«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 55-беті
6.3.5. Тіркеуге жіберуге:
▪
белгілі бір пәндерді оқып-игеру үшін талап етілетін барлық пререквизиттерді
оқып-өту;
▪
оқу төлем ақысы бойынша қаржылық қарыздың болмауы (егер білім алушы
ақылы бөлімде оқыса);
6.3.6. Соңғы оқу жылында білім алушылардан басқаларының жазғы семестрге
тіркелуі көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.
6.3.7. Пәнді қайта оқып-игеру (Retake) үшін тіркеу жалпы тіркеудің белгіленген
мерзімдерінде жүзеге асырылып, бірақ оқу үшін алдын ала төлем жасауды талап
етеді, себебі пәнді қайта оқып-игеру барлық білім беру бағдарламалары мен оқыту
түрлері үшін тек қана ақылы түрде жүргізіледі.
6.3.8. Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған білім
алушылар санының жеткіліктілігі бойынша құрылады. Міндетті пәндерге
тіркелгендердің бакалавриатта талап етілетін ең аз мөлшері:
▪
дәрістерде – кемінде 40 адам;
▪
тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам;
▪
білім алушылар контингенті аз білім беру бағдарламаларын санамағанда,
тілдік, зертханалық сабақтарда топ 2-ге бөлінеді, егер студент саны 20 және одан
жоғары болса.
Білім алушылардың академиялық топтарының білім алушылар контингенті
шағын білім беру бағдарламаларының элективті пәндері бойынша білім
алушылардың барлығының бір пәнге жазылу ұстанымы бойынша құрылады.
Мұндай жағдайда білім алушылардың жалпы саны 10-12 адамнан кем болмауы тиіс.
Білім алушылар саны бекітілген ең аз мөлшерден кем болған жағдайда пән
ашылмайды. Осы пәнге жазылған білім алушыларға тіркеу аяқталғаннан кейін 3
күннің ішінде бұл туралы ескертіліп, пәнді қайта таңдаулары сұралады.
Белгілі бір оқу пәніне тіркелген білім алушылардың саны осы пәнге бекітілген
ең көп мөлшерден асып кеткен жағдайда бұл пән бойынша қосымша академиялық
топ (ағым) құрылады.
6.3.9. Магистратура топтарын құру барысында университет ҚР Білім және
ғылым министрлігінің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын басшылыққа алады.
Академиялық ағымдар білім алушылар контингенті аз білім беру бағдарламаларын
санамағанда максимал есеппен 20-25 адамнан құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: