12.7 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 87-беті
12.7.1 Педагогикалық практиканың бағдарламасы білім беру бағдарламасының
талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы тәжірибе
жасауға және мұғалім мен педагогтың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға
бағытталған.
12.7.2 Кәсіптік практика жетекшісінің ұйымдастыруымен практика басталар
алдында педагогика және психология кафедрасының әдіскерлері және практиканың
жеткшілері бірлесіп практиканың өтілу тәртібін түсіндіру мақсатында орнықтыру
конференциясын өткізеді(онлайн).
12.7.4 Практика барысында студенттер (байқау, бақылау, есеп беру сабақтары)
және оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу бойынша
жүргізілетін тәрбиелік іс-шараларды өткізуі тиіс. Пән мұғалімі, сынып жетекшісі,
практика жетекшілері әр сабақ пен тәрбиелік іс-шараларды тыңғылықты талдап-
талқылап отырады.
12.7.5 Студенттердің педагогикалық практикасына университеттен бекітілген
әдіскер басшылық жасайды. Практика жетекшісі оқыту-білім беру мекемесінде
білім беру бағдарламсы бойынша үлкен еңбек өтілі бар, университеттің шығарушы
кафедрасының оқытушысы болуы тиіс.
12.8 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
12.8.1 Шығарушы кафедраның практика жетекшісіне 1 топ бекітіліп беріледі.
Шығарушы кафедраның жетекшісі:
-
практика басталардан бір ай бұрын студенттердің педагогикалық практикадан
өтетін мектебін анықтауға, практика өткізу туралы келісімшарт жасауға, практика
бағдарламасын, практикадан өтуші студенттердің тізімін жасауға, практиканың
нақты мерзімін көрсетуге;
-
практика басталардан бұрын студенттермен мектеп бағдарламасы бойынша
коллоквиум өткізуге;
-
оқыту-білім беру мекемесінің әкімшілігімен бірге студенттерді сыныптарға
бөлуге, пән оқушысы және сынып жетекшісімен бірге студенттердің сабақтарының,
сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шаралардың тақырыптарын анықтауға;
-
студенттер үшін ашық сабақ өткізуге (1-2 сабақ);
-
студенттерге практиканың бүкіл кезеңіне арналған жоспар конспектісін
жазуға,
сабақтарда
көрнекіліктер
мен
дидактикалық
материалдарды
пайдалануларына көмектесуге;
-
практикадан өтуші студенттердің сабағына кіруге, оларға пән бойынша кеңес
беруге, жоспар-конспектіні тексеруге және бекітуге, оны талдау мен бағалауға,
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жеке тапсырмаларды
орындауын қадағалауға;
-
оқыту-білім беру мекемелерінің жетекшілері өткізетін қалыптастыру
конференциялары мен кеңестерге қатысуға;
-
педагогикалық практика бойынша сынақтан өткізуге және педагогика,
психология оқытушыларымен бірлесіп ортақ баға қоюға міндетті.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 88-беті
Достарыңызбен бөлісу: |