ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға кімдердің құқығы бар?
|
Қоғамдық жұмыстар – бұл атқарушы органдар ұйымдастырған, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік-пайдалы бағыттағы және жұмыспен қамту мен уақытша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша азаматтар айналысатын еңбектің бір түрі болып табылады.
|
Еңбекке ақы төлеу
|
Қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыз азаматқа еңбекақы төлеу Қарағанды қ. әкімдігінің 05.01.07ж. № 01/11 қаулысына сәйкес, екі төменгі еңбекақы мөлшерінде жұмыссыз азаматтың жеке есепшотына аудару арқылы іске асырылады, 2007 жылғы шілде айынан бастап – 19504 теңгеге тең.
|
ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ, БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау
|
Жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлыққа, біліктілігін көтеру мен қайта даярлауға жіберу егер олардың кәсіби біліктілігіне сәйкес келетін жұмыс табылмаған жағдайда жүзеге асады. Кәсіби даярлыққа, біілктілігін көтеру мен қайта даярлықтан өтуге нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың басым құқығы болады.
|
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
“Әлеуметтік жұмыс орындары” түсінігін қалай түсінеміз?
|
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс берушінің жергілікті атқару органдары-мен жасалған шарт негізінде, нысаналы топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарды арнайы жұмыспен қамту үшін, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындарының бір бөлігіне өтемақы төлеу арқылы ашылған жұмыс орны.
Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орнын ашу және ұсыну арқылы ұйымдастырылады және мына төмендегідей ерекшеліктері бар:
нысаналы топтар үшін арнайы ашылады;
жұмыс орындарының саны шектеусіз, жұмыс уақытша атқарылады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
|
Еңбекке ақы төлеу
|
Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу - Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген, қала бюджетінде қаралған қаражат шегінде төменгі еңбекақының 50% мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен; Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген, төменгі еңбекақының 50%-нан кем емес мөлшерде жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады. 2007 жылы төменгі еңбекақы мөлшері 9752 теңгені құрайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |