Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі (2020 жылдан бастап қолданылады)



жүктеу 16,95 Mb.
бет94/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97

707-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі (2020 жылдан бастап қолданылады)

1. Бірыңғай жер салығын есептеуді есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы салық салушы дербес жүргізеді.


708-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;

2) осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын;

3) осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын;

4) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша әлеуметтік салықты;

5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемді төлеушiлер болып табылмайды

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу, әлеуметтік төлемдер және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


709-бап. Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерін бюджетке төлеу мерзімдері

1. Бірыңғай жер салығын төлеу, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінде 1 қаңтардан 1 қазанға дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінде 10 қарашадан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінде 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген соманы төлеу салықтық кезеңнен кейінгі салық кезеңiнде 10 сәуірден кешiктiрмей жүргiзiледi.

2. Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

710-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері (2020ж. бастап)

1.  Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомалары көрсетіледі

2. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінде 31 наурыздан кешіктірмей табыс етіледі.

22-БӨЛІМ.  АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҒЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР
80-ТАРАУ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
711-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;

2) тұрған жері бойынша арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы мемлекеттік кірістер органында немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

3) өкілдіктерді қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағынан тысқары жерлерде филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

4) арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы айқындаған қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы айқындайды.

Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген заңды тұлға, осы баптың ережелері таратылмайды.

2. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін, сондай-ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушы болып табылатын;

2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағынан тыс қызметті жүзеге асыратын;

3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

4) арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы айқындаған қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы айқындайды.

3. Арнайы экономикалық аймақтың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:

1) жер қойнауын пайдаланушылар;

2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;

3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;

4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;

5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;

6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.

4. Арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізілетін тауарларға қосылған құнына салық салу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару тәртібі осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан күннен кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар корпоративтік табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеген кезде қолданылатын азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, ұйым осындай шарт жасасу күні қолданыста болған осы тараудың ережелерін қолданады.

 Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ осындай өзгеріс және (немесе) толықтыру қолданысқа енгізілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

Осы тармақтың ережелері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты арнайы экономикалық аймақты басқару органы біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылмайды.


712-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша жер салығының, мүлікке салықтың және жер учаскелерін пайдалану үшін төлемнің бюджетке төленуге жататын сомасын айқындаған кезде есептелген салық және төлем сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тараудың мақсатында осы тармақта көзделген азайту салықтар мен төлем бойынша преференциялар болып табылады.

Салықтар мен төлем бойынша преференциялар мыналар:

арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалатын айдың соңғы күнінен бастап жер салығы бойынша;

салық салу объектісі пайда болған күннен бастап, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен ерте емес мүлікке салық бойынша;

арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қолданыс мерзімінен асырылмай жер учаскелерін пайдалану үшін төлем бойынша қолданылады.

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектілері (салық салу объектілері) пайдаланылған жағдайда, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде, сол сияқты қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері қолданылатын салық немесе төлем сомасы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің жылдық жиынтық табысқа үлестік салмағына пропорционалды айқындалады.

3. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық және төлем бойынша преференциялар оларды қолдану басталған күннен бастап жойылады.

Бұл ретте салық төлеуші шартты бұзу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.

4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай құрылыс объектілерін:

жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу мекемелерін, кітапханаларды, оқушылар сарайын, спорт кешендерін;

жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылымды, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін (2020ж. бастап) өткізуден кірістер бойынша қолданылмайды.

5. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымның қызметтің басым түрлеріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпы белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.

6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым қызметтің тиісті басым түрі және қызметтің өзге түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруда жұмыс істейтін жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақты қолдану мерзімі заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасаған айдың бірінші күнінен басталады.  
713-бап. Салықтық кезең және салықтық есептілік

Салықтық кезең, салық және бюджетке төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынудың тәртібі мен мерзімі осы Кодекске сәйкес айқындалады.

  

81-ТАРАУ.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМҒА САЛЫҚ САЛУ
714-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:

1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасса;

2)  инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін қызмет түрлерін жзеге асырса;

3) арнаулы салық режимін қабылдамаса инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.

Инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгерістерінде және (немесе) толықтыруларында жер салығын және (немесе) мүлікке салықты есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді арттыру не корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін өзгерту көзделсе, инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшартты жасаған ұйым коэффициенттерді қолдана отырып және (немесе) мөлшерлемелер бойынша инвестициялық басым жобаны іске асырумен байланысты қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді айқындайды, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартты жасау күнінде қолданылған корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайтудың мөлшерін қолданады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.

Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
715-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу

1. Жаңа өндірістерді құру және (немесе) қолданыстағы өндірістерді кеңейту, жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым:

1) инвестициялық келісімшартта көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның қызметтің басым түрлеріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпы белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық келісімшарттың негізінде қызметтің басым түрі бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

Егер қолданыстағы өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттың ережелерінде өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезеңдеп енгізу көзделсе, онда бөлек салықтық есепке алу салықтық есеп саясатына сәйкес өнімді шығаратын әрбір тіркелген актив бойынша жүргізіледі.

Инвестициялық басым жобаны іске асырушы ұйым коропоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін, мұндай жоба бойынша осы Кодекстің басқа да ережелерін қабылдауға құқығы жоқ:

2) инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, тіркелген активтер топтарының (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көрсетілген, амортизацияның шекті нормаларынан амортизацияның нормаларын қолдану жолымен, кемінде 50 пайыз мөлшерінде айқындайды.

2. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар бойынша осы баптың 1-тармағын қолданудың шекті мерзімі:

1) жаңа өндірістерді құру бойынша:

- инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;

- инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:

- инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде соңғы тіркелген активтерді пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;

- инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде соңғы тіркелген активтерді пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталып есептеледі, қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімдерді шығаратын, тіркелген активтерді кезең-кезеңімен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған өнідірістерді кеңейту және және (немесе) жаңарту бойынша:

- инвестициялық жоба шеңберінде өнімдерді шығаратын, тіркелген активтер пайдалануға кезең-кезеңімен шығарылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;

- инвестициялық жоба шеңберінде өнімдерді шығаратын, тіркелген активтерді енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталып, қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады.

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген, өнім шығаратын, әрбір тіркелген активке қатысты шекті мерзім қолданылады.

 3. Инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым жер салығының мөлшерлемелеріне сәйкес 0 коэффициентін қолданады.

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

1) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1-і күнінен басталады;

2) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.



4. Жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.

 Осы тармақтың ережелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады.



Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-і күнінен басталады;

2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.

5. Осы баптың ережелері, егер жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық жобада:

осы Кодекстің 139-бабына сәйкес, есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;

жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициент;

мүлікке салықты есептеген кездегі мқлшерлемелердің салық базасына 0 пайызы көзделсе қолданылады.



3) техногендік минералды түзілімдерді қайта өңдеу келісімшарттары үшін - (Қ1*0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес;

4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.

2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикі газды қоспағанда, көмірсутектер үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 734-бабына сәйкес көмірсутектердің шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте көмірсутектер қорларының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 734-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген шикі газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:

С = V1 * Ц1 + V2 * Ц2, мұнда:

V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;

V2 – V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;

Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;

Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;

Қа = V1 * Б1 + V2 * Б2,

мұнда:

V1 – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;

V2 – V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;

Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;

Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;

3) осы Кодекстiң 738-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 738-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.

Конкурс шарттары жарияланған немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.

Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиісті түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген ең төменгі мөлшерде белгіленеді.

3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.

4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.

5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:

1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;

2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:

көмірсутектерге арналған келісімшарттар үшін – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі;

Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.

минералды шикізат, базалық құрылыс материалдары, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау