«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 84-беті
12.2.1 Оқу практикасының мақсаты –болашақ
кәсіптің объектісі болып
табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен,
басқару
жүйесімен және т.б. жалпы танысу. Сонымен қатар болашақ кәсіптік қызметінің
түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу, іскерлік хат алмасуды зерделеу
және іс қағаздарын жүргізу,еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып
табылады.
Оқу практикасы барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылады. Оқу
практикасы БББ ерекшелігіне, бейініне сәйкес өткізілетіндігі
кафедра мәжілісінде
қаралып, практика бағдарламасында көрсетіледі.
12.2.2 Тілдік практиканың мақсаты білім алушыларда ауызша және жазбаша
аударудың дағдыларын, іскерлік мен достық
қарым-қатынас дағдыларын, соның
ішінде оқытылатын тілдердің сөйлеушілерімен қарым-қатынас дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Тілдік практика тілдік бағытта білім алушылар үшін,
ағылшын және көптілді
топтардың білім алушылары үшін ұйымдастырылады.
12.2.3Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, педагогикалық-
психологиялық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша
білімдерді бекіту және
тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен
құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
12.2.4 Өндірістік практика білім беру саласының даярлау бағытыбойынша
кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылуы мүмкін.
12.2.5 Дипломалды практика дипломдық жұмысты жазатын барлық түлектер
үшін бітіруші курста өткізіледі. Дипломалды практика дипломдық жұмыстың
жетекшісі арқылыбақыланады.
12.3 ОҚУ ЖҰМЫСЫ
12.3.1 Оқыту-тәрбие беру мекемелері жұмысының жүйесін оқып-үйрену.
12.3.2 Оқыту мен тәрбиелеудің бірегей ұстанымдарын
практикада қолдана
білуге баулу және білім берудің білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік мақсаттарын
нақтылай және тұжырымдай білуге, оқу материалы мазмұнынан негізгі түйінді таба
білуге үйрету.
12.3.3 Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүйесін жүргізуде кәсіптік-
педагогикалық шеберлікке үйрену. Үлгерімі нашар, сондай-ақ дарынды балалармен
жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін, олармен жеке жұмыс істеудің әдістемесін меңгеру.
12.3.4 Сабақ жүргізудің әдістемесі мен техникасын, оқытуды ұйымдастырудың
басқа формаларын (зертханалық, практикалық жұмыстар, диктант,
бақылау
жұмыстары және т.б), оқу экскурсияларын үйрену.
12.3.5 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырмаларды
орындау.
Достарыңызбен бөлісу: