Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ



жүктеу 16,95 Mb.
бет58/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97

63-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ


 

515-бап. Салық кезеңі

Жер салығын есептеу үшiн салық кезеңi 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.

 

516-бап. Салық есептілігі

1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын береді.

2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті төлеу мерзімі болғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей (салық кезеңі ішінде

ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде;

ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлеспен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы – салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ұсынады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде салық төлеуші ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

3. Декларацияны салық органдарына жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша есептік салық кезеңінен кейін келетін жылдың 31 наурызынан кешіктірмей: .

1) заңды тұлғалар;

2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша;

3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ұсынады.




15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ




64-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ


 

517-бап. Салық төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;

4) осы Кодекстің 395-бабында аталған тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;

Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен мүлік салығын төлейді;

2) мемлекеттiк мекемелер;

3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4) дiни бiрлестiктер.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.


518-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35-1-баптарына сәйкес айқындалады.

2. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.

4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

6. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың мемлекеттік тіркелуі болмаған жағдайда:

1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (беру) актісі;

2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер негізінде осы объектіні нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып табылады.
519-бап. Салық салу объектісі

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;

2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;

3) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;

4) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер;

5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;

6) осы Кодекстің 393-бабының 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

3. Мыналар:

1) осы Кодекстiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;

2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

бұрылу белдеуi;

жолдардың конструкциялық элементтерi;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпiрлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;

су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;

4) осы Кодекстің 393-бабының 7-тармағында, 394-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;

5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;

6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар;

7) салық базасы осы Кодекстің 404-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 407-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері;

8) концессия объектiлерінің құны 50 000 000 – еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда, иелік ету, пайдалану құқықтары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды.
520-бап. Салық базасы


  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 394-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.

2. Осы Кодекстің 394-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.

3. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде алынған электр желілерін қабылдаса, онда мұндай желілердің құны «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомасы есепке алынғанға дейін объектілердің салық базасына кірмейді.

4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің орташа жылдық сомасы ағымдағы салық кезеңінің әрбір айының бірінші күні және есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күні ұзақ мерзімді дебиторлық берешек сомасын қосқанда алынған он үштен бір сома ретінде айқындалады.

5. Осы Кодекстiң 392-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып айқындалады.

6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.

Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған кезде:

1) осы активке меншік құқығы туындаған күнгі салық салу объектісінің;

2) осындай объектілер бойынша төлеуші деп тану күніне осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.

Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.



  1. Осы Кодекстің 41-бабының ережелеріне сәйкес мүлік салығы бойынша

салықтық міндеттемелер сенімгер басқарушының орындауына жатқан жағдайда, салық базасы болып осы баптың 3-тармағымен белгіленген тәртіпте айқындалған, осындай салық салу объектілерінің орташа жылдық баланыстық құны табылады:

1) егер осындай мүлік оның баланысына берілген жағдайда – дербес түрде сенімгер басқарушымен;

2) осындай мүлік бухгалтерлік баланысында бар, мемлекеттік мекемемен. Бұл ретте осындай мүліктің салық салу базасы бойынша мәліметтер сенімгер басқарушыға жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей табысталуы қажет.

Мүлік салығы бойынша салық есептілігін жасау кезінде осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында аталған орташа жылдық баланыстық құны бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, осындай мүлік бойынша салық базасы болып осы Кодекстің 41-бабының 4-тармақшасына сәйкес қабылдау-табыстау актісінде көрініс тапқан оның баланыстық құны табылады.


521-бап. Салық мөлшерлемелері

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.

2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша мына салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейдi:

1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

7) тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, он салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары;

8) Алматы және Астана қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларындағы терминалдарды қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардағы терминалдар бойынша заңды тұлғалар.

9) технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша.

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;

осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлікке салынатын салықты мыналарда:

1) осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағында;

2) егер мұндай пайдалану, сенімгерлкпен басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түскен жағдайда – осы Кодекстің 135-бабы 2-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша есептейді және төлейді.

5. Мүлікке салынатын салықты салық базасының пайызына 0 мөлшерлемесі бойынша:

1) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар есептейді.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты өңірлерді дамытудың мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру щеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша, осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.

 

522-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі



1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 63-тарауының ережелерін ескере отырып мүлік салығын есептейді.

2. Осы Кодекстің 396-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:

салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес;

салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 395-бабының 1-1-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.

3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.

5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

6. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында салықө салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен төлейді.

5. Салық кезеңі ішінде, оның ішінде осы Кодекстің 511-бабы 3-тармағының 3 және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша бергенде салық міндеттемелері туындаған кезде:

1) ағымдағы салық сомасын төлеудің алғашқы мерзімі осындай салық кезеңінің ішінде оларды төлеудің келесі кезекті мерзімі болып табылады;

2) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу және осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде салық сомасын төлеу жүргізіледі.

6. Мүлікке салынатын салық бойынша міндеттемелер өзгертілген кезде салық кезеңі ішіндегі ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салық кезеңінде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына түзетіледі.

7. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

8. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.

9. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.

10. Осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:

1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;

2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі;
523-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.

Бұл ретте осы тарауды мақсаттары үшін, егер салық салу объектісі:

салық базасы осы Кодекстің 404-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй болып табылған және салық есептеуді салық органдары жүргізген;

тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған жағдайларды бір мезгілде сақтағанда мұндай объект кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектісі деп танылмайды.
524-бап.Салық кезеңі

1. 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

2. Осы Кодекстің 392-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.

 

525-бап. Салық есептілігі



1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын береді.

2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті төлеу мерзімі болғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей (салық кезеңі ішінде

ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде;

ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлеспен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын – салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ұсынады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде салық төлеуші ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

3. Салық декларациясын салық органдарына салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есептік салық кезеңінен кейін келетін жылдың 31 наурызынан кешіктірмей: .

1) заңды тұлғалар;

2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша;

3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ұсынады.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау