған түрлеріне тарту үрдісі, оларға аздаған еңбек біліктерін, дағдыларын беру, еңбексүйгіштіктерін, басқа да адамгершілік сапаларын, еңбек мақсаты, процесі мен нәтижесіне эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.

Тұрмыстық өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі балалардың жеке еңбек әрекеттері есебінен оның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қарастырады.Оған төсегін жинау, киімі мен аяқ киімін күтіп ұстау,өзі отырған ортаны таза ұқыпты ұстау кіреді.

Балалардың лагердегі өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне лагерь бойынша, асханадағы кезекшілік те жатады.

Жазғы демалыс жағдайында балалардың жаңаны, бейтанысты танып- білу тілегі жоғалмайды, тек бұл ұмтылыс мектептегі сабақтан басқа формада жүзеге асырылады. Бір жағынан балалар өздеріне мектептен, қоршаған ортадан берілген білімдерін жүзеге асыруға тырысады. Мысалы, саяхаттар, танымжорықтарға шығу, концерт, спектакльдер көру, психологиялық тестілер балаларға өзін жаңа бір қырынан көруге көмектеседі.



Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.

Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқа шығу да баланың көңіл көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнделікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл күймен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін береді.Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға тәрбиелейді.Өздігінен білім алуға экскурсиялар, пікірталастар, іскерлік ойындар жатады.

Лагердегі тәрбие жұмысының маңызды бағыты-балаларды қызығушылығы бойынша шағын топтарға біріктіретін үйірмелік әрекет. Лагердегі үйірмелерді ұйымдастыру вариативті сипатта болады, яғни әрбір ауысым кезеңінде мектеп мұғалімдерінің басшылығымен тұрақты үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмелерде жұмыс жасау балаларды бірлескен шығармашылық арқылы дамытады. Бұл кезде мінез-құлық нормасы мен этикет ережелерін бекіту, жаңа пәндермен және құбылыстармен танысу, табиғатқа қамқорлық жасау, еңбексүйгіштікке баулу жүзеге асырылады. Балалардың қызығушылығын неғұрлым пайдалы жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Жазғы лагерь жұмысынан біз қандай нәтиже күтеміз?

1. Тәрбиеленушілерді жалпы сауықтыру, олардың денсаулығын нығайту.

2. Балалар мен жасөспірімдердің дене және психологиялық күштерін нығайту, лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту,жаңа білім беру, шығармашылық қабілеттіліктерін, дербестігін және өнерлерін дамыту.

3. Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының және топтық шығармашылық  және еңбек әрекеттерінің,әлеуметтік белсенділіктерінің біліктері мен дағдыларын алуы.

4. Коммуникативтік қабілеттері мен толеранттығын дамыту.

5. Балаларды әлеуметтік маңызы бар істерге тарту арқылы олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

6.Үйірмелерде жұмыс жасау жолымен жаңа білімдер мен біліктер алу (ән, ойындар үйрену,жобалар жасау)

7.Балалардың ой-өрісін кеңейту.

8.Оқушылардың жалпы мәдениетін арттыру, оларды әлеуметтік-адамгершілік нормаларына баулу.

9.Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының өсуі. 

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіруде көптеген түйінді мәселелердің шешімін табу қажет.

Өкінішке қарай, біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы да. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.

Балалардың жазғы демалысын өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін мынандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Атап айтқанда, ең әуелі, балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі демалысын өткізу, денсаулығын түзеу, еңбекпен қамту мәселелерін үйлестіріп және қадағалап отыратын мемлекеттік органды анықтау; балалардың демалысын ұйымдастыруға әртүрлі діни конфессия өкілдерінің араласу жағдайлары да кезігіп жүргендіктен, қала сыртындағы лагерьлерді міндетті түрде лицензиялау мәселесін назарға алу; білікті кадрлар, оның ішінде психолог-педагогтық, физкультуралық-спорттық, медициналық мамандарды дайындау тәжірибесін жаңғырту, лагерь жағдайында балалармен жұмыс істейтін аға және топ жетекшілері жүйесін қалпына келтіру, ішкі туризм бойынша балалардың тарихи орындарға экскурсиялық жорықтарын, саяхаттарын ұйымдастыру шараларын реттеу. Осы жайттарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың емдеу-сауықтыру тұрғысындағы демалысы мен жасөспірімдерді жазғы еңбек тоқсанына тарту жүйесін дамыту  арқылы өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіру, жазғы кезеңде оқушыларды сауықтыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тұрғыларын дайындау, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтылуын дайындау және ұйымдастыру бойынша барлық деңгейде комиссиялар құру, сондай-ақ балалар лагерьлерін пайдалануға қабылдау дайындығы, барлық қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс аймақтарын есепке алу, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялармен қамту, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мемлекеттік қолдауға мұқтаж көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасының балаларын, өмірдің қиын жағдайында қалған “тәуекел” топтың балаларын, экологиялық жайсыз аудандарда тұратын балаларды, мүгедек балаларды және дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазғы кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін жолдамамен қамтамасыз ету, еңбек заңдарына сәйкес жазғы каникул кезінде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жасөспірімдерді жұмыспен қамту қажет;

Сауықтыру лагерьлеріне аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылары балаларының қолжетімділігі проблемалық мәселе болып отыр – республика бойынша жазғы балалар лагерьлеріне жолдаманың қымбаттығы салдарынан, балалардың санаулы тобы ғана болмаса, көпшілігі лагерьлерде демалу мүмкіндігіне ие бола алмай отырғандығын басып айтуға болады.

 Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары.

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу. Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз. Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

- сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.

- лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау.

- отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.

- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.

- лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу.

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді. Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже - регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған. Қазақстан мемлекетінің Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айында № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ережесі - регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген:

Спорт мектебін, оның директоры басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, оку, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылык етеді. Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұ-сқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады. Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттықтыру кестелерійе, күнтізбелік жарыс жоспарына, оның орындалуына, жаттықтыру сабактарының сапасына, бапкерлердің білім жоғарылату курстерін уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер-нұсқаушы оқу, тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.

Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жатгықтыруларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға катысып, спорттық дәрежелерінің тұрақты, жоғарғы өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне жауап береді.

Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттықтыру сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабактарында, жарыстарда, мектептің жатгықтыру секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұхынып отырулары керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Интернет серверлері

2. Методическое пособие «В помощь организаторам летнего лагеря», Алматы, 2006



3. Әдістемелік құрал «Аға тәлімгердің жазғы демалысты ұйымдастыру қызметі», Орал, 2009
жүктеу 210,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау