Әлеуметтік қауіпті топтағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оларды сауықтыру және жұмысқа орналастыру бағдарламасы



жүктеу 131 Kb.
Дата16.02.2020
өлшемі131 Kb.
#29223
түріБағдарламасы

Әлеуметтік қауіпті топтағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оларды сауықтыру және жұмысқа орналастыру бағдарламасы

Түсіндірме жазба хаты
Жазғы демалыс- оқушылардың жыл ішіндегі айтарлықтай бөлігін құрайды, бірақ барлық ата-аналар баласына толық, дұрыс ұйымдасқан демалыс бере алмайды. Сондықтан, педагогикалық бақылауды талап ететін балалар және жасөспірімдермен үздіксіз жұмыс өте қажет. Жазғы демалыс кезінде әсіресе қажет. Жазғы демалыс бүгін - тек әлеуметтік қауіпсіздік ғана емес, ол сондай-ақ баланың шығармашылық дамуына, рухани дүниесін және интеллектін байытуға арналған кезең.

Алдын алу жұмыстары аясында мектепте алдын алу кеңесі ұйымдастырылды, оның мақсаттары мен міндеттері «қауіпті топқа» жақын оқушыларды анықтау, олармен жеке жұмыс жасау, үйірмелік қызметке балаларды тарту. Бұл профилактикалық жұмыс жазда әсіресе маңызды болып табылады, себебі жазда оқу орындарының балаға беретін тәрбие әсері айтарлықтай әлсірейді немесе мүлдем тоқтатылады.

Оқушылардың денсаулығы мен еңбегін қорғау мақсатында өткізілетін мектеп әкімшілігінің жүйелі жұмысы білім беру процесінде және оқушылардың демалысы кезінде балалар ұшырайтын жазатайым оқиғалардың санын азайтады.

Бағдарлама мектептің алдын алу кеңесінің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Көптеген мектеп оқушылары жазда бақылаусыз қалады және уақыты ұйымдастырылмайды, бұл негізінен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне, және бүгінгі күні мектептеріміздегі көптеген оқушылардың отбасыларының әлеуметтік мәртебесінің төмендігіне байланысты, өкінішке орай, «икемсіз балалар», «Аффективті, девиантты және деликвенттілік мінез-құлқы бар балалар», «кәмелетке толмаған құқық бұзушылар» ұғымдары күнделікті әдетті ұғымдарға айналды.

Бейәлеуметтік мінез-құлықтың себептерін талдау балалардың көпшілігі ата-аналар өз міндеттерін дұрыс орындамаған отбасыларда тұратынын көрсетті; балалар мектепішілік, ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының есебіне алынған; қаңғыбастыққа бейім, сабақтарды себепсіз жүйелі түрде қалдырады.

Бұл топтармен жұмыс істеу кезінде білім беру мекемелерінің негізгі мақсаты оларды білім беру үдерісіне тарту, олардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету және сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту болып табылады, нақтырақ айтқанда баланы әлеуметтендіру кеңістігін ұйымдастыру.

Сондықтан, әсіресе жазғы демалыстарда, педагогикалық бақылауды және қолдауды қажет ететін балалармен үздіксіз жұмыс мақсатты түрде жүргізу тиімді.

Жазғы кезең баланың «қалыпты» әлеуметтік жағдайына қайта оралуына, сананы жаңартуға, баланы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайды.

Жұмыс барысында жасөспірімдердің әлеуметтік дамуына талдау жасауды ұйымдастыру, проблемалық аймақтарды анықтау, психоэмоционалдық шиеленісті жою және «Заңға бағынатын азаматты тәрбиелеу», «Өзіңе өзің көмектес» курстары арқылы әлеуметтік құзыреттілікті арттыру жоспарлануда.

Жасөспірімдерді мінез-құлықты реттеу жолдарына үйрету, ең жақын ортадағы қарым-қатынасты қалпына келтіру - бағдарламаның негізгі мақсаттары. Оның жүзеге асырылуы жасөспірімдердің әлеуметтік құзыреттілігінің деңгейін арттырады, проблемаларды жеңу стратегиясын және тактикасын әзірлеуге, балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастырады, мінез-құлық мәселелері бар балалардың санын азайтады.


Мақсаты: Нақты проблемаларды шешуде жасөспірімдер мен олардың отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
Міндеттері:

  • «Қауіпті топтағы» жасөспірімдердің проблемаларын анықтайды;

  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға ынталандырады, оны қажетті психологиялық ресурстар мен құралдармен қамтамасыз етеді

  • Қоғамдық өмірге белсене қатысу қажеттілігін жаңартады;

  • Балалардың проблемаларын шешу жолдарын іздеуде ата-аналарға кеңес береді.


Бағдарламаны орындау келесіге мүмкіндік береді:

жасөспірімдердің әлеуметтік құзыреттілігінің деңгейін арттыруға;

оң өзгерістерге қол жеткізіп, проблемаларды шешуге арналған стратегия мен тактиканы (ата-аналармен бірге) дамытуға.

Мектеп маңындағы алаң жұмысының бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды, ол тек оқушыларды жазда жұмыспен қамтуын ұйымдастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, мектептің білім беру жүйесінің негізгі бағыттарымен тығыз байланысты болса екен деген тілек бар.


Жазғы демалыс бойдағы күшті қалпына келтіру, денсаулықты дұрыстау, шығармашылық әлеуетті дамыту, бойдағы ауырлықтан арылу кезеңі. Балалардың қызметі ұйымдасқан және нәтижелі болу тиіс.

Бұл бағдарлама өзінің бағыты бойынша жан-жақты, яғни әртүрлі іс-шараларды қамтитын, мектеп жанындағы алаң жағдайында балалардың сауықтырылуының, демалысының және тәрбиесінің түрлі бағыттарын біріктіреді.


Бағдарлама тұжырымдамасы

Жазғы демалысты ұйымдастыру және оқушыларды сауықтыру - бұл мектептің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі.

Шындығында, денсаулығы жақсы, психологиялық тұрақты, адамгершілігі жоғары адам ғана белсенді өмір сүріп, әртүрлі қиындықтарды сәтті жеңе біледі және кез-келген қызметте табысқа қол жеткізе алады. Сондықтан, ата-аналарды, мұғалімдерді салауатты, физикалық күшті баланы тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері көп мазалайды.

Сондай-ақ, мектепте әсіресе құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға, зиянды әдеттерге жол бермеуге, суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс жылдың басынан басымдық қарқында жүргізіледі және жазда үзілмеуі тиіс.


Қызметтегі бағыттар:

  • Жазғы құқықтық білім мектептері

  • Психологиялық станциялар

  • «Психологиялық жасақтар» жұмысы

  • Мектепішілік, ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының есебіне алынған оқушылармен полицияның жас инспекторлары жасақтарының жұмысы

Ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді, яғни жазғы маусымда жүзеге асырылады.

Бұл бағдарлама жан-жақты, яғни әртүрлі іс-шараларды қамтитын, мектеп жанындағы алаң жағдайында балалардың сауықтырылуының, демалысының және тәрбиесінің түрлі бағыттарын біріктіреді.


Құрамы – 7-17 жас аралығындағы девиантты мінез-құлықты балалар (профилактикалық барлық есеп түрлеріне алынған оқушылар).

Балаларды іріктеу кезінде түрлі есепке алынған отбасылардың балаларына, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы балаларға, «қауіпті топтың» балаларына ерекше назар аударылады.


Нормативтік-құқықтық база

Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы;

ҚР Конституциясы;

«Білім туралы»ҚР Заңы;



Кадрлық қамтамасыз ету

Бағдарламаны іске асыруға оқу орнының тәжірибелі оқытушылары қатысады: педагог-психолог, әлеуметтік педагог, дене шынықтыру мұғалімі, ІІБ ЮПТ инспекторы, қосымша білім беру мұғалімдері.


Бағдарламаның негізгі мазмұны
Қызмет түрлері:

Бағдарлама күрделі сипатқа ие, өйткені ол психологиялық, құқықтық, спорттық, сауықтыру, интеллектуалды және басқа курстарды жүзеге асыра отырып, жасөспірімдер тобына әлеуметтік және білім беру кеңістігін ұйымдастыруды қарастырады.

Жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша аналитикалық-болжамдық және ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

Ақпарат психоәлеуметтік және құқықтық салаларға қатысты мәселелер бойынша ұсынылады.


Қызмет принциптері:

-гуманизм,мақсаты бейәлеуметтік тәртіптің алдын алуын болжайды;

-саралау және дараландыру әр баланың дамуын оның қабілеттеріне, қызығушылығына және мүмкіндіктеріне сәйкес қамтамасыз етеді;

-жасырын, өйткені барлық алынған ақпарат мүдделі тұлғаны ескертусіз үшінші тұлғаларға жария етілуіне жол берілмейді;

-дамыту, баланың даму деңгейі. Педагогикалық әдістер:


  • Ұжымдық әсер әдісі;

  • Жалпы мәселелер бойынша шешімдерді демократиялық қабылдау әдісі;

  • көңілді жағдай жасау арқылы әсер ету әдісі;

  • қызықты жұмысқа тарту әдісі;

  • мадақтау әдісі;

  • қызметке баланың қатысу тәсілдерін даралау әдісі.

Бейінді алаң қызметінің негізінде- құқықбұзушылық және өзіне-өзі қол салу тәртібінің алдын алу.
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері мен механизмдері.



Кезең

Мерзім

Іс-шаралар

Дайындық

Сәуір, мамыр

- әлеуметтік қауіпті топтағы оқушыларды жазғы жұмыспен қамту бойынша мәлімет жинақтау (сынып жетекшілер, психологтар,әлеуметтік педагогтармен әңгімелесу нәтижесінде)

Ұйымдастыруышылық

мамыр

- жазғы бейінді алаңды толымдау;

- тізімді бекіту;

- әлеуметтік қауіпті топтағы балалардың болжамды жоспарын құру;

- демалыс алдында оқушылар және ата-аналармен алдын алу жұмыстарын жүргізу (полиция қызметкерлерімен, инспекторлармен кездесілер; жазғы демалыс алдында құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты сынып сағаттары).



Практикалық

маусым - тамыз

- жазғы лагерьдің ашылуы және жұмыс жасауы;

- әлеуметтік қауіпті топтағы балаларды жұмыспен қамтуды тұрақты бақылау (жазғы бейінді алаң шеңберінде әртүрлі ойын және спорт, құқықтық, психологиялық іс-шаралар өткізу, бақылау күнделіктерін жүргізу);



Аналитикалық

тамыз - қыркүйек

- жұмыс анализі;

- қорытындыларды жалпылау.




1. Дайындық кезеңі:

алаңдарды толымдау;

құжаттаманы әзірлеу

2. Ұйымдастырушылық кезең:

Ұжымды дамыту мақсаттарын және оларды бағыттау;

Бірлескен жұмыс заңдары мен талаптарын қалыптастыру;

Бағдарламаны іске асыру бойынша қызметке дайындау



3. Негізгі кезең: бағдарламаны іске асыру бағдарламаға қатысатын балалар, педагогтар, ұйымдастырушылар:

таниды, демалады, еңбектенеді;

өзінде және қоршаған ортада жаңалықтар ашады;

іс-шаралар өткізуге көмектеседі;

теріс эмоциялармен күресуге, өмірдің қиын жағдайларын жеңуге үйретеді;

өзіне және басқа адамдарға сенім арту әдетін дамытады;

өз денсаулығын нығайтады.

4. Қорытынды кезең

Алаң жұмысының қорытындыларын, нәтижелерді психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық сараптау; есептілікті рәсімдеу


Бағдарлама бөлімдерін сипаттау.

Ақпараттық модуль

  • Мамандармен әңгіме жүргізу (медик, ІІб ЮПТ инспекторы, учаскелік полиция қызметкері, психологтар, әлеуметтік педагогтар)

Буклеттерді дайындау

  • Газет шығару

  • Тренингтік модуль

Психологтың оқыту сабақтары

  • Кіші тренингтер.

  • Интерактивті ойындар.

Әлеуметтік педагогтың оқыту сабақтары

  • Құқықтық сәттер

  • Викториналар

Жалпы мәдени модуль.

  • Ойындар,шығармашылық конкурстар.

  • Спорттық іс-шаралар.



Бағдарламаның нәтижелігі мен тиімділігі

Болжамды қорытынды:

балалардың денсаулығын нығайту;

мектепте әлеуметтік –психологиялық климатты жақсарту;

балалар арасында теріс әлеуметтік жағдайлардың өсуін тежеу;

әртүрлі жастағы және ұлтаралық балалар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту (толеранттылық);

дағдыларды қалыптастыру, төтенше жағдайларда өзін өзі ұстауды үйрену;


Жазда мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың өсуін төмендету мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру тәжірибесіне үйрену,

жаз уақытында жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

Шілде-тамыз айларында мектептің бейінді алаңы жұмысының қорытындысы бойынша алаң қатысушыларымен орындалған бағдарламаны іске асыру туралы талдамалық, фоторепортаж жасалады.

Ақпараттық карта.

Бағдарлама паспорты




1.бағдарламаның толық атауы

Әлеуметтік қауіпті топтағы балалардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы


2. бағдарлама авторы

Гарькуша О.В., тәрбие жұмысына жетекшілік жасайтын Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері

3.бағдарламаны ұсынған мекеме

Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

4. Толық мекенжай

Қостанай ауданы, Затобол кенті, Школьная көшесі 40

5.Цель программы:

Нақты проблемаларды шешуде жасөспірімдер мен олардың отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

Бағдарлама міндеттері:

  • «Қауіпті топқа» жатқызылатын жасөспірімдердің проблемалық зоналарын анықтау;

  • Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу ынтасын қажетті психологиялық ресурстармен және құралдармен қамтамасыз етіп, қалыптастыру.

  • Қоғамдық өмірге белсенді қатысу қажеттілігін өзектендіру;

  • Балалардың проблемалардың шешімін табу жолдарын іздеуге қатысты ата-аналарға кеңес беру.



6. Бағдарлама іске асырылатын білім беру саласы

Психология, құқықтану

7.Іске асырудың негізгі мазмұны және механизмі

Бағдарлама жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын, қоғамның салауатты азаматы ұстанымын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама өзектілігі қоғамда жасөспірімдер кездесетін проблемалармен тікелей байланысты, мысалы шылым шегу, белсенді заттар және т.б.

Бағдарлама келесі арқылы іске асырылады:

- алдын алу сабақтары мен тренингтерді өткізу;

- жалпы акциялар, көрмелер, жарыстар, ойындар және т.б. өткізу;

- ақпарат тарату ( полиграфия, плакаттарды клейлеу, әлеуметтік ортада өз жұмысын таныстыру арқылы).


8. Бағдарлама белгіленген оқушылардың жасы мен категориясы

Құрамы – 7-17 жас аралығындағы девиантты мінез-құлықты оқушылар (барлық профилактикалық есеп түрлеріне алынған).

Жинақтау кезінде әртүрлі есепке алынған отбасылардың балаларына, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы балаларға, «қауіпті топға» жататын балаларға ерекше назар аударылады.



9. бағдарлама қандай уақыттан бастап пайдаланылады

2018 жылдан бастап

10. Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс тәжірибесі туралы қысқаша ақпарат

-

11. Бағдарлама жүзеге асырылатын орын

Қостанай ауданының білім беру ұйымдары

12.Педагогикалық және нұсқаулық құрам

Бағдарламаны іске асыруда білім беру мекемесінің тәжірибелі педагогтары қатысады: педагог-психолог, әлеуметтік педагог, дене шынықтыру мұғалімі, ІІБ ЮПТ инспекторы, қосымша білім беру педагогтары





Күнтізбелік жоспар (болжамды)



Күні, айы

Іс-шаралар

Жауаптылар



  1. Балаларды алаңға қабылдау, жұмыс кестесімен және жұмыс тәртібімен танысу, өмір сүру заңдары мен ережелері.

  2. « Дос болып өмір сүрейік» әңгіме

  3. «Жолда абай бол»

  4. «Жолда кім қожайын» ойын

  5. «Біздің алаң эмблемасы» суреттер байқауы







  1. Дайын болу және сергіту сәті 2. «Сенім жолы» сабақ 3. Өзін-өзі басқару: девиз, эмблема, сөз. 4. «Ертегілер кейіпкерлерінің» құқықтық ассамблеясы

5. « Жаман әдеттерге жол берме» акциясы







1. Дайын болу және сергіту сәті 2. «Қараймын және көремін» 3. «Сау болу маңызды» ойын

4. «Қауіпті қиылыстар» - құқықбұзушылықтың алдын алу.









1. Дайын болу және сергіту сәті 2. Менің құндылығым»- жеке қасиетерді көтермелеп бағалау. 3. Спорттағы әзіл-ысқақ - бәстеспеңдер» (көңілді спор жарыстары

4. «Емдік себет»

5. Жол қозғалысының білгірлері конкурсы.








1. Дайын болу және сергіту сәті 2 «Мен достар арасындамын» 3. «Қателіктерді қайталамаймыз» ойын бағдарламасы 4. Біздің аудлада» таза ауада

5. «Мені құқықтарым және міндеттерім» - ІІБ ЮПТ инспекторын шақыру









1. Дайын болу және сергіту сәті 2 «Біздің күтетініміз» сабақ 3. »Не? Қайда? Қашан?»- құқықбұзушылықтың алдын алу

4. Тренинг элементтерімен диалог» жасау алдында ойлан». 5. «Бірлігі барды жау алмайды»









1 Дайын болу және сергіту сәті 2. «Менің өзіндік бағам» -дискуссия ( өзіндік бағамыз қандай және қалай оны жақсартамыз)

3. «Темекіге жол жоқ» 4. » Жаман әдеттерге жол жоқ» жазғы марафон









1. Дайын болу және сергіту сәті 2. «Біздің ренішіміз» сабақ 3. «Қауіпті сәтте қауіпсіз тәртіп ережелері» интеллектуалды ойын 4. «Өзіме сенемін» ойын-сауық конкурстық бағдарлама







1. Дайын болу және сергіту сәті 2.» Менің әлеуметтік ролдерім» сабақ

3. «Жас құқық қорғаушы» конкурс-ойын

4. таза ауада тренинг элементтері бар ойын .








1. Дайын болу және сергіту сәті 2. «Аңыз және ақиқат – менің таңдауым» сабақ. 3. « Соңында айтарым.....»

4. «Бірге жүру көңілді» ойын бағдарламасы



5. «Түрлі халық салт-дәстүрлері» саяхат




жүктеу 131 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау