§ 2. Консулдық алым
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 549-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
549-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.
550-бап. Консулдық алым төлеушілер
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент шетелдік заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық іс-әрекеттер өздерінің мүдделері үшін жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушілер болып табылады.
551-бап. Алу объектілері
Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
1-1) 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;
4) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін ресімдеу;
5) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу;
7) азаматтық хал актілерін тіркеу;
8) құжаттарды талап ету;
9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
10) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;
12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;
13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;
14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-2) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;
16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 552-бап жаңа редакцияда
552-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.
553-бап. Консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) мыналарға:
Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
қызметтiк iстер бойынша шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк немесе ұлттық паспорт иелерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары мен дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруын қабылдағаны және келіскені үшін;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мыналарға:
Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары мен мемлекеттік кәсіпорындары ұйымдастыратын республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері - шетелдіктерге;
өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;
инвесторлық визаларды;
қызметтік визаларды;
дипломатиялық визаларды бергенi үшiн;
7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәлік және анықтамалар бергені үшін;
10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.
554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі
1. Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен кейін жүзеге асырады.
3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.
4. Консулдық алым:
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.
Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингiне, швейцар франкiне, канада долларына, жапон иенiне айырбастайды.
Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге ай сайын келiп түсетiн консулдық алымдар түсiмi 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есептi кезеңнiң соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетiлген валюта түрлеріндегі эквивалентiн құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ
20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 555-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу
Салық әкімшілігін жүргізу салық органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде салық төлеушіге (салық агентіне) нысанын уәкілетті орган бекітетін құжаттарды беру журналына оның қолы қойылып жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 556-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
556-бап. Салықтық бақылау
1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
2012.26.12. № 61-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |