Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Есептеу және төлеу тәртібі



жүктеу 16,95 Mb.
бет71/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97

582-бап. Есептеу және төлеу тәртібі


  1. Төлем сомасын төлеушілер белгіленген мөлшерлемелер мен жануарлардың саны немесе салмағына (жекелеген жануарлар түрлері үшін) сүйене отырып есептейді.

Қазақстан Республикасында аңшылық жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлем сомасын есептеген кезде белгіленген мөлшерлемелерге 10 тең коэффициент қолданылады.

  1. Төлем сомасы жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлем сомасы рұқсат алғанға дейін банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүщеге асыратын ұйымдар арқылы аударужолымен жүргізіледі.


§ 6. Орманды пайдалану үшін төлемақы

583-бап. Жалпы ережелер


1. Орманды пайдалану үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың келесі түрлері:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр мен ағаш шырынын дайындау;

3) екінші кезектегі ағаш ресурстарын дайындау (қабық, бұтақ, түбір, тамыр, жапырақтар, ағаш және бұталар бүршіктері);

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, бақша егу, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да азықтамақ өнімдері, мүктер, орман тқөсемдері мен сарғайып түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттік орман қорының учаскелерін:

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда;

аң аулау шаруашылығы қажеттіліктері;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

6) мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта түрлерінің отырғызу материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге пайдалану үшін алынады.

2. Осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің негізінде орманды пайдалануға сонымен қатар сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарды шығару да жатады.

Табиғат ортасынан сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарын алу туралы шешім қабылдау кезінде осындай алудың көлемі, төлемақы мөлшері мен оны төлеу мерзімі әрбір жеке жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

3. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде берілетін ағаш кесуге рұқсат билеті мен орман билеті (рұқсат құжаты) негізінде беріледі.

4. Мемлекеттік орман иелері (жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғатты қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен ведомстволық бағыныстылықа сәйкес автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысанда табыс етеді.

5. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, орманды молықтыру және ағаш өсіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей, өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақы төлеушілер туралы және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері туралы мәліметті табыс етеді.

584-бап. Төлемақы төлеушілер


1. Төлемақы төлеушілер мемлекеттік орман иелері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте орманды пайдалануға құқық алған жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

2. Төлемақы төлеушілер сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің негізінде сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарын алуға құқық алған жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

3. Орманды пайдалануды өздерінің жеке меншігіндегі немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді жерді пайдаланудағы жеке меншік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануды жүзеге асыратын орман иелері төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

585-бап. Салық салу объектісі


Төлемақыға салық салу объектісі орманды пайдалану көлемі және (немесе ) пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, соның ішінде мыналарды:

1) екпеағаш құрамы мен пішінін күтіп-баптау мақсатында кесуді жүзеге асыру, сондай-ақ оның балауса талдар iшiндегi толықтығын реттеужарық түсіру, тазалау) және құндылығы аз орман екпелерiн қайта жаңғыртуға және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесу кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;

2) ғылыми-зерттеу жұиыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, екінші кезектегі ағаш ресурстарының көлемін қоспағанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаң болап табылады.

586-бап.Орманды пайдаланған үшін төлемақы мөлшерлемелері


1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тәртіпке сәйкес құрылған жергілікті атқарушы органдардың есептерінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілдік органдары белгілейді.

2. Сүректі түбірімен босатуға төлемақы мөлшерлемесі бір толық текше метрге орманды пайдаланғаны үшін құқық туындайтын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржылық жылдың бірі күніне қолданылатын реттік АЕК көлемінде айқындалады және мыналарды құрайды:

п/п


Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары

Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты отындық сүрек (АЕК)

ірі (25 см және одан жуан) 
 

орташа (13-тен 24 см-ге дейін) 
 

ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін)

1. 
 

Қарағай 
 

1,48 
 

1,05 
 

0,52 
 

0,21 
 

2. 
 

Шренке шыршасы 
 

1,93 
 

1,37 
 

0,68 
 

0,27 
 

3. 
 

Сібір шыршасы, майқарағай 
 

1,34 
 

0,95 
 

0,48 
 

0,16 
 

4. 
 

Самырсын 
 

1,19 
 

0,85 
 

0,41 
 

0,15 
 

5. 
 

Балқарағай 
 

2,67 
 

1,91 
 

0,93 
 

0,23 
 

6. 
 

Ағаш тектес арша 
 

1,79 
 

1,26 
 

0,63 
 

0,27 
 

7. 
 

Емен, шаған 
 

2,67 
 

1,91 
 

0,93 
 

0,41 
 

8. 
 

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 
 

0,60 
 

0,42 
 

0,21 
 

0,14 
 

9. 
 

Сексеуіл 
 










0,60 
 

10.
 

Қайың 
 

0,69 
 

0,48 
 

0,23 
 

0,16 
 

11.
 

Көктерек, ағаш тектес тал, терек 
 

0,52 
 

0,37 
 

0,18 
 

0,11 
 

12.
 

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ 
 

3,24 
 

2,32 
 

1,15 
 

0,35 
 

13.
 

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 
 

1,90 
 

1,35 
 

0,68 
 

0,23 
 

14.
 

Ағаш тектес арша, самырсын 
 







0,34 
 

0,18 
 

15.
 

Жыңғыл 
 







0,3 
 

0,25 
 

16.
 

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар 
 







0,19 
 

0,12 
 

3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:


10 км-ге дейін - 1,30;

- 1,30;

10,1 - 25 км

- 1,20;

25,1 - 40 км

- 1,00;

40,1 - 60 км

- 0,75;

60,1 - 80 км

- 0,55;

80,1 - 100 км

- 0,40;

100 к-дан жоғарым

- 0,30.


Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

жазық бедер - 1,1;

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

таулы бедер - 1,5;

2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау